«Сейфуллин оқулары-18(2): «xxi ғасыр ғылымы трансформация дәуірі» Халықаралық



Pdf көрінісі
Дата26.12.2023
өлшемі121,69 Kb.
#144139


«Сейфуллин оқулары-18(2): «XXI ғасыр ғылымы – трансформация дәуірі» Халықаралық
ғылыми-практикалық конференция материалдары = Материалы международной научно-
практической конференции «Сейфуллинские чтения – 18(2): «Наука XXI века - эпоха
трансформации» - 2022.- Т.I, Ч.III. - Б.7-10.
ҚАЗАҚТЫҢ ДОМБЫРА ДӘСТҮРІНДЕГІ АНЫЗ КҮЙЛЕР
Аралханов
Б.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Нұр-сұлтан
қ.
Домбыра өнері бұл күнде де өз жалғасын тауып, дамып, өркендеп отыр.
Өмірдің, тұрмыс-тіршіліктің жаңғыруына байланысты орындаушылық
дәстүр мен оның функциялары да қазіргі уакытта өзгеріске ұшырады.
Алайда, домбыра күйлері бұдан жүздеген жыл бұрынғыдай халықтың рухани
серігі болып, оның көңіл күйін, жас ұрпақтың болашағына деген толғанысын,
арманы мен бақытына деген сенімін сақтап келеді.
Халықтың өткені, тұрмыс-тіршілігі, болмыс-бітімі мен ой-арманы
туралы небір сүбелі деректерді көне аңыз-күйлерден танып білуге болады.
Олар аққудың сұңқылы, нардың боздауы, құланның дүбірі, жорғаның жүрісі
сияқты небір суреттерді көз алдыңа әкеледі.
Аристотель шығармашылық пен адам әрекеті екі түрлі нәрсе екенін
алға тартты. Іс-әрекет адаммен, оның қызметімен және қоғамның жалпы
моральдық-құқықтық нормаларына сәйкес еркін таңдаумен ажырамас
байланыста болса, шығармашылықтың мақсаты - тұлғаның іс-әрекетіне
қарамастан, тек қана еңбегіне қарай бағаланатын өнер туындыларын жасау.
адам. Адамгершілік әрекет адамның өзіне және оған тән қабілеттерді (ең
алдымен рухани-адамгершілік) дамытуға, оның өмірін жақсартуға, өмірдің
мәнін түсінуге бағытталған. [1]
Адамгершілік әрекеттер күйлердің күмбірлеген сырлы сазымен бірге
егіздің сыңарындай болып ауызша айтылатын терең мағыналы аңыз-
әңгімелерде көрсетілген. Олар музыкадан бөлінбейтін біртұтас
синкретикалық форманы құрайды. Ал күй сарындары болса аңызда айтылған
оқиғаны бейнелейтін шағын эпизодтардан немесе формасы жағынан кіші-
гірім күйлер тобынан құралады. Күй формасы шағын әуендік формуланы
қайталап орындау арқылы қалыптасқан. Күйлер теріс бұрауда орындалып,
көбінесе бурдонды екі дауыс болып келеді.
Аңыз-күйлердің ең көне үлгілеріне аң-құстардың атымен аталатын,
сонымен қатар, аң аулауда болған сәтсіздіктер мен жан-жануарлар туралы
күйлерді жатқызуға болады. Мәселен, «Аққу», «Қаз», «Нар» сияқты күйлер
халқымыздың жан-жануарларды киелі санаған тотемдік ой-сенімдеріне
байланысты туған. Сол сиякты «Ақсак қыз», «Ақсақ кұлан», «Ақсақ аю»,
«Ақсақ қаз», «Ақсак киік», «Ақсақ қой» атты күйлер халық ұғымындағы
1


ақсақ аруақтар культімен тығыз байланысты екенін байқауға болады. «Қос
келіншектің зары», «Жетім қыз», «Арбиян қоңыр», «Ботасы суға кеткен
інгеннің зары» сияқты жоқтау күйлерде халықтың өзен суларының екі
дүниені бөліп тұратындығы жайындағы ескі діни ұғым-түсінігі сақталған.
«Аңшының зары», «Бөкен жарғақ» атты күйлерге де тотемдік наным-сенім
арқау болған. Бұл шығармаларда аң аулаудың қасиетті заңдылығын бұзғаны
үшін бакытсыздыққа ұшыраған мергендер туралы баяндалады. 
Жоғарыда аталған күйлердің шығу тегі өнердің әлеуметтік
функцияларының бірі тұрмыстық магия болған тарихи кезеңдерді қамтиды.
Бізге жеткен көне күйлердің сырлы саздарында магиялық қасиеттердің
кейбір жұрнақтары сақталған.
Уақыт өткен сайын ескі діни наным-сенімдер де ұмыт бола басталады.
Кетбұғаның «Ақсақ құлән - Жошы хан» тек осы күй және оның
басталуына дейін орындалатын әндердің бірнеше жолдары бізге жетті.
Кетбұға-жыраудың қалған әдеби және музыкалық туындылары біздің
уақытқа дейін сақталып қалды, бірақ бір кездері халық арасында кең тараған.
Кетбұға қарапайым адамдар өмірін, проблемаларын және сезімдерін ақылға
салуға тырысты, олар үшін оны «ұлы» жырау деп атады. Кетбұға сөз өнерінің
дамуына, сондай-ақ көптеген қазақ жырауларының шығармашылығына және
стиліне елеулі әсер етті. Мысалы, XV-XVI ғасырдың аяғында өмір сүрген
Доспамбет-жырау оның шығармаларында оған Кетбұға бидің және оның
қазақ әдебиетіндегі жұмысының маңыздылығына назар аударды. Халық
аңыздары мен әндерінде ол ақылды ақсақал ретінде көрсетіледі.
Кетбұға-жырау туралы аңыздар да қырғыз фольклорында табылған.
Әдебиет дерек көздерінде Ақсақ Құлан күйінің аңызы бейнеленген [2].
Мергендер елге келеді. Баласын жоғалтқан хан қайғыдан қан құсып,
басын көтермей жатып қалады. «Кімде-кім менің алдыма балаң өлді деп
келетін болса, соның құлағына қорғасын құямын»,- деп жарлық етеді. Мүны
естіген халық ханға баласының өлімін естіртуге қорқады. Сөйтіп, ел-жұрт
мұның еш амалын таба алмай, дал болады. Сонда ноғайлыдан шыққан
Кербүқа деген домбырашы тәуекелге бел буып, хан сарайына келеді.
Ол келе домбырасын тарта бастайды. (Сонда домбыраға алғаш салғаны
қүланның жүрісі екен.)
Хан басын көтерместен жата береді. Домбырашы әрі қарай толғайды.
Домбыра балан өлді, Жошы хан деп күңіренеді
Сонда хан басын көтеріп алып:
- Әй, сенің тартар күйің емес, менің естір күйім емес екен бүл, «Балаң
өлді, Жошы хан»деп түр ғой мына күй,— дейді. Сол уақытта Кербүқа:
- Тақсыр-ай, балаңыздың өлгенін өзіңізден естіп түрмын,— дейді.
- Өз қолымнан өлтірер едім, әттең, мынау сөз тауып кетті-ау. Бәлен
жерде айдаһар жылан бар. Домбырашыны соның алдына апарып тастаңдар,-
деп әмір етеді хан.
Кербұқа:
-Тақсыр, оған да күлдық, тек домбырамды өзіме беріңіз,— дейді.
2


Ханның нөкерлері оның қолына домбырасын беріп, аяғына кісен
салып, айдаһардың алдына апарып тастайды.
Айдаһар адамды көріп, жүтайын деп қасына келгенде, Кербұқа оның
алдына отыра қалып, күй тартады.
Сонда айдаһар күй біткенше тыңдап жатқан екен. Күй аяқталған соң
ініне кіріп, ат басындай алтынды домбырашының алдына домалатып әкеліп
тастайды. Кербұқа алтынды қүшақтап еліне қайтады. Ол ханның қаһарынан
да, айдаһардың аузынан да осылайша аман қүтылып, мүратына жеткен екен.
Ал көкірегінде жарық түсетін сызаты бар пенде тыңдап отырғанда ара-
тұра бір күрсініп қалмай тыңдай алмайтын «Нар идірген» күйін біреулер
халықтыкі, біреулер Естөренікі дейді. Бұл күй туралы кезінде жазушы
Тахауи Ахтанов аңыз ізімен әңгіме жазған. [3]
Ертеде бір кісінің түйесі боталап, қос күндік болғанында ботасы өледі.
Қазақтың әдеті бойынша, оны сойып, келісін түлып қылып қойса да, түмса
түйе ыңыранып, ботасын іздей береді. Иесі бір күні сыртқа шығып қараса,
түйенің екі көзінен жас парлап ағып түр екен. Сол ауылда Әуелбек деген
білгір адам болады. Түйенің иесі соған барады.
Сонда Әуекең: «Оны тек сазбен иітуге болады. Бүл шебер домбырашы-
сазгеншінің ғана қолынан келеді. Сен елге жар сал. Маяны иіткен адамға
үлкен сый-тарту бересің», - деп ақыл-кеңес береді. Содан әлгі адам: «Егер
сазгенмен маяны иіте алатындай өнерпаз табылса, тарту берумен бірге
жалғыз қызымды да соған қосар едім»,- деп елге жар салады. Қыздан үміткер
болып, өздерінің бақтарын сынамақшы оймен хабар жеткен жерден талай
домбырашы келеді. Бірак мая иімейді.
Бірде түйені иітуге келген домбырашылар бірінші кезекті жасы үлкен
шалға береді.
Шал домбыраның үнін «Кәуіс-кәуіс» деп келтіріп, түйенің боздағанын
салып тартқанда, маяның алпыс екі тамыры босап ий бастайды.
Нардың иігенін сезген қыз оның емшегін қатты қысып тұра береді де,
кұйінің ортасынан аса бергенде:
- Иімеді. Домбыраны келесіге беріңіз,- дейді. Бұл шалға бармау үшін
істеген әрекеті екен.
Кезек жас жігітке келеді. Қыз өз ісін сол жердегі отырғандарға
сездірмес үшін, жігіт күйін біраз тартқаннан кейін түйенің емшегін босатып,
сауа бастайды.
(Сондағы жігіттің тартқан күйі):
Қыздың бұл қылығын сезген шал кәрілігінің келтірген кеселіне
қайғырып Өттің қайран күнім – деп әлгі жерде күй тартады.
Күйді тартып болған соң өз өнеріне сенімі мол шал қызға қарап:
- Шырағым, маяны иіткен менмін, сен зорлық жасап отырсың. Егер осы
айтқаным бекер десең, біз әлгі күйлерімізді екеуіміз екі жерде түрып
тарталык. Сонда осы тұрган жануар кімге еміреніп келер екен,— дейді. Қыз
маяны кім иіткенін біле түрса да, шалдың талабын орындауға мәжбүр
болады. Шал бағанағы күйін тағы да тартады.
3


Айтқандай-ақ, түйе шалдың шапанын иіскеп, ере беріпті. Мүны көрген
халықтың маяны кім иіткеніне көзі жетеді [4].
Шал:
- Қарағым, бұдан былай қулық пен өтірікке үйір болма. Қосағыңмен
қоса ағарып, бақытты өмір сүр,- деп батасын беріп, қызды домбырашы
жігітке косады.
Ұлы дала төсінде өткен тарихи оқиғалар, тайпа мен тайпа, ру мен ру
арасындағы сансыз қақтығыстар, ел арасындағы қырғын соғыстар, таққа
таласқан хан ұрпақтарының жойқын қан төгістері мен сұрапыл
шапқыншылықтары, бір хандықтың шарықтап көтеріліп, енді бірінің
құлдырап күйреуі халық санасында, оның жыр-толғаулары мен ән-
күйлерінде өшпестей із қалдырды.
XV ғасырдағы Әбілхайыр ханның әмір жүргізу кезеңіндегі трагедиялық
оқиғалардың қайғылы зары халық аузындағы жыр-толғаулар мен
домбыраның қос ішегіндегі күйлердің үніне ұласты. Әбілхайыр ханның
қатыгез саясатына мойын ұсынғысы келмеген Жәнібек пен Керей сұлтандар
ата қонысы - Дешті Қыпшақты тастап, қол астына бағынышты руларды ертіп,
Шу өзенінің бойын қоныстануға бет алады. Көшкен ел туған жер, атамекенін
қимай, қалып бара жатқан қонысы бір туысқан, аталас ноғай жұртымен
жылап айрылысады. Асан Қайғының осы кезде туған «Ел айрылған» және
«Қазақ пен ноғайдың айрылысуы», «Орманбет хан өлгенде, он сан ноғай
бүлгенде», «Ноғайлының зары» атты халық күйлері елі мен жерінен
айрылған халықтың қайғы-қасіретін бейнелейді [5].
Қазақ халқы бұдан да ауыр қиын-қыстау кезеңдерді басынан кешірді.
1723 жылы жоңғар әскерлері тұтқиылдан шауып, қазақтарды қатты қырғынға
ұшыратты. Қазақ халқы өзінің көне мәдени ошақтары — оңтүстіктегі
гүлденген қалаларынан айрылады. XVII ғасырдың басынан XVIII ғасырдың
ортасына дейін созылған жоңғар шапқыншылығы мен халқымыздың оған
карсы күресі, «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» атанған халықтың бұл
трагедиясы әндер мен күйлерімізде ерекше орын алды. «Елім-ай» әні мен «Ел
айрылған» күйлері қайғы-қасірет пен жан күйзелісін кешкен халықтың азалы
үніне айналды.
XV және XVII—XVIII ғасырлардағы тарихи оқиғаларға арналған
күйлер қазақ музыкасында ежелден қалыптасқан жоқтау атты көне жанрмен
тоғысты. Бұл күйлердің әуендік интонациясына жоқтау-әндер мен жыр-
толғаулардың ырғақтық сарындары негіз болды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1 The axiological foundations of freedom phenomen: a socio-philosophical
reality [Text] / Baglan, A., Akmaral, M., Assan, A., Beishenaliev, A. & Garifolla,
Y., (2022). The axiological foundations of freedom phenomen: a socio-
philosophical reality. XLinguae (15)1, 75-85. DOI: 10.18355/XL.2022.15.01.08.
ISSN 1337-8384, eISSN 2453-711X.
4


2 Усенбаев Е. Древние легенды в домбровой музыке [Текст] / Мысль. -
2008.- № 5.- С. 25.
3 Қазақстан әдебиеті: энциклопедиялық анықтама.- Алматы: Аруна:
Қазығұрт, 2010. - 528 с. 
4 Қазақтың шертпе күйлері; құраст. Ж. Жүзбаев - Қарағанды: Болашак-
Баспа, 2006 . - 176 б.
5 Жанұзақова З. Қазақ халқының аспап музыкасы.- Алма-Ата, 1974.-
411 б.
5


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет