«Сейфуллин оқулары - 11: Жастар және ғылым» атты Республикалық ғылыми-теориялық
конференциясының
материалдары
= Материалы Республиканской научно-теоретической
конференции «Сейфуллинские чтения - 11: Молодежь и наука». – 2015. – Т.1, ч.3. – Б.51-54
ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫН ҚОЛДАНУДЫҢ БОЛЖАМДЫҚ ҮРДІСТЕРІ
Абдыкаримова Ш.Т.
Ежелгі ескерткіштер қазіргі Қазақстанның сәулет өнері дамуының
сарқылмас көзі болдып табылады және
қазіргі және болашақ ұрпақтың
өмірінде бағыттаушы, тәрбиелеуші рөл атқарады. Құрылыс ғимараттары
бұрынғы кезеңдегідей біздің заманымызда да сауда-саттықтың дамуында
адамдар арасындағы қарым-қатынастың поливалентті құрылымы және білім
алмасу құралы ретінде маңызды рөл атқаруына болар еді.
Сәулет өнері – қоғам өмірі, оның экономикасы, ғылыми-техникалық
әлеуеті, саясаты мен әлеуметтік қарым-қатынасы, идеологиясы мен өнері,
жүздеген жүз жылдық бұрын өмір сүрген адамдар арасындағы мәдени
байланыс туралы сарөылмас ақпарат көзі.
Біртұтас
қоғамдық
және мәдени феномен ретінде сәулет
өнері
нысандарының қалдықтары зерттеу сәулет өнері шешімдерінің өзіндік
ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Осыған орай, Ұлы Жібек жолындағы ежелгі ескерткіштерді қалпына
келтіру Қазақстан аумағында ғасырлар бойы орын алған көшпенділер
өркениетімен таныстыру үшін және осы сәулет өнері элементтерін қазіргі
қоғамда кеңінен насихаттау үшін үлкен танымдық маңызға ие.
Қазақстан аумағында табылған және зерттелген сәулет өнері нысандары
ерте және орта ғасырлардағы қазіргі Қазақстан аумағын басып өткен Ұлы
Жібек Жолының керуен жолдары жүйесі Еуразия халықтарының негізгі
мәдени байланысы қызметін атқарғанын байқатады.
Ұлы Жібек жолы сәулетшілермен, тарихшылармен, географтармен,
этнологтармен, әлеуметтанушылармен және тілші ғалымдармен зерттелді
және зерттеліп келеді.
Алайда бүгінгі күнге дейін адамзат тарихының осы кең жауһарының
жүйелік және пәнаралық сараптамасы жасалмаған.
Ұлы Жібек жолының арқасында трансконтиненталды байланыстар
ауылдың
қоғамның
тұйықталған
жүйесін
дамытып,
адамдардың
дүниетанымын кеңейткенін, зияткерлік саланың барынша қарқынды дамуына
ықпал еткенін айта кету керек.
Сонымен қатар бұл ескерткіштерді зерттеу қандай да бір көлемде сәулет
өнерінің көп қырлы қасиеттерін анықтауға көмектесетінін де айтып кеткен
жөн. Ағзаның даму үстіндегі қалдығы ретінде сәулет өнері ескерткіштерін
зерттеу: олардың пайда болу тарихын, одан әрі қайта өңделулерін,
жойылулары мен бос қалуларын зерттеу.
Ұлы Жібек жолының сәулеттік ескерткіштерінің барлық нысандары
біртұтас сәулет ағзасының бөлшектері ретінде қарастырылады.
Кез келген ескерткіш оны құрған қоғамның өмірі туралы сарқылмас
ақпараттар көзі.
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасы қала құрылысының негізгі
бағыттарының бірі болып қолда бар сәулет өнері ескерткіштерінің құрылысы
мен халық шағырмашылығының стилін сақтай отырып қайта қалпына
келтіру, ал егер қажет ағдайда жаңасын салу табылады, сондай-ақ бұл кезде
қалыптасқан орта жағдайын барынша ескеру, әсіресе, басқа қолданыстағы
сәулет өнері ескерткіштерімен үйлесуін де ескеру қажет.
Қазіргі таңда барлық контингентте жүздеген бағдарлар әзірленген және
қолданыста. Алайда солардың ішіндегі ең тартымдысы, 12 800 шақырым
аралықты қамтитын әлемдегі ең ұзыны - Ұлы Жібек жолы /1/ бүгінгі күнге
дейін көлеңкеде қалып келеді.
Мәдени мұраларды сақтаудың көптеген формалары бар. Бірақ табиғи
ландшафттың табиғи элементі түрінде құрылған ескерткіш ретінде берілген
мұралар ерекше назарды талап етеді.
Аталған ескерткіштердің ерекшелігін және оған жапсарлас жатқан
аумақтарға адамдардың белсенді түрде қоныстанып жатқанын ескерсек,
оларды бұзылудан сақтаудың жалғыз жолы болып нысандарда мұражайлар,
мұражай-этнографиялық
кешендер
құрып,
оларды
отандық
және
халықаралық туризм жүйесіне қосу табылады.
Ежелгі ескерткіштер орналасқан аумақтарда ұлттық парктер құру біздің
заманымызға дейін сақталып келген мәдени мұраларды қорғауға мүмкіндік
береді. Табиғи-тарихи парк Қазақстан даласында өмір сүрген көшпенділер
мәдениетінің феноменін барлық әлемге таныстыруға мүмкіндік береді.
Ежелгі ескерткіштерді мәдени-экономикалық жаңғыртуда маңызды
рөлді ескерткіштер жанында атты және туристік бағдарлар құру атқарады,
бұл тарихи және мәдени ескерткіштерді тиімді пайдалану және мәдени
дәстүрлерді дамыту мәселелерін кешенді шешуге негіз болады.
Аталмыш жобаны іске асыру Ұлы Жібек жолы тасжолында мәдени-
танымдық туризмнің алғашқы тиімді ошағын құруға мүмкіндік береді,
туризмге қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді, бұл туристер ағымын
арттырып, аймақтардың әлеуметтік және экономикалық дамуын жақсартады,
туристік өнім ретінде ҚР беделді абыройын қалыптастыруға көмектеседі.
Ұлы
Жібек
жолы
бойындағы
барлық
нысандарды
сәулеттік-
археологиялық тұрғыдан толықтай тауып, оларды одан әрі қорғап қалу үшін
қорғалып қалған бөліктерін консервациялау және мұражайға айналдыру,
жоғалған фрагменттерін қалпына келтіру, ескерткіш аумағын абаттандыру,
қызмет көрсету нысандарын инженерлік-коммуникациялық қамтамасыз ету
сияқты кешенді шаралар қолдану керек.
Ұлы Жібек жолы бойында бағдарлар ұйымдастыру арқасында адамзат
баласының көп бөлігі географиялық аралықтармен шектелмей жаһандық
мұраға тікелей қол жеткізе алады.
Ұлы Жібек жолын жаңғырту – мыңжылдық өркениет диалогын қалпына
келтіру /2/.
Тарих, сәулет өнері, қала құрылысы мен монументтік өнердің
қайталанбас ескерткіштерін сақтау, консервациялау және мұражайға
айналдыру.
Жібек жолының тарихи орталығын қалпына келтіру, түркі тілдес
мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және басыңқы бағытта дамыту,
туризмнің
инфрақұрылымын
қалыптастыру
Ұлы
Жібек
жолының
қазақстандық учаскесіндегі тарихи орталығының дәстүрлі құрылыстарын
жаңғырту және басыңқы жолмен дамытудың негізгі бағыты болып табылады.
Барлық аталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін Ұлы Жібек жолын
қалпына келтіру және одан әрі пайдаланудың концептуалды теориялық
моделі ұсынылады.
Концептуалды
теориялық
моделдің
негізгі
мақсаты
–
арғы
бабаларымыздың жетістігі (көбіне бұзылған және жойылған) ретінде
сәулеттік мұраларды қалпына келтіруді, зерттеу және меңгеруді қамтамасыз
ету және оларды тұтас халықтың пайдасына жарату.
Теориялық модель бір мезгілде ескерткіштердің қазіргі және болашақ
ұрпақтың өмірінде бағыттаушы және тәрбиелеуші рөлді арттыруға ықпал
ететін болады.
Теориялық модель Ұлы Жібек жолын және оған қатысты барлық
аумақтарды толықтай қайта қалпына келтірудің көпдеңгейлі жүйесін
көрсетеді.
Ұлы
Жібек
жолын
қалпына
келтірудің
теориялық
моделінде
қолданыстағы үрдісті қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайға бейімделген
кеңістік
ұйымдастыру арқылы сақтау және дамыту; функционалды
аймақтауды біріктіру; тарихи мойындалған функционалды аймақтауға қайта
оралуды ұсынады.
Тарихи алғышарттарды елеп-ескермеуге болмайды, себебі ХІХ ғасыр
басына дейін сәулет өнері кеңістігін ұйымдастыру негізіне "канон" және
"үлгі" қағидасы қаланған. Кеңістікті ұйымдастыруға табиғи-шектелген
көзқарас негіз болды. Мемлекеттер арасында тығыз тарихи-сәулет өнерінің
байланысы пайда болғаннан бастап "канондар" мен "үлгілер" өзара тарала
бастады. Тарихи басымдық пен халықтың дәстүрі қашан да сәулет өнері
кеңістігін жобалау үрдісін анықтап отырды.
Ұлы Жібек жолының кеңістігін қалыптастырудың негізгі тенденциясы
болып қалалар мен елдімекендер санын бірте-бірте арттыру, сондай-ақ жаңа
аумақтарды меңгеру арқылы сәулет өнері құрылыстарын арттыру табылды.
Мәселен, Ұлы Жібек жолы аумағында сауда-саттықтың қарқынды дамуы сол
кезде ол аумақта болған елдімекендердің рөлін айтарлықтай арттырып,
жаңасын салуға ықпал ете білді.
Теориялық
модель
Ұлы Жібек жолын
Қазақстан Республикасы
аумағынан
бастап
жекелеген
елдімекендердегі
жоспарлы
құрылым
элементтерін орналастыру арқылы толықтай жаңғырту және кеңістігін бірте-
бірте қалыптастыру ұсынылады.
Егер Ұлы Жібек жолының Қазақстан аумағына тиесілі кеңістігін
нақтырақ қарастыратын болса, онда кеңістікті құрылымдық ұйымдастыру
Қазақстан Республикасы аумағын ҚР климаттық ерекшеліктерін және Ұлы
Жібек жолының және оған тиесілі кеңістіктің қалыптасу және даму тарихын
ескеріп, дифференциациялық бөліктерге бөлуді ұсынады:
-
аймақтық
деңгейде
Қазақстан
Республикасы
спецификалық
жағдайлары мен талаптарын ескеріп, Ұлы Жібек жолы мәселелерін шешу
және аймақтық-территориялық туристік желі құру қарастырылады;
- аумақтық деңгейде аймақтық-территориялық желіні аумақтарға жіктеу
ұсынылады;
- жоспарлау деңгейінде әлеуметтік инфрақұрылымды орналастырумен
нақты бір туристік нысанды қалыптастыруды қарастыру ұсынылады.
Қазақстан Республикасының спецификалық жағдайлары мен талаптарын
ескере отырып, Қазақстан Республикасы аумағын құрылымдық-кеңістіктік
тұрғыдан ұйымдастыру ұсынылады.
Ұлы Жібек жолының кеңістігін қайта қалпына келтірудің көпдеңгейлі
жүйесі мыналарды ұсынады:
- бірінші деңгейде – Ұлы Жібек жолының және оған қарасты барлық
аумақтың
нысандарын толықтай қайта қалпына келтірудің жобалық-
жоспарлы сызбасын әзірлеу – мемлекетаралық деңгей;
- екінші деңгейде – Ұлы Жібек жолының нысандарын тарихи, ұлтты
және
әлеуметтік-экономикалық
ерекшеліктері
мен
жағдайларымен
ерекшеленетін жекелеген мемлекеттер шекарасында қайта қалпына келтіру –
мемлекеттік деңгей;
- үшінші деңгейде – Ұлы Жібек жолы нысандарын нақты бір мемлекет
аумағында табиғи-климаттық ерекшеліктерімен ерекшеленетін жекелеген
аймақтар шегінде қайта қалпына келтіру – аймақтық деңгей;
- төртінші деңгейде – белгілі бір аумақта сәулет-қала құрылыстық
өңдеу жұмыстары қарастырылады – аумақтық деңгей;
-
бесінші
деңгейде
–
белгілі
бір
аумақтың
егжей-тегжейлі
ұйымдастырылуы қарастырылады – жоспарлау деңгейі.
Ұсынылған модель статикалық емес, динамикалық болып табылады.
Ұсынылған модель толыққанды іске асқанда барлық құрылымның
динамикалық тепе-теңдігін қамтамасыз етеді, бұл Ұлы Жібек жолын қайта
қалпына келтіру үдерісін қамтамасыз етудегі айтарлықтай оңтайлы қадам
болыр табылады.
Әдебиеттер тізімі
1.Назарбаев
Н.А.
Программа
«Возрождение
исторических
центров
Шелкового пути, сохранение и преемственное развитие культурного
наследия тюркоязычных государств, создание инфраструктуры туризма» (на
2000–2030 годы).
2.Абилов А.Ж. Тюркский мир и Великий Шелковый путь: значение и
особенности уникального культурного моста в современном мире // Научно-
практическая конференция III Курултая тюрко-язычных стран. – Астана,
2010.
3.Туякбаева Б.Т. Алматы древний, средневековый, колониальный, советский
этапы урбанизации. – Алматы: НПЦ «Историко-культурного наследия»,
2008. – С. 5–10.
4.Абусеитова М.Х. История Центральной Азии: концепции, методология и
новые подходы: Материалы международной научной конференции: К новым
стандартам в развитии общественных наук в Центральной Азии. – Алматы:
Дайк-Пресс, 2006. – С. 10–18.
5.Pollo, R., &Rivotti, A. Building sustainability evaluation in the building process:
The construction phase. In Proceedings of Regional Central and Eastern European
Conference on Sustainable Building 2004, pp. 11-19. Warsaw: Building Research
Institute.
6.Resuanova G.K., Albekova A. Sh, Muratbekova A.M., Kukenova G. A. Elektive
disciplines as means of professional competence of future teachers, 1097-8135 Life
Sciеnce Journal- Scopus CJR 2021 (Thomson Reiters).
7.Каримова Р.У. К вопросу о вкладе тюркоязычных народов Центральной
Азии в формирование феномена тюркской цивилизации // Материалы
международной конференции: Взаимоотношения: Турция – Центральная
Азияв контексте расширяющейся Европы. – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. –
С. 324–336.
8.По древним торговым путям, Р. Насыров, Алматы «Балауса»1998г.
Достарыңызбен бөлісу: |