Сборник предназначен студентам, интернам, резидентам, магистрантам


ОСОБЕННОСТИ АКУШЕРСКИХ И ПЕРИНАТАЛЬНЫХ ИСХОДОВ



Pdf көрінісі
бет150/333
Дата18.11.2023
өлшемі4,77 Mb.
#124365
түріСборник
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   333
Байланысты:
sbornikkonferenczii19iyunya2023

ОСОБЕННОСТИ АКУШЕРСКИХ И ПЕРИНАТАЛЬНЫХ ИСХОДОВ 
ПРИ SARS-CoV-2 
Нургалиева Л. И., Ержан З. Е., Сансызбаева Р. Ж., Нургалиева С. А., 
Жумагалиева А. С. 
НУО "Казахстанско-Российский медицинский университет", 
г. Алматы, Республика Казахстан 
FEATURES OF OBSTETRIC AND PERINATAL OUTCOMES IN SARS-
CoV-2 
Nurgalieva L. I., Yerzhan Z. E., Sansyzbayeva R. Zh., Nurgalieva S. A., 
Zhumagalieva A. S. 
NUO "Kazakh-Russian Medical University", Almaty, Republic of Kazakhstan 
SARS-CoV-2
КЕЗІНДЕГІ АКУШЕРЛІК ЖӘНЕ ПЕРИНАТАЛДЫҚ 
НӘТИЖЕЛЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Нургалиева Л. И., Ержан З. Е., Сансызбаева Р. Ж., Нургалиева С. А., 
Джумагалиева А. С. 
"Қазақстан-Ресей медициналық университеті" ҰБО, Алматы қ., Қазақстан Республикасы 
Кілті сөздер:
COVID-19, жүктілік, нәрестелер. 
Кіріспе. 
Жүкті әйелдердегі COVID-19 инфекциясының қауіп 
факторлары мен ерекшеліктері туралы көптеген басылымдар бар. Бұл 
зерттеуде әртүрлі гестациялық мерзімде SARS-CoV-2 инфекциясын 


156 
жұқтырған аналардын жүктілігі және туылған нәрестелердегі сәтсіз 
нәтижелердің жағдайлары сипатталды. Сондықтан, болашақ ұрпақтың SARS-
CoV-2 жұқтыруының алдын алу үшін SARS-CoV-2 вирусының анадан ұрыққа 
берілу қаупін есте ұстаған жөн. 
Материалдар.
2021 жылдың маусым-желтоқсан аралығында COVID-19 
жұқтырған 50 жүкті әйелдің жүктілік ағымының ерекшеліктеріне 
ретроспективті талдау жасалынды. 
Тәсілдер.
Жүкті әйелдердің анамнестикалық деректерін зерттеу, SARS 
CoV-2 
коронавирустық 
инфекциясының 
клиникалық 
ағымының 
ерекшеліктерін, оның жүктілік пен босану ағымын және аспаптық - 
зертханалық зерттеулерінің нәтижелерін талдау. 
Зерттеу нәтижелері және талқылау. 
Зерттелуші жүкті әйелдер ішінде 
қайта босанушы әйелдер басымды (48%). ДСИ бойынша 34% жүкті әйелдер 
семіздіктің І дәрежесін құрады. Гинекологиялық аурулар ішінде ең жиі 
өздігінен түсік немесе дамымаған жүктілік (21%) және жатыр мойны 
эктопиясы (20%) кездесті. Созылмалы экстрагенитальды аурулардың ішінде 
бірінші орында жүкті әйелдердің анемиясы - 24(48%), екінші және үшінші 
орында зәр шығару жолдарының аурулары - (34%) және семіздік – (26%), ал 
преморбидті фон болып табылатын экстрагенитальды патологиялар - 
созылмалы артериялық гипертензия (10%) құрады. Акушерлік асқынулар 
бойынша жүктіліктің үзілу қаупі жиі (42%) және жүктіліктің бірінші 
жартысының токсикозы (14%) байқалды. 32% жүкті әйел COVID-19 
ауырлығының орташа және жеңіл дәрежесімен ауруханаға жатқызылды, ауыр 
жағдайлары тіркелген жоқ. Негізгі шағымдары: жөтел (74%), әлсіздік (82%), 
бас ауруы (56%), мұрынның бітелуі (34%), температураның 37,5-39
0
С дейін 
көтерілуі (34%) жүкті әйелде байқалды, оның 1-інде екі жақты пневмония 
болды. Зертханалық тексерулерден айқын өзгерістер ол - лимфоцитопения, С-
реактивті ақуыз жоғарылау. Ұрықтың ультрадыбыстық зерттеуінде 8% жүкті 
әйелде азсулық және 4% көпсулық анықталды. 18(15%) жүкті әйелде 
плацентарлы қан ағымының 1А дәрежесінің бұзылуы байқалды. 41 жүкті 
әйелде өздігінен босану орын алды, ал кесар тілігі арқылы босану 9(18%) жүкті 
әйелде болды. Оған көрсеткіштер: 7(14%) жүкті әйелде жатырындағы тыртық, 
1(2%) ауыр преэклампсия, 1(2%) жағдайда босану кезіндегі ұрықтың жедел 
гипоксиясы болған. 
3 жаңа туған нәрестеде жеңіл гипоксия анықталды, қалған 47(94%) 
нәрестелер Апгар шкаласы бойынша 8/8 және 8/9 баллмен бағаланды. Жаңа 
туған 
нәрестелердің 
ешқайсысы 
SARS 
CoV-2 
коронавирустық 
инфекциясымен ауырмаған. Босанғаннан кейінгі кезең барлық босанған 
әйелдер үшін асқынусыз өтті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет