Сценарий «Қыз еркем, анасымен көркем.»


Дей келе күйге кезек берейік



бет2/3
Дата12.04.2023
өлшемі215,24 Kb.
#81741
түріСценарий
1   2   3
Байланысты:
«Қыз еркем, анасымен көркем.» сайысы

Дей келе күйге кезек берейік


Жүргізуші2: Акерке сен білесің бе? Бүгінгі сайысымыз «Қыз еркем, анасымен көркем.» деп аталады.
Жүргізуші1: Иә, әрине білемін. Олай болса, мектебіміздің ең үздік, ең белсенді, ең үлгілі аналарын, ортаға шығарып таныстырайық.
Жүргізуші2. Және ару қыздарын ортаға шақырамыз. (қатысушы жұптар шығады)
1 5 «А» сынып оқушысы және оның анасы
2 6 «А» сынып оқушысы және анасы
3 6 «Ә» сынып оқушысы және анасы
4 7 сынып оқушысы және анасы
Жүргізуші1: Сайысты бағалайтын әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар


Жүргізуші 2. Олай болса сайыс кезеңдерімен таныстырып өтсек.
Жүргізуші 1. Сайыс 1 кезең таныстыру, «Менің анам ең керемет жан», «Салт-дәстүр туралы сұрақ-жауап», «Шаштараз», «Талантты отбасы», «Анаммен жасаған Наурыз көже» деп аталатын бес кезеңнен тұрады. Әр кезең 5 ұпаймен бағаланады. Барлық кезеңнен сүрінбей өткен қатысушы «Қыз еркем, анасымен көркем.» деген атқа ие болады.
Жүргізуші 2. Қатысушыларымызға сәттілік!!!
Жүргізуші2. Олай болса бірінші кезеңіміз «Менің анам ең керемет жан» таныстыру кезеңін бастаймыз.
1 кезең «Менің анам ең керемет жан». Бұл кезеңде қатысушы қыздар өз аналарын (үй тапсырмасы) театрланған қойылым, өлең жолдарын арнау, музыкалық қойылым көрсету сияқты әртүрлі тәсілмен таныстыру қажет. Орындау уақыты 3 минут.
Жүргізуші 1. Қатысушыларға Рахмет!!!
Жүргізуші 1. Енді сайысымыздың екінші кезеңіне жеттік.
Жүргізуші 2. 2 кезең «Салт-дәстүр туралы сұрақ-жауап» деп аталады. Бұл кезеңде аналармен қыздарына кездейсоқ 3 сұрақтан қойылады.3 сұраққа дұрыс жауап берген топ 5 ұпайға ие болады.

  1. "Бастаңғы" деген дәстүрдің мағынасын түсіндір!"Бастаңғы" жастардың ата-анасы үйде жоқ кезінде өзінің қатарын шақырып, жегізетін тамағы.

  2. "Байғазы деген қандай дәстүр?«Байғазы» деп балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін ақшалай, заттай берілетін сыйды айтады.

  3. Сыбаға дегеніміз не? Сыбаға (дәстүр). Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын-туыстарына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері «Сыбаға» деп аталады.

  4. Енші (салт). «Оған бай қалың беріп, қатын әперді де, кейін енші беріп бөлек шығарады» (С.Мұқанов). Балаларды ержетіп, жеке үй болғанда ата – анасы оған отау тігіп, дүние – мүлікті «жасау» дейді.

  5. Маусымдық шөп шабу кезінде көмекке келгендерге берілетін ас қалай аталады?

  6. Үме деген не? Қазақстанның кей жерлерінде, көбіне маусымдық шөп шабу кезінде үмеге шақыру дәстүрі болған. Көмекке келгендерге берілетін ас "үме" деп аталған. Үмеге жақын туысқандар да мал беріп, қымызын әкеліп, тағы басқа көмек көрсеткен.

  7. Бәсіре дегеніміз не? Шаңырақта ұл бала дүниеге келгенде сол күндері туған құлынды немесе ботаны "нәрестенің бәсіресі" деп атау салты болған. Қазақ халқының ұғымында дүниеге келген баланың болашағы өзіне атаған бәсіремен тығыз байланысты. Сондықтан оны мінбейді, сатпайды.

  8. Сірге мөлдірету дегеніміз не? Күздігүні бие ағытардағы ақырғы қымызға көрші-қолаңды шақыру кәдесі. Бие ағытар күні берілген қымызды "сірге мөлдіретер" дейді. Бұл дәстүрді өткізу үшін ауылдың ақсақалдары және аналары шақырылады. Ал олар риза болып, алғыс айтады, бата береді.

  9. Сүт ақы дегенді қалай түсінесіз? "Қыз ұзату" салты кезінде құдалар тарапынан әкелінетін ең басты, жолы бөлек кәде сыйды "сүт ақы" дейді. Оны "ана сүті" деп те атайды. Яғни, келген құдалар қыздың анасына "сүт ақысын" төлейді. Әлдилеп ақ сүтін беріп өсіргені үшін қыздың анасына кәде беріп, батасын алады.

  10. «Ұйқыашар» деген не? ( Бойжеткендердің өзі ұнатқан жігіттеріне арнап соғымның етін уызға салып пісірген тағамы.)

  11. Қос қолдап амандасып, төс соғыстырудың қандай мәні бар ?( « Өмір тірегім – төсім , тіршілік көзім екі қолым аман –сау болсын !» ) дегенді білдіреді.

  12. Наурыз сөзі парсы тілінде нені білдіреді –Жаңа күн деген сөз.

  13. Наурыз күні не себепті көрісуден басталады ? (Жаңа жыл жақсылықтан басталсын .Аман-есен бір-бірімізді ендігі жылға дейін көрейік деген ырымға байланысты.

  14. Ерулік дегеніміз не? Жаңадан көшіп келген, жапсарлас қонған отбасына бұрыннан отырған көршілері қонақасы береді, дәм-тұз татырып, ықылас-пейіл білдіреді. Ерулік беру арқылы ауыл тұрғындары жаңа көршілерін өздеріне етене жақындастыруды, бөтенсітпеуді де көздейді. Ерулік қысқы соғымның сүбелі мүшелерінен (қазы-қарта, жал-жая, т.б.) пісіріледі немесе қой сойылып шақырылады.[2]





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет