3
13 мамыр 2014 жыл №47-48
9 мамыр – Жеңіс күні мерекесінен Қарой ауылдық
округінің тұрғындары да сырттап қалған жоқ. Ауылдағы
ескерткішке қашалып жазылған ардагерлер тізіміне көз
салсаң, солардың арасында қазіргі көзі тірі жан біреу
ғана. Ол – 1921 жылы туылған Ибрагимов Шавхат
ақсақал.
Ардагерлерді құттықтауға арнайы келген аудан
әкімінің орынбасары Үміткен Қапанқызы Найманова
Шавхат атаға зор денсаулық тілеп, сый-құрмет көрсетті.
Бұл құрметке марқайып қалған Шавхат ата ауыл әкімі
Жандос Бекболатовқа, «Арнұр Кредит» мекемесінің
жетекшісі Ералы Қуатовқа, «Достық» ШҚ-ның
ұжымына, аудандық білім бөлімі қызметкерлерінің
ілтипатына рахмет айтты.
Құрметке бөленген ардагер ауыл ақсақалдарымен
бірге мектеп оқушыларының өнерін тамашалады. Бұл
ауыл жастарының ардагерлерге деген құрметі, Жеңіс
күніне шашуы болатын.
П. ЛЕСИН.
Суретте: аудан әкімі орынбасары Үміткен
Найманова және «Арнұр Кредит» мекемесінің
жетекшісі Ералы Қуатов ҰОС ардагері Шавхат
Ибрагимовты құттықтай барғанда.
ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН!
АРДАГЕРІН АРДАЌТАДЫ
Елдің еркіндігін,
жарқын болашағын
көксеген арда азаматтар
құрметіне Гродеково
ауылында «Белгісіз
солдат» ескерткіші
алдында танымды іс-
шара ұйымдастырылды.
Ауыл әкімі Е.Бұралхиев пен ҰОС
ардагері І.Оңғарбаев ескерткішке
гүл қойған соң майдангер ата
соғыс жайлы естеліктерді күңірене
әңгімелеп, кейінгі ұрпаққа ақ
тілегін жеткізді. Жиын барысында
Е.Бұралхиев, облыстық мәслихат
депутаты С.Сейдазимов, күрді
мәдени орталығынан С.Асанов
а р д а г е р ле р д і Ж е ң і с т і ң 6 9
жылдығымен құттықтап, баршасына
құрмет көрсетті. Ауыл мешітінің
имамы Қара оглы Дурсун жат
жерде ерлікпен жан тапсырған
жауынгерлер мен жеңіс туын
желбіретіп елге оралып, кейіннен
қайтыс болған ардагерлердің рухына
бағыштап құран оқыды.
Салтанатты жиында ауылдың
«Русские красавицы» ансамблі
патриоттық әндер орындаса, өнерлі
өрендер мерекелік концерт қойды.
Кеш соңында жиналғандар
арнайы жайылған дастарханнан
дәм татты.
А. МЕЙІРМАНОВА,
Гродеково ауылдық
округінің мәдени
ұйымдастырушысы.
Ұлы Жеңістің 69 жылдығына
орай Жамбыл ауданы Әділет
басқармасының басшысы Назира
Құлманова, бас маман Еркебұлан
Жұман, жетекші маман Ардақ
Дүйсенбаева ұжым атынан соғыс
ардагері Састай Көркембаевтың
қара шаңырағында болып қайтты.
Олар майдангер атаны мерекемен
құттықтап, сыйлықтарын ұсынды,
қарттың иығына зерлі шапан жапты.
Ардагермен жүзбе-жүз сөйлесіп,
саулық тіледі.
Бұл күнде төрт ұл, үш қызынан
жиырма жеті немере, жиырма
ш ө б е р е к ө р і п о т ы р ғ а н қ а р т
майдангер ұрпағымыз бейбіт күннің
шуағына бөленіп, бақытты ғұмыр
кешсін деген тілегін жеткізді.
Құрметке бөленген ақсақал
құттықтай келген қонақтарға
алғысын білдіріп, қазақ елінің
болашағына бақыт тіледі.
Нұрасыл СҰЛТАНБАЕВ.
ЕРКІН ЕЛДІЅ ТІЛЕГІ
МЕРЕКЕМЕН ЌЎТТЫЌТАДЫ
Бесағаш ауылдық округінде Жеңіс
күніне орай «Біз Жеңісті жырлаймыз»
атты мерекелік іс-шара өтті.
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне
арналған ескерткіш маңындағы іс-шараны
ауылдық округ әкімінің орынбасары
Ержан Данаев ашып, ауыл имамы Мұса
Сүлейменов құран бағыштады. Округтегі
әрбір мекеме ескерткіш алдына гүл
қойып, бір минут үнсіздік жарияланды.
М е к т е п
о қ у ш ы л а р ы
театрландырылған көрініс қойып,
патриоттық әндер орындады. Ардагерлер
кеңесінің төрағасы Ж.Бөрібеков, әйелдер
кеңесінің төрайымы Ж.Шәдіқожақызы
ж ә н е м е к е м е б а с ш ы л а р ы
Ж.Шардарбекова, А.Серғазиева,
Е.Күлкеев, Ә.Сапиевтер сөз алып, тыл
еңбеккерлерін, ауған соғысы ардагерлерін
мерекемен құттықтап, елімізге тыныш
өмір, молшылық тіледі.
Мерекеге демеушілік жасаған
«Ынтымақ-Бесағаш» шаруа қожалығының
төрағасы Қадіржан Дөненбаев, «ҚӨЕҒЗИ»
Жамбыл филиалының директоры
Ерлан Күлкеевтердің көмегімен тыл
ардагерлеріне сыйлықтар тапсырылды.
Мереке Түрксіб ауылындағы ескерткіш
маңында жалғасты.
Р. АБДИМАНОВА,
Бесағаш ауылының мәдени
ұйымдастырушысы.
ГЇЛ ШОЌТАРЫ
ЌОЙЫЛДЫ
Сыйлық алған соғыс ардагерлері
қатарында Састай Көркембаев (Аса
ауылдық округі), Мақұлбек Қалтаев
(Айшабибі), Шафкат Ибрагимов,
Түсіпбек Қожамқұлов (екеуі де Қарой
ауылдық округінен) бар. Олар өздеріне
көрсетілген мұндай құрметке шексіз
ризашылықтарын білдірді.
– Ұлы Жеңіс мерекесі еліміздің
үлкен мерекесі деп ойлаймыз. Мереке
құрметіне мұндай сыйлықтарды
менеджер Бақытжан Бекқожаев
екеуіміз келісіп жасадық. Сұрапыл
соғыста елімізді жаудан қорғаған
ардагерлерге аз да болса қуаныш
сыйлағымыз келді, – дейді «Арнұр
Кредит» шағын несиелік ұйымы
Аса ауылдық бөлімшесінің бастығы
Ералы Ботабекұлы Қуатов.
Сыйлықтарды тапсыруға «Арнұр
Кредит» шағын несиелік ұйымы
облыстық филиалының директоры
Айдар Қуатов қатысты.
Б. ТӨЛЕНТАЕВ,
Суретте: майдангер
Мақұлбек атаға сыйлық
тапсыру сәті.
СЫЙЛЫЌТАР ТАПСЫРДЫ
Тарих парағы үнемі жаңаланып отырғанымен, ұмытылмайтын,
ескірмейтін оқиғалар болады. Сондай оқиғалардың бірі – сұрапыл соғыс
құрбандарын еске алу, ерлік дәстүрін ұрпақ бойына сіңіру, жауапкершілік
сезімдерін ояту және патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында аудандық
орталық кітапханада қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Ер
есіміне елі қанықты» тақырыбында кеш өтті. Жиында бөлім меңгерушісі
Қ.Асқатаева оқырмандарды 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесімен құттықтап,
тілек білдірді. Кітапханашы Н.Манабаева тарихтан мағлұмат берсе, оқу
залының кітапханашысы А.Құрымбаева соғыс кезінде оқ пен оттың
ортасында ерлікпен шайқасқан батыр жауынгерлеріміз жайына тоқталды.
Аталмыш іс-шарада Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектептің
8-сынып оқушылары А.Ербаева, А.Онаева, А.Тұрарбек, Ж.Еламанова,
Ә.Асылбеков жыр шумақтарын тарту етті. Сонымен қатар «Мәңгі есте
қалатын күн» атты слайд көпшілікке ұсынылып, «Ерліктің жарқын беттері
(1941-1945)» кітап көрмесіне А.Құрымбаева библиографиялық шолу
жасады. Нәтижесінде 4 кітап, 2 мерзімді басылым қолға беріліп, кітапханаға
5 оқырман жаңадан тіркелді.
Мақсат ЖҰМАБАЕВ.
ОЌЫРМАНЄА ОЙ САЛЫП...
Ұлы Отан
соғысындағы
Жеңістің 69
жылдығына орай
Аса ауылында
орналасқан
«Арнұр Кредит»
шағын несиелік
ұжымы
аудандағы
4 соғыс
ардагеріне гүл
шоқтарын және
әрқайсысына
10 мың
теңгеден заттай
сыйлықтар
тапсырды.
Ұлы Отан соғысына қатысқан
ардагерлеріміздің қатары күннен
күнге сиреп барады. Майданда
мерт болған батыр аталарымыздың
жесірлері де санаулы-ақ қалған.
Асыл жарын сағына күтіп,
б а т ы с ж а қ т а н к ө з а л м а ғ а н
ж е с і р ле р д і ң б і р і – Т а с т ө б е
ауылының тұрғыны Ұлжан апа
Елеусінова. Сұм соғыс кімнің
жүрегіне дақ салмады дейсің.
Ұлжан апа көп әңгіме айтпады.
Бірақ, ол кісінің көңілінде талай
н ә р с ен і ң ж а т қ а н ы а н ы қ е д і .
Ауыл әкімі Мұхтар Шайдаевтың
басшылығымен ауыл мешітіне
Ұлжан апамен қатар 10 қарт
ана мен 20 ақсақал шақырылып,
арнайы жайылған дастарханнан
дәм татты. Құран бағышталып,
жылы сөздер айтылды.
Кезегінде ауыл әкімі Мұхтар
Шайдаев Ұлжан апаға гүл шоғын
ұсынып, бешбет кигізді. Ол кісінің
немересі Нәдір Жарылқасынға
с п о р т т ы қ к и і м т а б ы с т а ды .
Сондай-ақ, арнайы шақырылған
10 ана мен 20 ақсақалға да құрмет
көрсетілді.
І с - ш а р а с о ң ы а у ы л
о р т а л ы ғ ы н д а ғ ы е с к е р т к і ш
алдында өтіп, онда мектептің
өнерлі оқушылары аталары мен
апаларына ән сыйлады.
Д. САЛЫМҰЛЫ.
ЖЕСІРІН ЖЫЛАТПАЄАН
Өз елінің болашағы үшін сұрапыл соғыста қаһармандық көрсеткен
азаматтар аз емес. Солардың бірі – Қызылдихан ауылының ардагері Ісеқұл
Оңғарбаев. Осы атаулы мереке қарсаңында Ісеқұл атамызды «Балапан»
балалар бақшасының тәрбиешілері мен бүлдіршіндері құттықтап қайтты.
Майдангер зұлмат кезінде бастан кешкендері жайлы, кейінгі ұрпақтың
бақытты өмірі үшін жанын берген жауынгерлер жайлы әңгімелеп берді.
– Аталар ерлігіне басымызды иеміз, – деп балалар өздерінің ерлік пен
елдік, Отан туралы тақпақтарын айтты.
Балабақша тәрбиешілері майдангер атамызға гүл шоғы мен естелік
сыйлығын табыс етті. Ардагер өз кезегінде бүлдіршіндерге, балабақша
ұжымына алғысын білдірді.
Отан қорғау жолында қайтпас қайсарлықтың үлгісін көрсеткен аталар
ерлігін өскелең ұрпақ санасымен сезініп, елін, жерін сүйіп, құрметтей білсе
екен дейміз.
Динара ҚҰРМАНАЛИЕВА,
«Балапан» балабақшасының әдіскер-психологы.
АТАЛАР ЖОЛЫ – ЕРЛІК ЖОЛЫ
«Адам егде тартқан сайын кесел деген кесапат тұла
бойыңды тұмшалап алады екен. Осындайда дәрігерді
қажет етесің. Жан қысылғанда сол ақ халатты абзал
жандардың шақырылмаса да өздері келе қалса деп
өкінесің» дегені бар бізбен әңгімесінде Аса ауылының
тұрғыны, ҰОС-ның ардагері Көркембаев Састай
ақсақал.
Келесі бір барғанымызда Састай ақсақал: «Өткенде
өзіңе айтқанымды періште қабыл етті ме, дәрігерлердің
өздері соңғы кездері үйге жиі-жиі келіп, жағдайымды
сұрап, ем жасап кетіп жүр. Сол үшін де аудандық
аурухана, емхана дәрігерлеріне, фельдшерлеріне,
медбикелеріне рахмет» дегені бар.
Жеңіс күні біз аудандық орталық аурухана
кәсіподағы ұйымының төрағасы, аудандық аурухана
бас дәрігерінің орынбасары Тәуіржан Мұсаев, «Нұр
Отан» ХДП «Аурухана» бастауыш ұйымының төрағасы
Елемес Тәжікеев және бастауыш кәсіподақ комитетінің
мүшесі, ота бөлімінің аға медбикесі Айнұр Ашановамен
бірге Састай ақсақалдың үйіне бас сұққанбыз.
Дәрігерлерді қуана қарсы алған ардагер
ризашылығын білдірген. Дәрігерлер Састай атаның
денсаулығын мұқият тексеріп, дәрі-дәрмектер берді.
Ақсақалды мерекемен құттықтай келген дәрігерлер
аудандық аурухана кәсіподағы комитеті атынан сыйлық
ұсынды.
Біз осы құраммен Гродеково ауылындағы соғыс
ардагері Ісеқұл Оңғарбаевтың, Айшабибі ауылының
қарт тұрғыны, облысымызға белгілі азамат, ҰОС-
ның ардагері Мақұлбек Қалтаевтың және Қаламаңы
ауылының тұрғыны, ҰОС-ның ардагері Шавхат
Ибрагимовтың үйлерінде болып, қариялардың
денсаулығын тексеріп, дәрі-дәрмектерді тегін таратып
берді. Гүл шоғын ұсынып, сыйлық тапсыруды да
ұмытпады.
Дүйсенбек ОРМАНОВ.
ДƏРІГЕРЛЕР – АРДАГЕРЛЕР ШАЅЫРАЄЫНДА
4
13 мамыр 2014 жыл №47-48
Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл
шаруашылығы бөлімі, Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11
мамырдағы №604 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011
жылғы 4 наурыздағы №221 қаулысымен
бекітілген Ережесінің 6 тармағына сәйкес,
2014 жылдың мамыр айының 19-шы
жұлдызынан маусым айының 20-шы
жұлдызы аралығында «Көктемгi егiс
және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге
қажеттi жанар-жағар май материалдары
мен басқа да тауарлық-материалдық
құндылықтардың, оның ішінде көктемгi
егiс жұмыстарын жүргiзуге қажеттi
лизинг шартының негізінде сатып
алынған тұқымның құнын арзандатуға
арналған субсидиялар» төлеу үшін
төмендегі бағыттарда құжаттар
қабылдайды.
1. СУБСИДИЯ ТӨЛЕУ ШАРТТАРЫ
9. Субсидиялар базалық және көтеріңкі
нормалар бойынша төленеді.
Осы Қағиданың мақсаттары үшiн
су б с и д и я л а р ды ң б а з а л ы қ н о р м а с ы
д е п а г р о т е х н о л о г и я л а р ды қ о л д а н у
деңгейiне қарамастан, АШТӨ-ге төленетiн
субсидиялардың ең төменгi мөлшерi түсiнiледi.
10. Жанар-жағар май материалдарын
және басқа да тауарлық-материалдық
құндылықтарды, оның ішінде көктемгi
егiс жұмыстарын жүргiзуге қажеттi лизинг
шартының негізінде сатып алынған тұқымды
сатып алуға байланысты субсидияларды төлеу:
1) дәндi дақылдар (күрiштен, дәндiк
жүгерiден басқа) бойынша – егiс науқанының
қорытындылары бойынша 1 гектарға
субсидиялардың базалық нормасы бойынша
100%. Бұл ретте тұқымды себу үшін пайдалану
«Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8
ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының
13-бабымен регламенттеледі.
Осы дақылдар ғылым ұсынған құрамында
сүрi жердiң (пар) үлесi бар аймақтық ғылыми
негiзделген агротехнологияларды сақтай
отырып және (немесе) негізгі элементтерді:
егіске дейін топырақты құрамында глифосат
бар жаппай қолданылатын гербицидтермен
көктемгі егіс алдындағы химиялық өңдеуді,
арнайы сепкіштермен немесе нөлдік
технологияға сәйкес келетін себушілері бар
себу кешендерімен себуді, сабанды міндетті
түрде ұсақтау мен біркелкі шашып тастай
және аңызды биік қылып қалдыра отырып егін
жинауды қамтитын нөлдік технологияларды
(no-till) қолдана отырып өсiрiлген жағдайда
базалық нормаға қарағанда көбейтiлген
субсидия төленедi.
Бұл ретте:
1) себу Қазақстан Республикасында
пайдалануға жол берiлген Мемлекеттiк
селекциялық жетiстiктер тiзiлiмiне енгiзiлген
және (немесе) перспективалы деп танылған
сұрыптардың үшінші репродукциясынан кем
емес тұқымдармен жүзеге асырылады;
2) базалық және субсидиялардың
көбейтілген нормаларын төлеу дәнді дақылдар
түрлерінің өңірлердегі басымдылығына қарай
сараланып жүзеге асырылуы мүмкін;
2) майлы дақылдар, күрiш, дәндiк жүгерi,
сүрлемдiк жүгерi, сүрлемдiк күнбағыс,
мақта, көкөнiс-бақша (қорғалған топырақ
жағдайында өсiрiлетiн көкөнiс дақылдарын
қоспағанда), жемшөптiк, оның iшiнде бiрiншi,
екiншi және үшiншi өсу жылдарындағы
бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер,
жемiс-жидек дақылдары, жүзiм және картоп
бойынша – егiс науқанының қорытындылары
бойынша базалық норма бойынша 1 гектарға
100% жүзеге асырылады.
Бұл ретте:
2-1) қант қызылшасы (фабрикалық)
бойынша:
50% – 1 гектарға егіс науқанының
қорытындылары бойынша;
50% – сатылған немесе қант зауытына қайта
өңдеуге өткізілген 1 тонна қант қызылшасына
(қолда бар қайта өңдеу қуаттарына сәйкес);
3) қорғалған топырақ жағдайында
өсірілетін көкөніс дақылдары бойынша –
жылыжайдың түріне байланысты сараланған
түрде және өкілетті органның ғылыми-
техникалық кеңесінің шешімімен мақұлданған
көкөніс дақылдарын өсіруге жұмсалатын
шығындар нормативтеріне сәйкес алынған
өскін қорытындылары бойынша (1 шаршы
метрге өнген өскіннің кемінде 95%) әрбір
дақыл айналымын бір гектарға көзделген
жылдық субсидиялар нормалары бойынша
әрбір дақыл айналымына бөлек 50%-дан
жүзеге асырылады.
Бұл ретте тұтас алғанда қорғалған топырақ
жағдайындағы көкөнiс дақылдарының екi
дақыл айналымынан артық емес: бiрiншiсi
– ағымдағы жылғы 1 қаңтардан 15 маусымға
дейiн және екiншiсi – 1 қыркүйектен 31
желтоқсанға дейiн (қысқы-көктемгi және
күзгi-қысқы кезеңдер) субсидияланады;
4) шабындық және (немесе) жайылымдық
жерге шөп егiп жаңарту және (немесе)
түпкілікті жақсарту үшiн егiлген көпжылдық
шөптер бойынша (көпжылдық шөптердiң
көнежастағы егiстiгiн жырту ғана ескерiледi)
– субсидиялардың базалық нормасы бойынша
1 гектарға жүзеге асырылады.
11. Мынадай жағдайларда:
1) көкөнiс-бақша дақылдары ашық
топырақта, майлы дақылдар, дәндік жүгері,
сүрлемдік жүгері, картоп, қант қызылшасы
мен мақта өнеркәсiптiк үлгiдегi тамшылатып
суару жүйелерiн, өнеркәсiптiк үлгiдегi
спринклерлік суару жүйелерiн қолдана
отырып өсiргенде. Бұл ретте өнеркәсiптiк
үлгiдегi тамшылатып суару жүйесi: сорғы
станциясын, гидроциклонды (немесе сүзгiш
қондырғыларын), гидроазықтандырғышты,
қысым реттегiштi, су өлшегiштi және
тамшылатқышы бар құбыржолдар жүйесiн
қамтуға тиiс;
2) суармалы түрде көпжылдық шөптерді,
оның ішінде бірінші, екінші және үшінші
өсу жылдарындағы көпжылдық бұршақты
шөптерді және шабындық және (немесе)
жайылымдық жерге шөп егiп жаңарту және
(немесе) түпкілікті жақсарту үшiн егiлген
көпжылдық шөптерді (көпжылдық шөптердiң
көнежастағы егiстiгiн жырту ескерiледi)
өсiргенде субсидия нормасы субсидиялардың
базалық нормасымен салыстырғанда көбейедi.
12. Субсидиялар егiстiк жерде өсiрiлетiн
оңтайлы мерзiмде себiлген басым ауыл
шаруашылығы дақылдарының және (немесе)
шабындық және (немесе) жайылымдық жерге
шөп егiп жаңарту және (немесе) түпкілікті
жақсарту үшiн егiлген көпжылдық шөптердiң
алқаптарына ғана төленедi.
Субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға
арналған өтінімдерді ұсыну мерзiмi және
оңтайлы себу мерзiмдерi ғылыми ұйымдардың
қ о р ы т ы н ды л а р ы не г i з i н д е ж ы л ды ң
қалыптасқан ауа райы-климаттық жағдайын
ескере отырып, субсидияланатын басым ауыл
шаруашылығы дақылдарының әрбiр түрi
бойынша ауданның (облыстық маңызы бар
қаланың, Астана мен Алматы қалаларының)
жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен
айқындалады.
2. ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
13. АШТӨ бөлiмге осы Қағидаға
1-қосымшаға сәйкес субсидия алушылардың
тiзiмiне қосуға арналған өтiнiм мен осы
Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
мiндеттеменi мынадай құжаттармен:
1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу
(қайта тiркеу) туралы куәлiктiң* немесе
анықтаманың көшiрмелерiмен (жеке тұлға
үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың
және дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу
туралы куәлiктiң көшiрмелерiмен).
Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының
кейбір заңнамалық актілеріне заңды
тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар
мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа
енгізілгенге дейін заңды тұлғаны (филиалды,
өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)
туралы берілген куәлік заңды тұлғаның
қызметiн тоқтатқанға дейін жарамды болып
табылады;
2) жер учаскесiне сәйкестендiру және
(немесе) құқық белгiлейтiн құжаттың
және (немесе) қаржы лизингi шартының
көшiрмелерiмен;
3) осы Қағиданың 10-тармағының 2)
тармақшасында көзделген жағдайларда
ауылдық тұтыну кооперативiнiң немесе
су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну
кооперативiнiң анықтамасымен;
4) нөмiрi көрсетiлген банктiк шоттың
бар екендiгi туралы банк анықтамасының екі
данасымен қоса ұсынады.
14. Дәндi дақылдарды (күрiштен, дәндiк
жүгерiден басқа) өндiрумен айналысатын
АШТӨ базалық нормаға қарағанда көбейтiлген
субсидия алушылардың тiзiмiне енгiзу үшiн
осы Қағиданың 13-тармағында көрсетiлген
құжаттарға қосымша:
а й м а қ т ы қ ғ ы л ы м и не г i з д е л г ен
технологияларды сақтаған жағдайда:
1) аттестатталған тұқым өндiрушiлер
не м е с е ө т к i з у ш i ле р б е р г ен т ұ қ ы м ғ а
аттестаттың не тұқымға куәлiктiң көшiрмесiн
(тұқым сатып алынған жағдайда), ал себу
үшiн өзi өндiрген тұқымды пайдаланған
жағдайда тұқымның сапасына сараптама
жасау жөнiндегi зертханалар берген тұқымның
кондициялылығы туралы куәлiктердiң
және сұрыптық егiстердi байқаудан өткiзу
актiлерiнiң көшiрмелерiн ұсынады. Бұл ретте
Қазақстан Республикасында пайдалануға
жол берiлген Мемлекеттiк селекциялық
жетiстiктер тiзiлiмiне енгiзiлген және (немесе)
перспективалық деп танылған сұрыптардың
үшiншi репродукциясынан кем емес тұқымдар
себiлген алқаптар ғана субсидиялауға жатады;
2) алдыңғы жылы ауыспалы егісте
танаптардың орналасу картасын (сызбасын)
(АШТӨ растаған);
3) ағымдағы жылы ауыспалы егісте
танаптардың орналасу картасын (сызбасын)
(АШТӨ растаған);
осы дақылдарды нөлдік технологияларды
(no-till) қолдана отырып өсірген кезде:
1) құрамында глифосат бар гербицидтерді
сатып алуды растайтын құжаттардың
(құрамында глифосат бар гербицидтерді
жеткізу шарты, төлем құжаттары, тауар-
көліктік жүкқұжаттар) көшірмелерін;
2) АШТӨ басшысы қол қойған құрамында
глифосат бар гербицидтерді енгізу есебін
ұсынады.
14-1. 1 тонна өндірілген қант қызылшасына
субсидия алу үшін АШТӨ бөлімге мынадай
құжаттарды:
1) тапсырылған қант қызылшасының
көлемін тексеру актісін қоса бере отырып,
қант зауыты мен қант қызылшасын сатып
алу-сату бойынша шарттың (сатылған кезде)
көшірмесін;
2) қайта өңдеуге тапсырылған қант
қызылшасының көлемін тексеру актісін қоса
бере отырып, алыс-беріс қант қызылшасын
қайта өңдеу қызметтерін көрсету туралы
шарттың көшірмесін ұсынады.
15. Қорғалған топырақта көкөнiс өсiрумен
айналысатын АШТӨ субсидия алушылардың
тiзiмiне енгiзу үшiн осы Қағиданың
13-тармағында көрсетiлген құжаттарға
қ ос ы м ш а ж ы л ы ж а й ды ң т е х н и к а л ы қ
паспортының көшiрмесiн (нотариалдық
куәландырылған) немесе жылжымайтын
мүлiктi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi
органның жылыжайдың (қорғалған топырақ
ғимаратының) болуы мен жұмыс алаңы
туралы анықтамасын ұсынады.
16. АШТӨ лизинг шартының негізінде
ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын
сатып алған кезде субсидия алушылардың
тізіміне енгізу үшін осы Қағиданың
13-тармағында көрсетілген құжаттарға
қосымша:
лизинг шартының көшірмесін;
лизинг шарты бойынша негізгі борышты
өтеу үшін лизинг берушінің деректемелерін
көрсете отырып субсидия төлеуге арналған
өтінімді ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: