Логикалық функциялар қандай да болмасын бір шартқа тәуелді есептеулер жүргізуде қолданылады. Шарттарды көрсету үшін Excel программасында салыстыру амалдарының “ =”, “>”, “<”, “<>” (тең емес), “>=” (үлкен немесе тең), “<= “ (кіші немесе тең) белгілері пайдаланылады.
ЕСЛИ(лог_выражение;значение_если_истина;значение_если _ложь) функциясы, функция аргументіндегі логикалық өрнек (лог_выражение) ақиқат мәнге ие болғанда, аргументтегі бірінші мәнді (значение_если_истина) , ал қарсы жағдайда екінші мәнді (значение_если_ложь) береді. Мұндағы:
– лог_выражение – бұл нәтижесі, екінің бірі, яғни не АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН болатын логикалық өрнек;
– значение_если_истина – бұл лог_выражение
АҚИҚАТ болғандағы мән, егер осы жағдайда функцияның
жазылуында бұл аргумент (значение_если_истина) түсіп қалған болса, онда функцияның мәні де АҚИҚАТ болады;
– значение_если_ложь – бұл лог_выражение ЖАЛҒАН болғандағы мән, егер осы жағдайда функцияның жазылуында бұл аргумент (значение_если_ложь) түсіп қалған болса, онда функцияның мәні де ЖАЛҒАН болады.
Мысалы
B1 ұяшыққа = ЕСЛИ(A1<20000; 12; 15) формуласы жазылған. Егер A1 ұяшығына 30000 саны енгізілетін болса, онда нәтижесінде B1 ұяшықта 15 саны шығады, себебі 30000<20000 шарт ЖАЛҒАН болып тұр.
И, ИЛИ функциялары күрделі шарттарды жазу үшін қолданылады:
И (логическое_выражение1; логическое_выражение2;....) - АҚИҚАТ мән қабылдайды егер барлық аргументтер сәйкесінше АҚИҚАТ болса, ал қалған жағдайлардың бәрінде ЖАЛҒАН болады.
ИЛИ (логическое_выражение1; логическое_выражение2;...) - АҚИҚАТ мән қабылдайды егер ең болмағанда бір аргумент
13
АҚИҚАТ болса, ал қалған жағдайлардың бәрінде ЖАЛҒАН болады.
Мысалы
Егер A1 ұяшығына [1, 4] аралықтағы сандардың бірін жазғанда В1 ұяшығындағы = ЕСЛИ (И(A1>=1;A1=<4);15;18) - өрнегінің мәні 15-ке тең болады, ал қалған жағдайда 18 болады.
20000>
Достарыңызбен бөлісу: |