Бағдарламалық мақсаттар: 1) мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы;
2) мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізу;
3) дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың әлеуеті;
4) Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту.
Бағдарламаның міндеттері:
1) мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру және стандарттау;
2) мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту;
3) мемлекеттік тілді оқыту үдерісін ынталандыру;
4) мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру;
5) мемлекеттік тілге сұранысты арттыру;
6) қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу;
7) тіл мәдениетін жетілдіру;
8) коммуникативтік – тілдік кеңістіктегі орыс тілінің қызмет етуі;
9) Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау;
10) ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену.
«Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу.
Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс.
Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады.
Ол үшін біз бәрін де жасап жатырмыз.
28.01.2011 жыл Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауы Біз сол сияқты орыс тілін және өзге де қазақстандық этностар тілін дамытатын боламыз.
Мен қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу – әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігін әрдайым айтып келемін.
Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін.»
ҚР Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығының талдауы бойынша орыс тілінде оқытатын мектептер үшін қазақ тілі пәнінен 2014-2015 жылдардың ҰБТ статистикасы ҚР Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығының талдауы бойынша ағылшын тілі пәнінен 2014-2015 жылдардың ҰБТ статистикасы