Сборник школьных сочинений на патриотическую тему по ре зультатам Республиканского конкурса на лучшее школьное сочинение



Pdf көрінісі
бет13/71
Дата13.02.2017
өлшемі3,11 Mb.
#4011
түріСборник
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   71

Казахстан, армия, патриотизм

Ал 1991 жылы еліміз өз тәуелсіздігін жариялады. Бұл желтоқсан 

оқиғасымен тығыз байланысты. Себебі, егер біздің жастарымыз сол 

алғашқы қадамды жасамағанда, еліміз тәуелді күйінде қала берер ма 

еді? 1986 жылғы жастар көтерілісі – санамыздағы өшес із. Біз мәңгіге 

сол жастардың көрген қиындықтары мен тілеген тілектерін, айтқан 

аманаттарын естен шығармаспыз. 

Бүгінде  біз  дамыған  елдермен  терезесі  тең,  тұғыры  биік 

мемлекетпіз. Бұған біз елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 

тікелей атсалысуымен қол жеткізіп отырмыз. Еліміздің өз халқы, өз 

тілі, өз ұлты бар. Мемлекеттік мәртебемізді асқақтатын мемлекеттік 

рәміздеріміз  де  бар.  Біз  қазақ  жұрты  тәуелсіздігімізді  білдіретін 

рәмәздерімізді қадірлеуіміз қажет.

Менің  тілейтінім  Қазақстанымның  қашанда  тек  биіктерден 

көрінуі.  Біз  Қазақстан  азаматары,  игі  ағалар  жолын  қууда  мүлт 

кетпейміз  деп  сенемін.  Еліміздің  тарихын  қастерлейік,  ұмытпайық. 

Өйткені тарихы жоқ елдің ертеңі болуы мүмкін емес!

Сембаева Аяулым

8 сынып, Б.Атыханұлы атындағы № 36 гимназия

Жетекшісі: Ибраемова М. С.

Ұлы Отан соғысы

Ұлы  Отан  соғысы  талай  адамның  қаны  төгілген  майдан  алаңы. 

Сол  соғыста  ұрпақтарын  қорғау  үшін,  жерін  аман  алып  қалу  үшін 

майдан алаңына аттанды. Сол бір сұрапыл 1941-1945 жылдар біреуді 

қарындастан, біреуді ағадан, енді бірін ініден, өзгесін әкеден, анадан, 

туған-туыстардан айырды. Ызғарлы соғыс бәрін жалмады. Жеңістің 

лебі  ескенде,  Қазақ  елі,  даласы  бір  жасарып  қалғандай  болды.  Сол 

сұрапыл соғыстың зардабынан қаншама адам жапа шекпеді десеңізші!

Біз,  жеңіс  дегеннің  оңай  келмегенін  түсінер  ме  екенбіз? 

Қаншалықты  түсінеді,  ұғады,  құнын  біледі  дегенмен  де,  қазіргі 

жастардың  жанарына  қарасаң,  бір  қуанышты  көре  алмайтыны-

мыз тағы рас. Сол бір жастарға, өзім қатарластарға қарап, «Расымен 

де,  Қазақстанымыз  дамыған  ба?  Тәуелсіздікті  ұғынамыз  ба?»  деген 

сұрақтар туындайды менде. 

Уақыт  көрсете  жатар.  Барлығы  да  болашақ  еншісінде.  Бала 

жүректен  шынайы  тілегім  біреу  ғана.  Ол  –  еліміздің  тыныштығы, 



129

Сочинения школьников Алматы

жеріміздің амандығы, бауырымыздың бүтіндігі! Бақытты ел болғанға 

не жетсін!?

Советхан Раушан

10 сынып, Б.Атыханұлы атындағы № 36 гимназия

Жетекшісі: Исахметова Э. Ж.

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! 

Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік 

атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Иә, содан бері жарты ғасырдан 

астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... 

Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш 

ететін,  тарихта  мәңгі  қалатын  күн.  Ата-бабаларымыздың,  ержүрек 

батырларымыздың  жанымен,  қанымен,  терімен,  көз  жасымен, 

күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін 

туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, 

тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. 

Бұл  күннің  толғағы  ащы  болса  да,  туғаны  бар  халқы  үшін  қуаныш 

болған күн. Сондықтан да, бұл – Ұлы мереке. Жеңіс күнін біз ұмытсақ 

та, тарих ұмытпайды. Ол – өмір заңы. Біз, Ұлы Отан соғысындағы Ұлы 

Жеңіске  ештеңеге  теңеспейтін  ғажап  күшпен  жеттік.  Оққа  ұшқан 

қарулас  жолдаста-рының  аманатын  арқалап,  аман  оралған  ардагер 

аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы 

қалың елдің қамығып жеткен. Ол күш – әрине, «бірлік”. Қаншама халық 

бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес 

одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы. 

Москва, сенің іргеңді Ел, ер болып сақтаймыз

Сенен аяр жан да жоқ,

Барлығы да сен үшін,

Саған қауіп төнгенде

Жау таянып келгенде,

Қамсыз тыныш жатпаймыз

Алпыс ұлттың адамы,

Қол ұстасып үн қосып,

Қорғауға сені дайынбыз,-


130

Казахстан, армия, патриотизм

деп жазған Нүрпейіс Байғанидің өлеңінен халқымыздың Мәскеу 

қаласына  деген  ерекше  құрметі  байқалады.  Сол  кездегі  Кеңес 

Одағының  басқа  халқымен  бірге  жауды  талқандап,  жеңіске  жету 

ісіне  Қазақ  халқы  да  өзінің  лайықты  үлесін  қосты.  Қазақстандық 

жауынгерлер  Брест  қамалынан  бастап  Берлинге  дейін  барды.  Олар 

Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Москва мен Ленин-

град  үшін  болған  ұрыстарда  ерен  ерліктер  көрсетті.  Қазақ  ел  басы-

на күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы Отан 

соғысының  қатпарлары  парақтарына  үңіліп  қарасақ,  қазақтардың 

қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Оған 

мысал  айқас  алаңдарында  өшпес  ерлік  жасаған  бес  жүз  қазақтың 

Кеңес Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді. 

Мен  осындай  өзінің  елі  мен  жерінің  қамы  үшін  жан  аямай 

шайқасқан батырларымыздың ішінен Бауыржан Момышұлын ерекше 

атап өткенді жөн көрдім!

Қазақ халқының қаһарман ұлы - Батыр Бауыржан Момышұлы!

Қазақта «ақыл жастан, асыл тастан» деген нақыл сөз бар. Бауыр-

жан  сияқты  хал-қының  ұлдарына  байланысты  айтылған  сөз  болар, 

сірә.


Батырдың  өмір  жолына  көз  жүгірте  отырып,  амалсыз  осындай 

ойға  қаласың.  Ол  Жамбыл  облысының  Жуалы  ауданына  қарасты 

Көлбастау ауылында дүниеге келген. Шымкенттегі 7 жылдық мектеп-

интернатын бітірген соң, біраз жылдар мектепте мұғалім болыпты. Бұл 

сол кездегі ең бір абыройлы, беделді мамандықтардың бірі. Сол кездің 

өзінде-ақ еңбекқорлығымен, өз қызметіне деген ынта, жігерімен, да-

рынымен  көзге  түскен  жас  жігітке  ауаткомның  хатшысы,  милиция 

бастығы сияқты аса жауапты қызметтер сеніп тапсырылған. Бауыр-

жан  Момышұлы  әскер  қатарына  1932  жылы  алыныпты.  Еңбекқор, 

іскер азаматтардың қандай да болсын істен нәтиже шығара білетіні 

белгілі.  Баукең  бойындағы  мұндай  қасиеттерін  әскер  қатарынан 

оралғаннан  кейінгі  жылдары  көрсетсе  керек.  Осы  уақытта  біраз 

жылдар  Шымкент,  Алматы  қалаларындағы  банк  саласында  жемісті 

еңбек  еткен  ол,  жақсылап  қолға  алса,  өзінен  тәп-тәуір  қаржыгердің 

де  шығатынын  көрсеткен.  Бұдан  әрі  қарай  Баукеңнің  өмірі  өзінің 

туа  біткен  қасиеттерімен  байланысты,  яғни  әскер  саласындағы 

қызметтермен  жалғасады.  Яғни  ол  1936  жылы  Ленинград  финанс 

академиясы  жанындағы  курсты  тәмамдап,  қайтадан  Қызыл  Армия 

қатарына  алынған.  Онда  жүріп,  взвод,  рота,  командирі  полк  штабы 

бастығының көмекшісі сияқты басшылық қызметтерді атқарады. 



131

Сочинения школьников Алматы

1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы болады. 

Ал Ұлы Отан соғысы басталысымен 316-шы атқыштар дивизиясының 

жасақталуына атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанады. 

Онда Баукең немістермен Мәскеу түбінде болған айқастарға қатысып, 

әйгілі 8-ші гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі болып, 

соғыс бітердің алдында осы гвардияны басқарады. Тап осы сұрапыл 

соғыс  жылдарында  ол  өзінің  асқан  ерлігімен,  соғыс  өнерінің  қыр-

сырын меңгерген білікті жауынгерлік қасиетімен ерекшеленіп, оның 

атақ-даңқы аңызға айналады. Соғыстан соң Баукең Кеңес армиясы Бас 

штабы жанындағы Жоғары әскери академияны бітірген.

Ал  1950-1956  жылдар  аралығында  әскери  академияда  сабақ 

берген  және  түрлі  әскери  қызметтерді  ат-қарған.  Бауыржан 

Момышұлының  ерлік  істері  мен  оның  соғыс  қимылдары  жөнінде 

жазып  қалдырған  еңбектері  мен  естеліктері,  халық  арасында  «Бау-

ыржан айтқан екен» деген әңгімелері кейінгі ұрпаққа, өз еліне деген 

сүйіспеншілік пен махаббатың, ерлік пен елдіктің үлгісі болып қалды. 

Баукеңнің ерліктері жөнінде осы уақытқа дейін көптеген еңбектер жа-

зылды. Олардың ең танымалдарының бірі – белгілі орыс жазушысы 

Александр Бектің «Арпалыс» («Волоколам шоссесі») повесі. Бұл кітап 

неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылған. 

Бауыржан Момышұлы туралы шығармаларды қазақ жазушылары да 

көп жазды. Ол туралы түсірілген фильмдер де жеткілікті. Ал осынша-

ма  көпті  көрген,  белді  қызметтерді  атқарып,  үлкен  марапаттардың, 

атақтардың иесі атанған танымал тұлғаның өзгелерге айтары, кейінгі 

ұрпаққа қалдырары аз болмаса керек. Оның соғыстан кейінгі жылда-

ры  айналысқан  шығармашылық  жұмыстары  мен  жазып  қалдырған 

еңбектері осындай ниеттен туған дүниелер деуге болады. 

Көрнекті жазушының орыс және қаза тілдерінде жазып қалдырған 

«Бір түннің тарихы», «Ұшқан ұя» сияқты алғаш шыққан кітаптары мен 

одан кейін жазылған «Мәскеу үшін шайқас», «Жауынгердің тұлғасы», 

«Майдан» сияқты өзге де көптеген шығар-малары оқырман жүрегіне 

жол тауып, көпшіліктің іздеп оқитын кітаптарының біріне айналды. Бұл 

шығармалардың барлығы да көптеген елдердің тілдеріне аударылып 

басылды. Осы ретте, «Егемен Қазақстан» газетінде 2008 жылы сәуірдің 

4-інде  жарияланған  Көсемәлі  Сәттібайдың  «Аңыз  бен  ақиқат»  атты 

мақаласынан үзінді келтіре кеткенді жөн көрдік. «...Көзінің тірісінде-

ақ өмірі аңызға айналған халқымыздың қаһарман перзенттерінің бірі 

Бауыржан  Момышұлы  туралы  әлі  толық  айтылып  та,  жазылып  та 

біткен жоқ. Филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас 



132

Казахстан, армия, патриотизм

Мырзахметов Жамбыл облысына орнығып, Мұхаммед Хайдар Дулати 

атындағы  Тараз  мемлекеттік  университетінің  кафедра  меңгерушісі 

атанғалы бері атқарған көптеген сүбелі еңбектерінің бірін, міне, осы 

батыр  мұрағатындағы  сарғайған  құжаттарды  жинақтап,  көптомдық 

әзірлеуге байланысты жасап жатыр десем, артық айтқандығым емес.

Бауыржан  Момышұлы  әлденеше  ордендермен,  медальдармен 

марапат-талды.  Дүние  салғаннан  кейін  оған  Кеңес  Одағының  Баты-

ры  атағы  берілді  (1990  жылы).  Сөйтіп,  ұзақ  жылдардан  соң,  соғыс 

және еңбек ардагерлері, ғылым мен мәдениет қайраткерлері, қалың 

жұртшылық  талабымен,  Қазақстан  Республикасының  Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың  қолдауы  арқасында,  халқымыздын  ардақгы  ұлы 

–  өзі  тірісінде-ақ  аңызға  айналып  кеткен  осынау  даңқты  жауынгер, 

дарқан  ойлы  қолбасшы  турасындағы  тарихи  әділеттілік  қалпына 

келтіріліп  еді.  Бүгінде  Бауыржан  батыр  есімін  иеленген  мектептер, 

көшелер, елді мекендер, ұжымшарлар егеменді елдің қала, даласын-

да көптеп кездеседі. Оңтүстік астанада ол тұрған үйге ескерткіш тақга 

орнатылған,  әскери  мектеп-лицей  бар.  Найзағайдай  жарқылдаған 

отты ой бар қаһарлы сөйлесе де қайырымы мол, өз мүддесін, ұрпақ 

мүддесін ойлаған, қара қылды қақ жаратын әділдіктен жаралған ойы 

тұңғиық, қимылы қылыш Бауржан Момышұлы есімі, ерлігі жадымыз-

да мәңгі қалып, өнегесі болашаққа күш, қайрат, рух береді. «Ер есімі – 

ел есінде”,- демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған 

аталар,  апалар  ерлігі  ешқашан  ұмытылмайды.  Солардың  қасиетті 

рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ. Ұлы 

жеңіс құтты болсын, ардақты халқым менің! 



Стебляков Михаил

11 класс, сш № 121

Руководитель: Комшабаева К.Т.

Я патриот своей Родины!

Меня зовут Михаил, мне 17 лет. Я родился и вырос в городе Ал-

маты. Наш Алматы это самый лучший город на свете. Все в нем такое 

родное и близкое для меня. К сожалению, мне еще не удалось побы-

вать в других городах Казахстана. Но я точно знаю, что в моей стране 

все города по-своему хороши и имеют свою уникальную, интересную 

историю. Мечтаю посетить когда-нибудь нашу столицу - город Астана 


133

Сочинения школьников Алматы

и самому увидеть знаменитый монумент «Астана – Байтерек» и Океа-

нариум развлекательного центра «Думан».

В этом году я заканчиваю школу и планирую поступить в Казах-

ский Национальный Аграрный Университет на факультет «Ветерина-

рия». Так как считаю, что моей стране очень нужны такие специали-

сты.  Ведь  Казахстан  имеет  богатую  фауну,  которая  с  каждым  годом 

ухудшается: пропадают редкие виды животных и птиц, заболевают и 

погибают целые районы крупного и мелкого скота. А также дикие жи-

вотные в наших степях и горах. Ветеринария - это отрасль науки, кото-

рая занимается профилактикой, диагностикой и лечением болезней, а 

также расстройствами и травмами животных. Мне интересно изучать 

биологию и ветеринарию. Познавать окружающий нас мир. Я с самого 

детства люблю животных. Я хочу лечить и спасать их. Мечтаю открыть 

такую вакцину, благодаря которой можно будет избежать многих за-

болеваний у животных. Ведь животный мир Казахстана богат и раз-

нообразен. И надо сделать всё, чтобы спасти и сохранить это богатство 

для следующих поколений. 



Тұрдыш Нұрислам

5 сынып, Б.Атыханұлы атындағы № 36 гимназия

Жетекшісі: Иманбаева М. Т.

Менің Қазақстаным

Менің  туып,  өскен  жерім,  елім  –  Қазақстан.  Мен  осы  елде  өмір 

сүріп  жатқаныма  шүкіршілік  деймін.  Қазақстанның  табиғаты  өте 

кереметі  екен  сөзсіз!  Көптеген  шет  елде  жүрген  қазақтарымыз  өз 

елін сағынады. Мен былтырғы жылда төрт мемлекетке барып келдім. 

Франция, Германия, Голландия және Бельгия. Сол кезде туған жерімді 

сағынғаным соншалық, өзімнің отбасымнан, туысқанымнан да қатты 

сағындым.  Табиғатын,  ауасын,  топырағын.  Бұрында  қазақтарға 

көптеген ел шапқыншылық жасады. Қазақтар оларға төтеп беріп, на-

мыстарын қолдарынан берген жоқ. 

Қазіргі  балалардың  бәрі  бұрынғы  қазақтардың  ұрпақтары.  Біз 

қазір тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Әрбір адамзат өзінің боры-

шын өтеп, қазағымыздың болашағы атануы міндетті. Жақында Expo-

2017  ұтып  алдық.  Біздің  2050  жылғы  стратегиямыз  қарқынды  өтіп 



134

Казахстан, армия, патриотизм

жатыр.  Қараңыздаршы  қандай  тамаша!  Осындай  елім  барына  және 

осындай елідң ұланы екендігіме мен шын жүрекпен мақтанамын! 

Тоқмет Әмір

10 сынып, Халықаралық Мирас мектебі

Жетекшісі: Молдағалықова Қ.Т.

Менің мектебім

Сәлеметсіз  бе,  оқырман!  Менің  атым  –  Әмір.  Мен  Алматы 

қаласындағы халықаралық Мирас мектебінің 10 сыныбында оқимын. 

Мектебім  Н.Ә.Назарбаевтің  Білім  Қорында  ұйымдастырылуымен 

1999  жылы  салынды.  Мектептің  босағасын  аттаған  кезден-ақ, 

мектептің  әсемдігіне  таң  қаласыз.  Мирастың  әсем  саябағына,  теа-

трына, спорт залы мен футбол алаңына, кең атриумы мен асханасына 

қызығарлықтай қарап тамашалаған соң, сізді қарсы алатын ақылды 

оқушылары мен жоғары санатты мұғалімдері көмек беруге әрдайым 

дайын. Ал хайуанаттар әлеміне саяхаттағың келсе, мектебімнің жара-

тылыстану кабинетінің жаңында хайуаннаттар бағы бар. 

Ол жерде сен әртүрлі өсімдіктер мен жәндіктерді, кемірушілерді 

қарай  аласың.  Сонымен,  мектебім  сізді  кең  құшағымен  қарсы  алды. 

Жылы қарсы алу кімге ұнамас десеңші...

Басқа  мектептерге  ұқсамас  мектебімнің  ерекшелігі  өте  көп. 

Солардың ішінде ең біріншісі – халықаралық бағдарлама негізде білім 

беру  жүйесі,  екінші  –  көптілділік  ұстанымы,  яғни  оқушылар  өз  ана 

тілдерінен басқа мемлекеттік тіл – қазақ тілін, ұлтаралық тіл – орыс 

тілін, халықаралық тіл – ағылшын тілін оқып үйренуде. Мектебімнің 

мұғалімдері  өз  елімнің  азаматта-ры  және  өзге  елдерден  кезген 

ұстаздар. 

Менің мектебім – ол менің екінші үйім. Адамдар бір-біріне дос де-

гендей  мектебімнің  қабырғасында  жүргенде  бәрі  маған  таныс,  бәрі 

маған дос, бәрі маған жақын. Біз бір отбасы сияқтымыз. Сабақтан тыс 

уақыттарымызды біз әр жаңа ашылуларды зертейміз. Себебі, Мирас 

мектебі – сапа жағынан және білім жағынан да ең жақсы шеберхана 

деп айтсам артық болмас. Сондықтан жолың түсіп, мектебімізге келіп 

жатсаң, сізге есігіміз айқара аш. Қош келдің досым!



135

Сочинения школьников Алматы

Ыбраи Сымбат

8 сынып, Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия

Жетекшісі: Ибраемова М. С.

 

Отаншыл

«Отаншыл,  отаншылдық»  барлық  адамда  болу  керек  сезім!  Әр 

адамның  өз  еліне,  туып-өскен  жеріне  деген  сезімі  шексіз.  Жалпы 

«отаншылдық»  сөзі  өз  еліне  деген  қамқорлық,  сүйіспеншілік  сезімі. 

Қазақ даласын, жерін қорғау үшін қаншама ата-бабаларымыз өз жа-

нын, қанын қиды! Дұшпандарға қарсы тұрды! 

Ал, біз қазір сол бір бабаларымыз алып берген тәуелсіз елде, жерде 

өмір сүрудеміз! Біздің мына кеудемізде сол тәуелсіздікті сезінерліктей 

түйсік, сезім, махаббат, сана, ақыл бар ма екен?

Қазіргі  таңда  «Қазақстан»  атауын  «Қазақ  елі»  атауына  өзгерту 

туралы  талқыға  түсіп  тұрған  мәселеге  де  өзімнің  қосылатынымды 

айтқым  келеді.  Өйткені,  «стан»  деген  сөз  қазақ  тіліне  тән  сөз  емес. 

Меніңше, «Қазақ елі» атауы бізге әбден лайық!

Егер  Қазақстан  өзінің  көркеюін  қаласа,  онда,  одан  әрі  дамуына 

болашақ ұрпақтар, мына біздер, барымызды салып, үлес қосып, ұрпақ 

сабақтастығын жалғастыруымыз тиіс! 

Шорохов Илья

В гостях хорошо, а дома лучше!

В школе нам говорили, что патриотизм -  это законы и их соблю-

дение. Может быть, я путаюсь. Ведь мама на это улыбнулась. А папа 

сказал – это верно, но лишь отчасти, ведь, человек, когда любит свою 

страну, не будет нарушать законы. После этого родители объяснили, 

что патриотизм значит - любовь к Родине.

Папа спросил – ты любишь Родину? Ответить на этот вопрос было 

просто – да! Но вот подумать, почему я сказал «да» – уже сложно. Мне 

нравится там, где я живу. Красивая природа, деревья, громадные горы. 

Люблю зимой играть в снежки, кататься на санях. Правда, иногда из-за 

холода болею, но без зимы скучно. Один новый год чего стоит! Я читал, 


136

Казахстан, армия, патриотизм

что есть страны, где постоянно жарко и снега не бывает совсем. Как 

там скучно.

Еще  мне  очень  нравятся  животные.  Когда  мы  с  дедом  ходим  в 

горы, он мне всегда показывает разных птиц на деревьях и рассказы-

вает о них. Чаще всего попадаются фазаны. Воробьи, голуби и сороки, 

конечно не в счет. 

Я  люблю  путешествовать.  Был  в  разных  городах  и  заграницей. 

Знаю, что наш Казахстан на карте похож на большую рыбу. И вообще, 

у нас большая страна. Больше только Россия и Америка, а еще Китай. 

А Турция маленькая, хотя там мне тоже понравилось. Я там плавал в 

море. До этого дома ходил в бассейн, поэтому плавать научился. Прав-

да, на море плавал всегда рядом с папой. Конечно, на море было весе-

ло и хорошо. Мы ездили на рафтинг и ходили на рыбалку. Правда, на 

рыбалке нас обманули. Рыба не ловилась.  Я ничего не поймал, папа – 

тоже. Повезло лишь маме. Другое дело, когда я был помладше, в Алма-

ты, мы ездили на рыбное хозяйство. Вот это была рыбалка. Закидывал 

удочку и сразу же рыба клевала. 

Город, в котором я родился, очень красивый. Хотя другие города 

тоже красивые, но в Алматы много деревьев. И еще есть скульптуры 

деда. Возле цирка есть здоровенный клоун. А в парке - барс. На этого 

барса можно залазить. Во дворе у меня тоже есть скульптура, но дед на 

нее залазить не разрешает. 

Вообще, когда только уезжаешь в путешествие – интересно. Но по-

том всегда хочется домой. Почему? Не знаю, может быть, потому что 

скучаю по друзьям. У меня есть друзья на шахматах, на плавании и в 

школе. А еще родные – деда с абикой, аташа с апашей и тетя Катюша. В 

гостях хорошо, а дома лучше! 



137

Сочинения школьников Акмолинской области

Ақмола облысы

138

Казахстан, армия, патриотизм

Алкенова Диана

9 сынып, №7 қазақ орта мектебі

Атбасар қаласы 

Жетекшісі: Әуезова З.Т.



Махамбет – патриот ақын

Өлді деуге бола ма, ойландаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған-

деп,  ұлы  Абай  айтып  кеткендей  ерлігімен,  жалынды  жырлары-

мен халықтың көкірегінде қалған ардақты ұлылардың бірі – Махам-

бет Өтемісұлы өзінің өнегелі істерімен, отты жырларымен халықтың 

жүрегінде мәңгі сақталған.

Махамбет шығармашылығы – қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті. 

Әрбір  буыны  мен  бунағы,  тармағы  мен  шумағы  мұншалық  тап-таза 

қорғасыннан  құйылған  ауыр  асыл  сөз  қазақтан  басқа  жер  бетіндегі 

ешбір елдің өлең-жырында жоқ.

Бұл – Махамбеттің тағдырын тануға керек тарихи дерек. Өнерге 

келсек,  қазақ  поэзиясының  ғасырлар  бойғы  дамуына  шешуші  себеп 

болған қозғаушы күш-ешқашан үзілмеген, толастамаған,барған сайын 

үдей түскен азаттық идеясы.

Махамбет  поэзиясы  –  көтерілістің  үні,  ол  өмір  сүрген  кезеңдегі 

саяси-әлеуметтік жағдайға, ақын жасаған дәуірдегі елдің тіршілігіне, 

өмірге, поэзияға көзқарастарына әдеби ағымдары жатады.

Махамбеттің ең басты нысаны – ол тек көтеріліс басшысы ғана 

емес, ол-ақын, қарумен де, жалынды сөзімен де халқына қызмет ет-

кен,  Исатайдың  оң  қолы,  көтерілістің  дем  берушісі,  отаншылдық, 

азаматтық  қасиетті  мол,  орыс  отаршылдары  мен  империяның 

жергілікті  қол  шоқпарларының  озбырлығын,  барынша  әшкерлеуші 

жақтарын басатын асыл тұлға.

Егер  батыр  ақынның  өмірдеректеріне  үңілсек:  Махамбет  жасы-

нан дарын иесі, шешендігімен, ақындығымен ел аузына іліккен екен. 

Оның осы таланттын естіп-білген Жәңгір хан Махамбетті қарғы бау 

тағып, сарай ақыны етпекті ойлайды. Жаны жасық пенде болса сарай 

төңірегінде хан сарқытын ішкенге мәз болып жүрер еді, ал Махамбет 

оған көнбеген. Ханның елге істеп отырған жәбірлігіне қаны қайнаған 

ол «Хан емессің, қасқырсың,»-деп, іргесін одан аулақ салады. Бірақ хан 

тұқымдары осы әрекетіне өкпелемей, қайта бұлайша айтпаса, Махам-



139

Сочинения школьников Акмолинской области

бет батыр бола ма? Батырдың сөзін көтермесем, мен хан болам ба?-

деседі.

Бұл аңыз болса да Махамбетке берілген әділ баға еді. Аңыз бол-



сын, ақиқат болсын, бәрі бір, Исатай мен Жәңгір, Жәңгір мен Махам-

бет – ағайыншылдықтан ажырамаған адамдар. Жәңгір ел басқарған 

хан болса, Исатай сол ортадағы ақылды көсем би, Махамбет от ауызды, 

орақ тісті шешен болған. Соңғы екеуі: бірі-батыр, бірі-ақын.

Махамбет  поэзиясы  екі  обрыз  жасады,  -  дейді  академик 

Қ.Жұмалиев.

Бірі – Исатай образы, екіншісі – Махамбеттің өз образы.

Махамбет  бейнелеуінде  Исатай  –  үстем  тап  өкілдеріне  жаны 

қас,ел үшін күрескен ер, халыққа қамқоршы патриот. Исатай оның тек 

серігі,досы ғана емес. Ол көтеріліс басшысы, халық қамы үшін алысқан 

– батыр азамат.

Ақын  поэзиямында  Исатай  –  халық  бейнесі.  Халық 

батырлығы,халық  ерлігінің,  халық  махаббатының,  халық  үшін  опат 

болған ерлер бейнесі.

«Тарланым»,  «Мінгені  Исатайдың  Ақтабан-ай»,  «Соғыс»  т.б. 

өлеңде-рінде Исатай бейнесін жан-жақты, әр қырынан көрінеді.

Исатайға  арнаған  классикалық  өлеңдерінің  бірі  –  «Тарланым» 

өлеңі. Бұл өлеңде Исатай батыр бейнесі барлық бітімімен көрінген.

Таудан мұнартып ұшқан тарланым!

Саған ұсынсам қолым жетер ме?

Арызым айтсам өтер ме?

Арыстаным, көп болды-ау.

Саған да менің арманым!

Кермиығым, кербезім,

Керіскедей шандозым!

Құландай ащы дауыстым!

Құлжадай айбар мүйіздім!

Қырмызыдай ажарлым,

Хиуадай базарлым,

Теңіздей терең ақылдым,

Тебіренбес ауыр мінездім!-

деген өлең жолдарынан  алуан сөз образдарын  қолдана отырып 

батырдың сом тұлғасын жасаған.


140



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет