Сейфуллин оқулары – 9



Pdf көрінісі
Дата12.03.2017
өлшемі40,25 Kb.
#8989

Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған «Сейфуллин оқулары – 9: жоғарғы

білім  және ғылым  дамуындағы  жаңа  бағыт»  атты  Республикалық  ғылыми-теориялық конференция

материалдары = Материалы Республиканской научно- теоретической конференции «Сейфуллинские

чтения – 9: новый  вектор  развития  высшего  образования  и  науки» посвященная  дню  Первого

Президента Республики Казахстан. – 2013. – Т.1, ч.2 – Б. 99-101



КӨГАЛДАНДЫРУ АЛҚААҒАШТАРЫНЫҢ ЗИЯНКЕСТЕРІ

Есмурзаева А. К., Мусаева Б.М.

Жалпы  биологиясы:  бұл  жәндіктердің дернәсілдері өсімдіктің тамыр

жүйесін  зақымдап  топырақта өмір  сүреді.  Жұмыртқа,  дернәсіл, қуыршағы

топырақта  дамиды. Қуыршақтан  шыққан  жәндік  азықтану,көбею үшін  жер

бетіне  шығады.  Жұмыртқасын  салу үшін  аналықтары қайта  топыраққа  еніп  сол

жерде өледі. Тамыр зиянкестердің үш түрін қарастырамыз: тақтай мұрттылардан

мамыр қоңызын, сонымен қатар шекілдеуік, бұзаубас.

Тақтай  мұрттылар    тобы,  пластинчатоусые,



(Scarabaeidae).

Қатты


қанаттыларға  жатады,  ересек қоңыз  жапырақ, гүлмен, өсімдік  шырынымен

азықтанады.  Дернәсілдері  С әріпі  тәріздес, үш  жұп  аяғы,  басы үлкен  және  ол

түлеген  сайын

ұлғая  түседі,  денесінің

артқы  бөлігінде  аяқтары  жоқ.

Жұмыртқадан  шыққан  дернәсіл  бірінші  түлеуге  дейін  бір  жаста  деп  есептеледі,

екінші  түлеуден  кейін  екі  жаста  болады,  солай үш    түлеуден өтіп,  төртіншіде

қуыршақтанады. Топырақта дамуы алты жылға дейін созылады.  Олар топырақта

тірі өсімдіктің тамырымен қоректенеді, солай орман шаруашылығына үлкен зиян

келтіреді.

Маусымдық мамыр қоңызы,  июньский  хрущ, (Amphimalon  solstitialis).

Қоңыр  түсті,  маусымнан  шілде  ортасына  дейін ұшады. Қазақстанда,  Украинада

күндіз  азықтанбайды,  тығылады.  Түнде  азықтанады, ұрпақ жалғастыру әркетін

жасайды.  Аналығы  жұмыртқаны  салу үшін    топыраққа  еніп,  жұмыртқа  бір  ай

дамиды. Сол жылы дернәсілі екі жасқа толады. Келесі жылы үш жаста сол күйі

қыстайды. Қыстап  шыққан  дернәсіл қоректеніп, қуыршақтанады  шамамен  бір

айдан кейін қоңызға айналады. Генерациясы екі кейде үш жылдық.

Күресу  шаралары: күресу  кешенді  болуы  керек.  Кешенді  күресуге  орман

шаруашылық – орман  кесілген  жерлерді    бөрік  бастары  тез  бірігетін  ағаш

түрлерін  отырғызу  ,  төзімді  ағаш  түрін қолдану,  агротехникалық- арам

шөптермен  күресу,  жерді  терең  өңдеу  т.б.  ,  химиялық- тұқымдарды,  көшетті

отырғызу алдында тамырын, топырақты химиялық заттармен,  у қосып  аулағыш

шөп үйінділерді қолданып өңдеу  т.б..    күресуді өткізу үшін  жыл  сайын

топырақтағы дернәсіл санын анықтау қажет, өйткені жер жырту немесе ауа райы

жағдайларына  байланысты өзгереді.  Белсенді  күресуді  топрақтың зиянкеспен

ластануы  белгілі  бір  шамадан  асатын  болса ғана  жүргізіледі.  Дернәсіл  саны  3-4

дана  1м2.  Ересек  жәндікпен  күресуде  авиациялық химиялық  әдіс қолданылады.

Ол қоңыздың ұшуы кезінде таң ерте олар бөрік басында болғанда жүргізіледі.

Шекілдеуіктер, щелкуны (Elateridae) бұл тұқымдастың қоңыздары ұзынша

сопақ денесі,  алдыңғы  арқа  бөлігі  созылыңқы  және  соңы үшкір  болып  біткен.

Профилі  иіңкі,  алдыңғы  арқа  бөлігіндегі өскіні қоңызға  төңкеріліп қалған


жағдайда  секіріп  орнына  түсуін қамтамасыз  етеді  және  сол  кезде  дыбыс

шығарады,  сондықтан  зиянкес  атау  шекілдеік.  Дернәсілі  хитинді,  сары  түстес,

денесі бұлтық болғандықтан  сымды (проволочник)  атауға  ие  болған. Қоңыздың

ұшуы  мамыр  және  маусым  кезі, қосымша  азықтанады.  Аналықтары  350  данаға

дейін  салады,  олардың аз  немесе  көп  жұмыртқа  тууы  дернәсілдің азықтану

жағдайына  байланысты.  Жұмыртқа  күйінде  бір  айдай  болады.  Дернәсңлдің көп

болуы  орман  және  далалы  орман  жерлерінде.  Далалы  жерде  аз  болғанмен,

зақымдауы  жақсы  байқалады. Өйткені  ыстықта  олар  тез  дамиды,  ал өсімдіктер

ылғал  жетіспегеннен өледі.  Белсенді  күресу  дернәсіл  саны  1м2  10-15  дана

кездессе жүргізіледі. Күресу шаралары: мамыр қоңызына ұқсас. Ылғалыды және

құнарлы  топырақтарда  бұзаубастар,  медведка (Gryllotalpidae)кездеседі.  Кәдімгі

бұзаубас ( Gryllotalpa gryllotalpa) денесі ұзын, алдыңғы аяқтары қазуға арналған,

дамуы толық емес. Аналығы 600 данаға дейін жұмыртқаны топырақтан ұя жасап

салады.  Аталықтары  түнде

ұшады,  шегірткеге

ұқсас  дыбыс  шығарады.

Бұзаубастар ұзын  жолдар  жасап  жолындағы  тамырларды  кесіп  зиянкестейді  ,

көп өсімдіктпен қоректенеді. Олар питомниктерге өте қауіпті. Күресу шаралары:

қорғаныштық және азықтық аулағыштарды қолдану тиіс.

Питомник және алқап, жас өскін зиянкестері және олармен күресу. Жалпы

биологиясы:  бір  неше  түрден  тұратын  зиянкестер  тобын құрайды.  Олардың

зияны  ағаштардың  әлсірегенінде қатты  байқалады.  Кей  зиянкестер  ағаштардың

белгілі бір жастағыларды зақымдайды. Олар ашық ландшафтты қалайды. Күресу

шаралары:  питомниктердің зиянкестерімен  күресу  шаралары.  Күресу  кезінде

агротехникалық талаптарды орындау қажет. Питомниктерді ауыр, ылғалды, жел

қатты  соғатын  жерлерге,  ойпат  жерлерге

құрудың

керегі  жоқ.



Орман

қабырғасынан жүз метр қашықтықта орналастыра отырып, жақын арада жалғыз

ағаштарды  кесу

қажет.


Өйткені  мамыр

қоңызы  пайда  болуы  мүмкін.

Тыңайтқыштар өсімдіктердің төзімділігін  арттырады.  Танап  ауыстыру  аз

қозғалатын  жәндіктермен  күресуде  тиімді.  Химиялық

күресуде  жәндік

фенологиясын 

ескере 

отырып 


шараларды

ұйымдастырады. 

Алқап

зиянкестерімен  күресу:  отырғызу  материалын  мұқият  сұрыптау,  ауруларын



отырғызбау.  Себілетін  тұқымның жергілікті  жақсы  ағаштарынан  алынғаны өте

маңызды.  Отырғызу  кезінде

агротехниканы  дұрыс

өткізуге  де  тікелей

байланысты. Күту жұмыстары әсіресе алғашқы жылдары уақтылы және талаптар

бойынша орындалса өсімдіктердің төзімділігін арттырады. Тығыз алқаптар бөрік

басы тез жанасып алғашқы жылдары жәндіктерге төзімді келеді.

Табиғи  жолмен

өскен  жас  ағаштарда  күресу  шараларын  жүргізу

орналасуына  байланысты қиынға  соғады.  Бірақ олар  бір қатар  жәндіктерге

төзімді келеді.

Өркен  ширатқыштар,  побеговьюн (Еvetria) бұл  жәндіктер өркендерге

жұмыртқа  салып,  оның

ішінде  дамиды.  Дамуына  байланысты

өркен

ширатылады.  Соның бірі (Еvetria  resinnella) қарағайдың  өркенін  зақымдайды.



Дернәсілдері

қарағайдың  өркенінде  2  рет

қыстап  шығады.  Екінші  рет

қыстағаннан  кейін,  мамыр  айында құрттары  ширатылған  жамылғының ішінде

қуыршаққа айналады,мамыр айының соңы мен маусым айының басында көбелек

ұшып  шығады.  Жұмыртқасын    мамыр  айындағы өркеніне  салады.  Дернәсілдері

бастапқы 

кезде


қабығын 

жейді,кейін

өркеннің

ішіне 


еніп

зақымдайды.Зақымдалған

өркеннен құрттардың экскременттерімен  араласқан

шайыр  ағады,өрмекші

ұясының  қабырғасын

қалыңдатып,шайырлы  ісік

тудырады.  Генерациясы- екі  жылдық. Дернәсілдері  зақымдаған  және  көп

мөлшерде орналасқан бұтақтар кей жағдайда қурап түсіп қалады.

Аралағыштар бұл  жарғақ  қанаттылар (Нуmепорtera) отрядына  жататын

жәндіктер.Бұл жәндіктердің жұп  жарғақ  қанаттары  мен  толық даму  сатысы-

ересек  жәндік,жұмыртқа,құртпен  пілләдағы

қуыршақ.

Дернәсіл      20-22

аяқты,жапырақ түстес түске боялады,сондықтан аз байқалады. Денесі- жалаңаш

немесе  сирек қысқа  түкті.  Көптеген  түрлері  бірігіп,  топпен өмір  сүреді,дабыл

кезінде  бір  мезгілде  барлығы  бірге  тез  денесінің алдыңғы  бөлігін  жоғары

көтереді,S  (солтүстік қайың аралағышы) әрпі  түрінде  иілген.  Дернәсілдерінің

белсенді өмірі  (4-6  апта)  бір  айға  жуық созылады,бірақ  құрт  кейде  бірнеше

жылға  созылатын  пілладағы үзіліске  түсуі  мүмкін. Қуыршағы  топырақта  (10-

20см  тереңдікте)  немесе  ағаштың бөрікбасында  болады.Зиянкес  жәндіктердің

негізгі  түрлерін  мыналар құрайды. Қылқан  және      жапырақ кеміргіштер

(солтүстік қайың аралағышының  құрты, үлкен қайың аралағышының  құрты,

жапырақ және қоңыздары  мен құрттары,  мұркөбелек  көбелек құрты,  долана

көбелегі), үңгі  аралағышы  ( үлкен  және  кіші үңгі  аралағышы)  ісік  түзушілер

(талдың қалың қабатты аралағышы) жүйке -талшық ( өрмекші кенелер, биттер),

сондай- ақ дің зиянкестері  (теректің кіші  мұртты қоңызы, қою қанатты  мөлдір

көбелек, т.б.).

Жұлдызды  тоқымашы-аралағыш (Аcantholyda    stellata    Chr.). Басы    мен

кеудесі қара  түсті    және    ақшыл-сарғыш    суреті  бар, құрсағы  сарғыш

түсті,құрсағының

төменгі  жағы  ашық түсті  және  ортаңғы  бөлігі қою қара

түсті,аяқтары  сарғыш,қанаттары  түссіз,ұшы әлсіз сұр түсті және бурыл жүйкесі

бар. Мұрттары сарғыш түсті,ұшы қою сары болып  келеді. Денесінің  ұзындығы



11-15 мм.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет