байланыстар қалыпқа түседi. Бұл байланыстар жоғары жануарлар мен адамдарда
психиканың бас тiрегi болған үлкен ми сыңарларының қабығында орайласады.
Зерттеулердiң дəлелдегенiндей, жануарлар бас миының қабығы алынумен, жаңа уақытша
байланыстар мен бұрыннан барлары да жойылып кететiнi белгiлi. Ми қабығы алынған ит
қозғалады, қоректенедi, бiрақ иесiн танымайды, төңiрегiндегi заттарды ажырата алмайды.
Шартты рефлекстердiң жасалу заңдарын ашқан И. П. Павлов.
Ғалымның зерттеулерi нəтижесiнде, шартты рефлекстер немесе тұйықталған уақытша
байланыстар үлкен ми сыңарлары қабығының қызметiне негiз болатыны дəлел-дендi.
Сондықтан бас миының қызметi тұйықтаушы əрекет деп те аталады.
Сезiм органдарына əсер етушi тiтiркендiргiш бас миы қабығының белгiлi бiр
аймақшасын қоздырады. Бұл қозу бiр орында бекiп қалмай, қабық бетiне, жақын жердегi
қабық астына түгелдей жайылады. Бұл қозу иррадиациясы барлық бағытта бiрдей
болмайды. Бас миы қабығында нақ мезетте ең көп қозу болған орын, тұрақты қозу көзi
доминанта деп аталады. Егер бас миында тұрақты доминанта пайда болса, онда
көрiнген əрқилы əлсiз əсерлерден болған қозулар да осы күштi орталыққа қарай тартыла
тарайды. Доминанта, мидағы ықпалды қозу орталығы жөнiндегi теория көрнектi орыс
физиологы А. А. Ухтомский еңбектерiнiң жемiсi.
Шартты рефлекстердiң жасалуы үшiн күштi кедергi тiтiркендiргiштердiң болмауы
үлкен маңызға ие. Егер мұндай қолайсыз жағдай туа қалса (сабақ уақытында орынсыз шу,
кино залындағы орынсыз сыбыр, т.б.), қалыптасудағы шартты байланыстардың түзiлуi
қиындасады, ми қабығындағы байланыс жасаушы бөлiктердiң жұмысы тежеледi.
Шартты рефлекстердiң түзiлуi үшiн бас миы қабы-ғының белсендi əрекеттiк қалпы
да өте қажеттi, яғни ор-ганизмнiң жалпы сергектiгi болған жөн.
Уақытша байланыстар тұйығы ми қабығының бiрiк-тiрушiлiк əрекетiнiң негiзi.
Сонымен бiрге, шартты рефлекстер-дiң жасалуы рефлекс туындататын əсердi бөлiп
тануға байланысты, яғни ми қабығы синтездiк жұмыспен қоса талдау қызметтерiн
орындайды. Осы шартты рефлекстер негiзiнде жатқан ми қабығының талдау-бiрiктiру
қызметi организмнiң өмiр жағдайларына икемдесуiн қамтамасыз етедi.
Шартты рефлекстерге байланысты жəне бiр маңызды мəселе бұл жүйке
процестерiнiң жүрiсi, үлкен ми сыңар-ларындағы жүйке процестерi нақты бiр орында
басталып, жүйке жүйесiнiң басқа бөлiктерiне жайылады. Бұл құбылыс иррадиация деп
аталады. Таралу процесiне қарсы жүйке процесiнiң бiр орында шоғырлануы. Жүйке
процесiнiң екеуi де қозу жəне тежелу шоғырланады да, таралады. Бұл үлкен ми
сыңарларындағы жүйке процестерi қозғалысының негiзгi формасы болумен, тiтiркендiргiш
əсерлердiң қуатына тəуелдi келедi.
Жүйке жүйесiнiң қызметiнде маңызды факторлардың бiрi жүйке процестерiнiң
өзара индукциясы, яғни қозу мен тежелу бiр-бiрiне күшейту не əлсiрету ықпалында
болады. Бас ми қабығының бiр бөлiгiндегi қозу төңiрегiндегi ауданша-ларда тежелу
процесiн туындатады (керi индукция). Ал белгiлi пунктегi тежелу оны қоршаған аймақта
өзiне қарсы қозу процесiн пайда етедi (оң индукция).
Өмiрдiң табиғи жағдайында тiтiркендiргiштер оқшау-ланып, дараланбайды. Əдетте,
олар бiр мезгiлде не бiр iздiлiк-пен көрiнедi. Қалаған əсер тiтiркендiргiштердiң бiр
мезеттiк тобы. Сондықтан қоршаған ортада үйлесiм табу үшiн ми көптеген əсерлерге
бiрдей жауап қайтару мен бiр жүйенi екiншiсiнен айыру мүмкiндiгiне ие. Үлкен ми
сыңарларының жеке тiтiркендiргiштердi бүтiн топқа бiрiктiре алу мүмкiндiгi - бас ми
қабығының жүйелеу қызметi деп аталады.
Ми қабығы жұмысындағы жүйелiлiктiң маңызды көрiнiсi - динамикалық стереотип
немесе тiтiркендiргiштердiң белгiлi тобына болған жауаптардың бүтiн жүйесi. Ми қабығы-
ның жүйелi жұмысы күрделi əрекет түрлерiнiң орындалуына көмектесiп қоймастан, оған
қоса жүйке байланыстарын түзуде үлкен үнемдiлiкке жеткiзiп, ұзақ уақыт есте сақтауға
жəрдемiн тигiзедi. Белгiлi байланыстар жүйесiне ие адам қандай да бiр заттың не
құбылыстың бiр элементi бойынша оны бүтiндей жаңғыртуға қабiлеттi келедi, ал өз
кезегiнде бұл қасиет бiлiмдер мен дағдылар бекiмiн бiршама жеңiлдетедi.
Қайталау жəне бекiту сұрақтары
1. Қарапайым тiршiлiк иелерiнiң жүйке құрылымы қандай?
1.
Бас миы əртүрлi бөлiктерiнiң атқаратын қызметтерi қалай айырылады?
3. Психикалық қызметтердiң бас миында мекендi болуы жөнiндегi проблеманың мəнi
неде?
4. Ми бөлiктерi қызметтерiнiң тұтастық сипатын қалай түсiндiресiз?
5. Бас миы тетiктерiнiң қызмет принциптерi қандай?
6. Адам бас миындағы қуаттау блогының атқаратын қызметi не?
7. Ақпаратты қабылдау, өңдеу жəне сақтау ми қызметi қалай орындалады?
8. Iс-əрекет бағдарламасын түзу, реттеу жəне бақылау ми бөлiгiнiң сипаты қандай?
9. Ми қызметiмен байланысты физиологиялық процестер қалай жүредi?
6-дəрiсбаян
IС-ƏРЕКЕТ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Жоспары: 1. Iс-əрекет түсiнiгi жəне онымен байланысты психологиялық факторлар.
2. Iс-əрекет құрылымы мен түрлерi.
3. Еңбек.
1. Iс-əрекет түсiнiгi жəне онымен байланысты психологиялық факторлар
Барша тiршiлiк иелерi қоршаған дүниемен өмiрлiк маңызы бар байланыстар жасап,
əрi оны қажетiне орай өзгертiп, өзiнше бағыт-бағдар таңдауға қабiлеттi, яғни белсен-дiлiк
көрсете алады. Тiршiлiктiң жалпылама сипатын қамты-ған адам қоғамындағы белсендiлiк
өз ерекшелiгiне орай айрықша көрiнiске ие. Бұл белсендiлiк көрiнiсi iс-əрекет деп
аталады. Адам iс-əрекетi күрделi құбылыс. Оның қыртарап-тарын əртүрлi ғылымдар
зерттейдi: əлеуметтiк мағынасын қоғамдық ғылымдар; физиологиялық механизмдерiн -
физиология пəнi; ал психология - iс-əрекеттiң психикалық болмысын танумен
шұғылданады. Iс-əрекет психологиясын зерттеуде, əдетте, назарға жеке дара адамның iс-
əрекетi алынады, ал кейiнгi уақыттары психологиялық зерттеулердiң объектiсiне бiрлiктi,
ұжымдық iс-əрекет те алынып жүр.
Адам iс-əрекетiнiң нəтижесi - нақты бiр өнiм. Ал осы өнiмдi əрбiр жеке адам көбiне
өзi үшiн емес, қоғам игiлiгi үшiн өндiредi, жаратады. Өз кезегiнде, осы қоғамның көптеген
мүшелерiнiң өнiмi əрбiр жеке адамның мүддесiн қамтамасыз етуге жұмсалады. Тiптi адам
бiр нəрсенi тек өз қажеттiгiне жасап жатқанның өзiнде, ол өз еңбегiнде басқалардан алған
бiлiмдерiн қолданып, олардың тəжiрибесiн пайдаланады.
Iс-əрекет қоғамдық-тарихи категория. Шынында да, қалаған жеке iс-əрекет қоғам
қызметiмен тығыз байланыста, əрбiр тұлға - басқа адамдармен қарым-қатынаста. Жеке iс-
əрекет қоғамдық iс-əрекеттiң тетiгi, нақты көрiнiстегi бөлiгi ретiнде қарастырылады.
Қоғамдық байланыстар мен қатынас-тардан тыс жеке, дара iс-əрекет жасалмайды. Жеке
iс-əрекет қоғамдық iс-əрекеттiң құрылымды бөлiгi болғандықтан, оны зерттеп талдау да
осы жеке əрекеттiң қоғам өмiрiндегi рөлiн бiлуден басталғаны жөн. Сондықтан жеке iс-
əрекет белгiлi қоғамның кезеңдiк тарихи даму сатысындағы қалыптасқан нақты қоғамдық
қатынастар жүйесiмен байланыстырыла зерттелуi тиiс.
Қоғамдық қатынастар жеке адамдардың iс-əрекетiнен тыс болуы мүмкiн емес.
Керiсiнше, iс-əрекеттiң қайсысы болмасын қоғамдық қатынастардың iске ауысуын
байқататын негiзгi формалардың бiрi. Белгiлi қоғамдағы iс-əрекет түрлерi сол қоғамдағы
өндiрiстiк күштердiң даму деңгейi жəне қалыптасқан қоғамдық қатынастар жүйесiмен
анықталады. Iс-əрекетте ғана адам қоғамдық тұлға, азамат болып танылады.
Iс-əрекет əрдайым мiндеттi түрде психика қатысуымен түзiлетiн субьектiнiң
объектiмен байланысы. Қандай да бiр iс-əрекеттi орындау барысында адам бiр нəрсенi
қабылдауы, есiнде қалдыруы, ойлауы, оған зейiн аударуы қажет; əрекет желiсiнде оның
қандай да көңiл-күй шарпулары туындап, ерiк сапалары iске қосылады, ниет-ұстамдары
мен қатынастары т.б. қалыптасады. Бұларсыз ешбiр iс-əрекет болуы мүмкiн емес. Бiз
психикалық деп анықтап жүрген адамдағы процестер, қалыптар мен қасиеттердiң бəрi осы
iс-əрекет барысында қалыптасады, дамиды, көрiнiс бередi.
Iс-əрекет қырларының iшiнде психологияның зерттей-тiнi - iс-əрекеттiң субьективтiк
жоспары, яғни əрекетшең адамның дүние шындығын өзiнше бейнелеу деңгейi, түрi жəне
формалары. Бұл бағытта психологияны қызықтыратын факторлар: түрткi, мақсат қою, ерiк
жұмсау, эмоциялар бiлдiру т.б. қоғамдық қатынастарды субъектив бейнелеудiң арнайы
формалары. Субъективке байланыссыз iс-əрекет ешқандай психологиялық сипатқа ие
емес. Ондай қасиет тек əрекет иесi - субъективте ғана болады.
Белгiлi жағдайда адамды, нақты iс-əрекетке бағыт-тайтын ықпал қандай нəрсе?
Адамды барша тiршiлiк иесi сияқты белсендi iс-əрекетке келтiретiн күш - бұл қажетсiну,
яғни индивидтiң өзiнiң тiршiлiк жəне дамуының қажеттi жағдайларына тəуелдiлiгiнiң
көрсеткiшi.
Хайуанаттар əлемiнде қажеттiлiктi қамтамасыз ету белсендiлiкке мəжбүр ететiн
қандайда бiр табиғи затқа байланысты (қорек, iн, қарсы жынысты түр, т.б.). Ал адам
қажеттiктерi өндiрiс пен мəдениеттiң даму салдарынан туындайды. Егер жануарлар
қажетсiнуiн табиғи (органи-калық) деп есептесек, онда адам қажеттiгi табиғи қажеттiкке
үстеме, тiкелей заттық мəнi мен əрекетiнен алшақтап, жанама түрге келген құбылыс.
Мысалы, сəбидiң стол басында отырып, қасықпен тағам қабылдауы оның жалғыз-ақ
тамаққа деген қажетсiнуiнен емес. Столдың да, қасықтың да тiптi керегi жоқ. Бiрақ қоғамда
қабылданған тəрбие талаптарына орай аталған заттар негiзгi табиғи қажеттiлiктi
қамтамасыз ету үшiн керек болған қосымша қоғамдық қажеттiлiктер. Адамн-ың қылық-
əрекетiнiң формасы тiкелей қажеттiлiктен емес, ал сол қажеттiлiктi қанағаттандыру үшiн
қоғам тарапынан қабылданған əдiстерге тəуелдi.
Адамның өз қажеттiлiктерiн қамтамасыз етуде нақты қоғамда тарихи қалыптасқан
тəсiлдердi пайдалануы осы қажеттiлiктi орындаудағы жеке жəне қоғамдық əрекеттiң
бiрiгуiнен айқын көруге болады. Бұл сондай-ақ əрбiр жеке адамның өзiнiң ең қарапайым
қажеттiлiктерiн қанағат-тандыру үшiн қоғамдық еңбек бөлiсi нəтижелерiн пайда-ланады
(шаһарлықтар ауыл шаруашылық өнiмдерiн өсiруде, жинауда қатыспайды, бiрақ өз
өнiмдерiн айырбастау арқылы ауыл өнiмдерiн қажеттiгiне пайдаланады). Қажетсiнудегi
жеке жəне қоғамдық мүдделердiң байланысты болуын əрбiр адамның жеке көптеген
қажеттiлiктерiнiң өзi араласқан қоғам, ұжым, топ қажеттiлiктерiмен тығыз байланыста
болуынан деп түсiн-дiрген орынды. Сондықтан да бiр топқа саналы бiрiккен адамдардың
қажеттiлiктерi де бiрыңғай келедi (мысалы, отбасында, сыныпта, бригадада).
Қажеттiлiктердi келiп шығу көзi жəне мазмұны бой-ынша бөлуге болады. Өз
туындауына орай қажетсiнулер табиғи жəне мəдени сипатқа ие. Табиғи қажеттiлiк адамға
өз тiршiлiгiн сақтау мен қуаттау жəне ұрпақ жалғасы үшiн керек (тағам, ұйқы, суықтан жəне
ыстықтан сақтану т.б.). Табиғи қажеттiлiктер қамтамасыз етiлмесе, адам тiршiлiгi
күйзелiске түседi, не жойылады. Ал мəдени қажеттiлiктер объектiсiне қандай да табиғи
қажеттiлiктердi iске асыру үшiн қолданыла-тын заттар (шанышқы, қасық т.б.), сондай-ақ
басқа адамдар-мен қатынас үшiн, қоғамдық өмiрге араласу үшiн керектi мүлiктер. Мəдени
қажеттiлiктердiң қамтамасыз етiлмеуiнен адам өлмейдi, бiрақ оның əлеуметтiк болмысы
жойылады.
Қоғамдық талаптар да мəдени қажеттiктердiң сан алуандығына бастау бередi. Əр
топтарға араласа жүрiп, жастар кең ауқымдағы мəдени қажетсiнулерге ұшырайды: сəндi,
заманына сай киiмнен, кино кейiпкерлерiнiң суретiнен бастап, мəндi əрi қызықты кiтапқа
дейiн. Ал ендi осы қажеттiктердiң iшкi, субъектив бағасы адамның құндылық талғамы мен
көзқарасына тəуелдi болса, олардың сыртқы, объектив құны қажеттiктердiң адам өмiр
сүрiп жатқан қоғам талаптарына сай келуiне байланысты.
Мазмұндық сипаты бойынша қажеттiлiктер заттасқан құндылық (тағам, киiм,
баспана, тұрмыстық мүлiктер т.б.) жəне рухани құндылық - қоғамдық сана өнiмдерiне
тəуелдiк-тен шығатын (ой, пiкiр алмасу қажеттiгi, ақпарат қажетсiну, əн-күй тыңдап,
сұлулықты сезiну керектiгi т.б.) құндылықтар болып бөлiнедi. Адам қажеттiлiктерiнiң бəрi
өзара тығыз байланысты. Заттық қажетсiнулер орнына келмей, рухани қажеттiлiк
қанағатын таппайды.
Алайда, қажеттiлiк өздiгiнен саналы əрекет туындата алмайды, болған күнде де
инстинктiк не ойсыз қылыққа себеп болуы мүмкiн. Мақсат бағдарлы iс-əрекет түзiлуi үшiн
қажеттiлiк сол қажеттiлiктi қамтамасыз етуге керек болған затпен сəйкестендiрiлуi тиiс.
Саналы танылған жəне қабылдан-ған қажеттiлiк əрекет-қылықтың түрткiсiне айналады. Iс-
əрекеттiң психологиялық тұрғыдан талдануында түрткi жəне мақсат түсiнiктерiне үлкен
мəн берiледi. Түрткiсi болмаған, сондай-ақ мақсат бағдарсыз əрекет тiптi болуы мүмкiн
емес. Түрткi мен мақсат iс-əрекеттiң бағдарын анықтайтын сiлтеу-көрсеткiш қызметiн
атқарып, сол əрекеттi орындауда субъектiге керек болған күш-қуат мөлшерiн де
айқындауға жəрдемiн бередi. Осы түрткi мақсатты iс-əрекет барысында өрiстейтiн,
қалыптасатын психикалық процестер мен қалып, қасиеттердiң бəрiн жүйелестiрiп,
ұйымдастырады.
Адам iс-əрекетi, қылығы жөнiнде сөз қозғалғанда, алдымен назарға алынатын
нəрсе - əрекетке итермелеушi субъектив толғаныс ықпалдары. Осы түрткi ықпалдар адам
əрекет-қылығының қозғаушы күшi, себебi. Жалпыланған түрде түрткi объектив
заңдылықты қажетсiнудiң психикалық бейнесi. Қажетсiнуден адам əрекет-қылығы белгiлi
түрге, формаға енедi.
Бiрақ, əрекетке келтiрушi iшкi субъектив ықпал бола тұрып, түрткi iс-əрекеттiң
нақты сипатын анықтап бере алмайды. Бiр Түрткiнiң əрқилы iс-əрекетте жүзеге асуы
мүмкiн емес. Қажеттiлiк пен оны қанағаттандыру əдiстерiнiң арасында бiр жақты, қатып
қалған байланыс жоқ. Қандай да бiр белгiлi түрткiге орай туындаған iс-əрекеттiң қандай
күйде болатынын мақсат анықтайды. Естен шығармайтын жəйт: бiр түрткi негiзiнде
əрқилы мақсаттар қойылуы мүмкiн. Түрткi жалпы əрекетке итермелесе, мақсат нақты
қызметтi белгi-лейдi. Түрткi əрекетке келтiрушi қажеттiлiкке байланысты, ал мақсат əрекет
бағытталған жəне сол əрекет барысында өнiмге айналатын затқа байланысты.
Iс-əрекеттiң мақсаты дегенiмiз - сол iс-əрекеттiң болашақ нəтижесiн күнi
бұрын санада болжау. Осы болжау, яғни мақсат, заң ретiнде адам əрекетiнiң сипаты мен
əдiсiн анықтап бередi. Мақсат, сонымен, алдын ала бейнелеудiң құралы. Мақсат жеке
орындалатын қызметке тыстан келiп қосылмайды, оны сол əрекеттi iске асырушы
адамның өзi белгiлейдi. Бұл процеске нақты адамның оқу, тəрбие барысында игерген
қоғамдық тəжiрибесi қосылады. Белгiлен-ген мақсат қызмет барысында iске асады.
Сонымен бiрге iс-əрекеттiң күрделiлiгi мақсат пен iс-əрекет объектiнiң арасын-дағы жақын
сəйкестiкке, əрекеттi орындауға қажет құрал-жабдықтың болуына байланысты.
Əдетте, адам iс-əрекет процесiнде бiр емес, ал бiр топ өзара тəуелдi мақсаттар
жүйесiн негiздеуi мүмкiн. Мысалы, оқушы алгебрадан нақты бiр есеп шығарды, мұндағы
ең жақын мақсат - тапсырманы дұрыс орындау, ал ендi мұнан былайғы мақсаттардың бəрi
қашық, жанама, бiрақ қажеттi: алгебраны үйрену, математиканы игеру - сауатты адам
болу, бiлгiр маман болып жетiсу. Осыдан мақсаттар жақын арада iске асатын не ұзаққа
көзделген сипатымен бөлiнедi. Егер адам тек жақын мақсаттарды басшылыққа алса, оның
iс-əрекетiнiң келешегi болмайды. Мұндай адамдар тар өрiстi, үлкен қиындықтарға төзiмсiз
келедi. Ал үлкен, ауқымды себептердi жетекшiлiкке алған адам өз жұмысының iзгi, басты
мақсатына жету жолында жақын мақсаттарды керектi саты, кезеңдiк мiндет деп
қарастырады. Мұндай адамдарды қиын-шылықтар жұмыстан бездiре алмайды, керiсiнше,
белгiленген мiндеттердi iске асыру жолында ынтасын күшейте түседi.
Психологияның зерттейтiн мiндеттерiнiң жəне бiрi - бұл сезiмдiк қабылдау, саналық
жəне басқа да психикалық процестердiң нақты iс-əрекет жағдайындағы жүрiсiн, өзгерiсiн
бақылау. Осының нəтижесiнде мақсат түрткi өте жетiлген əрекет-қылық реттегiшi болып
қоймастан, сол əрекет процесiне араласатын психикалық құбылыстарды белгiлi жүйеде
ұйымдастырушы да. Осы мақсат пен түрткiге байланысты қабылдаудағы таңдамалылық,
зейiн ерекшелiгi, естегi қажет ақпаратты жiктеп алу т.б. iске асады.
Iс-əрекеттi психологиялық талдаудың нəтижесiнде сол əрекеттiң объектiсi болған
заттар, əрекет шарттары мен құрал-жабдықтарының адам басында бейнелiк құбылысқа
айналып, осы құбылыс өз кезегiнде əрекеттi орындауға қатысатын дене мүшелерiне
қалайынша жетекшiлiк ықпал жасайтыны айқындалады. Iс-əрекеттi зерттей отырып, пси-
хология шындықты субъектив бейнелеудiң формаларын, деңгейiн жəне қозғалыс-өзгерiсiн
жəне сол əрекеттi психика-лық реттеп отырудың механизмдерiн айқындауы тиiс. Соны-
мен бiрге, психология əрқандай iс-əрекеттiң оны орындаушы субъектегi психикалық
процестерге, қалыптарға, қасиеттерге жəне жалпы адамзаттың дамуына əсер, ықпалын
зерттейдi.
Жантану проблемалары қатарында өз түсiнiктемесiн күтетiн мəселе: iс-əрекеттiң
санадағы жоспары мен оның нақты орындалу процесi арасындағы байланыстың iске
асуы. Бұл үшiн əлi орындалмаған əрекет нəтижесiнiң саналық бейнелену табиғатын бiлiп
алу қажет. Мұндай таным қоршаған дүниеде орыны бар құбылыстар заңдылықтарына
орай топталады. Адам осы заңдылықтарды аша отырып, өз iс-əрекетiнде қолданады. Бұл
жағдайда сыртқы заттасқан əрекет iшкi саналық əрекетке ауысады. Объектiге бағытталған
заттық əрекет бiр сəтке идеалдық операцияларға келтiрiледi. Сыртқы нақты iс-əрекеттiң
саналық iшкi əрекетке айналуы интериоризация деп аталады. Бұл құбылысты келесiдей
көрнекiлiкке келтiруге болады: алдымен адам затпен кейбiр əрекетке келедi; бұл сырт
əрекет затты қолына алып, олай-бұлай қарастырады; кейiн əрекет санаға өтедi де,
психикалық əрекетке айналады. Əрекет бұл жолда қысқарады, бiршама жойылады не
өзгерiске ұшырайды. Мысалы, баланың есеп-санаққа үйренуi: алғашқыда таяқшаларды
ығыстырумен санайды, кейiн - алдында жатқан таяқшаларға қарап тұрып санайды,
ақырында - санақ нақты затпен де, оған байланысты əрекетпен де қатысы жоқ дерексiз
сана əрекетiне айналады. Ендi əрекет объектiсi - сан мен сөз. Интериоризация-ның
арқасында адам психикасы нақты мезгiлде көздiң алдында жоқ заттармен де əрекеттiк
байланысқа келе алады, яғни адам сезiмдiк бейнеден саналық бейне түзу дəрежесiне
өтедi.
Сонымен, адам iс-əрекетiнде сол əрекеттiң iшкi жəне сыртқы мазмұны тығыз
байланысқан. Сыртқы, затпен байланысты - қоршаған дүниеге ықпал етудегi адам əрекетi
- iшкi (психикалық) əрекетпен анықталады да реттеледi.
Сыртқы заттасқан əрекеттi əрдайым iшкi психикалық əрекеттiң тысқы көрiнiсi
(экстериоризация) деп қарастыру мүмкiн, себебi адам өзiнiң нақты əрекетiнде алдын ала
санада жоспарланған ойды iске асырады. Сыртқы əрекет iшкi жоспар қадағалауында
болады. Адам орындап жатқан əрекетiн ойында бейне не ой түрiнде қабылданған
жоспармен салыстырып отырады. Мiне осыдан жантану ғылымы iс-əрекеттiң сырттай
көрiнiсiн зерттей отырып, оның iшкi мазмұнын ашады, дəлiрек айтсақ, психиканың iс-
əрекеттегi нақты рөлiн түсiндiредi.
2. Iс-əрекет құрылымы мен түрлерi
Iс-əрекет құрылымы жөнiндегi проблема жантану теориясының дамуы мен
көптеген практикалық мiндеттердiң тиiмдi шешiмiн табуда үлкен маңызға ие. Iс-əрекет
құрылымы жөнiндегi алғашқы теориялық пайымдаулар əрекет элементтерiмен
байланыстырылды. Бұл қарапайым элементтер ретiнде əрекеттiң ең жай түрлерi: алу,
қою, көтеру қабылдау (Ф. Тейлер, Д. Джильберт). Əрқандай iс-əрекет осы элементтердiң
бiр iздi тiзбегi.
Инженерлiк психологияның дамуымен iс-əрекетi тұрақталған алгоритмдер
сипатындағы құбылыс деп тану кең өрiс алды. Осыған орай элементтер жөнiндегi түсiнiк
те жəне олардың əрекет орындау əдiстерiмен байланысы туралы көзқарас та басқаша
болды. Əлбетте, əрекеттi алгоритмдiк құрылым сияқты тану iс-əрекеттiң орындалу
барысын талдауда өте қажет, ал бiрақ осы əрекеттiң психологияны қызықтыратын тарапы,
яғни субъективтiк мазмұны мұндай жағдайда назарға iлiнбей қалады.
Психологиялық тұрғыдан iс-əрекет өте күрделi, көп өлшемдi де деңгейлi, ұдайы
даму - өзгерiстегi құбылыс. Ал осы құбылысты əрқилы ғылыми тұжырымдарға негiзделген
теориялық бағыттар, əдетте, жеке элементтерге бөлiнiп, оларды өзара байланыссыз
зерттеуде. Мысалы, бiр тұжырым бойынша iс-əрекет бiрiздi өзара ауысып отыратын
қимылдар жиынтығы делiнсе, екiншiсi - iс-əрекеттiң түрткiлiк қырына үлкен мəн бередi, ал
үшiншi бiрi - iс-əрекеттi реттеп берушi механизмдердi талдауға көп назар аударады. Iс-
əрекеттi онымен қоса жүретiн физиологиялық процестермен де байланыстыра талдау
концепциясы да жоқ емес. Əлбетте, аталған ғылыми бағыттардың бəрiнiң де өзiндiк
маңыздылығы орасан, əрбiрi өте құнды нəтижеге жеткiзiп, бiрiн-бiрi толықтырып отырады.
Бiрақ олардың əрқайсысы өз алдына əмбебап сипатқа ие емес.
Сонымен, iс-əрекет - адамның қоршаған дүниемен өзара ықпалды
байланысының қозғалысты жүйесi. Осы жүйеде психикалық бейне пайда болып,
объектi күйiне енедi, ол iс-əрекеттiң саналы қабылданған мақсаты болып табылады.
Белгiлi мақсаттың болуынан əрқандай белсендiлiктi iс-əрекет деп санауға болады. Ал iс-
əрекеттiң бүкiл басқа тараптарының бəрi - сеп-түрткi, iс-əрекеттi жоспарлау, ағым-дағы
ақпаратты өңдеу, шешiм қабылдау бiрде сезiлсе, көбiне еске алына бермейдi. Алынған
күнде де толық болмауы, кейде тiптi қате де болуы əбден мүмкiн. Iс-əрекет қай деңгейде
танылмасын, саналы мақсат оның қажеттi белгiсi.
Жеке адамның əрекетi еңбек iс-əрекетiнiң қандай да бiр көрiнiсi ретiнде
қалыптасқан. Белгiлi бiр қоғамдық қызметке бағытталған əрекет жиынтығы еңбектiк
Достарыңызбен бөлісу: |