Сәлеметсіздер ме оқушылар! Сендерді көргенімізге өте қуаныштымыз. Көңіл күйлерің қалай?
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Жүректен жүрекке: Оқушылар!
Барлығымыз шаттық шеңберіне жиналайық.
Қазір тоқыма жіпті қарама-қарсы тұрған адамға лақтырып, өз лебіз,тілектерімізді айтып, бір-бірімізге жақсы көңіл күй сыйлайық.
(Балалар орындарына отырады)
Ал, енді балалар көзімізді жұмып, бір сәт тыңдайықшы.
- Ненің дауысы естіледі? (Құс шырылдайды).
- Бұл не балалар?
- Құс
- Тақтаға қарандаршы! Ненің суретін көріп тұрсыңдар?
- Құстардың
- Дұрыс айтасындар балалар.
Қалай ойлайсындар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы не туралы болмақ?
-Құстар туралы
-Жарайсындар!Ендеше Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы “Құстар-біздің досымыз”
Табиғатты құрайтын тіршіліктің бірі – құстар. Құстардың үстінде мамық жүндері болады, үшкір, өткір тұмсығы бар,аяқтарында өткір тырнақтары бар.
Құстар - біздің досымыз, олар табиғаттағы керемет тіршілік иелері. Көк аспан құстардың мекені, аспанды құссыз елестету мүмкін емес. Олар тамаша әуендерімен айналаны әсем әнге бөлеп, адамдарға керемет көңіл – күй сыйлайды. Сонымен қатар құстар бау - бақша, егістік жерлердегі жәндіктерді жеп табиғатқа пайдасын тигізеді екен. Яғни құстар біздің жерден алатын азық - түлік өнімдерімізді құрттардың құртуынан, жәндіктердің жеуінен құтқарады екен.
Бейнематериал
https://youtu.be/lXDycKWXexk
Қарлығаш – адамға дос. Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады.Оның өз әні бар, әні құлаққа жағымды. Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді. Мейірімді құс. Егер оның ұясына бейтаныс құс кіріп кетсе, оған шабуыл жасамай, басқа ұяға көшіп кетеді. Ол үнемі азық іздеумен айналысады. Оның балапандары күніне 300 рет тамақтанады
Аққу – қорғауға алынған жыл құсы.Мойны ұзын әдемі құс.Халқымыз аққуды сұлулықтың символына балаған. Аққу – 30-40 жыл өмір сүреді..Халық аңызына сүйенсек жылан да аққу жұмыртқасына тиіспеген,адамдар да аққуды атпаған.Ол киелі құс.
Бүркіт – еркіндік пен бостандықтың символы саналатын қасиетті құс. Және Бүркіт жыртқыш құс.Оның түсі қоңыр. Бүркітті ерте кезден ұстаған,аңшылыққа үйреткен. Халқымыз бүркітті ерекше дәріптеп, «Құс патшасы – бүркіт, аң патшасы – арыстан», «Көк аспанның әміршісі», «Құс төресі бүркіт» деп өте жоғары бағалап оған үнемі құрметпен қараған.
Торғай – адамдарға жақын жерде ұя салғанды ұнататын ең танымал құстардың бірі. Ол мейірімді, тапқыр және жанасқыш құс. Торғай - кішкентай құс, өлшемі 18 см-ге дейін, ал салмағы 35 г аспайды.
Қысқы мезгілінде жылы жаққа ұшпайтын отырықшы құс. Әрі қорек талғамайды
Топқа бөлу . Құстардың суреті бойынша.
1-Қарлығаш
2-Аққу
3-Торғай
4-Бүркіт
Тапсырмалар
Тапсырма
Сәйкестендіру. Көлеңкесін табу. 4 топқа 4сурет . Жіп арқылы сәйкестендіру
Тапсырма
Үйшік. Есеп Тақтаға орындайды.4 топқа 4еу
Тапсырма
Топтық жұмыс. Әр топтан 1оқушы шығып тақтаға орындайды. Үйрек балапаны
Тапсырма
Жеке жұмыс. Мәреге жету. Үкі
Сергіту сәті
Аяқ пен қол. Қағаздар бойынша секіру
Тапсырма
Тыйым сөздер. Болады немесе болмайды
Құстарға ұя жасау
Құстарды ату
Құстарға жем беру
Құстарға тас лақтыру
Құстардың жұмыртқасын алу
Құстарға қамқорлық жасау
Құстардың ұясын бұзу
Кері байланыс
Ара әдісі.
1.30-40жыл өмір сүретін жыл құсы (аққу)
2. Адамның досы, ұясын үйдің айналасына салатын құс
3. Еркіндіктің символы болып саналатын құс
4. Қорек
Балалар, құстарға жем шашып, қамқорлық жасауымыз керек. Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқасын жаруға болмайды. Құстарға ерекше қарап, қорғап жүрейік, балалар .! Өйткені құстар - біздің досымыз!
Бүгінгі тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті
Достарыңызбен бөлісу: |