Сборник предназначен студентам, интернам, резидентам, магистрантам



Pdf көрінісі
бет319/333
Дата18.11.2023
өлшемі4,77 Mb.
#124365
түріСборник
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   333
 
УДК: 93 
МРНТИ: 03 
 
M. ALIEV'S CONTRIBUTIONS TO THE FIELD OF MEDICINE 
Khamzina R., Adilbekova A.R. 
NUO "Kazakh-Russian Medical University", Almaty, Republic of Kazakhstan
 
ВКЛАД М.АЛИЕВА В ОБЛАСТЬ МЕДИЦИНЫ 
 
Хамзина Р., Адильбекова А.Р. 
НУО «Казахстанско-Российский медицинский университет», 
г. Алматы, Республика Казахстан 
М.
 
ӘЛИЕВТІҢ
 
МЕДИЦИНА
 
САЛАСЫНА
 
ҚОСҚАН
 
ЕҢБЕКТЕРІ 
 
Хамзина Р., Әділбекова А.Р.
"Қазақстан-Ресей медициналық университеті" ҰБО, Алматы қ., Қазақстан Республикасы 
Кілт сөздер:
медицина, ғылым, хирургия, еңбек. 
Мұхтар Әлиұлы Әлиев – кеңестік қазақ хирургі, медицина ғылымының 
докторы (1974), профессор (1976), ҚР Ғылым академиясының академигі 


337 
(1989), Қазақстан Республикасы Медицина ғылымдары академиясының 
президенті және негізін қалаушы. (1995), Қазақстанның Халық Қаһарманы 
(1995), Халықаралық хирургтар қауымдастығының мүшесі. Қазақ КСР 
Жоғарғы Кеңесінің 10-12- шақырылымының депутаты. 
М. Әлиевтің Қазақстан медицинасының дамуына қосқан үлесі: 1) 
М.Әлиевтің басшылығымен лазердің көмегімен бауыр эхинококкозын 
хирургиялық емдеудің түбегейлі жаңа әдісі жасалды; 2) М.Әлиев жүректің 
ишемиялық ауруы кезінде 50-ден астам аортокоронарлық шунттауды жасады; 
3) Республикада бірінші рет М.Әлиев өт қабын, аналық безді, бүйрек үсті 
безін, өкпені эндоскопиялық жолмен алып тастау операцияларын жасады; 4) 
Қазақстанда алғаш рет қолқа мен тәждік (коронарлық) артерияларды 
жалғастыру операциясын жасаған. 34 авторлық куәлік пен патент алған. 
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; 5) М.Әлиевтің қан тамырларын 
пластикалық жолмен байланыстыру, асқазанға хирургиялық, пластикалық 
операциялар жасау әдістері хирургиядағы айтулы жаңалықтардың бірі; 6) 
М.Әлиев - Қазақстан мен Орта Азия аймағында алғаш рет балаларға бүйрек, 
бауыр алмастыру (трансплантация) операцияларын жүргізген азамат; 7) 
Академиктің еңбектерінің арасында ұйқы безіне аутотрансплантация жасау, 
бүйрек пен айырша бездерге лапараскопия әдісін қолдану жұмыстары ерекше 
орын алады. 
Авторлық шығармалары: 1) "Аралас сәулелі зақымданулар кезіндегі 
артериялардың пластикасы (1979); 2) Диагностикалық және жедел 
торакоскопия (1988); 3) Өңештің зақымдануын диагностикалау және емдеу 
(1991); 4) Ойық жара хирургиясындағы иммунитет (1991); 5) Жалпы 
анестезияның барабарлығы (1992); 6) Клиникалық микрохирургия (1994); 7) 
Хирург анықтамалығы (1997); 8) Хирургия бойынша нұсқаулық (1997). 
Мұхтар Әлиевтің жетекшілігімен 70 докторлық, 83 кандидаттық 
диссертация қорғалды. Ол 970 ғылыми еңбектің, оның ішінде 59 
монографияның авторы, 155 авторлық куәлігі бар. Хирургия ғылыми 
орталығының 
18 
қызметкері 
оның 
басшылығымен 
Мемлекеттік 
сыйлықтардың 
лауреаты 
атанды. 
Қазақстан-Ресей 
медициналық 
университетінде М. Әлиевке арналған музей ашылған. Медицинаға қосқан 
үлесі үшін кейінгі ұрпақтар атынан алғыс айтамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет