Сборника «Из глубины»



жүктеу 73.78 Kb.
Pdf просмотр
Дата03.03.2017
өлшемі73.78 Kb.
түріСборник

345

повлияли, участвовала в создании соответствующей социально- психологической 

атмосферы. Данное произведение Бердяев написал  для сборника «Из глубины» 

подготовленного  к  печати  в  1918  году,  когда  еще  были  свежа  память  неудач. 

«Толстовская мораль обезоружило Россию и отдало ее в руки врага» [6, с. 282-283]. 

Моральная рефлексия Толстого настоящая отрава. Она является обессиливающей 

и безблагодатной - обратная сторона бунта против божественного миропорядка. 

Итак, вывод очевиден сама жизнь,  сам божественный  миропорядок таков,  что 

насилие является его необходимый компонент. Мир значительно сложней, чем 

учение Толстого и его моральная проповедь слишком все упрощает и нивелирует. 

Толстовский  анархизм  нигилистическое  отношение  к  искусству  деструктивно. 

Прошли годы, от многого в оценке творчества Толстого Бердяев отказался, но сам 

смысл рассуждений сохранился [7]. Для самого же Толстого его поиски смысла 

жизни, поиски бога привели к тому

, что его предали анафеме, отлучили от рус-

ской православной церкви. Странно что, политическая деятельность Николая ІІ 

приведшая страну к катастрофе, оценивается русской православной церковью не 

так строго как творчество великого писателя. 

Итак,  однозначно  считать  насилие  неприемлемым,  априори  относить  его 

негативным  явлениям  нельзя.  Мир  слишком  сложен,  чтобы  к  нему  подходить 

с  заранее  заданными  мерками,  Конечно,  на  уровне  межличностного  общения 

насилие не желательно, но если все средства убеждения исчерпаны, то ничего не 

остается, как применить силу.

В  самом  христианстве  отнюдь  не  однозначно  выступают  за  абсолютное 

соблюдение  данных  заповедей.  В  «диалектической  теологии»  подчеркивается 

различие  двух  миров  бесконечного  –  божественного  и  земного  –  конечного. 

Утверждается что, различия эти столь существенны, что никакого сходства между 

ними нет. Поэтому, есть две морали - земная и  потусторонняя. Переносить на 

земную жизнь нормы божественного нереально. Но если эти нормы неприемлемы 

для  нашей  жизни,  то  зачем  они  нам  даны.  Действенность  этих  норм  в  таком 

случае весьма не велика.

Литература

1. Фромм Эрих. «Душа человека».- М., 1992 

2.Фромм Э. Бегство от свободы – М., 2006 

3. Библия. Книги священного писания Ветхого и Нового завета. От Матфея святое 

благовествование. - М., 1991 

4.Ницше Ф. По ту сторону добра и зла. В 2 т. Т. 2. - М., 1990

5. Бердяев Н. Судьбы России М.,- 1990 

6. Бердяев Н. Духи русской революции // Сб. Вехи. Из глубины - М.,1991 

7. Бердяев Н. О назначении человека – М., 1991 



АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ОРТА МЕКТЕПТЕГІ ДІНТАНУ 

ПӘНІ МЕН ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ

Томаш Г. С.

Астана қ., Қазақстан

Адамгершілік  барлық  адамға  тән  қасиет  ретінде,  өмірдегі  кесір-қырсық, 

жанға  жат  мінездер  мен  кереғар  іс-әрекеттерге  қарсы  күресу  барысында 

қалыптасады.



346

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім 

адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» [1, 29-б.] – деп, 

ғұлама Әл-Фараби айтқандай, дүние танымы ертеден қалыптасқан қазақ халқы 

адам тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, жастарды өзін-өзі танып, өзін-өзі басқаруға, 

өз  бетімен  өмір  сүруге  бейімдеп,  жамандықтан  жирендіріп,  жақсылыққа, 

ұстамдылыққа, мейірімділікке, ізеттілікке, сүйіспеншілікке баулып келген. Со-

нымен бірге, осы әдептілікпен бірге дінін де қоса берген. Киген киімдерін де, 

өз орталарына сай үйлестіре білген. Бірақ екеуінің арасында алшақтық, шекара 

болмаған.  Ал  қазір  ше,  сен  зайырлы  мемлекеттің  азаматысың  –  жалаңаш  бол, 

көсе бол, сен дін адамысың ба – өкіметке көрінбе, киімің жарамайды, одан қалса, 

жер  төледе,  бір  нәрсенің  астында,  біреуге  жалшы,  біреуге  үй  қызметкері  т.б. 

жұмыстарды атқаруыңа тура келеді.

«Дарынды  адам  –  суреткер  де,  ғалым  да,  мемлекет  қайраткері  де  болуы 

мүмкін. Бірақ адамның қасиетін таразыға салатын бұлар емес, ең үлкен көрсеткіш 

өлшемдері – кісінің адамшылығының тазалығы мен биіктігінде, адалдығы мен 

әділдігінде, мұны бір сөзбен айтқанда – имандылық десек керек», – деп жазған еді 

Рахманқұл Бердібаев ағамыз, «Қазақ әдебиеті» газетінің 1991 жылғы 15 наурыз 

күнгі санында.

Тәрбие – біреу, жолдары әр түрлі. Адамгершілік тәрбиесі – өмір тәжірибесінің 

нәтижесінде  қалыптасқан  жеке  адамның  адамгершілік  іс-әрекеті  мен  мінез-

құлқының  жақсылық  көрінісі.  Латын  тілінен  алғанда,  адамның  адамгершілігі 

дегенді  білдіреді.  Адамның  адамгершілігі  неден  көрінеді?  Бұл  адамдарға 

деген  сүйіспеншілік,  махаббат,  төзімділіктің  (толеранттылықтың)  ең  жоғарғы 

психологиялық деңгейі, адамдар арасындағы сыйласымды қатынастар, ибалылық 

деңгейі, жеке адамға, оның қадір мәртебесіне деген сый құрмет. Адамгершіліктің 

негізгі түсінігі – адамды жоғары құндылық ретінде тану.

Насраддин Туси «Білім жолындағы оқушыға кеңес және оқушыны тәрбиелеу 

жайлы»  трактаттарында  кең  бағалы  ойлар  айтады.  Ол  бірінші  трактатында 

шәкірттердің адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы мақсат: ұстамдылық, 

сенімділік, көмек көрсету және достық ілтипат, адалдық, жомарттық, жұмсақтық, 

мейірімділік,  имандылық,  нақтылық,  т.б.  қасиеттерді  тәрбиелеу  болатынын 

түсіндіреді.  Екінші  трактатында  балаларда  кездесетін  адамгершілікке  жат 

қылықтардың:  сараңдық,  ашу  шақыруға  бейімділік,  қолы  тарлық,  кекшілдік, 

өсекшілдік,  қызғаншақтық  және  ұшқалақтық  сияқты  жеті  түріне  сипаттама 

береді [2, 128-б.].

Тәрбие  бастауы  –  отбасы,  балабақша,  мектеп.  «Бұл  –  қазақтың  әзірге 

жойылмай келе жатқан, ешқандай да ықпалға түспей, дәстүрлерімен халықтың 

адамгершілік  жағынан  азуына  жол  бермеген  болар  еді»,  –  деп,  қазақтың  салт-

дәстүрінің адамгершілік негізі екенін айтқан Ы. Алтынсарин [3, 12-б.]. Сондықтан 

да,  мектепте  балаларды  ұлттық  құндылықтарымызбен  таныстырып,  оны 

құрметтеуге  тәрбиелеу  оқушы  бойына  ізгілік  рухын  сіңірумен  бірдей.  Ұлттық 

құндылық  адастырмайды.  Осыны  білген  Ы.  Алтынсарин  Н.  И.  Ильминскийге 

жолдаған хатында: «Кейін парақор болып шықпаулары үшін, оларға адамгершілік 

жағынан әсер етуге бар күшімді салып отырмын. Күлсеңіз күле беріңіз, мен кейбір 

кездері, оқытудан бос уақыттарымда оларға ресми түрде молда болып та қоямын; 

сөйтіп,  оларға  дін  тарихынан  білгенімді  айтып,  оған  басқа  да  пайдалы  және 


347

түсінікті әңгімелерді де қосып айтамын», – деп жазды [3, 195-б.]. Дым құрмаса, 

«Дінтануды»  оқытудың  мәнін  Ыбырайша  түсініп,  оны  түсіндіруде  Ыбырайша 

толғанатын мұғалімдер бар ма екен, бұл күні?

Кейбір  мектептер:  «Орамал  таққандар  –  басқа  ағым,  секта  деп,  сыртқы 

қақпаның  сыртында  тұрып  сөйлессін,  балаларымызды  «бұзып»  кетеді»,  –  деп 

ішкі заң шығарып қойған, яғни, бұрын бітіріп кеткен түлектер үшін, он бір жыл 

оқыған мектебінің есігі жабық. Олардың сағыныш сезімі қайда, мектепке деген 

патриоттық  сезімі,  мақтанышы  ескерілмей  ме?  Ел  ішінен  шекара,  қала  ішінен 

шекара,  мектепке  де  шекара,  жарайды,  өткізбесін,  сонда,  түр-түсінде  белгісі 

жоқ  ер  адамдар,  басқа  секта,  ағым  өкілдері  еркін  кіре  алады  ғой,  енді  қайтіп 

қорғанбақшысыз? Ол бала көшеге шықпай ма, түрлі-түрлі дін өкілдерін көрмей 

ме, түрлі дін ағымдарымен кездеспей ме: орамалды орамалсыздары, орамалды 

олай  жапқан  бұлай  жапқандары,  терезелі,  терезесіз  қара  киінгендері,  балақты 

балақсызы, сақалды сақалсызы – толып жатыр емес пе? Бірақ, біз осы баланың 

діни сауаттылығының дәрежесін ескердік пе, өзіміз берген біліміміздің баланың 

қорғанышы болатынына сенімдіміз бе? Оған көзіміз жете ме? Әрине сенімсізбіз. 

Кімдер сабақ беріп отыр мектепте, діннен сауаты аз мұғалімдер. Осыған қарап, 

кейбір мектептердің «Дінтану» сабағы оқытушысының діннен сауатының қандай, 

өзі қандай, сөзі қандай мақсаты қандай екенін көруге болады.

   

 

«Балам» «закон» білді деп,



   

 

Қуанар ата-анасы,



   

 

Ойында жоқ олардың



   

 

Шариғатқа шаласы» [4, 16-б.], – деп, Абай өзінің «Интер-



натта оқып жүр талай қазақ баласы» деген өлеңінде балалардың, оның ішінде, 

ата-аналардың да мұсылмандық ілімінің шала екендігін дөп басып айта білген. 

Балаларының не оқып жатқанын Абайша ойға салатын ата-ана бар ма екен бұл 

күнде?


Август Бебель: «Білімді ата-ананың дарынды баласын тағы жандарға қосып 

жіберсең, одан жабайы адам өсіп шығады» [5, 37-б.], – деген екен.

Ыбырай  Алтынсарин:  «Ана  тілінде  жазылған,  мұсылман  дінінің  негізгі 

рухына сай, дін оқытуға басты құрал бола алатын оқу құралын жасап берудің 

қажет екенін ескеріп, біріншіден, қазақ жастарынынң дін жөніндегі түсініктері 

теріс  бағытқа  түсіп  кетпеулері  үшін;  екіншіден...  мен  соңғы  кезде  Мұхаммед 

шариғатын  үйреніп,  Сізге  жолдап  отырған  осы  оқу  құралын  құрастырып 

бітірдім», – деп жазды келесі хатында[3, 198-б.]. Біз не істеп отырмыз? Әлі де 

болса, «Дінтану» пәнінің мазмұнын аша алмай отырмыз емес пе? Өз дінін таныту 

ма, әлде басқа діндерді таныту ма? Ы. Алтынсариннің дін оқытуы басқа. «Қазақ 

жастарының дін жөніндегі түсініктері теріс бағытқа түсіп кетпеуі үшін» деген 

мақсаты бар, біздікі де сонымен астарлас, бірақ дін туралы түсініктері қалыптасқан 

балаларды,  діннен  түсінігі  жоқ  тарихшы  мұғалімдердің  беруі  күлкілі  жағдай 

туғызып отыр. «Мен соңғы кезде Мұхаммед шариғатын үйреніп», «Дінтану» пәні 

маған жүктеліпті, балаларға үйрететін дәрежеде соған дайындық қылайын» деген 

Ыбырайдай мұғалім бар ма? Бұл жерде де бір саясат тұр емес пе деп қаласың? Бұл 

пәнге діннен хабары жоқ мұғалімдер неге алынды? Сонда, мұсылман балаларды 

мұсылман дінінен сақтауымыз керек пе? Дінін танып, намаз оқып келіп отырған 

9-сыныптың  баласына  «Дінтану»  пәні  не  береді?  Дінсіз  мұғалімі  не  береді? 


348

Намаз  оқыған  баланы  дедектетіп,  директорға  апарып,  «мектепте  намаз  оқуға 

болмайды, бізде бұйрық бар» деп, оның ата-анасын шақыртып, жеке сөйлесіп, 

райынан тайдырып отырған «шебер» директор, «шебер» сынып жетекшілеріміз 

толып жатыр. Негізгі мақсатымыз осы ма еді?  Кейде түсінбей қаласың.

«Ғасырлар  бойы  қазақ  халқы  өз  жерінде  өзіне  тән  өмір  жолдарымен  күн 

көрді, ал, қазір даланы переслендердің көші қаптады. Енді болашағымыз қандай 

болады? Тарих сабақтары бойынша: егер келімсектердің мәдени дамуы жоғары 

болса,  онда  олар  жергілікті  халықтың  мәдениетін  бойына  сіңіріп  көрсетпей 

тастайды. Ал, егер екі халықтың мәдениеті бір деңгейде болса, онда олар бір-біріне 

көмек бере отырып дами алады, бірақ та олардың әрқайсысының ұлттық белгілері 

сақталады. Қазақ елінің экономикалық өмірінің өзгерері сөзсіз. Мұжықтар біздің 

жыртылатын  жерлерімізді  тартып  алып  жатыр,  жер  қойнауындағы  пайдалы 

қазбаларымызға да ауыз сала бастады. Осы жғдайларда қазақ елінің өмір сүріп 

қалуының өзі өте қиынға айналайын деп отыр. Өзіміздің автономиямызды сақтап 

қалу  үшін,  біз  қолымыздағы  барлық  күш  жігерімізді,  білім  мен  мәдениетке 

салуымыз керек. Тек қана ана тілінде әдебиетін, өнерін, ғылымын қалыптастыра 

алған халық қана тәуелсіз өмір сүре алатынын біз ұмытпауымыз керек», – деп, 

Ахмет  Байтұрсынов  1913  жылдың  өзінде-ақ,  «Қазақ»  газетінің  №1санында, 

«Құрметті оқушылар» деген мақаласында көрегендікпен айтпап па еді?

«Елдің  тұрмысын,  тілін,  мінезін  білмеген  кісі  көш  басын  алып  жүре 

алмайды», – демеп пе еді, Әлихан Бөкейханов, – өзінің 1923 жылы, Мәскеуден 

басылған «Ерсайын» деген еңбегінде (89-90-беттер).

Тағы бір өлеңінде:

Білмейсің, жөнің менен терісіңді,

Бас болып іс етпейсің келісімді.

Сықылды сынық бұтақ төмендесең,

Кім  жұлмас  оңайдағы  жемісіңді  [6,  128-б.]  –  деп,  Ахмет  Байтұрсынов 

айтқандай,  неге  біз  өз  дініміз  жөнінен  бірауыздылық  көрсетіп,  қорғай  алмай 

отырмыз.


Алдымыздағы балалардың, кейбір жастардың көзқарастары «Аққу, шортан, 

хам шаян» болып көрінеді, кейде. Неге десеңіз, қазіргі жағдайға қарап, жоғары 

жағымыз  да  осы  көзқараста  ма  деп  қаламыз.  Оған  мысал:  жазғы  каникулға 

шығысымен, оқушылардың біразы, өздері тұратын жердегі жақын мешіттердегі 

діни  сауат  ашу  курстарына  барады:  уағыз  тыңдайды,  дінін  түсінеді,  тәрбие 

алады,  жүріс-тұрыс,  тамақ  жеу  әдебін  үйренеді.  Аллаһ  Тағаланың  бұйрығын, 

Құран  Кәрімнен  сүре,  аяттарды  ұстаздары  оқып  отырғанын  көрген  бала, 

Пайғамбарымыздың  (с.а.с.)  өмірбаянын  оқып,  қаншама  үлгі-өнеге  алады. 

Мұсылман лагерінде балалардың күнделікті өмірлері құлшылықпен қоса жүреді. 

Мүшіріктерге  айт:  «(Бөгде  әйелдерге  қараудан)  көздерін  сақтасын.  Әрі  ұятты 

жерлерін қорғасын...» [7:24,30] деген «Нұр» сүресінің аятын ұл балалар жаттап 

келсе, Мүһмин әйелдерге де айт: «(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты 

жерлерін қорғасын. Сондай-ақ, зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өздігінен 

көрінгендері  басқа  (беті,  қолы,  аяқтары).  Және  бүркеншіктерін  омырауларына 

түсірсін. Зейнеттерін көрсетпесін деген» [7: 24,31] аяттарды қыздар жаттап отыр.

Ал, осы балалар, қыркүйекте, мектепке келген кезде, барлығы керісінше: 

«Қазақстан Республикасы «Білім туралы»  заңындағы 47- баптың 14- тармағын 


349

тілге тиек етсек, «білім алушылар мен тәрбиеленушілер білім беру жүйесінің ішкі 

тәртіптерін,  ережелерін  сақтауға  және  білім  беру  қызметтерін  көрсету  туралы 

шартта көрсеткеннен басқа да талаптарды орындауға міндетті» [8].

Қазақстан  Республикасы  Әділет  министрлігі:  «Қазақстан  Республикасы 

Конституциясының  22-бабының  1-нші  және  2-  тармақтарында:  «Әркімнің  ар-

ождан бостандығына құқығы бар.  Ар-ождан  бостандығы құқығын жүзеге асыру 

жалпы  адамдық  және  жалпы  азаматтық  құқықтар  мен  мемлекет  алдындағы 

міндеттерге  байланысты  болмауға  немесе  оларды  шектемеуге  тиіс»  деп,  анық 

көрсетілсе,  ал  осы  заңның  14-бабының  1-тармағында:  «Тегіне,  әлеуметтік, 

лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни 

көзқарасына,  нанымына,  тұрғылықты  жеріне  байланысты  немесе  кез-келген 

басқа жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» [9].

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 

Заңының 3-тарауының 7-бабының 3-бөлімшесінде: діни білім беру ұйымдарын 

қоспағанда,  білім  беру  ұйымдарының  аумағында  және  ғимараттарында  жол 

берілмейді  деп  келтірілген.  Осы  заңды  орындау  жолында  да  «белсене»    ат 

салып жүргендер бар [10]. Тіпті, жатаханадағы студенттердің намаз оқуларына 

тиым  салғысы  келеді.  Сонда  төрт,  алты  жыл  оқитын  студент  дінсіз  өте  ме? 

Діни жоралғыларды үйлеріңде орында дейді. Жатахана студенттің үйі емес пе? 

Себебі, көзін ашып көргелі ата-анасының тәрбиесімен дінін ұстап келген біраз 

жастардың діни рәсімдеріне нұсқан келуде. Жаңадан дінге келгендер тіпті ештеңе 

түсінбеуде. Енді жасырынып бұғып ана жерде, тығылып мына жерде намаз оқып 

жүргендерді аңдуда. Қазіргі кездегі біздің дін ұстануымыз ұясынан лақтырылған 

торғайдың балапаны сияқты.

Көкек деген құсты барлығымыз жек көреміз. Ол өз жұмыртқасын қарапайым 

торғайдың  ұясына  салып,  оның  жұмырқасын  сыртқа  түсіріп  жібереді  екен  де, 

шыққан балапанының ең ірі болып шығатынын көріп жүрміз. Одан кейін көкектің 

лақтырып  жібергенінен  кейінгі  тірі  қалған  шала  жансар  балапандарына  «Дін 

мәселелерін  зерттеу  және  психикалық  реабилитациялау  орталығы»  қоғамдық 

бірлестігі  ашылды.  Бұл  да  біздің  ұлт  үшін  жат  дүние.  Кеш  қалғаннан  кейінгі 

тал қармағанымыз ба? Осындай жағдай болмас үшін алдын-алу керек еді ғой! 

«Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі – бір қисық жолдағы кісіні түзеткен 

адамнан садақа кетсін» деп, Абай атамызша айтсам, ауыр болып кетпей ме? Жүз 

тура жолдағыларды шатастырушылардың да алдын ала алмай қалдық емес пе?

Ал енді, екі ортада қалған балаларға, ештеңе түсінбей жүрген кейбір ата-

аналарға не дейміз? Біз кімнің бұйрығын орындаушымыз осы? Аллаһ Тағаланың 

ба, Ата Заңымыздың ба, әлде Білім министрлігінің бе? Шындығында, Аллаһтың 

әмірін орындағаннан ешкім бақытсыз болып, қызықтан құр қалмайды. Керісінше, 

екі дүние бақытын береді, түсінген адамға.

Тәуелсіздігіміздің  21  жылдығына  аяқ  бассақ-тағы,  өз  дінімізді  танымай, 

оқып-білмей  қалғанымыздың  әсерінен  келеңсіз  жағдайлар.кездесіп  қалады. 

Ал,  бізде  әлі  «Дінтану»  мәселесі  тұр.  Бойына  имандылық  ұяламаған  бала  өсе 

келе кім болып өседі. «Жаста берген тәрбие жас шыбықты игендей», деп атам 

қазақ  айтпақшы,  жиырма  бір  жыл  ішінде  дінімізді  таныта  алмауымыз  үлкен 

мәселе ретінде әлі де шешімін тапқан жоқ. Еліміз Тәуелсіздік алса-дағы дінсіз 

«Дінтанумен» бірге босағада қосақталып, әлі ішке кіре алмай есік қағып тұрғаны 

өкінішті-ақ.



350

Ислам діні – бейбітшілік діні ретінде ортақ Отанымыз Қазақстанда тұрып 

жатқан ұлттар мен ұлыстардың бір мүдде жолында өмір сүріп, өздерінің ұлттық 

және діни құндылықтарын жаңғырту жолында өмір сүру ісіне мол үлес қосып 

отырғанда оны оқып-білмеуіміз көңілімізге қаяу түсіреді. 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1 Әл-Фараби. Тәрбие туралы трактаттар. Алматы. «Жазушы», 1993 ж. 122 б.

2 Туси Насраддин. «Білім жолындағы оқушыға кеңес және оқушыны тәрбиелеу 

жайлы» трактат. Алматы. – 1236 ж.

Алтынсарин Ы. Қазақтың болыстық мектептері туралы записка. 1879.

Таңдамалы шығармалары (Текст). – Алматы. «Ғылым», 1994. – 289 б.

3 Құнанбаев А. Қалың елім қазағым... Алматы. «Мектеп», 1998. – 138 б.

4 Бебель А. «Женщина и социология». Москва.1953. – 187 стр. 

5 Байтұрсынов А. Таңдамалы шығармалары (Өлеңдер) – Алматы. «Ғылым», 1994. 

– 156 б.

6  Құран  Кәрім    қазақша  мағына  және  түсінігі  (Екі  харамның  қызметкері  Фаһд 

патшаның Құран Шәриф басым комбинаты. Аударған: Халифа Алтай. 1991 –604 б.) т.б.

ИСЛАМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІ

Шаңбаева А. Н.,

Алматы қ., Қазақстан

Ұлт  тәрбиесінің  басты  құралы  -  өнер.  Жас  ұрпақ  ислам  дінінің 

негізінде  калыптасқан  тәрбиенің  құнды  қасиеттерін  бойына  сіңіріп,  бүгінгі 

өмір талабына керекті жақтарын іздестіреді.

Ислам  дінінің  берік  орын  алып  күш  қуатының  дамуына,  оның  жас 

ұрпақ  тәрбиесіне  деген  ізденістердің  тәжірибелік  ғылыми  көзқарастың 

жақындасуына  әсерін  тигізетін  тіке  жол,  ол  —  өнер,  яғни,  музыка  арқылы 

ислам дінінің негізінде көптеген табыстарға жетуге болады.

Ислам  дінінің  түпкі  сырының  өзі  адамгершілікті,  тазалықты, 

шыншылдықты,  қамқорлықты,  аяушылықты,  жанашырлықты,  біліктілікті, 

еңбекқорлықты, өнерпаздықтарды қалаған. Ал қатыгездік пен зұлымдықтардан 

арылудың  жолын  уағыздаумен  келді.  Адамзаттың  құндылығын  сақтайтын 

қасиеттерді  іздестірген  ислам  діні  тудырған  құран  сүрелерінің  бәрі  дерлік 

ауызекі әуеннің негізінде жатталып айтылды.

«Мұхаммед  Пайғамбар  өз  тұсында,  кажет  кезінде  сүрелерді,  аяттарды 

ауызекі айтьш, оны тыңдаушылар сол айтылған аяттарды жаттап алып, ауыздан 

- ауызға, бірінен - біріне таратьш отырған еді» [1].

Құран сүрелері саф тазалығымен ауыздан - ауызға әуен негізінде  жетіп, 

халық  арасына  кең  тарады.  Құран  оқылған  кезде  жігерлі  дауысқа  салып, 

жоғарғы диапазондағы регистрмен әрбір әріпттің накты естілуін салмақты 

кадғалаған. Жатталған сүрелер тыңдаушылардың құлағына тез жетіп сіңімді болуы 

үшін әуеннің атқарған рөлі өте жоғары болды.

«Аңыздарға  қарағанда,  Әбу  Бәкір  Құранды  жылап  отырып,  әндетіп 

оқығанда, естушілер еріксіз денелері балқып, көздеріне жас алатын болыпты» 

[2. 43 б].

Құран сүрелерін әуен негізінде вокалды қойылым арқылы жүзеге асырса, 



дауыс  ерекшелігі  тұрақталып  оның  тез  жатталуына  мүмкіндік  беріп  отыратын 

Каталог: repository -> repository2014
repository2014 -> Қазақ топонимдерінің этнолингвистикалық ЖҼ не танымдық ТҦ РҒыдан к
repository2014 -> Г.Ә. Мұратова Астана қ., Қазақстан Ғалым а. Сейдімбек зерттеулері – этнолингвистиканың
repository2014 -> Сборник материалов VIІІ международной научной конференции студентов и молодых ученых «Наука и образование 2013»
repository2014 -> ҚАйымның МҰрасы қалай жинақталды?
repository2014 -> Абай және көркем аударма мәселесі Г. Ж.Қасымова
repository2014 -> Заңғар Абайдың зиялы зерттеушісі А. Ж. Шәріп
repository2014 -> Ежелгі түркі – моңҒол мифтеріндегі рәміздік бейнелер шамахай С. Астана қ., Қазақстан
repository2014 -> «ҚОҒам қайраткері марат оспановтың саяси келбетін зерттеудегі кейбір аспектілер»
repository2014 -> Қазіргі отбасының психологиялық МӘселелері жорабекова Д. А. ғылыми жетекшісі пс.ғ. к. Айтышева А. М


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет