Қазақ әдебиетінде сюжетті шығармаларды оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін толық пайдаланып, материалды өздігінен меңгертуді «мектеп кинематографиясы» әдісімен жүзеге асыруға болады
Қазақ әдебиетінде сюжетті шығармаларды оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін толық пайдаланып, материалды өздігінен меңгертуді «мектеп кинематографиясы» әдісімен жүзеге асыруға болады.
Мұғалімнің әрекеті:
1) Мақсаттарға сай оқыту, сәйкесінше жұмыс құрады;
8.1.3.1 –көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу.
Шығармадағы кейіпкерлерге сипаттама береді;
Тура және жанама мінездерді анықтайды;
Басты кейіпкерлер – 1-ші пландағы актерлер, қосалқы кейіпкерлерді анықтайды, оларға рөл бөледі.
8.1.4.1 –көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану. 8.2.4.1 шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу.
Мәтінді өңдеп сценарий жазады;
Үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін пайдаланы;
Үзінділерді қайта өңдеп, шығарма желісін өзгертеді;