Сценарий Мағжан мен Зылиха
Автор:Міржақып Дулатұлының үйіне келіп орыс тілін үйреніп жүрген жас Мағжан ,даладағы сауықта гармонь тартып жүрген Зылиханы көріп ынтызары ауады.Уфаның Ғалия медресесіне түсуге дайындалып жүрген Мағжан бір күні…..
Мағжан;Ғалымжан қалың қалай Үй іші аман ба Саған бір бұйымтайым болып тұр Мына хатты Зылихаға апарып тасташы
Ғалымжан:жақсымын аға Өзіңіздің қалыңыз қалай Жарайды аға еш қиындықсыз апарып тастаймын
Ғалымжан:Зылиха әпке қалыңыз қалай? Мына хатты мағжан ағам апарып тастауымды өтінді. Қабыл алыңыз.
Зылиха: Рахмет Ғалымжан Мағжанның хатын қабыл алдым .Жолың болсың. Зылиха хатты дауыстап оқиды Қарындас Зылиха! Осы хатты алғандығыңызды білдіріп хат жазуыңызды күтем.Мен биыл оқуға кетем, егер де көңіл қосып, мақұл көрсеңіз, мені күтуге қалай қарайсыз? Сәлеммен Мағжан .1910 жыл Июль Эхх бұл жолы да Мағажанға сезімімді білдіре алмадым ау Эмоция көрсетеді
1913 жыл
Зылиха: анашым, мен Хасанға күйеуге шықпаймын. Қалай түсіңбейсіздер? Мен оны танымаймын да, онымен еш қашан сырласпағанмын да. Менің сүйгенім бар. Неге түсіңбейсіздееер ?Жылағандай болады
Анасы: Зылиха ,Сен Хасанға күйеуге шығасың. Бұл шешіліп қойған нәрсе. Ал сенің сүйгенің қайда. Ол уфада қалады. Ол секілді интелигенттерге сен ұнайды дейсің бе .Шешеңе қарсы шықпа, Зылиха мені тыңдасаң жаман болмайсың.Күйеуге Хасанға шығасың .
Автор: 1919 жылы Хасан сүзек ауруынан Ақмолада қайтыс болады. 1920 жылы Зылиха күйеуінің жылын өткізіп төркін жұртына қайта оралады.
Мағжан: Жоқ, мен Зылиханы ешқашан, еш уақытта ұмыта алмаймын.Ол менің бала кезімнен бері махаббатым. Осындай кезде оған демеу болу менің парызым.Оған көңіл айтып баруым қажет.
Автор: Осы жылы Мағжан Жұмабаевтың ұйымдастыруымен Кирклуб атты жас өнерпаздар клубы ашылады. Бір қызығы Зылиха да аталмыш клубка мүше болады.
Мағжан: Зылиха, сені көргеніме өте қуаныштымын. Осы клубқа мүше болып тағайындалғанына үлкен рахмет.Жұмысымыздың жетістіктер таусылмасын.
Зылиха: Сен секілді жанмен бір орында жұмыс істеу мен үшін үлкен бақыт. Толағай табыстарға жете беруімізге тілектеспіз
Автор: Клубтың жұмысы қызу жұріп жатқанда Бостандық туы газеті Омбыға көшуіне байланысты, Мағжанда омбыға ауысуына мәжбүр болады.Осылайша, көп уақыт өтеді. Мағжан мен Зылиха арасындағы махаббат алі де өшкен жоқ. Бір күні Мағжан Челябіге пойызбен аттанып, сол жерде Зылиханы 15күн күтеді. Зылиха Қызылжардан Челябіге аттануға бел буады.
Мағжан: Зылиха мен сені бала кезімнен сүйгенмін. Ол махаббат оты әлі де сөнген жоқ. Менің қалыңдығым, өмірлік жарым болуға келісіміңді бересің бе? Қанша қиындық болса да мен сенімен бірге болуға дайынмын
Зылиха: Мағжан сен мен үшін өмірдегі ең қымбат жансың. Саған деген махаббатым алаулап тұрған от секілді. Алайда, екеуміздің де ата анамыз екеуміздің үйленуімізге қарсы. Себебі,ата анамыз да,бізде туыспыз.
Мағжан: Зылиха, мен сені өзімнен қатты жақсы көремін.Арамыздағы махаббатқа ешкім, тіпті ата-анамызда бөгет бола алмайды.Осы жерден менімен бірге Орынборға аттануға қарсы емессің бе? Егер қарсы болсаң мені енді ешқашан көре алмайсың.Ата-аналарымызда кейін түсінеді. Зылиха,менімен отқа да, суға да бір болуға келісіміңді берші.
Зылиха: Эхх, Мағжан мен сені сүйгенмін де, әлі сүйемін де. Сенің сөздерің тас жүрегімді жібіткендей болды.Келісімімді бердім. Олай болса, ата анамыздан да, туыстарымыздан да басқа жаққа кетіп, жаңа өмір бастайық.
Автор: Осылайша, екі жас қол ұстасып Орынборға бірге аттанады. Орынборда жолдастарының үйлерінде үш күн аялдаған Мағжан мен Зылиха, енді Ташкентке аттанады. Бұлар Ташкентке келген бетте Мағжанның «Педагогика» атты кітапшасына, сондай-ақ бірнеше өлеңдеріне қаламақы алады және бұл оларға үлкен материалдық көмек болған еді
Мағжан: Зылиха, менің қазіргі таңдағы өмірім, түсім секілді. Өмірдегі ең бақытты адам кім десе, мен өзімді айтар едім. Бақытты болу бір бөлек, бақыттың не екенін сезіну бір бөлек құбылыс екен
Зылиха: Мағжан, қазіргі таңдағы бақытты өміріміз сенің арқаң. Егер сол кезде осындай қадамға бел бумағанда кім біледі, мүмкін қазір басқа бір пасық әлемде өмір сүрер ме едік. Саған үлкен рахмет.
Мағжан: Жоқ, Зылиха бұл. Екеуміздің жаңа өмірге бел буу шешіміміздің, махаббат жалынымыздың арақчы.
Автор: Мағжан мен Зылиха өмірлерінің ең бақытты кезеңдерін бастан тартып жүрді. Алайда, бұл бақыт көпке созыла қойған жоқ. Зылиха екі қабат қезінде жолдан тайып түсіп, баласына түсік жасатты. Және бұл бір жолата оны ана болу мәртебесінен айырды. Ал, Мағжан болса айыпсыз жазаға ұшырап, халық жауына айналды.
Мағжан: Зылиха, уайымдама. Біз бұл өмірден не көрмедік. Бұны алланың бізге жіберген сынағы ретінде қабылдайық. Сынақты тек көтере алатын адамдарға жібереді.Бұны бастан өткерсек, артынан үлкен бақытша кеңелеміз.
Зылиха: Мағжан, сен маған осы қасиетің бойынша ұнайсың. Сен менің қорғанышым, қиын кездегі демеушім екеніңді тағы да бір дәлелдедің. Саған үлкен рахмет, мағжан.
Автор: Өкінішке орай, бұл екеуінің бірге өткізген ең соңғы сәттері болды. Мағжан репрессияға ұшырап, басқа бір елге жер аударады. 1938 жылы Мағжан Жұмабаев ату жазасына ұшырайды. Ал оның әйелі Зылиха Құрманбайқызы тек Мағжан Жұмабаевтың еңбектерінің шырақшысына айналады.
Зылиха: Мені осынша сынаған аллаға не жаздым. Неге меннн??? Жоқ, Зылиха сен шыдауың керек. Енді сенің парызың жұбайыңның еңбектерін сақтап қалу, болашақ ұрпаққа жеткізу. Ол болашақ қоғамның рухани қазынасы. Монолог, жылап айтады
Автор: .
Еркін рухты, құдыретті жырлар жазған «нағыз ұлттың, әлеуметтің, халықтың сөзін сөйлеген» (М. Әуезов) Мағжан ақын… Қиын-қыстау уақытқа, небір кедергілерге қарамай ерінің соңынан іздеп сан рет барған; өмір бойы Мағжан рухын ардақтап, өзінің соңғы демі біткенше ұлы ақын жырларының кейінгі ұрпаққа жетуіне бар күш-жігерін салған Зылиха… Олардың ұлы махаббаты – кейінгі сан ұрпаққа өнеге.