85
Запомните!
К формам притяжательности (тәуелдік), падежа (септік), числа (көптік)
причастия,
так же, как и к именам существительным, могут присоединяться вспомогательные слова.
Сравни:
Отан үшін – менің оқы+ған+ым үшін.
Сабаққа дейін – оқы+ған+ым+а дейін.
Жағдайыма байланысты – жаз+ған+ым+а байланысты.
Менің оқы+ған+ым үшін – за то, что я прочитал,
оқы+ған+ым+а дейін – до того, как я прочитал,
оқы+ған+ым+а байланысты – в связи с тем, что я прочитал.
1. Зат есімді есімшемен ауыстырыңдар.
Үлгі: Алматыға байқаудан жүлделі орын алған оқушылар барады. -Алматыға
байқаудан жүлделі орын алғандар барады.
1. Бассейнде суда жүзген балалар көп ауырмайды.
....................................................................................................................
2. Кассаға тұрған жолаушылар тез билет алды.
....................................................................................................................
3. «Көшпенділер» фильмін көрген адамдар алғыс айтты.
....................................................................................................................
4. Тәуелсіздік үшін күрескен қазақ батырлары есімін халық мәңгі есте сақтайды.
....................................................................................................................
5. Жарысқа кімдер қатысады? – Қалалық олимпиадаға жүлделі орын алған оқушылар
қатысады.
....................................................................................................................
6. Мектепке кімдер қабылданады? – Қазақ, орыс
және ағылшын тілін жақсы
меңгерген үміткерлер қабылданады.
....................................................................................................................
7. Бағалы сыйлық кімдерге беріледі? – Өз мектебінің өмірін жан-жақты жеткізе
білген оқушыларға беріледі.
....................................................................................................................
2. Етістікті тәуелдік жалғаулы есімшеге өзгертіңдер. Кестедегі сөздерді қолданыңдар.
дұрыс болды, бәрімізге ұнады, жөн
86
Үлгі: Оқушылар алдында Әсет домбырада ойнады. Оқушыларға Әсеттің домбыра-
да ойна+ған+ы ұнады.
1. Астана Ақмолаға көшірілді.
....................................................................................................................
2. Адам баласы дүниені ана тілі арқылы таниды.
....................................................................................................................
3. Ол мұғалімдердің сөзін қайталап айтып берді.
....................................................................................................................
4. Сендер оқуға кірістіңдер.
....................................................................................................................
5. Серік ата-әжесінің ауылында болады.
....................................................................................................................
6. Мектепте оқушылар жол ережелерін оқиды.
....................................................................................................................
7. Қазақстанның өз ғарышкерлер тобы болады.
....................................................................................................................
8. Мектеп қабырғасында оқушылар кәсіптік білім алады.
....................................................................................................................
9. Бастауыш сынып балаларына тегін тамақ беріледі.
....................................................................................................................
10. Мен әндер байқауына қатысамын.
....................................................................................................................
11. Сен мектепке өз достарыңмен барасың.
....................................................................................................................
12. Сіз еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің жаршысы болдыңыз.
....................................................................................................................
Достарыңызбен бөлісу: