Сценарийі «Ғажайыпқа толы жаңа жыл!»



Дата15.04.2023
өлшемі125,06 Kb.
#83221
түріСценарий



"Фариза Оңғарсынова атындағы №29 ЖББМ" КММ


1 «Қ» сыныбының
жаңа жылдық сценарийі
«Ғажайыпқа толы – жаңа жыл!»


Сынып жетекші: Ибрашева А.У. :


2022-2023 оқу жылы

Ғажайыпқа толы - жаңа жыл!


Мақсаты: Оқушыларды жыл он екі айдың иелерін танып, жақсылық пен жамандықты айыра білуге үйрету. Шығармашылыққа баулу, эстетикалық тәрбие беру.

ЖҮРГІЗУШІ: Құрметті қонақтар, әріптестер, балалар келе жатқан жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын, береке, молшылық, бейбітшілік, тыныштық жылы болсын!


Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа нұр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.
Жасыл шырша жанында
Қол ұстасып тұрайық
Өлең айтып, би билеп
Мерекені тойлайық.

- Аяз ата мен Ақша Қардың келетін уақыты болып қалды... Олар келмей жатыр. Мүмкін, біз дауыстап шақырсақ келетін шығар. Балалар, қәнекей, Аяз ата мен Ақша Қарды дауыстап шақырайық!


БАЛАЛАР: Аяз ата, Ақша Қар! Аяз ата, Ақша Қар! Аяз ата, Ақша Қар!
(Музыка ойналады)
1 сынып оқушылары: «Санта Клаус» биі
(Аяз ата мен Ақша қар келеді)
Аяз ата: Амансыңдар ма, ұлдарым?
Амансыңдар ма, Қыздарым?
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
Керемет бір ән тыңдап
Келіп тұр аз дем алғым.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер Аяз ата, Ақша қар! Келгендеріңіз қандай керемет болды! Енді кешіміз әсемдене түседі! Ән де шырқалады! Би де биленеді!
ХОР: «Шырша әні»
Би: Өзбек биі
АЯЗ АТА(мадақтап отырады, Ақшақар кәмпиттерін таратады!
АҚШАҚАР: Балалар енді «Кім артық?» ойынын ойнайық! Музыка әуені бойынша билеп жүреміз. Музыка тоқтағанда орындыққа отырып қалу керек. Орындық жетпеген бала ойыннан шығады.
ЖАҢА ЖЫЛ ТУРАЛЫ ТАҚПАҚТАР
Айша: Жаңа жыл, Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.
Нұрәли: Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Айару: Жаңа жылда балалар,
Тек қуаныш көріңдер!
Ауырмаңдар ешқашан
Мықты болып өсіңдер!
Ахмет: Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле Жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын
Нұрсила: Әкелсін жыл ырыс-құт
Әлемде болсын тыныштық
Ән салайық жаңаша
Жаңа жылым тамаша!
АЯЗ АТА(мадақтап отырады, Ақшақар кәмпиттерін таратады!
ФЛЕШМОБ: «Мы маленькие звезды»

ЖҮРГІЗУШІ:


Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Қоян жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғансын жаңа уақыт! Қош келдің Жаңа Жыл! Қадамың құтты болсын!
ЖАҢА ЖЫЛ:
Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,
Жаса, жаса достық бірлік туыстық.
Құттықтайық жаңа жылды өнермен,
Қуаныштың әр минуты тым ыстық.
ЖҮРГІЗУШІ: Келе жатқан жылымызды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алайық! Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, солай өткізесің деген сөз бар ғой. Ендеше біздің балаларымыздың Жаңа жылға дайындаған биін тамашалаңыздар!
БИ: Вальс
Аяз Ата: БАЛАЛАР!
Жаңа жыл жаңа бақыт, әкелсін далама құт.
Өнерлерің көп болсын, елде уайым жоқ болсын.
Тілектерің ақ болсын, бастарыңа бақ қонсын.
Келер жылы келермін, өнер тағы көрермін.
Сыйлық әкеп сендерге, көптен - көптен берермін.
Жақсылыққа толыңдар, тек биікке қоныңдар.
Келесі жылы көргенше, амандықта болыңдар.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет