Сейлханов т. М



бет9/27
Дата08.04.2023
өлшемі1,05 Mb.
#80531
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Байланысты:
ЖМҚХ

Мономер концертрациясының әсері:
Тепе-тендік константасы мономер концентрациясына тәуелді емес.Егер реакцияны тепе-тендік кнйге жеткізсе,онда полимердің молекулалық массасы да мономердің концентрациясына тәуелді болмайды. Поликонденсациялану жылдамдығы әрекеттесуші заттар концентрациясына пропорционал. Сондықтан мономер концентрациясы артқанда тепе-теңдік күйге жететін уақыт қысқарады, яғни молекулалық массасы максимал полимер алынады.
Температураның әсері. Поликонденсациялану реакциясының жылдамдығы температура өскен сайын артады. Температура полимердің молекулалық массасына өте аз әсер етеді. Алайда температура артқанда жүйенің тепе-теңдік күйге жетуі тездейді. Сонымен қатар температура өскен сайын қосалқы заттарды жүйеден бөлу жеңілдейді. Бұл тепе-теңдікті ығыстырады, сонда түзілетін полимердің молекулалық массасы артады.
Катализатордың әсері. Егер поликонденсациялану тепе-теңдікке жеткенше аяқталса, онда катализатор реакция өнімінің молекулалық массасын әмер етпейді. Катализатор реакция жылдамдығын арттыра отырып, жүйені тепе-теңдікке жақындатады. Егер К мәні үлкен болса, катализатор реакцияның жылдамдығын арттырады. Осыдан полимердің молекулалық массасы да өседі.
Мономерлер қатынасының әсері. Поликонденсациялану кезінде мономерлер қатынасының ролі айрықша. Оның себебі бір мономердің бір түрлі функционал топтары түгелдей реакцияда қатысып болса, артып қалған екінші мономкрдің функционал топтары реакцияға түспейді. Сондықтан тереңірек поликонденсациялау үшін мономерлер эквивалентті мөлшерде алынады. Бұл қағиданы функционал топтардың эквивалентсіздік ережесі деп атайды.
Негізгі әдебиеттер: 1, 4-9.
Қосымша әдебиеттер: 1, 3.

ДӘРІС 3
Тақырыбы:Пластмассалар.


Пластмассалар күнделікті өмір мен техниканың тұрақты серігі болып алды. Пластмассалардан жасалған бұйымдардың негізгі артықшылығы жеңілдігі, жоғары диэлектрикалық қасиеттері, температура өзгерісіне, сыртқы ортаның, агрессивтік қосылыстардың әсеріне тұрақтылығы, механикалық беріктігі.
Пластмассалардың тағы бір ерекшелігі – оларға қажетіне қарай кез келген арнаулы қасиет беруге болады. Мысалы, көпшілік пластмассалар тоқ өткізбейді, ал қажет болса тоқ өткізгіш пластмасса алуға болады. Шыныпласттар, көміртекті пластиктер болаттан да берік болуы мүмкін, ал газ толтырылған пластиктер өте жеңіл келеді, жылу бермейтін, дыбыс өткізбейтін қасиеттерімен бағаланады.
Платмассалар әдетте бірлесе келетін және бірлеспейтін компоненттерден тұрады. Сонымен қатар, полимерден басқа, пластмасстың құрамына полимерлі материалдар мен толтырғыш пластификаторлар, температура ағымын төмендеткіш және полимер тұтқырлығы, полимер материалдарының тұрақтылығы, бояғыштар және тағы басқалар кіреді.
Пластмассалар негізінен байланыстырушы қызметін атқаратын табиғи не синтездік полимерден тұрады. Оның құрамында тағы да әр түрлі толтырғыштар, пластификаторлар, стабилизаторлар, бояғыш заттар болуы мүмкін.
Пластмассалар құрамындағы полимерлердің қасиетіне байланысты термопластикалық және термореактивті болып бөлінеді. Термопластикалық қыздырып, әр түрлі пішінге келтіруге болады, одан полимердің қасиеті өзгермейді.
Пластмассалар бір фазалы (гомогенді) немесе көп фазалы (гетерогенді компазиционды) бола алады. Гомогнеді пластмассаларда полимер материалдық құрылысын анықтайтын негізгі компонент болып келеді. Қалғаны полимерде ерігендер немесе сол және басқада құрлысын жақсарта алатын компоненттер.
Гетерогенді пластмассада полимер дисперсионды орта функциясын (біріктіретін ), ондағы компоненттің диспергирлі қатынасын өздік фазада құрайтындығын орындайды. Гетерогенді пластик компоненттеріне ішкі әсерді бөлу үшін толтырғыштың қабатын байланыстырушыны, жоғарғы адсорбциялау арқылы немесе химиялық реакция арқылы қол жеткізетін, байланстырушы мен толтырғыштың кантакті шекарасындағы берік шынжырлануына жағдай жасау қажет.
Фенопласттар – фенолальдегидті смола (негізінен фенолформальдегидтік) негізіндегі пластикалық массалар.
Порошокты фенопласттар. Олар үшін толтырғыш ретінде ағаш, кварцмикроастбес, ұсақталған графит, кокс, коалин, жаңғақ қабығы, метал порошогы, шыны, металл микросфералар және тағы басқалар қолданылады.
Резолды пресс-порошок құрамына (массасы бойынша %-те): резолді смола – 30-35; толтырғыш – 40-60; уротропин; – 1-2 СаО – 2,5-ке дейін; олеин қышқылы - 1-2; бояғыш зат – 1-2 енеді.
Жоғары толтырғыш порошокті фенопласттарға 80% жоғары (массасы бойынша) толтырғыш, мысалы жасанды графит, кварцті құм, алмаз композициялары жатады. Порошокты фенопласттар келесі сауда аттарымен сатылады: фенопласт (СНГ), кемоплаз, плэнко (АҚШ),формолит, стернит (Ұлыбритания), бакелит, флуосит (Италия) және тағы басқалары.
Талшықты фенопласттар. Мұндай фенопласттардың толтырғышы ретінде өсімдік талшықтарын, абест талшықтарын, шыныталшықтарын, синтетикалқ талшықтарын (негізінен полиамидті және тполиэфирлі) қолданады. Талшықты пресс-материалды шайырды алу үшін, талшықты толтырғыш пен басқа компоненттерді тарелкеде араластырады, егер қажет болса, вальцте вальстейді, сосын кептіреді және орталайды. Талшықты фенопласттар үздіксіз шыны және синтетика жіптері негізінде, бобиннен түсетін арнайы ваннада алады, кейінірек кептіріп, кеседі.
Қатпарлы фенопластта. Толтырғыштарына байланысты қатпарлы фенопласттардың келесі түрлері болады: қағаз негізінде – гетинакс тоқылған және тоқылмаған талшыққты полотно негізінде – текстолиттар шпон және табиғаты әртүрлі талшықты бір бағытты ленталар негізінде, сонымен бірге ағаш шпоны – қатпарлы-ағаш пластиктері.
Қатпарлы фенопласттар келесі сауда маркасымен сатылуға шығады: текстолит, стеклотекстолит, гетинакс (СНГ), пәксолин, кибум (Ұлыбритания), фэбрикан (АҚШ), кобелит, ришелит (Япония) және басқалары.
Негізгі әдебиеттер: 1, 4-9.
Қосымша әдебиеттер: 1, 3.

ДӘРІС 4,5


Тақырыбы: Жоғары молекулалық қосылыстарды радикалды (со)полимерлену арқылы синтездеу
Радикалдық полимерлену әрқашан тізбекті реакциялар механизмімен жүреді. Сондықтан радикалдық полимерлердің активті орталығы еркін радикал болып табылады. Еркін радикал дегеніміз жалқы электроны бар активті бөлшек. Радикалдар жүйеде физикалық әсерден немесе химиялық жолмен түзіледі.
Иницирлеу. Радикалдық полимерленуде иницирлеу деген тізбекті бастап кетуге қажет еркін радикалдар алу. Оның бірнеше әдістері бар.
Термиялық иницирлеу. Термиялық иницирлеу кезінде еркін радикал жоғары температураның әсерінен қос байланыстың ашылуынан пайда болады. Полимерлену процесі 1000 С жоғары температурада жүреді де оның жылдамдығы өте аз. Көпшілік мономерлер термиялық полимерленбейді десе де болады. Бұл процесс негізінен стирол мен метилметакрилатқа тән. Мономерді қыздырғанда алдымен бирадикал түзіледі, ол бирадикал мономермен тез әрекеттесіп, полимерлену процесін әрі қарай алып кете алатын монорадикал пайда болады.
Фотохимиялық иницирлеу. Бұл әдіс лабораториялық тәжірибеде кең қолданылады. Мұнда мономер жарық сәулесінің квант энергиясын бойына жұтып, еркін радикалдарға ыдырайды.


Радиациялық иницирлеу. Мұнда еркін радикалдар иондаушы радиоактивтік сәулелердің (γ- және рентген сәулелері) әсерінен пайда болады.
Химиялық иницирлеу. Ең көп тараған иницирлеу әдісінде, арнаулы химиялық қосылыстар, инициаторлар қолданылады. Инициаторлар мономер ортасында аздап қыздырғанда радикалдар түзеді. Нициатор ретінде әртүрлі пероксидтер, азоқосылыстар пайдаланады.
Тотығу-тотықсыздану иницирлеу. Радикалдық полимерленуді бөлме немесе одан төмен температурада иницирлеу үшін тотығу-тотықсыздану жүйесін қолданады. Тотығу-тотықсыздану реакциясын мономер бар ортада жүргізеді. Тотықсыздандырғыш ретінде сульфидтер, тиосульфаттар және оксиқышқылдар да қолданылады.
Радикалдық полимеризация - химиялық байланыстардың гомолитикалыңүзiлуi арқылы түзiлген, жұпталмаған электроны бар белсендi бөлшектер – бос радикалдардыңқатысуымен iске асатын мономер молекулаларыныңқосылуының тiзбектi реакциясы. Радикалдық механизм бойынша негiзiнен көмiртек – көмiртек еселi байланыстары бар мономерлер полимерленедi. Сонымен бiрге радикалдық полимерлену мүмкiндiгi мономердiңқұрылысына және процестi жүргiзу жағдайына байланысты.
Радикалдық полимеризациясының негiзгi сатылары: инициирлеу, өсу және үзiлу реакциялары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет