АГГРАВАЦИЯ — (латын сөзінен ауд. “аггравария” — қиын жасау) науқастар өздерінің ауру жағдайларын саналы түрде қиындатуы.
АГНОЗИЯ — (грек сөзінен ауд.“гнозис” — “тану”) қабылдаудың бұзылуы.
Агорафобия — үлкен алаңда ашық кеңістіктен қорқу.
АГРАФИЯ— (грек. сөзінен ауд. “графо” — “жазу”) жазу қабілетінің бұзылуы.
АГРЕССИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ — (грек. сөзінен ауд. “агрессио” — “бас салу”) адам әрекетінің ерекше формасы, мұндай мінез-құлық субьектінің нұқсан келтіру мақсатымен өзінен басқа адамға немесе адамдар тобына өз артықшылығын білдіріп, қыр көрсетуі немесекүш қолдануға тырысуымен сипатталады.
АДАПТАЦИЯ — қоршаған ортаның жаңа шарттарына бейімделу.
АДЕКВАТТЫЛЫҚ— (латын сөзінен ауд. “адекватус” — “теңесу”) — тітіркендіргіштерге реакцияның сәйкес келуі.
АЖИТАЦИЯ— қатты қобалжу және қозу.
АКАЛЬКУЛИЯ— (латын сөзінен ауд. “калькуло” — “санау”) — санау операциясын орындау мүмкін еместігі.
АКИНЕЗИЯ — (грек. сөзінен ауд. “қимылсыздық”) қимыл-қозғалыс қызметінің жеткіліксіздігі немесе бұзылуы.
АКОАЗМА— есту иллюзиясы шум, ұру, дүрс ету, ысылдау түрінде.
АЛЕКСИЯ— бас ми зақымдануы салдарынан оқу қабілетін жоғалту.
АМИМИЯ— жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан мимикалық реакциялардың болмауы немесе төмендеуі.
АМНЕЗИЯ — естің жоғалуы.
АНАМНЕЗ— қандайда бір патологиялық жағдайлардың немесе аурудың пайда болуына ықпал етуші факторлар туралы әңгімелесу процесінде мәліметтерді жинау.
АНЕРГИЯ — белсенділіктің болмауы (психикалық, қимыл-қозғалысты, сөйлеу)
АНЕСТЕЗИЯ— сезгіштіктің жоғалуы.
АНТРОПОГЕНДІ- адам өз қолымен жасаған нысандар.Ғимараттар, үйлер,транспорт,шаруашылық нысандар.
АНОРЕКСИЯ— аштық (тағамнан негізсіз бас тарту) арықтауға алып келетін психикалық бұзылу.
АПАТ- кенеттен болатын адам өліміне алып келетін сонымен қатар материальді шығынға,стратегиялық нысандардың бұзылысына алып келетін оқыс жағдай.