Сейсенбі Вторник 13 мамыр мая 2014 жыл года аудан əкімдігінде



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата06.03.2017
өлшемі1,8 Mb.
#7825
1   2   3

3. ВАК ЖҰМЫСЫНЫҢ ТӘРТІБІ

17.  Бөлiм  өтiнiмдер  мен  құжаттарды 

алғаннан  кейiн  үш  жұмыс  күнi iшiнде 

ұсынылған  құжаттардың  толықтығын 

тексередi  және  ВАК-тың  қарауына  енгiзедi. 

АШТӨ осы Қағиданың 13-15 тармақтарында 

көрсетілген құжаттар пакетін толық ұсынбаған 

жағдайда, өтінім мен құжаттар 5 жұмыс күні 

ішінде АШТӨ-ге пысықтауға қайтарылады.

18.  ВАК  үш  жұмыс  күнi iшiнде  бөлiм 

ұсынған  құжаттарды  қарап,  субсидиялау 

бағыттары бойынша бюджеттiк субсидиялар 

алуға  үмiткер  АШТӨ  тiзiмiн  жасайды, 

ауданға (облыстық маңызы бар қалаға және 

Астана мен Алматы қалаларына) жеткiзiлген 

басым  ауыл  шаруашылығы  дақылдары 

бойынша субсидиялау көлемiн бөледi, аудан 

(облыстық  маңызы  бар  қала,  Астана  мен 

Алматы  қалаларының)  әкiмiне  бекiтуге 

енгiзедi.

19. АШТӨ өтiнiмдерi ауданға (облыстық 

маңызы  бар  қалаға  және  Астана  мен 

Алматы  қалаларына)  жеткiзiлген  басым 

ауыл  шаруашылығы  дақылдары  бойынша 

субсидиялау көлемiнен асып түскен жағдайда 

ауылдық  тұтыну  кооперативтерiнiң  немесе 

су  пайдаланушылардың  ауылдық  тұтыну 

кооперативтерi  мүшелерiнің  өтінімдеріне 

басымдық берiледi, ал қалған көлем берiлген 

өтiнiмдерге тең бөлiнедi.

20.  Субсидиялар  алу  үшiн  АШТӨ  егiс 

науқаны  аяқталғаннан  кейiн,  бiрақ  осы 

Қағиданың 12-тармағына сәйкес белгiленген 

себу  мерзiмiнен  кешiктiрмей,  бөлiмге 

дақылдардың  түрлерi  бойынша  нақты  себу 

алаңы мен мерзiмдерiн көрсете отырып, егiс 

науқанының  аяқталғаны  туралы  жазбаша 

ақпарат ұсынады.

21.  Бөлiм  ақпаратты  алғаннан  кейiн 

өскiндердiң  болуын,  сондай-ақ  АШТӨ-нiң 

егіс  айналымына  алаңдарды  орналастыру 

картасында  (схемасында)  көрсетiлген 

егіс  айналымдарының  сақталуын  шолып 

тексеру  мақсатында  екi  апта  мерзiмде  ВАК 

мүшелерiнiң  шаруашылықтарға  баруын 

ұйымдастырады.

Бұл ретте себу алаңдарының мәлiмделген 

көлемге сәйкестiгiне АШТӨ жауапты болады.

22. ВАК тексеру қорытындылары бойынша 

үш жұмыс күнi iшiнде жемiс-жидек дақылдары 

мен жүзiмнiң көпжылдық екпелерiн отырғызу 

мен  өсiрудi  субсидиялау  жөнiндегi  тиiстi 

бюджеттiк бағдарлама шеңберiнде ағымдағы 

және  өткен  жылдары  отырғызуға  бөлiнген 

және оларды күтуге ағымдағы жылы көзделген 

бюджет  қаражаты  есебiнен  отырғызылған 

көпжылдық  екпелердi  егудi  қоспағанда,  осы 

Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 

алдыңғы жылғы күздiк дақылдарды (қыстап 

шыққаннан  кейiн)  қоса  алғанда,  егiстiктi 

қабылдау және көпжылдық екпелер отырғызу 

актiсiн (бұдан әрi – қабылдау актiсi) жасайды.

Қабылдау  актiсi  үш  данада  жасалады, 

оның  бiреуi  АШТӨ-де,  бiреуi – ВАК-та 

және  бiреуi – облыстың  (Астана  және 

Алматы  қалаларының)  ауыл  шаруашылығы 

басқармасында (бұдан әрi – басқарма) қалады.

23. ВАК қабылдау актiсiнiң және АШТӨ 

бөлiмге ұсынған құжаттар негiзiнде егiстiктi 

соңғы  қабылдау  жүргiзiлгеннен  кейiн  бес 

жұмыс күнi iшiнде осы Қағидаға 4-қосымшаға 

сәйкес  нысан  бойынша  субсидиялар  алуға 

АШТӨ-нiң  түпкiлiктi  тiзiмiн  (бұдан  әрi – 

тiзiм)  жасайды  және  оны  аудан  әкiмiне,  ал 

облыстық маңызы бар қалалар, Астана және 

Алматы  қалалары  бойынша – қала  әкiмiне 

бекiтуге жолдайды.

Аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана 

және Алматы қалалары) әкімі екі жұмыс күні 

ішінде АШТӨ-нiң тiзiмiн бекітеді.

АШТӨ-нi  тiзiмге  енгiзуден  бас  тартқан 

жағдайда,  тексеру  жүргiзiлгеннен  кейiн  екi 

жұмыс күнi iшiнде бөлiм АШТӨ-ге бас тарту 

себептерiн  көрсете  отырып  тиiстi  анықтама 

бередi.

Осы Қағиданың 13 және 14-тармақтарында 



көрсетілген құжаттарды ұсынбау, құжаттардың 

толық  жинағын  ұсынбау  не  осы  Қағиданың 

12-тармағында  айқындалған  оларды  ұсыну 

мерзімдерінің  бұзылуы,  сондай-ақ  егілген 

алаңдардың мәлімделген мөлшерлерге сәйкес 

келмеуі жағдайлары субсидиялар беруден бас 

тартуға себеп болып табылады.

24.  Бөлiм  үш  жұмыс  күнi iшiнде 

басқармаға аудандардың (облыстық маңызы 

бар  қалалардың,  Астана  және  Алматы 

қалаларының)  әкiмдерi  бекiткен  тiзiмдi, 

қабылдау  актiлерiн  және  нөмiрi  көрсетiлген 

банктiк  шоттың  болуы  туралы  банк 

анықтамасын бір данада ұсынады.



ЕСКЕРТУ: Құжаттарды қабылдау уақыты 

жұмыс күндері сағат 9:00-ден 19:00-ге (түскі 

үзіліс сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін)  дейін. 

Сенбі күндері сағат 9:00-ден 11:00-ге дейін.

 

Мекен-жайымыз: Аса ауылы, 

Абай көшесі, №123 үй, 1-ші қабат, №113 

кабинет (Жамбыл ауданы әкімінің 

аппараты ғимараты), Жамбыл ауданы 

әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі. 

Қ о с ы м ш а   а н ы қ т а м а л а р   ү ш і н 

мына  байланыс  телефондары  арқылы 

хабарласуларыңызға болады: 2-12-51, 2-15-33.  



ЖАМБЫЛ АУДАНЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАРЫН 

ӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

ХАБАРЛАНДЫРУ

5

13 мамыр 2014 жыл №47-48

ЧЕРНОБЫЛЬ ЖАҢҒЫРЫҒЫ

 

Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен 



сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден 

субсидиялау қағидасына 1-қосымша

_________________________ ауданының (облыстық маңызы бар 



қаланың, Астана және Алматы қалаларының) 

ведомствоаралық комиссиясына

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 

қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа 

да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын 

арзандатуға субсидиялар алуға өтінім

_______________________________________   негізінде әрекет ететін

 

 

(құрылтай құжаты)



______________________________________________________________

_____________________________________________________________

 

 

(ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші)



атынан бірінші басшы__________________________________________

 

 



 

 

(Т.А.Ә., лауазымы)



_____________________________________________________________

мынадай  алаңда  ауыл  шаруашылығы  дақылдарының  төмендегідей 

түрлерін өсіру үшін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 

қажетті  жанар-жағар  май  материалдары  мен  басқа  да  тауарлық-

материалдық  құндылықтардың  құнын  арзандатуға  субсидия  бөлуді 

сұрайды:


_________ га ____________________ __________ га ________________

   


(алаңы)   

      (дақыл)  

       (алаңы)  

    (дақыл)

_________ га ____________________ __________ га ________________

  

  (алаңы)   



      (дақыл)  

       (алаңы)  

    (дақыл)

АШТӨ-нің заңды мекен-жайы:

_____________________________________________________________

 

 



 

(Т.А.Ә., қолы, мөрі)

 

 

           _______________________



Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен 

сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден 

субсидиялау қағидасына 2-қосымша

Мемлекеттік статистика органдарына алынған өнімнің 

жалпы түсімі және оның ай сайынғы жұмсалуы туралы 

дәйекті мемлекеттік статистикалық есептілікті беру 

туралы міндеттеме

20 __ жылғы «__» «____________»

______________________________________________________________

 

 



(субсидия алушы АШТӨ-нің

______________________________________________________________

       атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі)

______________________________________________________________

мемлекеттік статистика органдарына 20__ жылы алынған өнімнің жалпы 

түсімі  және  оның  ай  сайынғы  жұмсалуы  туралы  дәйекті  мемлекеттік 

статистикалық есептілікті беруге міндеттенемін.

Осы  міндеттемені  орындау  келесі  жылы  атаулы  субсидиялау 

бағдарламасына қатысуға қажетті шарт болып табылады.

Басшы ____________  ________________________ 

 

қолы  


 

(Т.А.Ә., қолы, мөрі) 

М.О.

 __________________________________



Жуырда Гродеково орта мектебінде 

«ХҚКО»  РМК  Жамбыл  облысы 

бойынша  филиалының  Гродеково 

селолық  бөлімінің  қызметкерлері 

«Электронды  үкімет»  бағдарламасын 

насихаттау  және  веб-порталда  еркін 

жұмыс  жасау  үлгісін  түсіндіру 

мақсатында «Еgov игеру мен пайдалану 

–  заман  талабы!»  тақырыбында 

жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу 

ұйымдастырды.  Жиында  ХҚКО  РМК 

Гродеково  селолық  бөлімінің  реттеу 

залының  басшысы  Роза  Нұрлыбаева 

мен осы бөлімнің инспекторы Балауса 

Қ а л д а н б а е в а   к е з д е су г е   к е л г ен 

оқушыларға «Электронды үкімет» құру 

ісі  билік  органдарының  жұмысына 

анағұрлым  тиімді  және  азаматтарға 

қолжетімді екендігін түсіндірді. 

Бұрындары  әрбір  мемлекеттік 

мекеме  өз  бетінше  оқшау  өмір 

сүріп,  басқалармен  байланысқа  түсе 

қоймайтын.  Ал  азаматтардың  алуан 

түрлі  анықтама,  растама  секілді  өзге 

де  қағаздарды  жинау  үшін  толып 

жатқан  инстанциялардан  өтуіне  тура 

келетін.  Осының  барлығы  бір  ғана 

қызмет  түрін  пайдалану  үшін  біраз 

мекеменің  табалдырығын  тоздыруға 

мәжбүрлейтін.  Бүгінде  «Электронды 

үкімет»  жобасының  арқасында  ол 

заман  келмеске  кеткендігін  айтып, 

қазіргі  таңда  тұрғындардың  көбі 

ХҚКО-ның  қызметіне  жүгінетіндігін 

жеткізді.  Атап  айтқанда,  тұрғын  үй 

көмегін  тағайындауға  сұраным  беру, 

тұрғын  үй  алуға  кезекке  тұру,  кезек 

нөмірін тексеру, зейнетақы қоры, мекен-

жай  жөнінде,  жұмыссыздығы  жайлы 

анықтамалар  алуға,  сондай-ақ  неке 

мен балабақшаға кезекке тұру секілді 

біршама  табан  тоздыратын  тірлікке 

жеңілдік жасалған. Сонымен қатар оқу 

бітіргелі тұрған түлектер де болашақта 

өзге  қалалардағы  оқу  орындарына 

сабылмай-ақ, «Электронды  үкімет» 

п о р т а л ы   а р қ ы л ы   қ ұ ж а т т а р ы н 

тапсыруға  болатындығын  және www.

egov.kz  желісі  арқылы  жоғары  оқу 

орындары мен кәсіби оқу орындарына 

түсу үшін «Білім» бөліміне кіріп толық 

мағлұмат  алуға  болатындығын  тілге 

тиек  етті.  Жиын  барысында  слайдтар 

көрсетіліп,  оқушылар  тарапынан 

қ ой ы л ғ а н   с ұ р а қ т а р ғ а  а т а л м ы ш 

мекеменің  қызметкерлері  нақты 

жауаптар қайтарды.

Жиын  соңында  Роза  Нұрханқызы 

кез  келген  байланыс  телефонынан 

1414  арқылы  тегін  ақпарат  алуға 

болатындығынан хабардар етті. 

Нұрасыл СҰЛТАНБАЕВ.

Жуырда  мемлекеттік  қызметтерді  «Электрондық  үкімет» 

порталы арқылы алу мүмкіндіктері бойынша ХҚКО қызметкерлері 

арасында «дөңгелек үстел» өткізілді. Отырыста Жамбыл ауданы 

ХҚКО-ның реттеу залының басшысы Қ.Мамасеріков сөз алып, 

қазіргі заманға сай, интернет желісі дамыған кезде «Электрондық 

үкімет»  порталы  арқылы  қызметтерді  электрондық  нысанда 

көрсету  бойынша  шаралар  қолданылып  жатқаны  туралы 

әңгімеледі. «Электрондық үкімет» порталы арқылы «Некені тіркеу 

туралы» өтініш, жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы 

анықтама,  мекен-жай  анықтамасын,  зейнетақы  аударымдары 

туралы анықтама, сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы 

анықтама, тағы басқа да қызмет түрлерін алуға болатынын айтты.

Жамбыл  аудандық  ХҚКО-на  келіп  электрондық  қолтаңба 

алушылардың саны ай сайын көбейе түсуде. Сәуір айында 900-

ге жуық тұтынушы ЭЦҚ-сын алуға өтініш берді. Сонымен қатар 

орталықта  жеке  тұлғалардың  жылжымайтын  мүлік  салығына 

және көлік салығына, ұялы байланыс қызметіне, жол қозғалысы 

ережесін бұзғаны үшін айыппұл, басқа да төлемдер қабылдануда.

Электрондық  анықтама,  өтініштер  үшін  және  электронды 

төлемдерді  жүргізу  үшін  «Электрондық  үкімет»  порталында 

(www.egov.kz)  тіркеу  жүргізу  керек.  Бұл  үшін  электрондық 

цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу қажет. ЭЦҚ-ны өтініш беру арқылы 

немесе  ХҚКО-на  келіп  алуға  болады.  Тіркеуден  өткеннен  кейін 

«Электрондық үкімет» порталында жеке кабинетінде отырып, әркім 

көрсетілген қызметтердің өзіне керектісін таңдап, керекті жолдарды 

толтырып, электрондық сандық қолтаңбаға қол қояды. Осылайша 

ұзақ кезекте тұрудың және мемлекеттік органдарға барудың қажеті 

жоқ, тұрғындар өз уақытын үнемдей алады.

Б. БАЙКАТОВ,

аудандық ХҚКО-ның инспекторы.

Биыл  Чернобыль  оқиғасына 

28  жыл.  Осыған  орай  аудандық 

орталықтандырылған  кітапхананың 

қ ы з ы м е т к е р ле р і   « Ч е р н о б ы л ь 

жаңғырығы»  тақырыбында  кездесу 

ұйымдастырды. Кездесуге Чернобыль 

а п а т ы н д а   з а л а л с ы з д а н д ы р у 

жұмысымен  айналысқан  Байғазы 

Қуанышов  пен  Әбілда  Нұсқабаев 

және  Ю.Гагарин  атындағы  орта 

мектептің 6 «б»  сынып  оқушылары 

қатысты.  Басқосуда  кітапханашы 

Нүрпия  Манабаева  Чернобыль  апаты 

туралы баян етті. Осыдан дәл 28 жыл 

бұрын, яғни, 1986 жылдың 26 сәуіріне 

қараған  түні  Чернобыль  атом  электр 

станциясында болған алапат апаттың 

зардабын жоюға 800 мыңға жуық адам 

жұмылдырылған. Апат орнына аттанған 

химиялық қорғау полкы құрамында 32 

мыңға  жуық  қазақстандық  азамат 

апат  салдарын  жоюға  атсалысқан. 

Араларында медицина қызметкерлері 

мен студенттер тобы да бар болатын. 

Бүгінде 32 мыңның 15 мыңға 

ж у ы ғ ы   б а қ и л ы қ   б о л ғ а н.   О с ы 

қасіретке  толы  күндерді  өз  көзімен 

көріп, алты ай бойы залалсыздандыру 

жұмысымен  айналысқан  Әбілда 

Нұсқабаев  апат  орнында  болған 

жерлестеріміздің  ешқайсысына 

радиацияның  денсаулыққа  келтірер 

зияны  жөнінде  ешбір  мағлұмат 

берілмегенін, қауіпсіздік ережелерімен 

таныстырмағанын,  бұл  дегеніміз 

өрімдей жастардың болашағына балта 

шабумен  пара-пар  екендігін  айтып 

өтті. Бұдан кейін сөз жалғаған Байғазы 

ағамыз апат салдарын залалсыздандыру 

жұмыстарына  жасы 30-ға  жеткен  әрі 

үйленген  және  екі  немесе  одан  көп 

баласы бар азаматтар тартылсын, бұл 

жұмысқа  тартылу  мерзімі  үш  айдан 

аспасын  деген  сөздер  тайға  таңба 

басқандай етіп көрсетілген еді. Бірақ, 

Жамбыл облысынан 1500-ге жуық жас 

жеткіншек  бір  пойызбен  барғанбыз, 

олардың  көбісінің  жас  шамасы 20-

25  жас  аралығында  болатын.  Алты 

айға  жуық  Белоруссияның  Гомель 

облысының  Хойники  ауданында 

з а л а л с ы з д а н ды р у   ж ұ м ы с ы м ен 

айналыстым, - деген  үшінші  топтағы 

мүгедек осы күніне де шүкіршілік етеді. 

Жиын  барысында  ардагерлерге 

оқушылар  тарапынан  сұрақтар 

қ ой ы л ы п ,   д ә йе к т і   ж а у а п т а р 

қайтарылды.  Келген  қонақтарға 

аудандық  орталықтандырылған 

кітапхананың қызметкерлері алғысын 

білдіріп, сый-сияпат көрсетті. 

Е ң   ө к і н і ш т і с і ,   Ч е р н о б ы л ь 

а п а т ы н ы ң   з а р д а б ы н   ж о ю ғ а 

қатысқандардың  саны  жыл  санап 

азайып келеді. Еліміз олардың ерлігін  

ұмытпай,  елі  үшін  бас  саулығын 

бәсекеге тіккен ағаларға кейінгі ұрпақ 

қамқорлық  көрсетуден  ешқашан 

жалықпайды деген сенімдеміз.



Нұрасыл СҰЛТАНБАЕВ.

Жалпы  суға  батып  кеткен  азаматтардың  жартысын 

қауіпсіздік  ережелерін  бұзғандар,  үштен  бірін  мас 

күйіндегілер, ал қалған бөлігін ата-аналар назарынан тыс 

қалған балалар құрайды. Міне, жаз айы да келіп, шомылу 

маусымы  жақындап  қалды.  Адамдар  суаттарға,  әсіресе, 

сенбі-жексенбі күндері барып демалуға ұмтылады. Өкінішке 

орай, олардың кейбірі судың тек сергектік пен қуаныш көзі 

ғана емес, сондай-ақ қауіптілік көзі екендігін ұмытып кетіп 

жатады.


Су  айдындарында  төтенше  жағдайлардың  алдын-алу 

және жоюдың міндетті ережелері су айдындарын көпшілік 

демалысы туризм және спорт мақсатында пайдалану ретін 

белгілейді.

Ереже  меншіктің  барлық  түріндегі  су  айдындарын 

пайдаланушы  және  иелік  етушілердің  суда  азаматтардың 

қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  бойынша  міндеттері  мен 

жауапкершілігін айқындайды.

Құтқару күзеттерінсіз, даярлықтан өткен кадрларсыз, 

облыстық суда құтқару қызметі және облыстық санитарлық-

эпидемиологиялық  қызмет  органдарының  тиісті 

рұқсатынсыз  су  айдындары  жағасында  жағажай,  еңбек 

және демалыс лагерлерін, базаларын, су станцияларын және 

көпшілік демалатын өзге нысандар ашуға тыйым салынады.

Меншіктің  барлық  түріндегі  ұйымдар  өздеріне 

бекітілген су айдындарын адам өмірін қорғауды қамтамасыз 

ету,  құтқару  күзеттерін  жабдықтап,  күтімде  ұстау  ісіне 

жауап береді. Құтқарушыларды оқытуды олардың қаражаты 

есебінен облыстық суда құтқару қызметінің қызметкерлері 

жүргізеді.

Жағажайларда,  су  маңындағы  көпшілік  демалатын 

орындарда,  қайық  беретін  станцияларда  және  шағын 

кемелердің  тұрақ  базаларында,  өткелдер  мен  айлақтарда 

аталған құралдармен жүзу жабдықтарын пайдаланған кезде 

қауіпсіздік сақтаудың тәртібі ілінуі тиіс.

Меншіктің барлық түріндегі ұйымдардың басшылары 

халық  демалатын  орындарда,  топырақ  алу,  мұз  ою,  су 

айдындарының  түбін  тереңдету  жұмыстарын  жүргізу 

кезінде учаскелерді қоршап қоюға, ал жұмыс аяқталғаннан 

соң су табанын тегістеуге міндетті.

Суға  түсу  маусымының  ұзақтығы,  су  спорты  және 

құтқару  станцияларының,  жағажайлардың,  жүзу 

қауыздарының жұмыс сағаты жергілікті атқару органымен 

және осы нысандар бағынатын ұйымдардың басшыларымен 

біріге отырып белгіленеді.

Су  айдындары  бетінде  дербес  құтқару  жабдығынсыз 

балық аулауға және аңшылық құруға тыйым салынады.

Естеріңізде болсын! Суаттарда өзін-өзі ұстау тәртібін 

сақтау – адамдар қауіпсіздігінің кепілі!

Мадияр СӘМБЕТОВ, 

аудан әкімінің бас инспекторы.

АПАТ КҮНІН ЕСКЕ АЛДЫ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ҚЫЗМЕТІ

СУАТТАРДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК



ХҚКО ҚЫЗМЕТІ

ЖЕЛІДЕГІ ЖЕЅІЛДІК

МЇМКІНДІКТЕР 

МОЛАЮДА


6

13 мамыр 2014 жыл №47-48

ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ 

Білім саласындағы кез келген 

пəн қандай ортада болмасын 

өзінің айтар ойы, өмірге деген 

көзқарасы арқылы жеке тұлғаны 

қалыптастыруға өзіндік үлес 

қосары анық. Бейнелеу өнері 

эмоциялық-бейнелі көркемдік 

ойлау түрін қалыптастыруға 

бағытталып, тұлғаның рухани іс-

əрекетін қалыптастырудың шарты 

болып табылады. 

Жуырда аудан әкімдігі білім бөлімінің әдіскері 

Б.Бекбергеновтың  ұйымдастыруымен бейнелеу өнері 

пәнінен мұғалімдер арасында аудандық байқау өтті. 

Байқаудың  негізгі  мақсаты  шығармашылықпен 

жұмыс  істейтін  бейнелеу  өнері  пәні  мұғалімдерін 

анықтау,  мұғалімнің  еңбегін  бағалау  және  пәннің 

мәртебесін  көтеру  болатын.  Үш  кезеңнен  тұратын 

бәсекеге  ауданға  қарасты  мектептердің  бейнелеу 

өнері  пәнінен  сабақ  беретін  арнайы  білімі  бар 16 

үміткер  қатысты.  Бірінші  кезең  наурыздың 14-22 

аралығында  аудандық  білім  бөлімінде  өтті.  Онда 

мұғалімнің  жинақ  папкасы,  дискіге  түсірілген 

ашық  сабақтары  сырттай  бағаланып,  сарапталды. 

Екінші кезең Б.Момышұлы атындағы орта мектепте 

өтіп, мұнда үміткерлерден пән теориясы мен оқыту 

әдістемесі  және  педагогика  негіздерін  анықтайтын 

тест алынды. Ал, үшінші кезеңде графика бейнелеуден 

байқауға қатысушы үміткерлер берілген 90 минутта 

түпнұсқаға қарап А 3 форматына бейнені салып беру 

тапсырылды. Нәтижеде үш кезеңнен мүдірмей өткен 

Б.Бесбаев  атындағы  орта  мектептің  оқытушысы 

Жарқын  Жұманова  бас  жүлдені  иеленсе,  бірінші 

орынға  Жеңістің 30 жылдығы  атындағы  орта 

мектептің  оқытушысы  Талдырмаш  Исақова  қол 

жеткізді. Ал, екі екінші орынды Ю.Гагарин атындағы 

орта  мектептің  оқытушысы  Нүрила  Мұражанова 

мен Ә.Әйтиев атындағы орта мектептің оқытушысы 

Мәжит  Ахметов  өзара  бөлісті.  Жүлделі  үшінші 

орынды  Б.Кейкиев  атындағы  орта  мектептің 

оқытушысы  Қалмырза  Есалиев,  Жасөркен  орта 

мектебінің  оқытушысы  Еркін  Медербеков, 

Б.Тайшапов  атындағы  орта  мектептің  оқытушысы 

Мұхтар Түлкібаев қанағат тұтты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудан әкімдігі білім 

бөлімінің арнайы дипломдарымен марапатталды.



Нұрасыл СҰЛТАНБАЕВ.

2007 жылғы 28 қазанда Баймбетов Абилда Алипбаевичтің 

қайтыс болуынан кейін мұрагерлік іс ашылып отыр (қайтыс болу 

туралы куәлік №0129717).  Осыған орай марқұмның мұрагерлері 

мұрагерлік  істі  рәсімдеу  үшін  осы  хабарландыру  газетте 

жарияланған күннен бастап бір ай мерзім ішінде Жамбыл ауданы, 

Аса ауылы, Абай көшесі, №127 үйде орналасқан нотариалдық 

кеңсеге (ХҚКО ғимаратында) келіп, нотариус Б.Кенжебековаға 

жолығулары тиіс. 

Әрбір елдің жүріп өткен ұзақ қоғамдық 

тарихы  сияқты  оның  ділі  мен  дінінің  де 

жалпы рухани керуен жолы болады. Бұдан 

әр  ел  өзіне  керекті  сабақ  алып,  келешегіне 

болжам жасайды. 

С о л   с и я қ т ы   Б е с а ғ а ш   а у ы л ы 

жұртшылығының  да  есте  сақтайтын,  айта 

жүретін  өзінің  сыры,  жарқын  тарихы 

баршылық.  Кешегі  кеңес  дәуірінде  мұнда 

Жамбыл  облыстық  мемлекеттік  ауыл 

шаруашылығы тәжірибе станциясы болды. 

Әйтсе де, егемендік алған жылдардағы күйзеліс 

Бесағашты шарпып өтпей қоймады, тек 2005 

жылдардан кейін ауыл қайта түлей бастады. 

Алайда, сол бір қиыншылық кезеңнің өзінде 

халық елдігін, ынтымақтастығын сақтай білді. 

Бала-шағасына дейін іске бел шеше кірісіп, 

ауылдың қақ ортасынан «Бесағаш» мешітін 

тұрғызды.  Мешіт  құрылысы 1999 жылы 

қолға алынып, бір жылдың ішінде толықтай 

пайдалануға берілді. Оны салу жұмысына сол 

кездегі тәжірибе станциясының директоры 

Талас  Әбдіқұлов  зор  үлес  қосты.  Бүгінде 

бақилық  болған  текті  азамат  құрылысты 

қажетті  барлық  материалмен  қамтамасыз 

етіп  отырды.  Топырақ,  тас,  құм  секілді 

қажетті  заттарды  өз  жүк  көлігімен  ақысыз 

тасымалдаған  Ахметсалы  Жұмаділовтің 

жомарт  та  кеңпейіл,  имандылығын  атап 

өтпесек  болмас.  Ол  ешқандай  қайтарым 

дәметпестен, адамшылық қасиетте іс жасай 

білді. 

Осы  бір  шағын  ғана  Алла  үйінің 



салынуына  ауыл  жастары,  орта  буын 

ағалардың  біркісідей  атсалысқаны  сол 

кезде  көрер  көздің  құмарын  қандырды. 

Үйлерінен  кетпен,  күрек,  шелек,  шегеге 

дейін әкеліп, жұмыстың қарқынды жүруіне 

атсалысып, күнде бір көше кезекпен жұмыс 

істеді.  Ұйымдастыру  жұмысында  Сұлтан 

Ешенқұлов,  Әсет  Сапиев,  Мұхамеджан 

Шакиржанов,  Кәрім  Жүнісов,  Кисебай 

Ғарипуллаев,  Забихолла  Мұхатаев, 

Самиғұлла Сатыбалдиев, Махмұт Ахметов, 

Зарып Хабибуллаев сынды жігіт ағаларының 

қосқан үлесін, қажырлы еңбегін айта кеткен 

жөн. Сонымен қатар, ауыл алдындағы үлкен 

зират осы көпшіліктің өз күшімен қоршалды. 

Міне, содан бері осы Бесағаш мешіті ауыл 

жамағаты үшін бас қосар жерге айналды. Онда 

бес  уақыт  азан  айтылып,  бес  уақыт  намаз 

оқылуда. Әсіресе, жұма намазына ағылған 

жамағатта есеп жоқ. Мұнда мешіт жанынан 

ашылған сауат ашу курсы да бар. Он жылдан 

бері күні бүгінге дейін осы курстан 383 адам 

сауатын ашып, діни тағылыммен сусындады. 

Соның бірі – мен де осы жерден әріп танып, 

діни  сауат  аштым.  Сауатымызды  ашуда 

сабақты  Хизатулла  Жұмабаев  жүргізді. 

Жылына екі-үш топ дәріс алады. Сауат ашу 

курсы тегін, оқимын деген ниет білдірушілер 

өз еркімен тазалықты ту етіп, осында келеді. 

Дәріске  мешіт  имамы  Мұса  Сүлейменов 

және наиб имам Мұхамеджан Шакиржанов 

қатысып  тұрады.  Олар  ауыл  жастарының 

діни сауатын арттыруға барын салып,  ислам 

дінінің  рухани  адамгершілік  идеяларының 

қозғаушы  күші  екендігін,  ата-бабамыздың 

ұстанып келген жолы Әбу Ханифа мәзхабы 

екендігін,  Аллаға  құлшылық  ету – парыз, 

ата-бабаға  құран  бағыштау  сауап  екенін 

түсіндіреді. 

Жыл  сайын  Ораза  айт,  Құрбан  айт 

және  Мәуліт  секілді  діни  мейрамдар  осы 

мешітте  аталып  өтіледі.  Айтқандай,  сауат 

ашу курсынан өткен адамдардың дені жастар 

десем қателеспеймін. Біразы қазірдің өзінде 

құран  сүрелерін  сауатты  түрде  жатқа  оқи 

алады. Олардың қатарында Мэлс Ибрагим, 

Арсен  Қаттаров,  Ғабит  Абдіғазыұлы, 

Бақытжан Әбдікәрімұлы бар. Осының бәрін 

тізіп  отыруымыздың  себебі,  жастардың 

Аллаға  деген  сенімін,  әдет-ғұрпымыздың 

сақталуын кешегі ата-баба қалдырған ізбен 

солардың үміт артқан ұрпақтары мына біздер 

жастарды осы жолдан айнытпай, адастырмай, 

мұсылмандықты  халыққа  шын  дәріптеп, 

жол сілтей білуіміз қажет деген оймен жазып 

отырмын. 

Имандылықты  уағыздау,  иманды  ел 

болу,  иманды  жастардың  қатарын  көбейту 

бізге  басты  мақсат  болуы  шарт.  Ауылдың 

халқы  бірнеше  ұлттан  тұрады.  Соған 

қарамастан,  елдің  ауызбірлігі  мен  тірлігі, 

салт-дәстүріміздің  біте  қайнасуы,  татулық 

пен бірлігі қуандырады. 

Дінді  біз  көбіміз  әлі  жете  түсінбей 

жүрміз.  Сондықтан  өзгеге  түсіндіруде 

әлсіздік  танытатынымыз  шындық.  Сол 

себепті  дін  насихатын  жандандырып, 

ислам  дінінің  кең  көлемде  және  тезірек 

алға  басуына,  оның  қуаттануына,  әсіресе 

жастарымыздың  өзге  дінге  өтіп  кетпеуіне 

көп көңіл бөлгеніміз абзал. Бұлай дейтінім, 

ислам қауымының ішінде Ханафи мәзхабын 

ұстанушылар  мен  радикалдық  сипаттағы 

исламдық  ағымдарды  ұстанушылар 

(сәләфилер,  уақапшылар,  жихадшылар, 

тәкфіршілер  және  басқалар)  арасындағы 

пікір-қайшылықтар  адам  ойын  сан-саққа 

жүгіртетіні сөзсіз. Радикалдық ағымдардың 

мақсаты – ислам дінін бетперде етіп, біздің 

айрандай ұйып отырған қоғамымызға іріткі 

салу. Сондай-ақ олардың біздің шетелдерде 

оқып  жүрген  жастарымызды  арандату 

арқылы да ордамызға ойран салуы мүмкін 

деген күдігіміз бар. Сондықтан туабітті ислам 

дінінің осы Ханафи мәзхабын кең көлемде 

ауылда болсын, қалада болсын насихаттау, 

әсіресе  жастар  арасында  діни  танымдық 

үгіт жүргізу кезек күттірмейтін мәселе деп 

ойлаймын.  Бұл  құзірет,  меніңше,  мешіт 

имамдарының басты назарында болуы тиіс. 

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан 

халқына арнаған кезекті бір Жолдауында «Біз 

мұсылман үмбетінің бір бөлігі екендігімізді 

мақтан тұтамыз. Ол – біздің дәстүріміз. Бірақ 

бізде зайырлы қоғамның дәстүрлері де бар 

екенін, Қазақстан зайырлы мемлекет екенін 

ұмытпауымыз  керек.  Біз  елдің  дәстүрлері 

мен  мәдени  нормаларына  сәйкес  келетін 

діни  сана  қалыптастыруымыз  керек», - 

деген болатын. Сол үшін де асыл дінімізді 

төрге  шығарып,  өз  қадір-қасиетіне  лайық 

дәрежесіне көтергеніміз абзал. 



Берік БАЙҰЛЫ,

зейнеткер.

Ә л б е т т е ,   х а л қ ы м ы з д а 

топырағына  тартқан  деген  сөз 

бекер  айтылмаса  керек.  Өзінің 

ө с к ен   о р т а с ы н а   қ а р а й   ә р б і р 

адамның  жеке  түсінігі,  өмірге 

көзқарасы,  ұстаным-қағидасы 

қ а л ы п т а с а д ы ,   а й н а л а с ы н а 

қызығушылығы оянады. Бұл орайда 

Абдолла  ағаның  жолы  болған 

секілді.  Ол  Жамбыл  облысының 

інжуі  саналатын  Билікөл  көлінің 

жағасындағы  Майтөбе  ауылында 

1926  жылы  дүниеге  келіпті. 

Қаратаудың  қатқыл  тастарын 

жарып шығатын қызғалдақтардай 

талапты жас бала киелі топырақтан 

нәр  алып,  бойына  қуат  сіңірген. 

Кейін  өзі  ұдайы  сыртта  қызмет 

істеп, ауылын сағынған кезде бізге 

балалық  шағы  жайлы  тебірене 

әңгімелейтін-ді. 

Өмірге  асқан  құштарлықпен 

қарап,  өзіне  мұғалімдік  қызметті 

қалтқысыз  таңдап,  өмір  бойы 

ос ы   с а л а д а   е ң б е к   е т і п ,   т е р 

төккен,  шәкірттер  тәрбиелеуге 

б а р   ы н т а - ж і г е р і н   ж ұ м с а ғ а н 

ақпейіл,  сергек  көңілді  ағамызды 

мен  де  сағынышпен  еске  алып 

қоямын. Олай болатыны, Абдолла 

О й ы қ б а й ұ л ы м ен   қ ы з м е т т е с 

болғаным  да  бар.  Атап  айтқанда, 

Абдолла  Ойықбайұлымен 1980-

1986  жылдары  аудандық  білім 

беру  бөлімінде  бірге  қызмет 

істедім.  Ол  кісі 1980 жылғы 

күзде,  қараша  айында  аудандық 

білім  беру  бөліміне  «Еңбекке 

баулу және кәсіптік бағдар беру» 

пәні  бойынша  инспектор  болып 

келді.  Ағаштардың  жапырақтары 

сарғайып,  қоңыр  күз  аяқ  басқан 

м е з г і л.   С о л   ж ы л ғ ы   ж а з   д а 

берекелі,  мамыражай  болған. 

Ағаны  бөлімдегілер  жылы  қарсы 

алды.  Сол  жылдары  мұнда  өз 

пәндерін жетік меңгерген, еңбектің 

қазанында қайнап өскен мамандар 

іріктелген еді. Олардың қатарында 

тәжірибелі,  білікті  ұстаздар 

Сатыбалды  Оспанов,  Райгүл 

Омарова, тағы басқалары болды.   

Міне, Абдолла ағамыз осындай 

сайыпқыран ортаға түсті. Абдолла 

аға,  Райгүл  Омарова  және  мен – 

үшеуіміз  бір  кабинетте  отырып 

жұмыс  істедік.  Ағаның  өз  ісіне 

жетіктігі,  алымдылығы  алғашқы 

күндерден-ақ көзге түскен. Ол кезде 

бұл  бөлім  аудандық  «Шұғыла»-

«Радуга»  газеті  мен  Аса  ауылдық 

округі  ортасындағы  ғимаратта 

болатын. Абдолла аға өз жұмысына 

үлкен қызығушылықпен қарайтын 

еді, нағыз шығармашылық адамы 

болатын.  Өз  бағыты  бойынша 

мектептерге  тиянақты  көмек 

беріп  отырды.  Басқалармен  ашық 

сөйлесетіні,  ақжарқындылығы 

бізге ұнайтын. 

Т ә ж і р и б е л і   ұ с т а з д а н   к ө п 

нәрсе  үйрендім.  Өзім 48 жылдық 

педагогтық  жолымда  мұндай 

білімді,  жұмысқа  жауапкершілігі 

биік,  басқалардың  қуанышына 

ортақтаса білетін кісіні кездестірген 

емеспін.  Сол 6 жыл  маған  үлкен 

сабақ болды. 

Абдолла  аға  адамгершілік 

тәрбиесіне  көп  мән  беретін.  Бұл 

жерде  ол  кісінің  ойы  шығыс 

ғұламасы Әл-Фарабидің тәрбиесіз 

б е р і л г ен   б і л і м н і ң   з и я н ды қ 

әкелетіні жөніндегі тұжырымымен 

сәйкес келетіндей еді. Өзі ешқашан 

басқаның  алдында  кеуде  керіп 

көрген  емес. «Кішіге  қамқорлық 

жасау – үлкеннің міндеті, үлкенді 

сыйлау – халқымыздың  дәстүрі», 

– деп, бізді де үнемі жақсы болуға 

баулыды. 

Ағаның еңбек жолы сонау Ұлы 

Отан соғысы жылдарында басталған 

екен.  Мұғалімдік  қызметке 1944 

жылы  келіпті. «Путь  Ленина» 

ауылындағы мектепте сабақ берген. 

1952 жылы Қарабастау ауылындағы 

орта  мектепті  бітіріп,  оқуға 

құштар жас Шымкент мемлекеттік 

педагогикалық институтына оқуға 

түсіп,  бұл  жоғарғы  оқу  орнын 

сырттай оқып бітіреді. 1962 жылы 

Аса  орта  мектебіне  математика 

пәні  мұғалімі  болып  орналасқан. 

Айта кету керек, Жамбыл аудандық 

атқару комитетінің 1975 жылғы 22 

апрельдегі  Шешіміне  сәйкес  Аса 

орта мектебі Жеңістің 30 жылдығы 

атындағы  орта  мектеп  болып 

аталған.  Бұл  кезде  аудандық  оқу 

бөлімінің меңгерушісі С.Мақашев 

деген кісі еді. 

Содан  бері  де  жылдар  заулап 

өте  беріпті. 1963 жылы  Жуалы 

аудандық оқу бөлімінде инспектор 

қызметін  атқарған.  Онан  соң 

А й ш а б и б і   о р т а   м е к т е б і н д е 

директор  болып  қызмет  істеген. 

1966  жылы  Аса  орта  мектебіне 

о қ у   і с і н і ң   м е ң г е р у ш і с і , 

математика  пәнінің  мұғалімі 

болып  келеді.1980-1986  жылдары 

Жамбыл  аудандық  білім  беру 

бөлімінде  бірге    қызмет  істеген 

Абдолла  Ойықбаев  ағамыздың 

өмір жолымен осылайша хабардар 

болдым. 1987 жылы  зейнетке 

шыққан. 

А б д о л л а   а ғ а   п е д а г о г т і к 

қызметіндегі  ұзақ  жылдарғы 

жемісті еңбегі үшін көптеген алғыс 

хаттарға,  мақтау  қағаздарына 

и е   б о л ғ а н .   О л   Ж а м б ы л 

облыстық  партия  комитетінің 

Құрмет  грамотасын,  Жамбыл 

аудандық  партия  комитеті  мен 

аудандық  атқару  комиетінің 

Қ ұ р м е т   г р а м о т а с ы н   а л ғ а н. 

1982  жылы  Қазақ  ССР  халық 

ағарту  министрлігінің  Құрмет 

грамотасымен  марапатталған, 

Қазақ  ССР  халық  ағарту  ісінің 

үздігі болды. 

Бір айта кетерлік жәйт, Абдолла 

Ойықбайұлы зейнетке шыққан соң 

үйде  қол  қусырып  қарап  отырған 

жоқ. Тараз қаласындағы медреседе 

оқып,  имандылық  жолына  түсті. 

Аудандық  «Бәйдібек»  мешітінің 

а л ғ а ш қ ы   б а с   и м а м ы   б о л ды . 

жастарға, басқа да үйренушілерге 

араб  тілі  әліпбиін  үйрету  курсын 

жүргізгені де есімізде. 

Үйде  қамқоршыл,  сыйлы  әке 

бола  білді.  Жұбайы  Күлпаршын 

Рахметуллаева  екеуі  жеті  ұл-қыз 

тәрбиелеп  өсірді.  Бұл  күндері 

балалары әртүрлі салада еңбек етіп, 

қоғамның  дамуына  өз  үлестерін 

қосып  жүр.  Абдолла  ағадан  білім 

алған  шәкірттер  де  еліміздің 

түкпір-түкпірінде еңбек етуде. 

Абдолла  аға  күнтізбелердің 

ерекшеліктерін  де  көп  зерттеді. 

Аудандық  «Шұғыла»-«Радуга» 

г а з е т і не   ж и і - ж и і   м а қ а л а 

ж а з ы п ,   ө ле ң д е р і н   ж а р и я л а п 

жүрді.  Өлеңдері  оқырмандарға 

шынайылығымен ұнайтын. 

Уақыт жылдам өтеді екен. Міне, 

Абдолла  Ойықбаев  ағамыздың 

д ү н и е д ен   ө т к ен і не   1 5   ж ы л 

болыпты. Аға есімін есте қалдыру 

мақсатында  ол  кісінің  өзі  тұрған 

бұрылысты  оның  есімімен  атаса 

жөн  болар  еді.  Бұл  көп  көрген, 

көпті таныған ағаға деген құрмет 

болып табылмақ.

Алтынхан САПАРБЕКОВ,

республика оқу-ағарту 

ісінің үздігі, зейнеткер.

Аса ауылы.  

АРДАҚТЫ АҒАМЫЗ ЕДІ

БАЙҚАУ

БЕЙНЕЛЕУШІЛЕР 

БƏСЕКЕСІ

ИМАНДЫЛЫҚ ИІРІМДЕРІ

ДІН – ДІЛІМІЗДІЅ ДІЅГЕГІ



«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», – 

дейді халық даналығы. Аса ауылының тұрғыны 

болған тағылымды педагог Абдолла Ойықбаев 

ағамыз туралы айтқанда менің ойыма, ең 

алдымен, ол кісінің биік адамгершілігі, елгезектігі, 

өзіне тапсырылған міндеттерді тиянақты 

орындауға деген үлкен жауапкершілігі түседі. 

Əрбір істі тындырымды орындауға жоғары мəн 

беретін, көп ісіне жанашырлығы мол адам еді. 

М Ұ Р А Г Е Р Л І К

7

13 мамыр 2014 жыл №47-48

Алтын бесік ауылымызда 

сонау алдыңғы буыннан алтын 

арқаумен жалғанып келе 

жатқан бір игі дəстүр бар. 

Ол – кезінде халық қамқоры, 

ауылдың арқасүйері болған 

немесе бала бағбаны атанып, 

өнегелі тəрбие мен үлкен 

спортқа баулыған арлы да 

абыройлы азаматтарды еске 

алу дəстүрі.

Таяуда ауыл алаңында аудан мұғалімдері 

арасында волейболдан өткен турнир – соның 

бір  айғағы.  Бұл  күні  ауыл  болып,  аудан 

болып,  алғашында  Октябрь-Жеміс  орта 

мектебінде,  кейіннен  Бірлесу-Еңбек  орта 

мектебінде  директорлық  қызмет  атқарып 

жүріп,  былтыр  көктемде  дүниеден  озған, 

білім  беру  және  спорт  саласында  елеулі 

еңбегі  бар  Әлімбаев  Қуат  Пернебайұлын 

еске алдық. Соңғы 15 жыл мұғдарында қос 

ауылға  «Қуат  ағай»  атанған  аяулы  азамат 

атында  алғаш  ұйымдастырылып  отырған 

волейбол  бәсекесіне  аудан  мектептерінің 

мұғалімдерінен  құралған 9 команда  келді, 

халықтың қарасы да қалың болды.

Жан-жақты  ойластырылған  татымды 

турнирдің  ашылу  салтанатында  Ақбастау 

а у ы л ды қ   о к р у г і н і ң   ә к і м і   Н ұ р с ұ л у 

Дүзеева,  аудан  әкімдігі  дене  шынықтыру 

және  спорт  бөлімінің  басшысы  Қайрат 

Ержігітов,  Бірлесу-Еңбек  орта  мектебінің 

директоры,  ұйымдастыру  комитетінің 

төрағасы Бақытбек Иманбеков бақиға кеткен 

Қуат  Пернебайұлының  өмірі  мен  еңбек 

жолы  жайлы,  бала  тәрбиесі  мен  ұрпақтар 

сабақтастығы  жайлы  танымды  әңгіме 

қозғап,  турнирге  қатысушы  ұстаздарға 

табыс тіледі.

Әдемі  өрнегімен  өткен  бәсекелер 

қорытындысында бас бәйге – үлкен кубокты 

Макаренко атындағы орта мектептің ұстаздар 

командасы жеңіп алса, келесі дәрежелі екі 

кубокты Сартбаев атындағы (екінші жүлде) 

және  Жасөркен  орта  мектебінің  (үшінші 

жүлде)  құрамалары  иеленді.  Алаң  иелері 

төртінші орынмен қанағаттанды. Жекелеген 

үздік ойыншылар мен төрешілер – барлығы 

15 адамға ақшалай және заттай сыйлықтар 

берілді.


Әрине, бұл ретте бірінші кезектегі әңгіме 

спортсүйер  қауымға  жайылған  дастархан 

мен  үздіктерге  үлестірілген  сыйлықтың 

молдығында  емес  еді.  Маңыздысы  сол, 

ауылдықтар  айтулы  азаматының  атын 

ардақтады,  жиналған  жұртшылықтың  бірі 

ұстаз әріптесін, енді бірі адал бауырын, тағы 

бірі  қимас  досын,  ал  өскелең  ұрпақ  аяулы 

«Қуат  ағайын»  сағынышпен  еске  алып, 

тебірене тарқасты.



Е. ЖАНҚОРАЗОВ,

Қ. АМИРОВ,

Бірлесу-Еңбек орта мектебі дене 

шынықтыру пәнінің мұғалімдері.

Жыл сайын суық түсісімен біз тұмау жəне 

басқа жедел респираторлық вирустық 

жұқпалар (ЖРВЖ) туралы айтып бастаймыз, 

шын мəнісінде осы аурулар жылдың кез-

келген мезгілінде тіркеле береді, бірақ 

аурудың жаппай тіркелуі жылдың суық 

уақытында бақыланады.

Биылғы  індет  маусымында – 2013 жылдың 1 қазанынан 

2014  жылдың 2 сәуіріне  дейінгі  аралықта  облыс  бойынша 

жедел респираторлы вирусты жұқпалармен 26 мыңнан астам, 

маусымдық тұмаумен 87 адам ауырды. Оның ішінде 70 пайызы 

14  жасқа  дейінгі  балалар.  Тұмауға  шалдыққандар  арасында 

«А» тұмауы 98 пайыз жағдайда, «В» тұмауы 2 пайыз жағдайда 

зертханалық  расталды.  Тұмаумен  ауырғандардың  барлығы 

медициналық ұйымдарда ем алып, айығып шығарылған. 

Індет маусымы басталмас бұрын 2013 жылдың қыркүйек-

қараша айларында облыста тұмауға қарсы екпемен қауіп-қатер 

тобына жататын 98 мыңнан астам адамның қорғалғанын атап 

өту  қажет.  Оның  ішінде  балабақша,  балалар  үйлері,  мектеп-

интернаттардың балалары, жиі ауыратын балалар, тыныс алу 

жүйесінің  созылмалы,  жүрек-қантамыр  және  қант  диабеті 

ауруларымен есепте тұрған егде жастағы кісілер, мүгедектер мен 

қарттар үйлерінің қамқорындағылар, жүктіліктің 2-3 үштігіндегі 

екіқабат әйелдер бар.

Атқарылған  егу  жұмыстары  сырқаттанушылық  деңгейіне 

жайлы әсер етті. Індет маусымында облыстың 11 аумағындағы 

сырқаттанушылық көрсеткіші көпжылдық бақылау деңгейлерінен 

аспады және былтырғы маусымның сәйкес уақытымен салыстырғанда 

облыс бойынша бұл көрсеткіш 26 пайызға төмен болып отыр.

Негізінде тұмау – вирустық жұқпа. Тұмау үшін жедел дене 

қызуының күрт көтерілуі, қызба, қалтырап-дірілдеу, бұлшықет, 

буындардың  ауырып-сырқырауы,  бас  ауруы,  көздегі  ауру, 

әлсіздік тән.

Тұмау  медициналық  қызметкерлер  ЖРВЖ  деп  атайтын 

аурулар тобының құрамына кіреді. ЖРВЖ шақыратын вирустар 

сан алуан, оның ішінде ең әйгілісі – тұмау, одан басқа парагрипп, 

аденовирус, риновирус, реовирус және басқалар бар. 

Тұмауды алдын алудың арнайы емес жолына адам ағзасының 

жұқпаларға жалпы қарсы тұру қабілетін жоғарылататын және 

жұқпаның таралуын үзетін заттар мен амал-тәсілдер жатады, 

оның  ішінде  бөлмелердің  ауасын  жиі  алмастырып  тұру, 

науқасты оқшаулау, ылғалды жинау, науқастың хал-жағдайын 

біліп  келгенде  немесе  оған  күтім  жасағанда  бетперде  кию, 

дәрумендер  қабылдау,  оның  ішінде  аскорбин  қышқылы  (С 

дәрумені), тамаққа орамжапырақ, лимон, апельсин, мандарин, 

жеміс-жидек тосабын (варенье), сарымсақ, пияз, бал, итмұрын 

қайнатпасын,  жөке  шайын  (липовый  шай)  және  басқаларын 

тұтыну  қажет.  Шынығу,  дене  шынықтырумен,  спортпен 

айналысу, дұрыс тамақтану, жақсы ұйқы да пайдалы. Ауырғанда 

үйге  дәрігер  шақырту  қажет.  Дәрігердің  кеңестерін  міндетті 

түрде  орындаған  жөн.  Жыл  сайын  күзде  тұмаудың  кезекті 

маусымы басталар алдында тұмауға қарсы екпе алған абзал.   



Альфия ОЖАНОВА, 

Жамбыл облысы тұтынушылардың құқықтарын 

қорғау департаментінің эпидемиологиялық 

қадағалау бөлімінің бас маманы.

Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі 

тұжырымдамасын  жүзеге  асыру  барысында  оқушылар 

арасында  білімді,  ұшқыр  ойлы,  өз  ұстанымын  жақсы 

дәлелдей  білетін  азаматтар  даярлау,  отансүйгіштікке, 

ұлтжандылыққа  тәрбиелеуге  ықпал  ету  және  жаңа 

ұсыныстар  мен  идеяларды  қалыптастыруға  баулу 

мақсатында  жуырда  Астана  қаласында «ASTANA-

OPEN-III»  тақырыбында  халықаралық  пікірсайыс 

турнирі өткізілген болатын. Турнирге республикамыздың 

барлық  облысынан  және  Қырғызстан,  Ресей  жерінен 

жалпы саны 30 фракция қатысып, ойын өрнегін көрсетті. 

Пікірсайысқа  Жамбыл  ауданы  әкімдігінің  «Жастар 

орталығы»  КММ-нің  «Жас  саясаткерлер»  пікірсайыс 

клубының белсенді мүшелері – Ю.Гагарин атындағы орта 

мектептің оқушыларынан құралған 1 фракция қатысып, 

ой ұтқырлығын көрсетті. 

Нәтижесінде  аталған  мектептің  оқушылары  Арай 

Пердешова мен Забира Әскербай «үздік фракция» атанып, 

халықаралық турнирде ауданымыздың намысын лайықты 

қорғап,  ел  үмітін  ақтап  қайтты.  Дүбірлі  додада  жоғары 

дәрежеде  біліктілік  пен  қарым-қабілет  танытып,  аудан 

атын  асқақтатқан  қыздарымызға  алдағы  асуларда  да 

сәттілік тілейміз.



Гүлнұр БОТАЕВА, 

аудан әкімдігінің «Жастар орталығы» 

КММ-нің кеңесші маманы.

Бұл  құрмет  көп  жылдар  осы 

оқу орнында еңбек етіп, шәкірттер 

тәрбиелеп,  зейнетке  шығып  бара 

жатқан мектеп мұғалімдері Айткүл 

Сержанқызы  Омарова,  Күләш 

Юсупханқызы  Жасұзақоваға  және 

Зәуреш  Халелқызы  Балқыбековаға 

көрсетілді.  Олар  төрден  орын 

алып, сонан соң іс-шара басталған. 

Мектеп ұжымының ұстаздарға деген 

қимастықтары  да  сезіліп  тұрды. 

Кеш 8-сынып оқушыларының әдемі 

биімен ашылып, мұнан соң сөз алған 

Ержан Сембекұлы ұстаздарымызға 

өзінің ізгі тілегін жеткізді. 

Ұстаздарды  зейнет  жасымен 

құттықтауға  олардың  ұл-қыздары, 

туған-туыстары да келген. Сондай-ақ 

іс-шараға осы аталған мұғалімдердің 

жоғарғы  оқу  орындарында  бірге 

оқыған  курстас  дос-жолдастары 

да  қатысып,  оларға  өздерінің  игі 

тілектерін  жеткізді.  Зейнетке 

шығушыларды  Әзиза  Бөлегенова, 

Алтын  Қарақойшиева,  Фатима 

Төлебаева  апайлар  да  құттықтап, 

қуанышқа ортақ екенін айтып өткен. 

Олардың сөздерін, ыстық тілектерін 

іс-шараға қатысушылар қошеметтеп, 

қол шапалақтап отырды.

Іс-шара  барысында 10-сынып 

о қ у ш ы с ы   Н ұ р б е к   Ә л і п б а е в 

ұ с т а з д а р ы н а   а р н а ғ а н   ө з і н і ң 

жүрекжарды  өлең  жолдарын  тарту 

етті. 


К е ш   с о ң ы н д а   м е к т е п 

директорының  міндетін  атқарушы 

Е.Баймұрзаев пен мектеп бастауыш 

кәсіподақ  ұйымының  төрайымы 

Ләззат  Берікқызы  зейнеткерлікке 

шыққалы отырған ұстаздарға мектеп 

ұжымының  атынан  сыйлықтар 

тапсырды. 



Сағила УПЕКОВА, 

Әкім Тарази атындағы орта 

мектеп тәлімгері.

Жазаны  атқару  мен  өтеудің 

белгіленген тәртібі (режимі), тәрбие 

жұмысы,  бастауыш,  негізгі  және 

орта, жалпы орта білім алу, кәсіптік 

даярлық пен қоғамдық ықпал етумен 

қатар  қоғамдық-пайдалы  еңбек 

те  сотталғандарды  түзеудің  негізгі 

құралы болып табылады (ҚР ҚАК-

нің 7-бабы).

Кез  келген  адамның  еңбегі 

с и я қ т ы   б а с   б ос т а н ды ғ ы н а н 

а й ы р ы л ғ а н   с о т т а л ғ а н 

адамдардың  еңбегі  де  Қазақстан 

Республикасының  заңнамасына 

сәйкес  кәсіпорынның  тарифтері 

мен  нормаларының  сапасы  мен 

санына байланысты бағаланып, ол 

үшін  ақы  төленеді.  Кәсіпорыннан 

а л ы н ғ а н   с о т т а л ғ а н д а р д ы ң 

қаражаты олардың тамақ өнімдері 

мен  бірінші  кезекте  қажетті 

заттарына жұмсалады. Сондықтан, 

жасаған  қылмысының  ауырлығы 

мен  түріне,  қоғамға  қауіптілігіне 

қарамастан,  сотталғандарды  түзеу 

үшін,  олардың  еңбегіне  қаражат 

төленеді. Жасаған еңбегіне ақы төлеу 

арқылы  біз  сотталғанның  қоғамға 

керек  екендігін,  басқа  адамдар 

сияқты  дұрыс  өмір  сүріп,  түзеле 

алатындығын мойындатамыз.

Сотталғандар  кәсіпорындарда 

түрлі  құралдармен  жұмыс  жасау 

барысында  өздерінің  білімі  мен 

күшін пайдаланумен қатар, оларды 

ары қарай дамытады.

С о т т а л ғ а н д а р ды ң   е ң б е г і 

тәрбиелік  қажеттілікпен  қатар 

ш а р у а ш ы л ы қ   қ а ж е т т і л і к   т е 

б о л ы п   т а б ы л а ды.   Қ о ғ а м ды қ 

пайдалы  еңбек  қатынастарының 

дамуы  сотталғандардың  жаман 

қылықтарын  жойып,  тұлғалық 

жеке  қасиеттерін  қалыптастыруға 

көмегін тигізеді. Кәсіпорындардағы 

жұмыс  кезінде  сотталғандардың 

арасындағы  оң  қарым-қатынас 

тудырып, адамгершілік қасиеттерін 

күшейтеді.  Еңбек  ету  барысында 

кәсіпорындардағы  құралдарды 

қолдану,  жасалған  жұмыс  үшін 

уақытылы  қаражат  төлеу,  ғылыми 

ұйымдастырушылық  талаптарына 

жауап  беретін  еңбектің  ауқымды 

тәрбиелік әсері бар.

С о н ы м е н ,   қ о ғ а м д ы қ 

пайдалы  еңбек  сотталғандардың 

м а т е р и а л ды қ   ж ә не   м ә д ен и 

қажеттіліктерін  қанағаттандыру 

құралы  және  өмір  сүрудің  басты 

физиологиялық  және  әлеуметтік 

жағдайы болып табылады.

Сабит ДОСЫМБАЕВ,

Жамбыл облысы бойынша 

ҚАЖД ЖД 158/4 

СЕҰБ инспекторы, 

әділет аға лейтенанты.

АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ

ЗЕЙНЕТКЕРЛІККЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ



Жуырда Əкім Тарази атындағы орта мектепте 

«Өздеріңді мəңгі үлгі тұтамыз» тақырыбында басқосу 

болып, бір топ ұстаздарды зейнеткерлікке шығарып 

салу кеші өтті. Іс-шараны мектеп директоры міндетін 

атқарушы Ержан Баймұрзаев ашып, жүргізді. 

ЖАСТАР САЯСАТЫ 

ҚЫЗДАРЫМЫЗ 

ҚАЙРАТ ТАНЫТТЫ

«Болашақ» колледжі сіздерді келесі медициналық 

мамандықтар бойынша білім алуға шақырады:

0301000 – Емдеу ісі

0301013 – Фельдшер

0301023 – Акушер

0302000 – Медбикелік іс

0303000 – Гигиена және эпидемиология

0305000 – Лабораториялық диагностика

0305013 – Медициналық лаборант

Колледжде медицина ғылымдарының докторлары, 

профессор  С.О.Ордабеков,  профессор  Б.Т.Тулебеков 

және  басқа  жоғары  санатты  дәрігерлер  сабақ  береді. 

Колледж  білімгерлері  академик  С.Д.Джошыбаевтың 

және дәрігер Әзімхановтың клиникасында, облыстық, 

аудандық ауруханаларда іс-тәжірибеден өтеді.

(Шалғай  аудандардан  келген  білімгерлер 

жатақханамен қамтамасыз етіледі).



Мекен-жайымыз: Тараз қаласы, Пушкин көшесі 57, 

байланыс телефондары: 43-16-58, 45-26-50, факс: 45-00-34.

ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕР-2014!

ДƏСТҮР

ЕСІМІН ЕСКЕ АЛДЫЌ



ТƏРБИЕ 

ЕҢБЕК – 


ТҮЗЕУ ҚҰРАЛЫ

ДЕНСАУЛЫҚ

ТҰМАУДЫҢ ІНДЕТ МАУСЫМЫ АЯҚТАЛДЫ

БАНК

ХОУМ КРЕДИТ

   



 В ДБ АО «Банк Хоум Кредит» 

СРОЧНО ТРЕБУЮТСЯ!

Менеджера по работе с клиентами  в  с. Аса 

(Жалпактобе, Шолдала)

Обязанности:

• Поиск и привлечение клиентов

• Оформление денежного кредита   

• Оформление депозита



Требования:

•  Коммуникабельно сть,  инициативно сть, 

активность, нацеленность на результат.

•  Образование:  высшее,  неоконченное  высшее, 

оконченное среднее специальное

• Компьютерные навыки: опытный пользователь 

ПК

•  Опыт  работы    в  сфере  продаж    (можно  и  без 



опыта)

 Условия:      

• Бесплатная стажировка

• Оформление согласно ТК РК

• Фиксированный оклад + бонусы

• Профессиональный и карьерный рост

Резюме высылать на  ADosmanbetova@Homecred-

it.kz  либо принести по адресу г. Тараз, 

ул. Ниеткалиева 1А  с указанием позиции и города 

в теме письма. Тел: +7 771 775 85 29 Акбота


Бас редактор

Сансызбай

МАХАМБЕТҚҰЛОВ

Кезекші редактор

Б. ТӨЛЕНТАЕВ

М. ЖҰМАБАЕВ

Корректор

Газет ҚР мәдениет, ақпарат 

және қоғамдық келісім 

министрлігінде 18.12.1990 

жылы тіркелген. 

Тіркеу куәлігі №2024-Г

Біздің мекен-жайымыз:

Индексі 080200, Аса ауылы, 

Абай көшесі, 78 үй.

Телефон: бас редактор 2-17-98

Бас редактордың орынбасары 2-20-24

Компьютер орталығы 2-13-44

Меншік иесі:

Жамбыл аудандық 

«Шұғыла»-«Радуга» газеті 

редакциясы» ЖШС

Редакция авторлардың 

көзқарасы, жарнама мазмұны 

үшін жауап бермейді.

Жарияланбаған хатқа 

жауап қайтарылмайды.

Газет аптасына 2 рет, сәрсенбі, 

сенбі күндері шығады.

Газета выходит 2 раза в неделю, 

в среду и в субботу.

Индекс 68991

Газет  «Шұғыла»-«Радуга»  газеті  редак-

циясында  компьютерде  теріліп,  беттеліп, 

«Қанатты  қалам  әлемі»  ЖШС  баспаханасында 

басылады. Тараз қаласы, Төле би көшесі, 36 «б».

Электронды пошта: 

asa_66@bk.ru

Тапсырыс №100 

Таралымы 2840

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ-2020 ЖОЛ КАРТАСЫ 

Сәуір  айының  соңғы  күні  Гродеково  ауылы, 

Олжабаев көшесі, №51 үйде өрт оқиғасы тіркелді. Өрт 

үйде жүргізілген электр желісінің ақауынан шыққан. 

Аудан  тұрғындары  үйлердегі  өрт  қауіпсіздігін 

сақтап,  алдын  алғаны  жөн.  Өрттің  шығуын  анықтай 

келе, орын алған өрт оқиғаларының көбі жеке тұрғын 

үйлерде  болғаны  және  оның  түрлі  себептері  бар 

екені  байқалды.  Басым  көпшілігі  тұрғындардың  отты 

қолданудағы  абайсыздығынан  және  электр  желісінің 

ақауынан  болып  тұр.  Сол  себептен  тұрғын  үйлерде 

ескірген, тозығы жеткен электр жүйесін арнайы білімі 

бар электрик мамандарға тексертіп, қажеттігіне қарай 

ауыстырып, талапқа сай жүргізуі керек-ақ. 

Өртті болдырмау әркімнің өз қолында екенін естен 

шығармайық, сол үшін электр желілерінің ақауларына 

аса мән беріп, өрттің тілсіз жау екендігін балаларға ата-

аналары түсіндіргені жөн. 



Г. ЖАМАНТАЕВА,

Жамбыл ауданының ТЖБ аға инженері, 

өртке қарсы қызмет капитаны.     

1986 жылы Гродеково ауылында 

дүниеге  келіп,  сол  ауылда  орта 

мектепті  тамамдаған  Дильфуза 

Аюпова (суретте) арман қуып Тараз 

қаласындағы  «Болашақ»  кәсіптік 

гуманитарлық колледжіне түсіп, 2007 

жылы  аталмыш  колледждің  толық 

курсын  бітіріп,  қолына  «бастауыш 

сыныптарды  оқыту»  мамандығы 

бойынша диплом алады. 

Жас  маман  өз  саласы  бойынша 

жұмыс  іздеп  аудандық  «Жұмыспен 

қамту» орталығының мамандарынан 

к е ң е с   а л ы п ,   ос ы   о р т а л ы қ т ы ң 

ж о л д а м а с ы   а р қ ы л ы   « Ж а с т а р 

тәжірибесі»  бағдарламасы  аясында 

тәжірибеден  өтуге  өзі  білім  алған 

Гродеково орта мектебіне ағымдағы 

жылдың 23 қаңтарында жіберілген. 

Д и л ь ф у з а н ы   м е к т е п 

қабырғасында  жүргенде-ақ  одан 

жақсы  мұғалім  шығатынын  сезген 

мектеп  директоры  Г.Әбдірова  оның 

іскерлігін  тәжірибе  барысында 

тағы байқап, оны тұрақты жұмысқа 

қабылдады. 

Ж ұ м ы с қ а  

т ұ р а қ т ы 

қабылданғанына  қуанған  Дильфуза 

а у д а н д ы қ   Ж ұ м ы с п ен   қ а м т у 

орталығының  директоры  Нұрқасым 

Үкібаевқа және орталықтың жауапты 

мамандарына ризашылығын білдірді.



Дүйсенбек ОРМАНОВ.

Б.Тайшапұлы  атындағы  орта 

мектептің 9-сынып оқушыларынан 

құралған  «Өрнек-сити»  командасы 

а у д а н   м е к т е п т е р і   а р а с ы н д а 

«Ауылға  саяхат»  айдарымен  өткен 

көңілді  тапқырлар  клубы  (КТК) 

ойындарының  ақтық  сынына 

жолдама  алған  болатын.  Команда 

ж а қ ы н д а   а у д а н ды қ   Ж а с т а р 

орталығының  ұйымдастыруымен 

Ерназар  ауылында  өткізілген 

сайыста  марапатқа  ие  болды. 

Құрамында  Сабыр  Рахманберді, 

Аслан  Көшен,  Ақерке  Түмешбай, 

Эльвира  Әбидулла  сынды  шебер 

ойыншылары  бар  өрнектік  КТК 

командасына ауыл әкімінің жастар 

ісі  жөніндегі  кеңесшісі  Еркебұлан 

Әбдіров жетекшілік жасайды.

Осы  күні  өрнектік  жас  ақын 

Досымбек  Расылхан  жерлестерін 

қолдау  үшін  жазған  өлеңдерін 

оқыды. Талаптының қаламын ұштап, 

бойында  шабытын  оятатын  бұл 

өлеңдер  жайында  сөз  жұптаған 

Б.Тайшапұлы  атындағы  орта 

мектептің  қазақ  тілі  мен  әдебиеті 

пәнінің мұғалімі Құрман Ерімбетов 

оқушысы Досымбекке ризашылығын 

білдіріп, батасын берді.

Іс-шара соңы ән мен би кешіне 

ұласты.

Ермек ӘБДИЕВ,

Өрнек ауылдық клубының 

мәдени ұйымдастырушысы.

П р а в о   н а   з а щ и т у   ч е с т и 

и   д ос т о и нс т в а   з а к р е п лен о   в 

Конституции  Казахстана  (ст. 18). 

Далее  этот  конституционный 

принцип развивается в положениях 

Гражданского кодекса РК и Закона 

о СМИ, дополняющих друг друга. 

В  частности,  статья 143 ГК  РК 

так  и  называется: «Защита  чести, 

достоинства и деловой репутации».

Е с л и   л и ц о   с ч и т а е т ,   ч т о 

СМИ  распространили  сведения, 

порочащие  его  честь,  достоинство 

или деловую репутацию, оно вправе 

потребовать опровержения.

« П о р оч а щ и е   с в е д ен и я » . 

Ю р и д и ч е с к и й   с м ы с л   э т о г о 

понятия определён постановлением 

Верховного Суда РК от 18 августа 

1992  года  «О  некоторых  вопросах, 

возникших при рассмотрении судами 

дел  о  защите  чести  и  достоинства 

г р а ж д а н,   а   т а к ж е   д е л о в ой 

репутации граждан и юридических 

лиц».  Согласно  данному  НПА, 

«порочащими  являются  такие  не 

соответствующие действительности 

сведения,  которые  умаляют  честь 

и  достоинство  гражданина  или 

организации в общественном мнении 

или  мнении  отдельных  граждан  с 

точки  зрения  соблюдения  законов, 

моральных  принципов  общества 

(например,  сведения  о  совершении 

нечестного  поступка,  недостойном 

поведении  в  трудовом  коллективе, 

в семье; сведения, опорочивающие 

производственно-хозяйственную 

деятельность, репутацию и т.п.). В 

то же время не могут признаваться 

обоснованными  требования  об 

опровержении сведений, содержащих 

соответствующую действительности 

критику  недостатков  в  работе,  в 

общественном месте, в коллективе, в 

быту». При этом необходимо, чтобы 

лицо сначала обратилось в редакцию 

с   т р е б о в а н и е м   п у б л и к а ц и и 

опровержения.  И  лишь  в  случае 

отказа в публикации или же спустя 

месяц  (если  редакция  согласилась, 

но не опубликовала опровержение), 

пострадавший  может  обратиться  в 

суд (ст. 19 ЗоСМИ). 

Верховный  суд  указал,  что 

если  порочащие  сведения  были 

распространены в СМИ, то порядок 

опровержения  регламентирован 

частями 1 и 2 пункта 2 статьи 143 ГК 

РК. В них читаем, что опровержение 

публикуется  бесплатно  в  тех  же 

СМИ.  Более  ничего  о  порядке 

опровержения  не  говорится.  И  это 

очень любопытный нюанс.

Дело  в  том,  что  в  Законе  «О 

печати и других средствах массовой 

информации»  описывался  более 

детальный  порядок  опровержения. 

Т а к ,   о п р о в е р ж ен и е   д о л ж н о 

публиковаться  в  специальной 

рубрике  либо  на  той  же  полосе  и 

тем шрифтом, что и опровергаемое 

сообщение:  в  газетах – не  позднее 

месяца со дня поступления требования, 

в  иных  периодических  изданиях 

–  в  очередном  подготавливаемом 

выпуске. Если же речь идет о радио 

или  телевидении,  то  опровержение 

или ответ зачитывается диктором в 

той же программе или цикле передач 

и в то же время, не позднее месяца 

со  дня  поступления  требования. 

Такой  же  подробный  порядок 

предусматривает  действующее 

российское законодательство. 

В  пункте 6 статьи 143 ГК 

РК  читаем: «Гражданин  или 

юридическое  лицо,  в  отношении 

которого распространены сведения, 

порочащие  его  честь,  достоинство 

или  деловую  репутацию,  вправе 

наряду  с  опровержением  таких 

сведений  требовать  возмещения 

убытков  и  морального  вреда, 

причиненных их распространением». 

Из текста статьи следует, что кроме 

опровержения истец может взыскать 

со  СМИ  возмещение  убытков  и 

морального  вреда.  Возмещение 

убытков возможно, если в результате 

опубликования  порочащей  статьи 

истец  понес  какие-то  расходы 

или  упустил  выгоду.  Возмещение 

регулируется нормами главы 47 ГК 

РК  «Обязательства,  возникающие 

вследствие  причинения  вреда», 

размер  подлежащих  возмещению 

убытков  и  порядок  их  подсчёта 

устанавливаются  законом.  Все 

убытки  необходимо  подтвердить 

д о к у м ен т а л ь н о.   Е с л и   и с т е ц 

признан правым, они должны быть 

полностью ему возмещены. 

Компенсация морального вреда 

также  выражается  в  денежном 

эквиваленте.  Но  в  этом  случае 

истец  никаких  документов  для 

подтверждения собирать не должен. 

В своем заявлении в суд достаточно 

указать,  какие  именно  душевно-

нравственные  страдания  он  понес. 

Сумма может быть названа истцом 

какая  угодно,  но  дело  суда – 

согласиться  с  ней  или  нет.  Суд 

может как увеличить эту сумму, так 

и уменьшить ее.

Х.КОСАЛИЕВА, 

судья Жамбылского 

районного суда. 

Жарқырап  арамызда  жүрген  ардақты 

әріптесіміз,  асыл  азамат,  кәсібінің  білгірі 

ӘБСЕИТОВ  Жолсеит  Омарсеитұлы 45 

жасында мезгілсіз дүниеден озды.

Ол 1969 жылы 2 сәуірде Жамбыл ауданының 

Қаракемер  ауылында  дүниеге  келді.  Семей 

қаласында  арнайы  оқу  орнын  бітіріп,  еңбек 

жолын 1992 жылы Жамбыл ауданы бойынша 

салық  басқармасында  бастады. 2004 жылдан 

бері осы басқармада бөлім басшысы қызметін 

атқарып  келді.  Ол  әрдайым  өз  мамандығын 

мақтаныш  тұтты,  қызметін  қадірледі,  еселі 

еңбегімен,  терең  білімімен,  ашық  жайдары 

мінезімен ұжым мүшелерінің құрметіне бөленді.

Жолсеит Омарсеитұлы адамгершілік қасиеті мол, ақкөңіл, кеңпейіл, 

қызметтестерінің  қадірін  білетін,  ағайынның  бірлігін  аялай  алатын 

абыройлы азамат еді. Дос-жаранға адал, отбасының тірегі болған абзал 

жан болатын.

Орны  ойсырап  қалған  қимас  бауырымыздың  қазасына  қиналып, 

отбасының қайғысына ортақтасамыз. Жолдасымыздың жарқын бейнесі 

жүрегімізде әркез сақталады.

Жамбыл ауданы бойынша салық басқармасы ұжымы.

Қызметін тоқтатады

Жеке кәсіпкер Шиникбаева Уразкуль Тилешовна (ЖК «Шиникбаев У»,

СТН 210210400089, ЖСН 661216401216, куәлік сериясы 07915, тіркеу 

№0090598, берілген күні 13.07.2005 ж) қызметін тоқтатады. 

Барлық талап-тілектер осы хабарландыру газетте жарияланған күннен 

бастап  бір  ай  мерзім  ішінде  мына  мекен-жай  бойынша  қабылданады: 



Жамбыл ауданы, Қызылқайнар ауылы, Жамбыл көшесі, №32.

*          *          *

Шаруа  қожалық  жетекшісі  Костянкин  Виктор  Николаевич  (ШҚ 

«Возрождение»,  СТН 210210591749, ЖСН 510224301657, куәлік 

сериясы 07915, тіркеу №0082539, берілген күні 2.04.2009 ж) қызметін 

тоқтатады. 

Барлық  талап-тілектер  осы  хабарландыру  газетте  жарияланған 

күннен  бастап  бір  ай  мерзім  ішінде  мына  мекен-жай  бойынша 

қабылданады: Жамбыл ауданы, Гродеково ауылы.



*          *          *

Жеке кәсіпкер Байгабылова Кулдар Балыковна (ЖК «Байгабылова К»,

 СТН 210210444168, ЖСН 670704401991, куәлік сериясы 10915, тіркеу 

№0025813, берілген күні 20.02.2012 ж) қызметін тоқтатады. 

Барлық талап-тілектер осы хабарландыру газетте жарияланған күннен 

бастап  бір  ай  мерзім  ішінде  мына  мекен-жай  бойынша  қабылданады: 



Жамбыл ауданы, Түрксіб ауылы, Желтоқсан көшесі №97.

ЗАКОН И ПОРЯДОК

О ЗАЩИТЕ ЧЕСТИ, ДОСТОИНСТВА 

И ДЕЛОВОЙ РЕПУТАЦИИ

Тема эта является очень важной. Дело в том, что большинство 

судебных разбирательств, ответчиком в которых выступают 

СМИ, связано именно с подобными исками. 

КТК ОЙЫНДАРЫ

ҐРНЕКТІК ЖАСТАР ЕРЛЕДІ

ДИЛЬФУЗА ДЕГЕНІНЕ ЖЕТТІ

ƏБСЕИТОВ Жолсеит Омарсеитұлы

ТЖ ҚЫЗМЕТІ

ТҰРҒЫН ҮЙДЕГІ ӨРТ ОҚИҒАСЫ

Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектеп ұжымы 

осы мектептің зертханашысы Ұябаева Саидаға әкесі 

Әбдірәсілдің 

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет