Тақырып 3. MS Excel кестелік процессорының арнайы функциялары. MS Еxcel-де арнайы есептеулер жүргізу:
матрицалармен жұмыс, тиімділеу есебі. Финанстық функциялармен жұмыс.
MS Excel-де кез-келген функциямен жұмыс істеу үшін жұмыс бетінде функцияның негізгі аргументтерінің мәндерін дайындап алу керек.
Вставка - Функция командасының көмегімен функция
шеберін шақырып, Финансовые категориясынан керекті функцияны таңдаймыз. Функция шебері 3.1 суретте көрсетілген.
Функцияның аргументтерін сипаттау Функция аргументтері терезесінде орындалады. Функция аргументтері терезесі 3.2 суретте көрсетілген. Егер аталған функция туралы толығырақ анықтама керек болса, онда Справка по этой функции сілтемесіне басамыз. Нәтижесінде Справка Microsoft Excel терезесі ашылады. Справка Microsoft Excel терезесі 3.3 суретте көрсетілген.
15
3.1-сурет – Функция шебері терезесінен финанстық функцияны таңдау
Егер функцияның аргументі басқа ішкі функцияның есептеу нәтижесі болса, онда Функция шебері қайта шақырылады.
Аргументтер терезесінде аргументтердің мәндері немесе мәндер орналасқан ұяшықтар адресі енгізілгеннен кейін ОК батырмасын басамыз
3.2-сурет – Функция аргументі терезесі
16
3.3-сурет – Функциялар туралы анықтама жүйесінің терезесі.
Аргументтерді енгізу барысында мыналарды есте сақтаған жөн:
Шығындарды білдіретін аргументтер (мысалы, жыл сайынғы төлемдер) теріс сандармен, ал кірісті білдіретін аргументтердің мәндері (мысалы, дивидендтер) оң сандармен беріледі;
барлық дата функция аргументі ретінде сандық форматта болады;
әр аргумент өз орнында болуы керек. Егер қандай да бір аргументтің мәні болмаса, орны бос қалады, бірақ міндетті түрде аргументтерді бөліп тұратын таңбалар қойылады.
1-есеп. 1 000 000 000 көлемінде ссуда 5 жылға, 12 % жылдық ставкамен берілген. Төртінші жыл үшін негізгі төлем шамасын анықтау керек.
Шешімі: ОСПЛТ(ставка; период; кпер; пс; бс) функциясын қолданамыз.
Біздің есебімізде функция түрі: ОСПЛТ(12 %; 4;5;1000000000) Есептеу терезесі 3.4 суретте көрсетілген:
17
3.4-сурет – Займ бойынша негізгі төлемдерді есептеу
Мұнда В8 ұяшығына мына формула енгізіледі:
= ОСПЛТ(B5;B6;B4;B3)
Достарыңызбен бөлісу: |