Сценарийі Кештің тақырыбы: «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы»


Ендеше оқушылардың өлең- шумақтарына кезек берейік!



бет2/5
Дата07.04.2023
өлшемі31,26 Kb.
#80399
түріСценарий
1   2   3   4   5
Байланысты:
тәрбие сагаты тәрбие сағаты

Ендеше оқушылардың өлең- шумақтарына кезек берейік!
Ортада: Димаш, Ұлжан, Уәлихан, Айым
Димаш: Желтоқсанның желі, аязы, ызғары
Қанды мұзда талай қазақ сыздады.
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға
Азап шекті қайсар қазақ қыздары.

Ұлжан: Талай қазақ қыздарын да тоңдыра,


Талай қазақ гүлдерін де солдыра,
Ел билеуге алып келді Колбинді
Қазақ ұлы Қонаевтың орнына.

Уәлихан: Егемендік – бұл елімнің елдігі,
Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.
Егемендік – елін, жерін қорғаған,
Ербол менен Қайраттардың ерлігі.

Мерей: Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,


Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.
Есте сақтап ағалардың ерлігін,
Жүректерге сақтау керек үнемі
(Қалған оқушылар орнында тұрып айтады)

Амина: Тәуелсіздік 
Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!

Аяжан: Жиырмадағы жалындаған жасында,
Қаншама жас азап шекті расында.
Желтоқсанның ызғары өтіп кеудеден,
Қарсы тұрды Колбин қосқан қосынға.
Нұржан: Тәуелсіздік — соғып тұрған жүрегім,
Сен бар жерде азаттық бар білемін.
Сүрінсем мен абайсызда жығылып,
Тәуелсіздік — қуат берер тірегім.
Қахарман: Қазақстан, Отаным! Азат елім!
Мейірімді, қонақжай, ғажап елім.
Қайрат, Ләззат, Сәбира үндеп тұрар,
Егеменді, тәуелсіз азат жеріжері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет