Сценарий медицинской симуляции


Емтихан тапсырушыға арналған кезеңдер



бет16/46
Дата27.11.2023
өлшемі406,37 Kb.
#129076
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46
Байланысты:
Ситуациялық-есептер

Емтихан тапсырушыға арналған кезеңдер

Қа-дам№

Қадамдарды бағалау критериі

Уақыт (сек)

Баллмен бағалау

Дұрыс орындады

Ескертулермен орындады

орындамады

1.

Пациентті үстелге шақырыңыз, өзара сәлемдескен соң анамнез жинауды бастаңыз.

15

5

2,5

0

2.

Шағымдарының болуын анықтаңыз, қосымша сұрақтар қою арқылы шағымдардың пайда болуын анықтайтын себептерге жататын, олардың пайда болуына алып келген жағдайларды көрсететін аурудың негізгі симптомдарын анықтаңыз.

180

10

5

0

3.

Анамнезді жинаған соң сізге парақта көрсетілген объективті тексеру мәліметтерін қараңыз, алдын ала диагноз қойыңыз және оны пациентке түсіндіріп, негіздеңіз.

60

20

10

0

4.

Анализдердің қандай және не үшін алу керектігін пациентке түсіндіріңіз.

15

10

5

0

5.

Әңгімелесу кезінде пациенттің физикалық және эмоционалды комфорттық жағдайына қол жеткізіңіз.

40

10

5

0

6.

Сізге парақта көрсетілген лабораторлық анализдердің нәтижелерін интерпретациялаңыз, пациентке түсіндіріңіз.

40

10

5

0

7.

Қорытынды диагнозды құрастырыңыз және әйелге түсіндіріп, негіздеңіз.

30

10

5

0

8.

Ұқсас аурулармен ажырату диагностикасын қысқаша жүргізіңіз, пациентке түсіндіре отырып ол ауруларды алып тастаңыз.

120

10

5

0

9.

Компетентті түрде науқасқа ауруы және емдеу нұсқаулары туралы ақпарат беріңіз. Берілген патология немесе жүктілік пен босануды ары қарай жүргізу тактикасын дұрыс негіздеп анықтаңыз.

100

20

10

0




БАРЛЫҒЫ:

600

100

50

0



Емтихан тапсырушыға арналған қосымша ақпарат:
Объективті:
Жағдайы қанағаттанарлық. Есі ашық. Тері жабындылары қызғылт. Сөйлеу мен қозғалысы патологиясыз. Жүрек тондары ашық, ырғақты. АҚҚ 110/70 мм.сын.бағ. Пульсі 60 рет мин., ритмді
Үлкен дәреті қалыпты.
Акушериялық статус:
Іші овидты, жүктілік есебінен үлкейген. Жатыр қозбаған. Жатыр түбінде ірі, тығыз, қозғалмалы бөлігі анықталады – басы. Екіші тәсіл: сол алақан астында тегіс, түзу, шығыңқыларсыз арқа анықталады. Үшінші тәсіл: жамбас бөлігі анықталады. Ұрықтың жүрек соғысы 125 рет/мин, жүрек тондары тұйықталған.
Қорытынды: Situslongitudinalis,positio prima,visus anterior,presentatiocapitis.
Іш айналымы – 98см.
ЖТБ 31 см.
Соңғы етеккір мерзімі 09.01.2012ж.
Етеккір бойынша гестация мерзімі- 36 апта - 16.10.2012.
OS: жатыр мойныны қалыптасқан, таза.Бөлінділер шырышты.
PV: қынабы босанбаған әйелдің, жатыр мойнының ұзындығы 3см, орта дәрежелі тығыздықта, артқа қарай ығысқан. Сыртқы ернеу саусақ ұшын кіргізеді. Мүйіске қол жетпейді, жамбас сүйектерінің деформациясы жоқ.
ЖҚА:
Эритроциттер- 3.0 х 1012
Гемоглобин- 137 г/л
Лейкоциттер 10,6 х 109/л;
Тромбоциттер- 220 х 10 9
ЭШЖ 17 мм/ч.
ЖЗА:
Меншікті салмағы 1010
Тұнықтығы+
Түсі: сары
Белок теріс.
УДЗ: жатыр қуысында ұрық біреу, ұрық өлшемдері 34 аптаға сәйкес. Жүрек соғысы (+), жамбаспен келу. Бала жолдасы оң жақ бүйірден алдыңғы және артқы қабырғаға өтумен. Қағанақ судың мөлшері қалыпты.
Допплерография нәтижелері: жатыр бала жолдасы және ұрық бала жолдасы қан айналымының II дәрежелі бұзылысы.
Жатыр-бала жолдасы қан айналымы:

Оң жатыр артериясы R.I

0.841

0.683

P.I

1.642

1.307

Сол жатыр артериясы R.I

0.601

0.558

P.I

1.088

1.124

Ұрық бала жолдасы қан айналымы R.I

0.688

0.735

P.I

0.992

1.373

Ұрық аортасы:125 соққы минутына
УДЗ қорытыдысы: Жүктіліктің 33 аптасы фетометрия бойынша. Ұрықтың жамбаспен жатуы.


Ситуациялық есеп №19


Сіз әйелдер кеңес орнының учаскелік дәрігерісіз. Сізге қабылдауға 32 жастағы науқас жыныс жолдарынан көп мөлшердегі қою ірімшік тәрізді бөлінділердің, күйдіру сезімінің, сыртқы жыныс мүшелері аймағындағы қышыну сезімдерінің мазалауына шағымданып келді.


Тапсырма:

  1. Науқасқа сұрақтарыңызды қойыңыз.

  2. Диагноз қойыңыз.

  3. Дифференциалды диагностика жүргізіңіз.

  4. Жүргізу тактикасын анықтаңыз.

Емтихан тапсырушыға арналған кезеңдер



Қадамдар №

Қадамдарды бағалау критерийлері

Уақыт (сек)

Балл бойынша бағалау

Дұрыс орындады

Ескертулермен орындады

Орындаған жоқ

1.

Амандасқаннан кейін науқасты устелге шақырыңыз, анамнез жинауды бастаңыз.

15

5

2,5

0

2.

Шағымдарын анықтаңыз, шағымдардың пайда болу себептерін, олардың даму жағдайларын нақтылауға бағытталған қосымша сұрақтар қою арқылы аурудың негізгі симптомдарын бөліңіз.

180

10

5

0

3.

Анамнез жинап болғаннан кейін қағазда жазылған объективті зерттеу мәліметтерін қарап, алдын ала диагноз қойып, оны науқасқа дәлелдеп беріңіз.

60

20

10

0

4.

Науқасқа қандай анализдер тапсыру керектігін және олардың не үшін керектігін түсіндіріп беріңіз.

15

10

5

0

5.

Сұрастыру және қарап тексеру кезінде науқастың физикалық және эмоционалды қолайлы жағдайда отыруына қол жеткізіңіз.

40

10

5

0

6.

Сізге қағазда көрсетілген лабораторлық анализдердің нәтижелерін интерпретациялап, науқасқа түсіндіріңіз.

40

10

5

0

7.

Қорытынды диагнозды науқасқа мазмұндап және дәлелдеп беріңіз.

30

10

5

0

8.

Ұқсас аурулармен қысқаша дифференциалды диагностика жүргізіп, оларды негізді жойып, науқасқа түсіндіріңіз.

120

10

5

0

9.

Науқасты жүргізудің ары қарайғы тактикасын негізді әрі дұрыс анықтап, науқасты ауру, оның асқынулары және емдеу варианттары жөнінде дұрыс ақпараттандырыңыз.

100

20

10

0




БАРЛЫҒЫ:

600

100

50

0

Емтихан тапсырушыға қосымша ақпарат:


Объективті:
Жағдайы қанағаттандырарлық. Тері жабындылары қалыпты түсте, көзге көрінетін шырышты қабаттары таза. АҚ 120/80 мм с.б.б. Пульсі 72 рет минутына. Тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. Cor: тондары ашық, ырғақты. Тілі таза. Іші жұмсақ, пальпация кезінде ауру сезімінсіз. Бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. Соғу белгісі екі жақтан да теріс. Физиологиялық шығарымдары қалыпты.
Гинекологиялық статусы:
Қарау: сыртқы жыныс ағзалары дұрыс дамыған, түктенуі әйел типтес. Уретра, парауретральные жолдар, бартолин бездері ерекшеліксіз.
OS: Қынап пен жатыр мойнының шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген. Қынаптың бүйір қабырғаларында ақ түсті жабынды, ірімшік тәрізді консистенциялы, қиыншылықпен алынатын аймақтар анықталады, бөлінділер – көп мөлшерде, ірімшік тәрізді.
PV: Жатыр мойны конус тәрізді. Өзегі жабық. Жатыр дұрыс қалыпта, мөлшерлері қалыпты, тығыз, қозғалмалы. Жатыр қосалқылары екі жақтан да пальпацияланбайды. Күмбездері терең, бос.
Жалпы қан анализі:
Эритроциттер 4,3 х 1012/л;
Гемоглобин 130 г/л;
Лейкоциттер 5,5 х 109/л;
Б – 0 Э – 0 П – 1 С – 68;
лимфоциттер – 26;
моноцитер – 5;
ЭТЖ – 7 мм/сағ.
Баксебінді:
Candida albicans, клотримазолға сезімталдығы жоқ, нистатинге, амфотерицин Вға, флуконазолға сезімталдығы жоғары.
Қынаптан алынған жағындының бактериоскопиясы:
Эпителиалды жасушалар – 20-30 көру аймағында;
Лейкоциттер – 20-30 көру аймағында;
Флора – Грам +- кокктар, таяқшалар;
gn – анықталған жоқ;
trich –анықталған жоқ;
дрожжи – анықталған жоқ.
Ситуациялық есеп №20

Сіз гинекологиялық бөлімше қабылдау бөлімінің дәрігерісіз. Сізге жыныс жолдарынан ациклді қанды бөлінділерге шағымданып, 70 жастағы науқас келді.


Тапсырма:

  1. Науқасқа сұрақтарыңызды қойыңыз.

  2. Диагноз қойыңыз.

  3. Дифференциалды диагностика жүргізіңіз.

  4. Жүргізу тактикасын анықтаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет