Сынып: 5-7 сыныптар (4 топ)
Қатысушы: қыз бала анасымен
Мақсаты:отбасы құндылықтарын сақтау, ана мен қыз бала арасындағы байланысты жандандыру
Сайыс барысы Жүргізуші1: Армысыздар, құрметті асыл аналар, ару қыздар. Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Жүргізуші 2.Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз.
Жүргізуші2: Акерке осы сенің жиі айтатын сөзін қандай?
Жүргізуші1: менің айтатын сөзім әлемдегі ең керемет сөз. Ол сөзді айтқанда менің кеудем қуанышқа бөленеді. Ол сөзді сенде жиі айтасың деп ойлаймын.
Жүргізуші2: Ту, Акерке, айтшы енді.
Жүргізуші1: Ол АНА
Жүргізуші2: Дұрыс айтасың. Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген алтын қазық, алтын бақ
Жүргізуші1: Қазақ болмысын бүкіл жан дүниесімен қоса өнердің қай түрі қопара, қотара айшықтап бейнелей алады десек, ең алдымен күйді айтар едік.
Күй жатыр көк орманда буырқанған, Күй жатыр найзағайда бұлтты жарған, Күй жатыр толқынында теңіздердің, Күй жатыр шертушісін күтіп алдан. Күй жатыр табиғаттың жанын жайлап, Бұлбұлдар біткен емес бәрін сайрап. Әлемнің шертілмеген сырлы күйі Тұрады алабұртып қанымда ойнап.