Ұрықтың КТГ: Минутына 45 соққыдан жоғары амплитудалы кеш децелерациялардың болуы.
Ситуациялық есеп №38
Сіз перзентхананың қабылдау бөлімінің дәрігерісіз. Сізге жедел жәрдем көлігімен 20 жастағы жүкті әйел жалпы әлсіздікке, бас айналуына, іштегі үнемі ауру сезіміне, жыныс жолдарынан аздап қанды бөліністерге шағымданып келді.
Тапсырма: Науқасқа сұрақтарыңызды қойыңыз.
Диагноз қойыңыз.
Дифференциалды диагностика жүргізіңіз.
Жүргізу тактикасын анықтаңыз.
Емтихан тапсырушыға арналған кезеңдер
№
Қадамдарды бағалау критериі
Уақыт (сек)
Баллмен бағалау
Дұрыс орындады
Ескертулермен орындады
орындамады
1.
Пациентті үстелге шақырыңыз, өзара сәлемдескен соң анамнез жинауды бастаңыз.
15
5
2,5
0
2.
Шағымдарының болуын анықтаңыз, қосымша сұрақтар қою арқылы шағымдардың пайда болуын анықтайтын себептерге жататын, олардың пайда болуына алып келген жағдайларды көрсететін аурудың негізгі симптомдарын анықтаңыз.
180
10
5
0
3.
Анамнезді жинаған соң сізге парақта көрсетілген объективті тексеру мәліметтерін қараңыз, алдын ала диагноз қойыңыз және оны пациентке түсіндіріп негіздеңіз
60
20
10
0
4.
Анализдердің қандай және не үшін алу керектігін пациентке түсіндіріңіз
15
10
5
0
5.
Әңгімелесу кезінде пациенттің физикалық және эмоционалды комфорттық жағдайына қол жеткізіңіз.
40
10
5
0
6.
Сізге парақта көрсетілген лабораторлық анализдердің нәтижелерін интерпретациялаңыз, пациентке түсіндіріңіз
40
10
5
0
7.
Пациентке қорытынды диагнозды құрастырыңыз және негіздеңіз
30
10
5
0
8.
Ұқсас аурулармен ажырату диагностикасын қысқаша жүргізіңіз, науқасқа түсіндіре отырып ол ауруларды алып тастаңыз
120
10
5
0
9.
Науқасты ауру туралы, емдеу нұсқаулары туралы компетентті ақпараттандырыңыз. Бұл патологияны, немесе жүктілік пен босануды ары қарайғы жүргізу әдісін дұрыс анықтаңыз және негіздеңіз.
100
20
10
0
БАРЛЫҒЫ:
600
100
50
0
Емтихан тапсырушыға арналған қосымша ақпарат:
Объективті: Жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозғылт, қол-аяқтары мұздаған, аяқтарында, ішінің алдыңғы қабырғасында айқын жалпы ісінулер, бетінің үшкірленуі байқалады. Пульсі 110 соққы\мин,әлсіз толымды, АҚҚ 150\90 мм сын.бағ. Іші керілген. Бауыры және көкбауыры ұлғаймаған. Ұрғылау симптомы екі жақтан да теріс. Физиологиялық шығарымдары қалыпты.
Акушерлік статус: Жатыры қалыпты овоидты пішіндес, мерзіміне жеткен жүктілікке сәйкес келеді, контурлары анық, керілген, көбіне оң жатыр түтігі бұрышы аймағында ауру сезімді. Ұрықтың ұсақ бөлшектерін пальпациялау және ұрықтың жүрек соғысын тыңдау мүмкін емес.
Етеккірі бойынша жүктілік мерзімі - 38 апта.
OS: Жатыр мойнының және қынаптың шырышты қабаты таза, бөлінділері қанды қою, 100 мл көлемінде және жалғасып жатыр.
PV: қынап босанбаған әйелдікі, жатыр мойнының ұзындығы 1,5 см дейін, жұмсақ, ішкі ернеу бір саусақ өткізеді, қағанақ қабы бүтін, керілген. Басы кіші жамбас кіреберісіне тірелген. Мүйіске қол жетпейді, жамбасы көлемді.
Жалпы қан анализі: Эритроциттер –3,2х10х12/л
Гемоглобин-90 г/л
Лейкоциттер –4,6х109/л
Гематокрит – 34%
Тромбоциттер – 170х10х9/л
Жалпы зәр анализі: Түсі – ашық/ сары
Сал./ тығыздығы - 1002
Белок – 1,99 г/л
Коагулограмма: ПТИ – 14,0 с
Тромбин уақыты – 18,5 с
фибриноген – 3,0 мкмоль/л
ПДФ – 9 мг/мл
Ұю уақыты – 9,5 мин
УДЗ: Жатыр қуысында бір ұрық басымен жатыр, ұрық өлшемдері жүктіліктің 38-39 аптасына сәйкес келеді. Ұрықтың жүрек соғуы-абс. Плацента жатырдың алдыңғы бүйір қабырғасында, ұсақ кистозды өзгерістер бар, плацентаның шетінде гиперэхогенді тығыздықты 5х7 см.көлемді алаң бар.
Ситуациялық есеп №39 Сіз босану бөлімнің қабылдау бөлімінің дәрігерісіз. Сізге толғак тәріздес ауру сезіміне шағымданып жукты әйел келіп түсті. Суы кетпеген. Еттекір мерзімі бойынша -39 апта.