Қатысушылар рет – ретімен өздерін таныстырады. 1 Жүргізуші: Жүргізушіге түрлі мәдени шараларды жүргізу үшін дауыс ырғағының, мәнерінің, көркемдік бояуының қанық болуы маңызды. Олай болса екінші кезеңге көшейік. Қазір қатысушыларымыз дайындап келген көркем шығармаларын оқитын болады.
Ибадулла Әйгерім – М.Мақатаев «Сезім»
Қатысушылар рет – ретімен көркемсөз оқиды. 2 Жүргізуші: Сайыстың ІІІ бөлімі өте қызықты болады деп ойлаймыз. Себебі қатысушылардың жүргізушілік қабілетін осы бөлім аша түсетіндей. Сайыскерлерге түрлі сценарий үлгілері, яғни дайын мәтіндер таратылады. Қатысушы өз тарапынан мәтінді қандай мәдени шараға арнап жазылғанын көрсетіп, соған орай нақышын келтіріп оқуы керек.
(Осы кезде қатысушылар қазылар алқасының үстелінен билеттік жүйе арқылы мәтін таңдап алуы керек. Сәл үзіліс жасалуы тиіс. Дайынмын деген қатысушы шығып оқи беруге болады) Қатысушылар рет – ретімен берілген мәтінді оқып шығады. Жүргізуші: Сайыскерлерімізді келесі бөлімге дайындалу үшін сахна сыртына шығарып саламыз.
Жүргізуші: Осы жерде бастау үшін жарысты,
Талай талант танысты да, табысты.
Аламанда айбыны үшін еліңнің
Жібермеңдер, қолда ұстап намысты!
Жүргізуші: Қымбатты, көрермен біз сайысымызды жалғастырамыз. Келесі бөлім «Импровизация».
Жүргізуші: Шынымен, мәдени шара барысында түрлі жағдайлар болады. Мәселен, жарық сөніп қалады, музыка ойнамай қалады. Осындай жағдайда жүргізушілер тығырықтан қалай шығады сынап көрейік.
Жүргізуші: Сайысты бастайтын Базилова Дильназ
Қатысушылар рет – ретімен аудиториямен жұмыс жасайды. Жүргізуші: Байқауға қатысушылар барлық сыннан өтті. Кім жүйрік? Бұл жарыста кім озып шықты. Ол қазылар алқасына аян.
2 Жүргізуші: Қазылар алқасы өз қорытындысын шығарғанша, назарларыңызға шағын концерттік бағдарлама ұсынамыз.
КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМА