Сборник статей IX международной научно практической конференции маб «бизнес и образование: вектор развития»



Pdf көрінісі
бет27/38
Дата03.03.2017
өлшемі3,18 Mb.
#7078
түріСборник статей
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38

Memory 
arrays
TC
Interface
Pic. 1. Dynamic information model of undocumented technology freight turnover [7].

Bibliography:
1.  A.M. Gadzhinskii. Basics of Logistics: Tutorial. – M.: IVC Marketing, -124p.
2.  D.J. Bowersox, D.J. Closs. Logistical Management – McGraw-Hill, 730p.
3.  M. Rother. Toyota Kata: Managing People for Improvement, Adaptiveness and Superior Results – 
McGraw-Hill, 2009 – 400p.
4.  A.N. Tulembaeva. Logistics: Textbook. – 3rd ed., Almaty: TriumphT, 2008. – 360p. (in Russian)
5.  J.J. Coyle, E.J. Bardi. Transportation (with infotrack) – SWEP, 528 p.
6.  J.K. Liker. The Toyota Way: 14 Management Principles from the World’s Greatest Manufacturer. – 
McGraw-Hill, 330p.
7.  S.A.  Uvarov,  M.N.  Grigoryev,  V.I.  Sergeyev.  Logistics:  Information  systems  and  technologies:  
Tutorial. – M.: Alfa-Press, 2008 – 608p.
8.  C. Macharis, S. Melo. City Distribution and Urban Freight Transport: Muitiple Perspectives. – Edward 
Elgar Publishing, 2011.
9.  M. Baudin. Lean Logistics: The Nuts and Bolts of Delivering Materials and Goods. – Productivity 
Press, 2005 – 387p.
10.  E.V. Panasenko. Logistics: personal, technologies, practices. – M.: Infra-Ingeneriya, 2011 – 224 p.

ЯзыКИ,   ЭТИКА  И 
МЕжКУльТУРныЕ 
КоММУнИКАЦИИ в  БИзнЕСЕ
БИзнЕСТЕГі ТілДЕР, ЭТИКА 
жәнЕ МәДЕнИЕТАРАлық 
қАРыМ-қАТынАСТАР
LANGuAGES, ETHICS 
AND CROSS-CuLTuRAL 
COMMuNICATION IN BuSINESS
8

215
ХIХ  ғасырдағы  буржуазиялық  өркениеттегі 
күрделіліктер,  қатігездіктер,  жеке  адам  мен 
әлеуметтік  болмыстың бір-біріне қарсы қойы-
луы,  индустриалды  қоғамдағы  адам  болмысы-
ның  бейшынайылығы - адамзат ақыл-ойының 
рационалдылығына, адамгершілік құндылықта-
рына  сенімсіздік  тудырды.  Соған  жауап  ретін-
де  түрлі  философиялық  теориялар  пайда  бо-
лып жатты. «Қанша  аз  ойласам,  сонша  көп  
тіршілік  етемін» деп жар салған даниялық фи-
лософ  Кьеркегор  қазақ  данышпаны  Абайдың 
көрегенділікпен  ескертетін  «Қайрат  пен  ақыл 
жол табар, Қашқанға да қуғанға. Әділет, шапқат 
кімде бар, Сол жарасар туғанға». Бастапқы екеу 
соңғысыз,  біте  қалса  адамға  (Абайда:  «қазақ-
қа»), Алдың  –  жалын,  артың  –  мұз,  Барар едің 
қай жаққа?- жолдарының  іс жүзіндегі көрінісі. 
Қайрат  пен  ақылға  сүйеніп  ғылым  мен  техни-
када  үздік  сатыға,  тұрмыста  -  болып  көрмеген 
молшылыққа қол жеткізгенмен «әділет-шапқат-
ты» ұмытқан Батыс - рухани тұрғыда өз-өзінен 
жаттанып, құндылықтық дағдарысқа, өмір мәні 
мәселесінде  рухани  аштыққа,  «экзистенциал-
дық вакуумға» (В.Франкл) ұшыраудың дәлелі.
Егемендікпен бірге шым-шытырығы көп на-
рық заманына аяқ басқан еліміз табыс жолында, 
экономикалық  бәсеке  желігінде жүріп өзіндік 
дәстүрлі  қазынасын,  қымбаты  мен  қимасын 
жоғалтып,  «атомарлық  бірлікке»  айналмаудан 
қорғанып,  осы тақырыптағы әлем тәжірибесін 
игеруі қажет. Заманды жасайтын – адам. Дүние-
де тұрақтану үшін адам ең алдымен өзінің ішкі 
өмірін талдап, соның негізінде өзінің мүмкіндік-
тері мен қабілеттерін бағамдауы қажет.
Адам мәні туралы философиялық көзқарас-
тардың  негізін  қалаған  ежелгігрек  философта-
ры.  Дүниедегі  адам  жағдайының  ерекшелігін 
Протагор  «адам  -  дүниедегі  барлық  нәрсенің 
өлшемі» деп көрсетті. Платон «адам бойындағы 
жан ғана атауға тұрарлық, ал тән - жанға қарсы 
және төмен материя» дегенді айтты. Антикалық 
философияда дуалистік және идеалистік прин-
циптерге негізделген түрлі адам концепцияла-
ры бой көтерді. XIX ғасырдың 30-40 жылдарын-
да  философиялық  ойдың  нақты  адамға  бетбұ-
рысы іске асты. Мұндай ізденіс бірнеше бағытта 
жүрді. Солардың алғашқысы - С.Кьеркегордың 
адам туралы діни-философиялық көзқарасы.
Кьеркегор  Неміс  классикалық    идеализмі-
не    қарсы  шықты.  Рационалдының  екіншілігін,  
таза 
тіршіліктің 
(экзистенциалдылықтың) 
біріншілігін,  бастапқылығын  тұжырымдады. 
Кьеркегордың  адам  туралы  ілімінің  ерекшелігі 
–  «адам  болмысының  бүгінгі  күнгі  шындығы  - 
адамның өз-өзінде» деген ой  [1].
Кьеркегор:  «Неге  философия  болмыс  мәні, 
материя,  Құдай,  рух,  таным  тетіктері  мен  шегі 
сияқты түрлі сұрақтармен айналысады да, нақты 
адам, оның ішкі дүниесін  қарастырудың орны-
на жалпы, абстрактылы, адамды қызықтырмай-
тын, адам өміріне тікелей қатысы жоқ сұрақтар 
ағынында жойылады?» деген сұрақ қойды. Фи-
лософ мынадай ұғымдарды тұжырымдады: 
1.  адамның қоғамға толық бағыныштылығы, 
«басқалар сияқты», «басқалармен бірге», 
«өмір ағынымен», өз «Менін»  танымай, 
өз  тұлғасының  бірегейлігін  сезінбей, 
өзінің шын ұмтылысы мен орнын іздемей, 
таппай өтуі – жалған өмір;
2.  қоғамдық  жаншылу  жағдайынан  шығу, 
ерікті,  саналы  таңдау,  өзін-өзі  тауып,  өз 
тағдырының қожайынына  айналу - нағыз 
өмір.
Нағыз өмір-тіршілік дегеніміз - экзистенция. 
Адам  тіршілігінің  3  кезеңі  туралы  ілім  
Кьеркегор  мұрасындағы  маңызды  идея  болып 
табылады.  Адам  тіршілігі,  Кьеркегор  ілімі  бо-
йынша,  бір-бірінен  өзгешеленетін  3сферада 
іске асады: эстетикалық, этикалық, діни. Осы ке-
зеңдерге сәйкес  Кьеркегор адамдарды  4 түрге 
бөледі: (обыватель) пенде (Spidsborgeren), эстет 
(Æstetikeren), этик (Estetikeren), діндар адам (Den 
religiøse). Қарапайым пенде өз айналасындағы-
лар сияқты  өмір  сүреді: жұмыс  істейді, отбасы 
құрады, жақсы киініп, жақсы жүруге ұмтылады. 
Ол  тобырлық  инстинктіні  басшылыққа  алады. 
Өмір ағынына бойсұнып, өз тіршілігін өзгертуге 
болатындығын ойламайды. Өйткені ол таңдауға 
ерікті екенін білмейді, сезінбейді. 
Тіршіліктің  бір  сферасынан  екіншісіне  жай-
лап қана өту мүмкін емес. Олардың арасы шы-
ңыраумен бөлінген. Эстетикалық тіршілік – бұл 
бар нәрседен пассивті ләззат алу. Эстетикалық  
кезеңде  адам өмірін сыртқы жағдайлар  анық-
тайды. Адам «ағын жетегімен жүзіп», тек раһатқа 
ұмтылады. Эстет  өзінің таңдауға құқы, еркі бар 
екенін,  басқаларға  қосылмауға,  ермеуге  бола-
тындығын біледі. Раһат-ләззәтқа толы өмір жо-
лын таңдайды. Оған дәмді тағам, жақсы шарап, 
көрікті әйелдер ұнайды. Жауапкершілік пен па-
рыз, ненің дұрыс ненің бұрыстығы туралы әсте 
ойламайды. Өмірден ләззат алып, «бір  күндік» 
тіршілік кешеді. Қызықты нәрсе болмаса іші пы-
сады.  Уақыт  өте  келе  -  өз  өмірінің  мәнсіз,  бос 
«қанша  аз  ойласам,  сонша  көп  тіршілік  етемін»
Абдрасилова Г.з., 
филос.ғыл.к., ХБА доценті, Алматы қ.

216
екенін сезінеді. Мұндай уайымдар түңілу сезімі-
не ұласып, адам әрекетін ақыл-парасат, борыш 
басқаратын этикалық сатыға итермелейді.  
Этикалық кезеңде адам ерікті таңдау жасап, 
саналы өмір сүреді. Ондай адамның басшылық-
қа алатыны – борыш. Өз борышын атқару, ізгі 
құндылықтар жолында аянбай өмір сүру, қоғам 
игілігі  үшін  өзін  құрбан  ету  –  жоғарғы  прин-
ципке  айналады.  Этикке  өз  өмірі  бос  сияқты 
көрінбейді. Ол жақсы мен жаманды, ізгілік пен 
зұлымдықты    аңдайды.  Әйелмен  тұрмыс  құру, 
аялау және оған адал болу қажет деп санайды. 
Тек  жақсы  істер  атқарып,  жамандықтан  аулақ 
болғысы келеді. 
Этикалық  сатыда  эстетикалық  сезім  біржо-
лата  жоғалмайды.  Адам  этикалық  пен  эстети-
калықтың арасында ауытқумен болады. Толық, 
шынайы  қанағаттануға  қолы  жетпейді.  Абст-
рактылы,  жалпымәнді  принциптерге  бағына 
отырып  өзін-өзі  жоғалтқанын  сезінеді.  Кенет-
тен, «баршаға ортақ заң» алдындағы  ішкі қор-
қыныш  пайда  болады.  Нәтижесінде  адам    екі 
өмірсалттың (эстетикалық пен этикалықтың) да 
аясының тарлығын, шектеулілігін айқын сезініп, 
күйінеді. Діни сфераға бет бұруға импульс туа-
ды. Мұндай түңіліс дискретті түрде адамды ру-
хани сатыға жетелейді. 
Діни кезеңде адам өз қалауын толық та те-
рең сезінеді. Оған сезім мен ақылдың билігіне 
көнбейтін жүрек сенімі жетекшілік етеді. Құдай-
дың  ғана  мінсіз,  ал  адамның  жетілмегендігіне 
көзі жетеді. Өзінің күнәһарлылығын, сондықтан 
Құдайды қажетсінетіндігін ұғынады. Осы сәттен 
бастап  сыртқы  дүние  мәнсізденіп,  оның  өмір 
жолына кедергі бола алмайды. Өмірінің соңы-
на  дейін  діндар  адам  (Иисус  Христос  сияқты) 
барлық  азап  пен  сыртқы  жағдайларды  жеңіп, 
өз тағдырын қайыспай жалғастырады. Бұл сфе-
рада адам тіршілігі болуы мүмкін биіктерге қол 
жеткізеді.  Мұнда  ол  Құдай  алдында  –  күнәһар 
ретінде – жалғыз тұрады. Күнә алдындағы қор-
қыныш жанды кеміргенмен ол өзінің сенімі мен 
құдіретті  маһаббатының  арқасында  құтқары-
лады. Бірақ мұндай сенім үшін ешқандай жал-
пымәнді өлшемдер және рационалды негіздер 
жоқ. Нағыз сенім – таза субьективтілік, импуль-
сивтілік және парадокс [2].
Осы  тұрғыдан  алғанда  адам  экзистенциясы 
Кьеркегор  ілімі  бойынша,  басқа  адамдармен 
коммуникацияға  енуге  қабілетсіз.  Экзистен-
цияның  индивидуалды  құрылымының  сыртқы 
қабығы  монаданың  тұйықтығы    сияқты,  жер-
дегі барлық байланыстар мен қатынастар үшін 
жабық.  Адамның  өз  құшағын  ашуы  (жалғыз 
шешуші құбылыс болып табылатын) – оның Құ-
даймен кездесуінің интенсивтілігін босаңсытып, 
кедергіге айналған болар еді. Индивидуумның 
тұйық панцирі Құдай бағытында ғана ашылады. 
Өмірмәнді кездесу – Құдаймен ғана іске асады. 
Адам Құдай алдында жападан жалғыз. Оған бет 
бұру, Онымен коммуникацияға ену – адамның 
бірден-бір мақсаты. Бірақ бұл мақсатқа біртін-
деп, жоғары көтеріле отырып жету мүмкін емес. 
«Тіпті  өзгеге»  -  тек  радикалды  секіріс  арқылы. 
Бұл  жерде  коммуникация  туралы  «тоқтаусыз 
тереңдеп отыратын ортақтық», «қауымдастық» 
мағынасында айту мүмкін емес [3].
Адамдардан  оқшауланып,  өзін-өзі  танып, 
өзінің  тұлғалық  Менін  тұйықтау  арқылы  адам 
өзінің Құдайға тәуелділігін түсінеді. Осы түсінік 
адамды  шексіз  бен  мәңгілікке,  өз  тіршілігінің, 
өз  экзистенциясының  уақытшалылығын  ұғы-
нуға  итермелейді.  Адам,  Кьеркегор  пікірінше, 
бастапқыдан  шекті,  күнәлі  тіршілік  иесі,  тұйық 
рухани монада. Адам қауымдастығының табиғи 
формалары (ру, отбасы, мемлекет, басқа адам-
дар) оныменен тек сырт қатынаста. Сырт қаты-
настар терең және мәнді емес. Олар тұлғалық 
(субьективті)  деңгейді  қамтымайды.  Тек  соң-
ғысының арқасында адам өз тіршілігінің «шын 
мағынасын»  тануға,  өзінің  қоғамдағы  нағыз 
өмірлік  қатынастардан  жаттануын  түсіне  ала-
ды. Мұндай түсінік адамның шын бостандығын 
бейнелейді.  Осынысымен  Кьеркегор  діни  ант-
ропологиялық теорияны негіздеді.
Адам  өмірі  –  түңіліс,  деп  санады  Кьерке-
гор.  Түңіліс  –  бір  жағынан,  адам  табиғатының 
бастапқы  күнәһарлылығынан  туындаса,  екінші 
жағынан,  бұл  -  Құдайға  жақын  келудің  жал-
ғыз  мүмкіндігі.  Кьеркегор  адам  тіршілігінің  үш 
сатысына  сәйкес  келетін  үш  түрлі  түңіліс  түрін 
жіктеді: 
«Мүмкіндіктің  түңілісі».  Эстет  адамның 
үміт  артқан  жағдайларының  іске  аспауы-
нан  туындайды.  Ондай  адам    өз  санасында  өз 
«Менін», өз  қиялындағыдай  ақылды, сымбатты 
әрі күшті  өзге «Менмен» алмастыруға тырыса-
ды. Өз-өзі  болудан  қашу  түңілісі  өздіктің  (са-
мость) ыдырауына әкеліп тірейді. Жекелеген эс-
тетикалық ләззаттар біртұтас емес, фрагментар-
лы ғана болғандықтан адам  «Мені» құм сияқты, 
жекелеген сәттердің қиыршығына айналады
«Азаматтық  түңіліс».  Этик  адамның  өзі-
мен-өзі  болуға  ұмтылысының,  адамгершіліктік 
әрекеттерінің    нәтижесі.  Ол  үшін  «Мен»  -  кез-
дейсоқ  «эстетикалық» ләззаттардың жиынтығы 
емес,  өз тұлғасын өздігінше қалыптастырудың 
нәтижесі. Бірақ «Менді» жасау үшін жеке басы-
ның әрекеттері ғана жеткілікті деп сенген адам-
ның  «астамшылығы»  түңіліспен  аяқталады.  Ол 
өзінің шектілігі мен «Құдай сияқты» асқақтыққа 
көтеріле алмасын ұғынады.
«Абсолютті  түңіліс».  Діндар  адамға  тән 
түңіліс түрі. Мұндай түңіліс – Құдайдың дүние-
ден  теріс  айналғандығын,  дүниенің    Құдайсыз  
қалғандығын ұғынудан және өзінің  жаһандағы, 

217
жалғандағы және Құдай алдындағы жалғызды-
ғын  ұғынудан  туындайды.  Ақиқат  сенім  –  діни 
дәстүрді игерудің нәтижесі емес. Нағыз сенім -  
абсолютті жалғыздықта қалған  адамның  еркін 
де жауапты таңдауы. 
үрей. Үрей – онтологиялық  тұрғыдан  азат  
болғанмен    бастапқы  күнәһарлық  белгісі  бар, 
сондықтан ажалды, шекті  тіршілік  иесі  ретінде 
- адамға тән. Үрей адамда  – өзінің шектілігін, өз 
ажалын жеңе алмасын ұғынудан және өз бос-
тандығын дұрыс пайдалана алмау қорқынышы-
нан туындайды. Осылайша үрей – адам бостан-
дығы көрініс беретін сәт болып табылады. 
Көп  мәселеде  Кьеркегор  дін  ықпалында 
болғанына қарамастан діни сарындарды артқы 
планға  ығыстырды.  Кьеркегор  пікірінше,  адам 
өзінің  радикалды  күнәһарлығы  себептілігінен 
Игі  де  Құдіреттіні  тануға  қабілетсіз.  Оның  бо-
йында Құдайға апаратын жолды нұсқайтын қан-
дай да бір мәнділіктер мен нормалар жоқ. Әйт-
се де абсолютті түңіліс жағдайында Құдіреттіні 
тану – мүмкін. Құдайға жақын келу, байланысқа 
шығу мүмкіндігі жолында адамның табиғи ұм-
тылысы аздық етеді. Барлығы Құдай шапағаты-
мен шешілуге тиіс. Құдаймен байланысқа шығу 
мүмкіндігі  жайлы - импульс ретіндегі бірсәттік 
қана  кездесу  туралы  айтуға  болады.  Байланыс 
әр жолы бұрынғыдан да жоғарғы деңгейге кө-
теріледі. Содан соң тағы да ізсіз жоғалады. 
Адам  әрдайым  таңдау  жағдайында  болып, 
«өзіне  баратын  жолда  сансыз  рет  өзгереді». 
Адам  әрдайым  өз-өзін  іздеп,  сәт  сайын  өз 
тіршілігінің  шарттары  мен  жағдайын  тексеру-
мен,  сынаумен  болады.  Кьеркегор  пікірінше, 
тұлға  экзистенциясының    дамуы    белгілі    диа-
лектикалық    айналыстан  кейін  өз  мәнін  діни 
сенімнен табуға тиіс. Ал адам тіршілігінің мәні 
-  өзіне  берілген  уақыт  ішінде  өз-өзін  жүзеге 
асыруында. Және сол процестің құндылықтық-
жасампаздық сипатында.
Резюме
Проанализирована  религиозно-антрополо-
гическая  философия  Сёрена  Кьеркегора,  ос-
нователя    экзистенциализма,  основной  темой 
которой  является  «существующий»  человек. 
Существование  для  Кьеркегора  -  это  катего-
рия,  соотнесенная  со  свободным  индивидом. 
Существовать    значит  реализовывать  себя  в 
свободном выборе между альтернативами. Су-
ществовать - значит все больше и больше ста-
новиться личностью  и  все меньше и меньше 
простым членом группы.
пайдаланылған әдебиет:
1.  Коплстон Ф. Его история философии: 7 том - от Фихте до Ницше; 8 том - история философии 
в 20 в.;
2.  500 важных понятий из философии. Аудиотренажер. Экзистенция, выбор, Бог как темы фило-
софии Кьеркегора. 2011.
3.  Брюнинг В. Философская антропология//Западная философия: Итоги тысячелетия.  Екатерин-
бург, «Деловая книга», Бішкек, «Одиссей», 1997.

218
Философия  адамның  өз-өзіне,  өзінің  же-
ке  бас  тіршілігіне,  рухани  дүниесіне  назар  ау-
дарған сәтінен бастап философияға айналады. 
Сондықтан  философиялық  білім,  бұл  -  ең  ал-
дымен адам туралы білім. Табиғаттағы тіршілік 
атаулы, оның болмысының формалары туралы 
айта  отырып  философия  осынысымен  дүние-
дегі  адам  орны,  оның    өмірінің    мән-мағына-
сы  туралы  сұрақ  қояды.  Философия  дүниедегі 
адамды және адамдағы дүниені зерттейді.
Экзистенциализм  -  адамның  иррациона-
листік  болмысының  бірегейлігіне  аса  мән  бе-
ретін  қазіргі  заманғы  ең  ықпалды  бағыт.  Ол  - 
бүгінгі қоғамның рухани күрделіліктерінің, ішкі 
қайшылықтарының көрінісі болып табылады.                                                    
Экзистенциализм  –  персонализммен  және 
философиялық  антропологиямен  қатар  дамы-
ды.  Соңғы  екеуі  адам  өзінің  ішкі  мәнін  ашуы 
керек  десе,  экзистенциализм:    адам  өз  мәнін 
эмоционалды  табиғатының  тереңінде  жеңуі  
керек,  дейді    [1].  Экзистенциализм  адамтану, 
адам  тіршілігінің  мәні  мәселесіндегі  ғылыми 
әдістердің  нәтижесіздігін  кесімді  түрде  жария-
лайды.  Экзистенциализмді  философиялық  ба-
ғыт емес деп санайтындар да бар. Мысалы,  эк-
зистенциалды психолог  және  психотерапевт  Р. 
Мэй    экзистенциализмді-философиялық  бағыт  
емес,  қазіргі  батыс  адамының  күй-жағдайын, 
үрей,  түңіліс  сияқты  қиындықтарын,    эмоцио-
налдық және рухани  өлшемдерін  бейнелейтін  
мәдени қозғалыс деп қана санайды. Экзистен-
циализм,  Мэй  пікірінше,  адамның    әрдайым, 
Батыстық  мәдениетке  тән:  жанжалдар  тізбегі,  
мазасыздық,  түңілу  және  өз-өзінен  жаттану  
иірімінде шыр  айналатын  потенциалды дағда-
рыс  жағдайындағы    қалыптасуын  бейнелейді.  
Адам  өз-өзіне  айналғысы  келсе,  өзін-өзі  ұғы-
нып, өз-өзіне жауапты болуға тиіс [2].
Экзистенциализм    философиясы  –  Ағарту-
шылық дәуірдегі және Неміс классикалық фи-
лософиясындағы рационализмге  иррационал-
ды реакция ретінде пайда болды. Бірінші және 
Екінші  Дүниежүзілік  соғыстар  арасында  адам 
өміріне,  тірі  тіршілікке  деген  құрметтің  тапта-
луы  бүкіл  ғылымның,  рационализмнің  абыро-
йын төмендетті. Бұл трагедия ойланатын адам-
дардың санасында өшпес із қалдырып, қайғылы 
замандағы адам тіршілігін, оның қайшылықтар-
ға  толы  ой  тебіренісін,  адам  өмірінің  мән-ма-
ғынасын анықтау сияқты сұрақтарға көңіл бө-
луге жетеледі. Дат философы С. Кьеркегордың, 
неміс философы Ф.Ницшенің, француз ойшылы 
Б.Паскальдың,  орыс  жазушысы  Ф.Достоевс-
кийдің, Мартин  Хайдеггердің, Карл Ясперстің, 
Жан-Поль  Сартрдың,  Альбер  Камюдің,  Н.Бер-
дяев пен Л.Шестовтың, Виктор Франклдың, Хо-
се Ортега-и-Гассеттің ойлары, еңбектері экзис-
тенциализм бағытының теоретикалық  қайнар 
көзіне айналды.
«Экзистенция»    ұғымы    (лат.  exsistehtia    -  
«өмір    сүру»)    ерекше    рөл    атқарады,  оның 
барлық    философиялық  қағидаларының  бас-
тапқы    негізін    құрады.      Экзистенциализмнің  
бастапқы  негізі  материяның, заттар дүниесінің  
өмір    сүруі  емес,    жеке  адамның  өмір  сүруі, 
оның  көңіл-күйі,  сезімі,  ішкі  талпынысы,  яғни 
психикалық  сезім  құбылыстарының жиынты-
ғы арқылы көрінетін субъекттің өмір сүруі. Де-
мек,  болмыстың  ең  жалпы  формаларын  зерт-
теу емес, сыртқы  дүниенің немесе  танымның 
мәнін  ашу    емес,  адам  өмірінің  мәнін,  экзис-
тенциясының мәнін ашу. Адам өз болмысының 
мәнін  түсіну    арқылы  ғана  өзінен  тыс  сыртқы  
дүниеде не бар екені жайында  пікір  айта  ала-
ды. Адамның нағыз тіршілігі, яғни экзистенция-
сы оның тәндік болмысына тең емес. Адамның 
нағыз  тіршілігі,  экзистенциясы  ғылыми  таным 
объективтілігінен сырғып, ұстатпайды. 
Субъективтіліктің  алғашқылығы  бұл  жерде 
гносеологиялық  тұрғыдан  ғана  емес,  онтоло-
гиялық тұрғыдан да көрініп тұр.
 Экзистенциалистер адамның  табиғатын ғы-
лыми тұрғыдан танып-білуді  жоққа шығарады, 
өйткені  адам  табиғатының  ішкі  сырын,  оның 
өмір сүруінің мәнін ашу  олардың философия-
сының  мақсатына  қайшы    келеді.    Заттарды 
ғылыми  тұрғыдан  танып-білу  емес  (олай  ету 
өмірдің шындығын ашып  көрсете алмайды, ғы-
лым оның шын мәні  жайындағы сұраққа жауап 
бере  алмайды),  адамның  «шын»    және  «жал-
ған» өмір  сүруін  бір-бірінен ажырата отырып 
«жалған»  өмірге адамның күнделікті  тіршілігін, 
ал  «шын» өмірге оның әлеуметтік қатынастар-
ға  тәуелсіз,  адамның  ішкі  табиғатынан  туатын 
ерікті  іс-әрекеттерін  жатқыза  отырып,  экзис-
тенциалистер:  адам  өзінің  табиғаты  бойынша 
бостандықтан  ерікті  түрде  бас  тартады,  сөйтіп 
күнделікті тіршілігімен айналысуға бейім  тұра-
ды деп  дәлелдейді. Адам үшін еріксіздік жағда-
йында өмір сүру әлдеқайда қолайлы да жеңіл, 
бостандыққа  талпынудан  гөрі  тағайындал-
ған  тәртіпке    бойсұну  ыңғайлы  деп  қорытады 
экзистенциалистер.
Экзистенциализм  бойынша,  адамның  мін-
деті дүниені өзгерту емес, керісінше, өзінің дү-
ниеге деген қатынасын, көзқарасын өзгертуде. 
Экзистенциализм – рухани  қайшылықтар  философиясы
Абдрасилова Г.з., 
филос.ғыл.к., ХБА доценті, Алматы қ.

219
Қазіргі заманғы экзистенциализмді адам психо-
логиясынсыз, дағдарыс  сезімінсіз түсіну мүмкін 
емес.    Үрей-қорқыныш  -  экзистенциализм 
философиясының  басты    ұғымы.  Болашаққа 
сенімсіздік,  ертеңгі  күннен,  тұрақсыздықтан 
үрейлену, өмір алдындағы қорқыныш – экзис-
тенциализм  философиясының    әлеуметтік  жә-
не  психологиялық  түп-тамырлары.  Экзистен-
циалистер  бұл  дағдарыстан  шығудың  жолын   
қоғамдық    қатынастарды  өзгертуден  іздемей,  
адамдардың  қарым-қатынасының  шеңберін 
тарылтудан    іздейді.  Ал    діни  экзистенциалис-
тер  бұл  жолды  құдайға  жалбырынудан  іздеуді 
ұсынады.
 Экзистенциализмнің жеке өкілдерінің әлеу-
меттік-саяси  көзқарастары  да  бірдей  емес. 
Мәселен,  Сартр  мен  Камю  Францияны  неміс 
фашистері басып алған кезде жауға қарсылық 
қозғалысына қатысты, ал  60-жылдардың аяғы-
нан бастап солшыл радикализмді және экстре-
мизмді жақтады. Ясперс пен Марсельдің  саяси 
бағыты  либералдық  сипатта  болса,  Хайдеггер 
фашистік  нәсілшілдік  саясат  жетегімен  өзінің 
еврей  ұлтты  қарт  ұстазы  Гуссерльдің  қудала-
нуына, моральдық азап шегуіне және дүниеден 
өтуіне себепкер болды.
ХХ ғасырдағы Еуропалық өркениеттің дағда-
рысы  адамзаттың  ақыл-ойы  мен  адамгершілік 
құндылықтарға сенбеушілікті тудырды. Бұл са-
лада  анықталған  ең бірінші  жаңалық  – ғылым 
мен техника дамыған сайын адам болмысының 
тұрақсыздығы  мен  нәзіктігінің  өсе  түсетіндігі. 
Күрделенумен  қатар  қатігезденіп  жатқан  дү-
ниеде тұрақтану үшін  адам ең алдымен өзінің 
ішкі  өмірін  талдап,  соның  негізінде  өзінің 
мүмкіндіктері  мен  қабілеттерін  бағамдауы  қа-
жет.  Өз тіршілігіне қас дүниеге адам өзінің ру-
хы арқылы ғана қарсы тұра алады. Олай болса, 
адамға ең керекті нәрсе - зат, материя, я бол-
маса идея, таным емес. Оған керегі - адам фи-
лософиясы. Адам – ол:  субъект. Ерікті, өз-өзіне 
жеткілікті,   жауапкершілікті     болмыс.
Тіршілік философиясының негізінде «экзис-
тенция»  және  «эссенция»  ұғымдары  жатыр. 
Мысалы, жануарлар дүниеге  өзінің мән-мағы-
насымен  бірге келеді. Ал адам - алдымен дү-
ниеге өзі келеді. Сан түрлі жағдайларды бастан 
кешіп  барып  қана  өз  өмірінің  мән-мағынасы-
на ие болады. Яғни адамның өмір сүруі - оның 
мән-мағыналыққа  жетуінен  алда  жүреді.  Мы-
салы,  жаңа туылған бота, күшік, марғаулар өз 
аяғына тұрған бойда анасының мәліметінсіз-ақ 
өз тіршілігін бастайды. Ал дүниеге жаңа келген 
сәби анасыз өмір сүре алмайды. Оны көп жыл-
дар  бойы  тәрбиелеп  өсіру  қажет,  содан  кейін 
ғана ол өз өмірі жайлы сұрақтардың мән-мағы-
насын ашуға тырысады.
Экзистенциализмде    «шекаралық    ахуал»  
деген ұғымға көп көңіл бөлінеді. Ол - өмір мен 
өлімнің  арасында  қалу,  үрей  мен  алаңдау.  Тек 
өз  өміріне  қауіп  төнген  жағдайда  ғана,  жан 
дүниесі  терең  сілкініске  ұшырағанда,  «өмірде 
болу»    сезімінің  негізінде  адам  тез  жетіліп,  өз 
өмірінің қайталанбайтын ерекше мәнін  ашады.           
Экзистенциализм - адамның бостандығына, 
еріктілігіне ерекше көңіл бөледі. Еріктілік - «қа-
жеттілікті тану», я болмаса «табиғи дарынды іс-
ке  асыру»  емес.  Ол  -  өмір  сүрумен  тең.  Адам   
дегеніміз  -  өзін-өзінен  жасайтын  пенде.    Ол  - 
өзінің  өзіңдік  жоспары.    Бұл  дүниеде  адамды 
еш нәрсе билей алмайды. Адамның себебі тек 
өзіңде ғана, ол өзіне  «Gausa sui».  Ал бостан-
дық,  еріктілік  дегеніміз  -  таңдау.  Адам  ерікті 
пенде ретінде ойына не келсе, соны істей ала-
ды. Бірақ сонымен қатар ол өз істеріне жауапты 
да өзі береді. Сондықтан Ж-П. Сартр:  «Еріктілік  
дегеніміз  –  адамға  артылған  адамгершіліктің 
ауыр жүгі», - деген болатын. Адам өз ісіне ғана 
емес, басқалар үшін де жауапты. Ол өз-өзін же-
те  түсінудің  арқасында  басқалардың  да  терең 
сырын  аша алады.
Адам  экзистенциясының  іргетасы  -  транс-
ценденттілену,  яғни  өз  шегінен  асу.  Адам  өз 
шеңберінен  аттап  өтіп,  не  нәрсеге  жеткісі  ке-
леді?  Діни  экзистенциализм    Құдайды  транс-
ценденттікпен  теңейді.  Олай  болса,  Құдаймен 
қосылуға  ынтық  болу,  нағыз  бостандықты  со-
дан іздеу - діни трансценденция болып есепте-
леді. Діни экзистенциализмнің өкілі  Бердяевтің 
пікірінше,  адам  -  екі  жақты  қайшылық  пен 
қайғыға    шомған  пенде.  Сондықтан  оны  түсі-
ну – одан жоғары тұрған  Құдайды талап етеді. 
Бұл - адамның Құдайға тәуелді пенде екендігін 
көрсетпейді.  Философия  адамның  құдайшыл-
дығын,  Құдайдың  адамгершілігін  көрсетуі  қа-
жет. Өйткені Христостың өзі адам болып туды. 
Құдай  дегеніміз  -  ол  рух.    Тек  рухани  қатынас 
қана адамның терең мәнін көрсетеді.
Атеистік  бағытқа  келсек,    оның  өкілдері  
Сартр    мен    Камю  өмір  мәнін  «ештеңеге»  те-
ңеп,  экзистенцияның  ең терең құпиясы деген 
пікірге  келеді.  Сонымен  экзистенция  дегеніміз 
–  өзінің  шектілігін,    уақытшалығын    сезінетін, 
«ештеңеге» бағытталған адам өмірі.
Экзистенциализмнің  ерекшеліктерінің бірі – 
жеке адам мен әлеуметтік  болмысты бір-біріне 
қарсы қоюы, адамзат болмысының осы екі жа-
ғының бір-бірімен  ымыраласпайтынын  көрсе-
ту болып табылады.  Олай болса, адам өмірінің  
ерекшелігі – өмір сүру мен мәңдіктің, болу мен 
бола алудың, таным мен түсінудің арасындағы 
тебіреніс, таңдау. Бұл - адам болмысының мұң-
ды  жақтарын  көрсетеді.  Экзистенциализмнің  
өзекті ұғымдарының бірі – жаттану.     Экзистен-
циалды  жаттану  –  қоғамдық  тәртіпке    немесе  
басқа адамдардың талаптарына сай болу үшін 
өз болмысын ұмыту, өз «менінен» алшақтау нә-

220
тижесінде  сезімдер  изоляциясына  ұшырау  [3, 
64-65 б].
«Болмыс  және  уақыт»    еңбегінде    М.  Хай-
деггер    адамның  өмір  сүруін    «Dasein»  деген 
ұғыммен береді.  Мұндай ұғымды философияға 
енгізу арқылы адам болмысы -  тарихи болмыс 
екенін, яғни «қазір осы арада» өмір сүріп жат-
қанын көрсеткісі келді. 
Дүниеде  адамнан  басқа  ешқандай  тіршілік 
иесі өзінің шектілігін, яғни өлетіндігін білмейді. 
Адамға  ғана  уақыт  сезімі,  ал  сонымен  бірге 
өмірде болу  мәселесі тән. Бұл тұрғыдан алған-
дағы философияның негізгі мақсаты – дәл қазір 
өмір  сүріп  жатқан  адамның  ішкі  тебіренісін 
зерттеу,  содан  шығатын  өмір  тәжірибесін  тал-
дау болып табылады. Бұл -  жаңа онтология. Яғ-
ни ол - уақытпен шеңберленген адам болмысы, 
осы арада өмір сүріп, басқалармен бірге ком-
муникацияға түсу. 
Өндірістік  қоғамдағы  адамның  болмы-
сы  өзінің  бейшынайылығымен  сипатталады. 
Бір  конвейерден  шыққан  ұқсас  заттар  сияқты, 
адамдар да орталанып, бір тұлға екіншіні жеңіл 
алмастырады. Адамдар бірін-бірі ауыстыра ала-
тындықтан, «басқа» дегеніміз - «нақтылы басқа 
тұлға» емес, «қайсыбір басқа», «жалпы бір бас-
қа».  Мұндай  жағдайда  «ол  да»,    «мынау  да»  - 
шынайы субъект емес.  Мұндай тобыр адамын 
Хайдеггер  «das   Man»  деген терминмен берсе, 
Бердяев оны «объективацияланған дүние»  деп 
атады.  Ал адамның шынайы болмысына келер 
болсақ, ол - адамның тарихи пенделігін, уақыт 
шеңберінде шектелгенін, сонымен қатар өзінің 
еріктілігін  сезінуінде.  Шынайы  болмысқа  жету 
үшін адам күнделікті күйкі өмірден бас тартып, 
соңғы өмірдің шегі - өлімге тіке  қарай алатын 
жағдайға келуі қажет.      
Бейшынайы болмысты аттап өту үшін адам-
дар  бір-бірімен  қосылып  «абсурдты  дүниеге», 
оның  шектілігіне,  жалпы  дүниенің  жетілме-
гендігіне,  мәнсіздігіне  қарсы  шығып,  көтерілуі 
керек, - дейді француз ойшылы А.Камю.
Діни  экзистенциализм  бұл  мәселенің  бас-
қа  шешімін  ұсынады.  Г.  Марсельдің  ойынша, 
адамдар шынайы болмысты заттардың болмы-
сымен  теңейді.  Ал  шынайы  болмыс,  негізінен 
алғанда, әрқашанда тұлғалық болмыс. Болмыс  
-    «Ол  емес»,  «Сен».  Сондықтан  адамдардың 
Құдай  алдындағы  бір-бірімен  ішкі  сырларын 
бөлісуі – шынайы   болмыстың алғышарты. Өз-
ге адамның терең сырын ұғынып шынайы бол-
мыстық  дәрежеге  көтерілу  маһаббат    арқылы  
ғана іске асады [4].
Марсельдің  ойларын  М.Бубер,  Э.Левинас-
тар  дамытты.  Олардың  ойынша,  адамның  дү-
ниеге деген қатынасы екіжақты. Өйткені оның 
сөздігінде  екі  негізгі  сөз  бар.  Олардың  біреуі 
«Мен» және «Сен» болса, екіншісі   «Мен жә-
не  Ол».    Дүние  -  адамзат  тәжірибесі  ретінде 
«Мен  және  Олға»  жатады.  «Мен  және  Сен»  - 
адами  шынайы  қарым-қатынасты  тудырады. 
Олай  болса,  адам  алдында  дүниеде  болудың 
екі мүмкіндігі бар. «Мен және Сен» - шынайы 
болмысты  тудырса,  «Мен  және  Ол»  -  адами 
қатынастарды  заттандырады.  Мен  оны  тануға, 
зерттеуге  тырыспаймын,  өйткені  мен  онымен 
қарым-қатынастамын. Ол қатынастардан боса-
ғанда ғана, мен оны тани бастаймын. Тану, білу 
–«Сеннің»   алшақтауына әкеліп соғады. «Мен 
және  Сеннің»  қарым-қатынасын  маһаббатпен 
теңеуге болады. Маһаббат сезімі бүкіл дүниені 
өзінің  сәулесімен  жарқыратып,  гүлдендіреді. 
Маһаббат  аясындағы  адам  қайыбір  адамды, 
жақсы мен жаманды, сұлу мен түрсізді, ақылды 
мен наданды – бәрін де ерекше «Сен» ретінде 
қарайды. Алайда адам болмысының трагедия-
сы – «Мен және Сеннің»  өзара қатынасының 
сарқылуында, я болмаса құралға  айналуында.
Экзистенциализм  философиясының  көр-
некті  өкілі—Виктор  Франкл.    Ол  қоғамдағы 
адамдардың қасіреті - ноогендік невроздарда: 
адамның өз өмірінің мән-мағынасынан айыры-
лып қалуында деген пікір айтты. Соңғыны В.Ф-
ранкл  «экзистенциалдық  вакуум»  деген  ұғым-
мен берді. Өз болмысының  мән-мағынасынан 
айырылып қалған адамдардың бірі рухани құ-
лазудан  арылу  үшін  «Құдайды  іздеу»  жолына 
түссе, екіншілері нашақорлық пен ішімдіктің са-
ғымында жүреді, үшіншілері қоғамдағы тәртіп-
ке  қарсы  бағытталған  қылмыстық  іс-әрекет-
терге,  төртіншілер  суицидке  барады.  Өмірдегі 
ахуал    қандай    қиын  болса  да:  жазылмайтын 
сырқат, өлімнің өзі болмасын, адам өз өмірінің  
мән-мағынасын  жоғалтпауы керек, деген ойға 
келеді  Франкл.  Өзінің  Екінші  Дүниежүзілік  со-
ғыс кезіндегі  Бухенвальд  концлагерінде бол-
ған экзистенциалдық тәжірибесін сараптай ке-
ле, Франкл өз өмірінің мән-мағынасын сақтап 
қалған адамдар ғана сол тозақтан құтылғанын, 
ал оны жоғалтқан көпшіліктің «малға ұқсайтын 
тобырға»  айналып құрығанын  баяндады.

221

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет