Секілді өмір қЫСҚА, жарты тұтам (Өлеңдер жинағы)



Pdf көрінісі
бет1/59
Дата20.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141221
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
d3a9d0bbd0b5d2a3d0b4d0b5d180-d0b6d0b8d0bdd0b0d293d18b (1)



СЕКІЛДІ ӨМІР ҚЫСҚА, ЖАРТЫ ТҰТАМ
(Өлеңдер жинағы)
Секілді өмір қысқа, жарты тұтам,
Надандар деп ойлап жүр өмірді ұтам.
Аз өмірді ақындық жолға бердім,
Лепес қып түкірген соң молда Мұқан.
Қаламды шын беріліп, алдым берік,
Əлдеқандай бір күшке көңіл сеніп,
Бұрын жалғыз оқу еді іздегенім,
Енді оған өлең жазу болсын серік.
Бірдей ме сабақ берген барлық молда,
Ант берем, алуан түрлі деймін олла.
Денеден-ақ көрініп тұрған жоқ па,
Саусақтың алалығы біткен колға.
Əкемнен "Əліп-биді" үйде оқыдым,
Үйреніп намаз сабақ жат тоқыдым,
Əлі молда алдында дəл екі жыл
Əр түрлі ескі кітапты бір шоқыдым.
Тортайдан екі жылдай сабақ алдым,
Ол байғұс аяған жоқ ойда барын.
Ғылымның орны бас пен көкіректе,


Бүйір шығып, қампия тоймас қарын.
Мұқаннан екінші жыл сабақ алам,
Ұйықтасам да көңілім оқуға алаң.
Лепес қып өзі бастап, "ақын бол" деп,
Дұғасын ықыласпен берді маған.
Сондықтан бір мақсатым өлең жазу,
Оқуменен бірге іздеп, қоса қазу.
Осы ойыма өткен түн серт берілді,
Менде болмас бұл ойдан өмірде азу.
1907


ТАҢҚЫ МҰРЫН, БЫРТИҒАН, ҚАРА БҰЖЫР
Таңқы мұрын, быртиған, қара бұжыр,
Ірісінген мінезі қандай қыжыр.
Мұрны сасық сиырлар судан жерір,
Сен де сондай, басқаға мұрның тыжыр.
Көзі көк, шолақ иек, қадау сақал,
Қарны шертік, жауырын тоқ, бойы тапал.
Қотандағы шет-пұшпак б... теред.
Апырмай, пайдакүнем неткен мақар!?
Айттырған қалыңдығы байдың қызы,
Жақсы ғой жарасса, егер, еңбек тұзы.
Махаббат, жар дегенді ұға білсе,
Жібімес өмірінде жүрек мұзы.
Амал не, малдың сөзі ем болды ғой,
Малсыз басың, кім болсын, кем болды ғой.
Аққуы айдын көлдің сұңқар ілер.
Қарғаға б... шоқыған жем болды ғой.
Ойлайды-ау, "теңімін" деп соқыр надан,
Есте жоқ, ұрып жығып, малмен алған.
Қара көңіл, топас ой, өзің таныр.
Ой өрісі болған соң малдан жаман.


Молдекең неке қиса еркін сұрап,
Төгер еді мөлдір жасын көзден жылап.
Егіліп жүректегі сырын төксе,
Тұра алмас қандай қатты адам шыдап.
Шіркін-ай, іргесінде тыңдап жатсам,
Махаббат ұнаспаған ойды тапсам,
Арам дене қосылған, жүрек бөлек,
Малдай теліп жатқанын молдаға айтсам.
1907




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет