Сценарийі 2023 «Тәуелсіз елдің көшбасшысы»



бет2/10
Дата21.12.2023
өлшемі41,77 Kb.
#141953
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Тәуелсіз елдің көшбасшысы сценарий

1-жүргізуші: Құттықтау сөз гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Анар Еркенқызы Каримовға беріледі.


2-жүргізуші: Сөз кезегін өздерін таныстыру үшін қатысушыларға берейік. Құрметті қатысушылар аты-жөндеріңіз бен оқып жатқан топтарыңызды айтып өтсеңіздер.


(қатысушылар өздерінің аты-жөндерін, оқып жүрген тобын айтып таныстырады)


2-жүргізуші: Сайыс ережесімен таныстырып өтсем, білім додасында 7 қатысушы бақтарын сынайды.
Сайыс 3 айналымнан тұрады
1 айналым «Бәйге»
2 айналым «Дода»
3 айналым «Аламан»


1 айналым «Бәйге» кезеңінде әр қатысушыға 7 сұрақтан құралған тест қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Нәтижесінде ең аз көрсеткіш көрсеткен 2 қатысушы ойынды тоқтатады.


2 айналым «Дода» кезеңінде қатысушылар ұяшық таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді. Ұяшықтар әр түрлі категорияларға бөлінген, Әрбір категорияда сұрақтардың күрделілігіне байланысты 10 нан 50 ұпайға дейін таңдауға болады. Бұл кезеңнен кейін де ең аз ұпай жинаған 2 қатысушымен қоштасамыз.


3 айналым «Аламан» кезеңінде финалға жеткен 3 қатысушыға 9 түрлі тақырыптан құралған ұяшықты таңдау ұсынылады. Әр қатысушы кезекпен 3 сұрақ таңдай алады. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайға ие болады.

Ойын соңында әділ қазылар мәреге жеткен қатысушылардың 3 кезең бойы жинаған ұпай санын есептеп, жеңімпаздарды анықтайды. Жүлделі орынға ие болған қатысушыларға диплом табысталып, ақшалай сыйлықтар беріледі.




Ойын барысы.
1-жүргізуші: Ендеше келе жатқан Тәуелсіздік күнімен баршаңызды құттықтай отырып, қатысушыларымызға сәттілік тілеп, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
1 айналым «БӘЙГЕ». Бұл кезеңде әр қатысушыға жауап нұсқаларымен 7 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Ойлануға 3 секунд болады. Қатысушы экранда көрсетілген 1-ден 7 санына дейін ұяшықты таңдап, сұрақтарға жауап бере алады. Нәтижесінде ең аз көрсеткіш көрсеткен 2 қатысушы ойынды тоқтатады. Ал әділ-қазылар алқасын әр қатысушының ұпай санын есептеп отыруларыңызды сұраймыз.

Қазақ тілі мен әдебиеті БББ 2-курс студенті ҚАйдаров Бексұлтанның орындауында арнау.




2-жүргізуші:
Қатысушылардың реттік номері жеребе тарту арқылы шешілген болатын. Сондықтан, ойынды 1-ші нөмірлі қатысушыдан бастауды рұқсат етіңіздер. Нөмір 1-ші қатысушы 1 мен 7 аралығындағы ұяшықты таңдауыңызды өтінемін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет