Сценарий 2022 жыл Жаңа жыл мерекесіне орай безендірілген залға музыка ырғағымен сәнді киінген балалар залға кіреді


Аяз – ата: Жарайсың, балапаным! Тәрбиеші



бет4/4
Дата31.12.2021
өлшемі24,6 Kb.
#23736
түріСценарий
1   2   3   4
Байланысты:
Жаңа ж-қ сцен-й. Нүкен Ақжүніс

Аяз – ата: Жарайсың, балапаным!

Тәрбиеші: Қане, шырша жағуға көмектесейік, балалар! Үшке дейін санайық: 1 – 2 – 3

«Аяз ата» әнін шыршаны айналып орындау.

Ортаға тақпақтармен:

4-оқушы:

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған.

Міне сұлу шыршаның

Көптен күтіп сағынған.

5-оқушы:

Келді, келді жаңа жыл,

Қуанып қарсы ала біл.

Аяз ата сыйлығын,

Алайық айтып жаңа жыр.

6-оқушы:

Төбемізде қарғалар,

Әрлі – берлі жүрді ұшып.

Шыршамыз тұр жасынып

Ойыншықтар тізіліп.

Көз алмай біз тамсанып

Қарап тұрмыз қызығып.

7-оқушы:

Ақ сақалды таяқты

Қалың қырау қабақты

Аяз ата аямай

Бізге сыйлық таратты

Ойыншығы, шекері

Орасан көп сияқты.

8-оқушы:

Дала нұр, қала нұр,

Құтты болсын жаңа жыл!

Кел жаңа жыл біздерге,

Кел жаңа жыл, жаңа жыл.

Тәрбиеші:

Достарымыз бар қуанып,

Тамашалар кештер де

Талшыбықтай бұралып

Биші болам өскенде

Құрметті қонақтар, қыздарымыздың «Ақшақар» биін тамашалайық!



9-оқушы:

Шеберін – ай аяздың

Әйнектерді қағаз ғып

Әшекейлеп қойыпты

Бірнеше ою ойыпты

Суреттерді әр үйге

Әйнектерге әрине

Түнде салып береді

Көзі қалай көреді?

10-оқушы:

Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде жақсы үміт

Кетер жылға мың алғыс

Әкелген көп жақсылық

Жаңа жылда алдағы

Көңіл өсіп кеңейсін.

11-оқушы:

Жаңа жыл, жаңа жыл

Жаңалық ізде сен.

Жаңа ән, жаңа жыр,

Жазып бер бізге сен.

Жаңадан көп түрлі

Машина бергейсің.

12-оқушы:

Жасыл шырша жанында

Айнала ойнап ән саламыз

Өзіміздің бақшада

Жаңа жылды қарсы аламыз.

13-оқушы:

Жылдың әсем бұл шағы

Шыр айналдық шыршаны.

Шоқ жұлдыздай көктегі

Шыныны қағып тұр шамы.

Ән: «Шырша жыры»



14-оқушы:

Жүзімізге күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз!

15-оқушы:

Әдемілеп тізілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

Енжарлықты тастайық,

Шырша тойын бастайық!

16-оқушы:

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарға омбығып,

Бет домбығып,

Балдырғандар ойнайды.

Білсеңіздер айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?



17-оқушы:

Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап.

Көрсін біздей балғынды

Шырқатайық ән – жырды.

18-оқушы:

Ақшақарға малынып

Аппақ тонын жамылып

Сақалы мен мұртына

Күміс моншақ тағынып

Аяз ата келеді

Балаларды сағынып.

Тәрбиеші: Балалар Аяз Атамен көңіл көтеріп «Орындық» ойынын ойнап алайық!

19-оқушы:

Аппақ қыстың бояуы

Аппақ қыстың бораны

Ақ көрпеге орайды

Ақ қар байтақ даланы

Аяз шымшып қояды

Ақ құшағын жаяды

20-оқушы:

Жайна шырша жарқылдап

Бейнесіндей сәбидің

Түрлене түс жасыл бақ

Қыс пен жазға бірдейсің.

Ер балалардың орындауында «Гномдар»

21-оқушы:

Сақалының ұзын – ай

Саудыраған мұзын – ай

Жарқыраған оттары

Жаңа жылдың қызығы – ай.

22-оқушы:

Шыршамызды әсемдеп,

Ән шырқаймыз билейміз.

Өзімізде күлімдеп

Жабырқауды білмейміз.

23-оқушы:

Жаңа жылда жаңаша

Тақпақ айтамыз.

Болсын риза балаша

Аппақ атамыз.

Ән: «Қыс қызығы»

Тәрбиеші: Аяз Ата Сіз біздің балалардың өнерін тамашаладыңыз, Сізге ұнады ма? Сыйлық әкелдіңіз бе?

Аяз Ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар мына сандықтың кілті қайда? (Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.)

Тәрбиеші: Аяз Ата, ол кілтті мыстан алып кетті. Ол тіпті шыршамызды алып кеткісі келген.

Аяз Ата: Қап, әттеген – ай! Қане біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік.

(Осы кезде залға мыстан кіріп келеді.)



Мыстан: А – а бәлем! Таптым, сандық мында тұр екен ғой!

Аяз Ата: Мына ұрлықшы мында жүр ғой! Қане кілтті маған бер, балалар сыйлықтарын күтіп қалды.

Мыстан: Ойбай – тағы, не дейді? Сыйлық өзіме де керек.

Аяз Ата: Аһ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен сені қатырып тастайын. Аяз ата: «Кәне таяғым мына Мыстанды қатырып таста»

(Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады.)



Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма кетір! Ой, не істесем екен?

Аяз Ата: Бересің ба сандықтың кілттін?

Мыстан: Жоқ, бермеймін!

Аяз Ата: А – а, онда осылай тұра бер! Мен кеттім!

Мыстан: Жоқ, Аяз – ата! Кетпеші, беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын, жұмбақтарымды шешсін!

(осы кезде мыстан кемпір қалпына келеді, балаларға жұмбақ жасырады.)



Жұмбақтар:

  1. Қолы менен қаламы жоқ

Бірақ сурет салады көп Аяз

  1. Суда қалқиды

Жылыда балқиды. Мұз

  1. Қыста шыны болып қатады

Жылыда су болып жатады Мұз айдыны

  1. Аспаннан ақ ұлпа борады

Қырқаны сейсепке орды Қар

  1. Табаныма байладым

Қос аяқпен айдадым

  1. Қанаты жоқ ұшады

Аяғы жоқ желеді

Аузы жоқ ұлиды Боран



  1. Зулап түсті төменге

Менсіз шықпас төбеге Шана

Мыстан: Жарайсыңдар, балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.

Аяз Ата: Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтардың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.

Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер,. Аспандарын ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді……….)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет