Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған
«Сейфуллин оқулары – 9: жоғарғы
білім және ғылым дамуындағы жаңа бағыт» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференция
материалдары = Материалы Республиканской научно- теоретической конференции «Сейфуллинские
чтения – 9: новый вектор развития высшего образования и науки» посвященная дню Первого
Президента Республики Казахстан. – 2013. – Т.1, ч.2 – Б. 258-259
«БУРАБАЙ» МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ БАҒЫНДАҒЫ ЖАБАЙЫ
ҚАБАНДАРҒА ЖҮРГІЗІЛЕТІН БИОТЕХНИЯЛЫҚ ШАРАЛАР
Бурабаев Р.Ж.
Қабан – жұптұяқтылар отрядына, доңыз тұқымдасына қабан туысына
жататын сүтқоректі жануар. Қазақстанда екі түршесі бар: барлық жерінде
таралған ортаазиялық қабан және Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінде
Жайық
өзенінің
төменгі
жағалауында
мекендейтін
кавказдық
қабан.
Ортаазиялық қабан сирақтары қысқа ірі аң. Жыныстық диморфизм айқын
байқалады. Елімізде ауланған ең ірі қабандардың дене тұрқы аталықтарында
148-ден 174 дейін, ал ересек аналықтары 127-ден 157 см аралықты қамтыды.
Салмағы сәйкесінше 95-тен 200-ге дейін және 65-тен 100 кг аралығында болды.
Үй шошқасынан ерекшелігі тұмысығы ұзын, ірі иттістері бар және жүн жабыны
жақсы дамып, желке жағында қалың қылшықтан жалы болады. Ересек
жануардың жүн жабыны ақшылт-қоңырдан сарғыш түске өтеді. Денесінің екі
бүйірі қысыңқы, конус тәрізді болып келуі ит тұмсығы өтпейтін қалың қамысты
қопалардың ішінде емін-еркін жүре алады. Көбіне өсімдік тамыры мен
жуашықтарын, ағаштан құлаған жемістер, жаңғақтар және жердегі құрт-шіркей
насекомдарды қорек етеді.
Қабанның биотоптық таралуы өте кең. Өйткені экологиялық жағынан ол
өте төзімді аң. Жазықты далалы алқапта жануар өзен-көл жағалауларының
қамыс, қоға арасында кездессе, орманды және орманды-далалы алқаптың барлық
жерінде мекендей береді. Еліміздің оңтүстік бөлігіндегі шөлді және шөлейтті
алқаптарда қабан сексеуілді, тал-шілік арасында, ал таулы аймақтарда альпілі
және субальпілі белдеулердің орманды, талды жерлерін мекендейді.
Қабан әрдайым көшіп жүретін жануар. Олар жазықты және таулы
жерлерде де көше береді. Алайда қыста жазықты далада қабандар көшпей тек
қамыс арасында мекен етсе, «Бурабай» табиғи бағында орман арасында олардың
қысқы миграциялары байқалады. Қабандар табын құрап тіршілік ететін аң. Жыл
ішінде табын құрамы өзгеріп тұрады. Табиғи бақ территориясының көп бөлігін
орманды және орман-далалы алқап алып жатқандықтан қабан популяциялары
күйек басталып, қараша-желтоқсанда құрамында аталық, торайлары мен
аналықтарынан тұратын табын құрады. Ал жақын жерде табыннан қуылған жас
аталық топтан құрылған табын жүреді.
Биотехниялық шаралар дегеніміз – жануарларға қолайлы жағдай жасап,
жануарлар қорын көбейтуге немесе олардың өнімділік қасиеттерін жақсартуға
бағытталған аңшылық шаруашылықтарында жүргізілетін әртүрлі шаруашылық
жұмыстарды айтады.
Ұлттық
бақта
қабандарды
қосымша азықтандыру
биотехникалық шаралардың негізгілерінің бірі болып табылады. Қыс мезгілінде
әсіресе табиғи жағдайда азықтық қордың аздығынан жануарларға қолайсыз
жағдай туады. Дегенмен қатты қыстарда көп жағдайда жануарларды қосымша
азықтандыру оларды сақтап қалуды қамтамасыз ете алмайды. Жануарлар
қосымша азықтандыруды тек қана қыс мезгілінде ғана емес, сондай-ақ басқа
кезеңдерде де қажет етеді. Мысалы, төлдерін қоректендіру мезгілінде және
алқапта азықтық қордың жетіспеу кезінде. Биотехниялық шараларды келесідей
мақсаттар үшін ұйымдастырады:
жануарларды жылдың қиын мерзiмдерiнде табиғи азықтар жеткіліксіз
болған жағдайда қуаңшылықтан құтқару;
жануарларды белгілі бір алқапқа тарту;
ауылшаруашылығы егістіктерін немесе орман өсімдіктерін
жайпауын
болдырмау;
жануарларды қоныс аударудан мекен ету ортасында ұстап
қалу;
есепке алу жұмыстарын жүргізу;
селекциялық ату немесе аулау;
қабандардың саның көбейту;
алқаптардың паналық жағдайларын жоғарылату;
Қосымша азықтандырудың ұзақтығы топырақтың беткі қабатының қату
мерзіміне, қыстың ұзақтығына және басқа да факторларға байланысты.
Осыған орай «Бурабай» МҰТБ-да жануарлар әлемін қорғау және өндіру
бөлімінің аңшы мамандарының қатысуымен қабандарға арналған биотехниялық
шаралар кешені жүргізілді. Биотехниялық шаралар кешеніне қабандарды
қосымша азықтандыру, алқаптың паналық жағдайларын жақсарту, қасқырларды
және бұралқы иттерді ату, науалардың жанында дезинфекциялық жұмыстар
жүргізу сияқты жұмыстар жатады. Аңшы мамандардың басты мақсаты жабайы
жануарларды табиғи тіршілік ету орталарында сақтау.
Жыртқыш аңдар және қаңғыма иттермен күрес жүргізу, қабандарды
мазасыздандыру факторларын жоюдын басты мақсаты. Сондықтан да бұл
шаралар ескерусiз қалмау керек. Оларды құрту және жою бойынша шаралар дер
кезiнде жүргізілу қажет.
1- кесте – 2012-2013 жылдары – Ұлттық табиғи бақта жыртқыштардың
санын шектеу көрсеткіші
№
Атып алынды,
бас
2012 жыл
2013 жыл
1
Қасқыр
7
11
2
Шиебөрі
-
-
3
Қаңғыма иттер
23
9
Әр түрлі биотехниялық шаралар жүргізудің барысында қыс уақытында
көбіне бір жасқа толмаған төлдердің қосымша азықтандыруды қажет ететіндігі
анықталды.
Ғылыми жетекшісі:а.ш.ғ.к, С.Н.Нарбаев