SOUTH KAZAKHSTAN STATE PEDAGOGICAL UNIVERSITY WWW.OKMPU.KZ
1924 жылдың маусым айында Орынборда өткен қазақ ғылыми қызметкерлерінің тұңғыш съезінде Елдес Омарұлы «Қазақша пəн сөздері» деген тақырыпта баяндама жасап, соның негізінде терминологияны дамыту қағидаттары бекітілді. Съезд бекіткен қағидаттардың екіншісі «Қазақтың өз тілінен табылмаған пəн сөздер басқа түркі халықтарынан ізделсін; басқа түркілер тіліндегі пəн сөздер – жалпы түркі сөзі болып, жат тілдің əсерінен аман болса – ондай сөздер жатырқамай алынсын» деп белгіленді . Өз тіліміздің негізінде термин түзу мүмкіндігі болмай жатса, оны туыстас түркі тілдерінен алу қажеттігін Алаш зиялылары түгел қолдады. Бір ғасырдай бұрын Алаш ардақтыларының көтерген бастамалары қайта қолға алынды. Қазақ, түрік, қырғыз, өзбек, əзербайжан ғалымдары Астанада бас қосып, түркітілдес елдердің терминологиясына қатысты біраз мəселе көтерді. Жиынның басты мақсаты – түркітілдес халықтардың ғылым, білім саласындағы байланысын арттыру, өзара термин алмасу үдерісін нығайтып, дұрыс жолға қою жəне салалық, əсіресе ақпараттық ғылым саласындағы ортақ терминдер қорын қалыптастыру болатын .
SOUTH KAZAKHSTAN STATE PEDAGOGICAL UNIVERSITY WWW.OKMPU.KZ
біріншіден, қазақ тілінің сөздік қоры төл сөздерімен толығады;
екіншіден, түркі тілдеріне ертеден əр дəуірде енген араб, парсы сөздерінің басым көбі бүгінгі таңда түрлі салаларда кең қолданылады. Бұл – ортақ түркі тілі терминологиясын қалаптыстыруға негіз бола алады;
үшіншіден, түркі халықтарына ортақ көне сөздерді латын графикасымен орфографиялауда туындайтын көп қиындықтардың алдын алған болар едік.
Ендеше, еуропа тілінен тікелей жəне жанама еніп жатқан сөздерді орайы келсе, көне (немесе түркі халықтарына ортақ) сөздермен терминдендірсек, бірқатар артықшылықтарға қол жеткізер едік:
SOUTH KAZAKHSTAN STATE PEDAGOGICAL UNIVERSITY WWW.OKMPU.KZ
Осылайша төл сөзімізге қайта оралып, оларды екшеп, қажетімізге жаратсақ, шет тілдерінен өзгеріссіз енетін сөздерге жүгіну əдетінен арыламыз. Сондай-ақ, көнерген сөздердің кейбіреуі жаңа мағына алып, сөздік құрамдағы актив сөздердің үйіріне қайта қосылуы мүмкін.
Академик Ө.Айтбай айтып өткендей: «Жалпы, термин пайда болу үшін сол терминге негіз боларлық оқиға қажет. Оқиға, құбылыс болмаса, оны атаудың да қажеттігі болмас еді. Сондықтан біз үнемі қабылдағыш, алғыш бола бермей, өзіміз де жасағыш, ат бергіш санатына өтуіміз керек»