Секуляризация - [лат. saecularis - зайырлы] - саясаттың діннен азат етілуі, оның табиғи-тарихи үрдіске айналуы. Биліктің секуляризациялануының нәтижесінде саяси ұйымның құндылықтары, беделі, қызметтері өзінің сакралды, табиғаттан жоғары, тылсым күштік мазмұнын жоғалтады. Саясат - қоғамдық өмірдің табиғи нәтижесі.
Саясат мемлекет органдарымен дайындалатын құқыққа бағынады. Дамыған демократиялық қоғамдарда саясатпен адамдар айналысады, ол өзінің қасиеттілігінен айрылады. Заңдарды дайындайтын адамдар, ал адамдар заңға бағынулары керек.
Бірақ қоғамдық үрдістерді тиімді түсіндірулерге қарамастан XX г. сая¬аттағы тиімді емес, түсіндіруге мүмкін емес жағдайлар қалып отыр. Демократия идеологтары зайырлы биліктің кемшіліктерін бейтараптандыру мақсатында табиғи тетіктер ұсынды: сайлау, жариялылық, құқық үстемдігі, билікті бөлу қағидаты, т.б.
«Зайырлылық» сөзі қазақ тіліндегі «ашық», «айқын», «сыртқы» деген мағыналарды білдіретін араб тіліндегі «захири» сөзінен енген. «Зайырлылық» ұғымы латын тіліндегі «laicus» («лаицизм»), «saecularis» («секуляризация») сөздерімен үндеседі. «Саясаттың діннен оқшаулануы, оның табиғи-тарихи үрдіске айналуы» деген мағынаны береді. «Зайырлылық» ұғымының ауқымы кең. Зайырлылық аясына гуманистік құндылықтар, соның ішінде адамның ар-ұждан және наным-сенім бостандығын еркін пайдалануы кіреді. Яғни зайырлылық – әр адамның дүниетанымдық еркіндігін құптай отырып, қоғамның рухани саласындағы көп түрлілікті мойындау болып табылады. Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo — толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй. Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады.
Прогресс - ең төменгіден ең жоғарғы деңгейге дейінгі даму бағытын, алға қарай қозғалысты, ұйым деңгейінің артуын, ұйымның күрделілігін ішкі байланыстардың өсуін сипаттайтын даму үрдісі. Бастапқыда прогресс идеясы жаратылыстық- ғылыми танымда қарастырылды (Ф. Бэкон, Р. Декарт). Кейінірек ол қоғамға, әлеуметтік қатынастарға да таралды (Тюрго, Кондорсе). Прогресс мәселесіне Гегель көп көңіл аударды, ол ағартушылардың рационализмін, олардың тарихты, өткенді елемеуін жоққа шығарды, сонымен қатар, ол өткенді шексіздендіретін романтизм мектебінің жалған тарихилығын қабылдамады. Тарихи прогресті әлемдік рухтың өзіндік дамуы ретінде қарастыра отырып, Гегель оны бостандық түсінігіндегі прогресс ретінде сипаттады. К. Маркс қоғамдық прогресс критерийлерін өндіріс күштерінің дамуынан көрді. Өндірістің дамуы, еңбек өнімділігінің артуы, оны ұйымдастырудың жетілуі жұмысшының тұлғалығын, білімін, мәдениетін дамытып, қоғамдық қатынастарды және жалпы қоғамды жетілдіре түседі. Прогресс идеясы шексіз қатып қалған емес, салыстырмалы сипатта болады. Дүниеге жалпы, дамудың бірбағыттылығы кереғар; өлі табиғатта көптеген процестер үдемелі емес, мерзімдік қозғалыста болады. Қоғам прогресінің мақсаты адам болып табылады. Оның өмірі, игілігі, бостандығы - қоғамдық өмірге, тарихқа және адамның өзіне жоғары мән беретін ықпалдастырушы факторлар болып табылады.
Регресс [1](лат. regresus — кері қозғалу) — дамудың кері кетіп, төмен қарай құлдырауы. Регресске деградация, ұйымдастыру дәрежесінің әлсіреуі, қажетті іс-әрекеттерді орындау қабілетінің жойылуы тән. Регресс, сондай-ақ тоқырау, ескі формалар мен құрылымдарға кері оралу кезеңдерін қамтиды. Регресс өзінің бағыты жағынан прогрескеқарама-қарсы. Бірақ та бұлардың арасында күрделі, жан-жақты байланыс бар, бір жағынан, кейбір регрессивті өзгерістер жалпы прогрессивті дамудың шеңберінде болып жатса, екінші жағынан, кейбір регрессивті өзгерістердің үдей түсуі кезінде оның кейбір құрамы дамудың прогрессивті бағытын сақтайды. Қоғамдық дамуда Регресстің болуы тарихи дамудың қарама-қарсылық мәніне тән. Реакцияшылтоптар мен күштер уақытша (реакция кезінде, фашизм өріс алғанда) прогрессивті күштерден басым болуы мүмкін. Бірақ мұндай регрессивті құбылыстар бұрынғы әлеум. форманың ыдырауының нәтижесі ғана болып, оның орнына алдыңғылардың құнды жағын бойына сіңірген жаңа форма келеді. Мұндай құбылыстың ыдырауы жалпы жүйе шеңберіндегі даму процесін үзіп тастай алмайды, оның қажетті алғышартының біріне айналады.
Месседж - жасырын хабарлама, идея (өнер туындысында), оның мәні тек бастамашыларға ашылады