ҚОСТАНАЙ ЖӘНЕ ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР
К
ү н
қ а б а ғ ы
ашылып, тіршіліктің
тамырына қан жүгір-
ген шақта дала жай-
нап, жер құлпырады.
Көктемнің көкегімен
еліміздің барлық ай-
мақтары жасыл желек-
ке оранып, гүлдер егіп,
жайнай түседі. Гүлден-
ген бағдарламадан біздің
қаламызда тыс қалма-
ды. Жанарларды жау-
лаған көшеттер шаһар
тұрғындары мен қо-
нақтарының қөңілінен
шығатын сыңайлы, оған
себеп, қала көшелерін
кешке торыған жастар,
осы абаттандырылған
гүлді мүсіндермен сурет-
ке түсіп, қызықтайды.
Қалалық әкімшілік-
тің баспасөз қызметінің
хабарлауынша, көгал-
дандыру жұмысына
2015 жылы 18,8 млн.
теңге қаржы бөлінген.
Қала көркін қыздыруға
атсалысып, аянбай ең-
бек етіп жүрген Наталья
Елизарова: «Біз «Таза-
лық» ЖШС 3 жылдан
бері Қостанай қаласын
көгалдандырумен айна-
лысып келеміз. Орта-
лық саябақ, «Жеңіс»
саябағын, барлық көше-
лерді абаттандырамыз.
Гүлдерді өзіміз өсіреміз.
Қызғалдақ, бәйшешек
сияқты көз жауын ала-
тын желектерді отырғы-
замыз»,
– деді.
Кенже ҚОНЫСБАЙ,
ҚМУ студенті.
Гүлге оранған Қостанай
Қостанай қаласында 188 көше бар екенін
біреулер білсе, тағы біреулердің біле қоймай-
тыны анық. Мұнша көшенің ұзындығы үш
жүз шақырымнан астам. Соның 224 шақы-
рымы асфальтталған. Қиыршық тас төселген
тұсы 98 шақырымнан астам. Жаяу жүргінші
жолы
–
тротуарлардың қашықтығы
–
256
шақырым.
Енді көше жолдарының сапасы қан-
дай, соған келейік. Бізге жеткен мәліметтер
бойын ша жолдардың сапасы заман талапта-
рына сай. Қырық бес пайызы қанағаттанар-
лық жағдайда. Қалғаны сын көтермейтін
деңгейде.
Жаяу жүргінші жол айырығы алты жүз-
ден астам. Бұлардың барлығы да жол ере-
жесі белгілерімен қамтамасыз етілген. Бір
жүзден астам бағдаршам үзіліссіз жұмыс
істейді. 404 аялдама павильоны тиісінше
жабдықталған.
Әдеттегідей жол жөндеу қарқын алуда.
Айта кету керек, көктем туа сала тиісті
ұйымдар автокөліктердің тоқтаусыз жүруін
қамтамасыз ету шараларын күн тәртібіне
қойды. Олар қар ерісімен асфальттың ойы
лып, шұңқырланған жерлерін бүтіндеді.
Шұңқырларға брусчатка плиталар төселді.
Күрделі жөндеу жұмыстары басталғанға
дейін мұндай тәсіл қолайлы болып саналды.
Биылғы жылдың бірінші сәуірінде
жолдардың техникалық жағдайы тексеріл-
ді. Қалалық мәслихаттың және қалалық
жол полициясының мамандары сараптама
жүргізді. Сосын жұмыс ауқымы анықтал-
ды. Мердігерлерге тапсырмалар жүктелді.
Жұмыс көлемі күн сайынғы, апта және ай
сайынғы көлеммен белгіленді.
Нақтылап айтқанда, көше жолдарын
қайта қалпына келтіру, орташа және ағымды
жөндеу жұмыстарына 836,0 миллион бөлін-
ді. Мәселен, Герцен көшесін қайта жөндеу-
ге екі миллиард 120 миллион теңге қажет.
Үстіміздегі жылы төрт миллион теңге игеріл-
мек. Мұнша қаражатпен едәуір жұмыс тар
атқарылмақ. Атап айтқанда, Киев көшесі-
нен Текс тильщиктер көшесіне дейін асфальт
жаңартылады. Тротуарлар қосымша жөнде-
леді. Ауқымды тапсырма «Аяз» жауапкер-
шілігі шектеулі серіктестігіне жүктелген.
Чехов көшесін «АБЗ плюс» серіктесті-
гі жауапкершілігіне алды. Кәсіпорын екі
жылда 885 миллион 912 мың теңгенің жұ-
мысын жүзеге асырады. Жол жүру ережесі
белгілерін орнатуға жиырма екі миллион
теңге жұмсайды.
Көшелерді орташа жөндеу де ұмыт қал-
майды. Айта кету керек, қала бюджетінен
мұндай жұмысқа бөлінген отыз сегіз миллион
теңге жеткіліксіз болып тұр. Соны ескерген
облыс басшылары бюджеттен қосымша 186
миллион теңге бөлді. Чехов көшесін қай-
та қалпына келтіруге жұмсалатын ақшадан
сексен алты миллион теңге осы жұмыстарға
ауыстырылды.
Ағымды жөндеу жұмыстары да ескерусіз
қалмайды. 190 миллион теңге қаражатпен
жолдардың тесіліп, шұңқырланған жерлері
тегістеледі. Автобустар тоқтайтын аялдама
тұсындағы алаңдар да қалпына келтіріледі.
Егерде, шағын алаңдар уақытылы тегістел-
месе, асфальты ойылып қалады. Мұндайда
жолаушылар автобусының аялдамаға тоқ
тауы қиындап кетеді.
СУРЕТТЕ: Қостанай қаласы көшелерінің
жолдарын жөндеу сәті.
Суретті түсірген Айбек Жүзбай.
Көшелер сапалы жөнделеді
Уақытша жабылған көшелер
Қостанай қаласы жол-
дарын жөндеу кезінде
тұрғындар алаңдайды.
Жолаушылар автобуста-
ры тоқтаусыз жүретін
көшелермен қатынамай
қалады. Бұл, әрине,
уақытша құбылыс.
«Қостанай және қоста-
найлықтар» арнаулы бетіне автокөліктер жүрмейтін көше-
лер тізімін қосып отырмыз. Атап айтқанда, Баймағамбетов
көшесінің Хакімжанова мен Досжанов көшелерінің шека-
расы, Алтынсарин көшесінің Л.Беда мен Досжанов көше-
лерінің шекарасы, Маяковский көшесінің Хакімжанова мен
Нариманов көшелерінің шекарасы, Герцен көшесінің Киев
және Текстильщик көшелерінің шекарасы, Красный Кузнец
көшесінің Набережный көшесінен «Бамбук» ресторанына
дейінгі шекара тұстары уақытша жабылды.
Жол қозғалысы ережелері
Қала көшелері үнемі
автокөлік қатынасына
толы. Саналуан марка-
лы жеңіл машиналардан
бастап, жүк машиналары,
жолаушылар автобусы
тоқтаусыз жүреді. Бұлар
жол қозғалысы ережесіне
бағынады. Соған байла-
нысты жол қозғалысы ережелері белгілерінің атқаратын
қызметі зор.
Былтырғы жылы осы жұмыстар ыждағаттылықпен атқа-
рылды. Жол қозғалысы белгілері жаңартылды. Көшелердің
қиылыстарына он бес бағдаршам орнатылды.
Тағы да бір маңызды мәселе жол белгілеріне байланыс
ты. Аса қиын шаруа болмаса да, бұл да мұқияттылықты
талап етеді. Себебі, аталған белгілер сапалы болуы керек.
Оларды әрлендіруге баса назар аударылады. Және орна-
тылатын жері мұқият таңдалып алынады. Сонда ғана бел-
гілер жүргізушіге анық көрінеді. Міне, осындай шаралар
жолавтокөлік апаттарын азайтады.
Игі істермен тұрғын үй коммуналдықшаруашылық
бөлімі ішкі істер бөлімінің жолавтокөлік инспекциясы
қызметкерлерімен бірлесіп айналысты.
Асфальт жолдар жолағына кейбіреулер мән бермейді.
Сайып келгенде мұның да ықпалы үлкен. Бұған он сегіз
миллион теңге бөлінді.
СУРЕТТЕРДЕ: уақытша жабылған көшелер.
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай.
5
24 маусым 2015 жыл
Алпысыншы жылдары ауылдарға көгіл-
дір отын келеді дегенде, бұған біреулер сен-
се, енді біреулер таңырқаумен болды. Таңыр
қамай қайтсін, пешке қамыс, тезек жағып
дағдыланғандар жер астынан өндірілетін газ-
дың отындық қуатын біле қоймады. Олар
әуелі газ плитаға тамақ пісіруді қанағат тұт-
ты. Келекеле көгілдір отынмен үйді жылы-
ту науқаны басталды. Бүгінде қаншама елді
мекен көгілдір отынмен қамтамасыз етілген
десеңізші, «КазТрансГазАймақ» акционер-
лік қоғамы осынау игі істің басында тұр.
Қоғамның біздегі филиалы облыстың алты
ауданын газбен қамтамасыз етеді. Оның қу-
аттылығы сонша, Қазақстандағы газ тарату
нарығының тоқсан пайызын игерген.
Қостанайдағы осынау өндірістік филиал
дың ауқымы кең. Облыс аймағы «Бұхара
Орал» газ құбырына қосылған. Құбырдың
ұзындығы 353,5 шақырым. Газ облыс орта-
лығына, Рудный, Лисаков, Жітіқара қала-
ларына және қырық бес поселкеге келген.
Қостанай қаласына аталған қоғам фи-
лиалы қандай қызметтер жасауда, соған
тоқталайық. Нақты мәліметтерге сүйенсек,
жетпіс мыңнан астам адам көгілдір отынды
пайдаланады екен.
Соның ішінде көп қабатты 976 (59100
пәтер) тұрғын үйдің, 12665 жекеменшік үй-
дің тұрғындары газбен қамтамасыз етілген.
Мұның сыртында, Майкөл, Ударник ауыл-
дарына да газ құбыры тартылған. Екі жүз
елу кәсіпорын көгілдір отынның рахатына
бөленуде.
Тұтынушыларды газбен үзіліссіз қамта-
масыз ету және қауіпсіздікті сақтаумен
алты газ шаруашылығы айналысады. Газ
жүйелерін жөндеу және электрохимқорғау
жұмыстарының алатын орны да зор. Олар
жерасты және жерүсті құбырлары мен қон-
дырғыларына техникалық қызмет жасай-
ды. Қалпына келтіру, жөндеу жұмыстарын
атқарады. Электрохимқорғау бұйымдарының
жұмысын бақылайды. Автокөлік қызметі де
пайдалы істермен айналысады.
Айта кету керек, барлық көрсетілетін
қыз мет түрлері ақылы. Бұл дұрыс тәсіл,
нарық соны талап етеді. Қазақстан Рес
публикасының 2012 жылғы тоғызыншы
қаңтардағы «Газ және газбен қамтамасыз ету
туралы» заңына сәйкес техникалық қызмет-
тер тұрғындардың пәтерлеріне де жасалады.
Қостанай қаласының көшелеріне газ құ-
бырын тарту ісі жылмажыл жақсаруда.
Былтыр қаланың ӘлФараби, Гашек, Қайыр
беков, Алтынсарин, Фролов көшелерінің,
Аэропорт, екінші Қостанай шағын аудан-
дарының тұрғындары көгілдір отынға қарқ
болды.
Өткен жылдың мамыр айынан бастап,
«Попович», «Узкая Колея», «Титов» кө-
шелері шекараларына, Герцен көшесінде-
гі №1,2 тұрғын үйлерге газ тарту жүйесі
құрылысы салынуда.
СУРЕТТЕРДЕ: «ҚазТрансГаз Аймақ»
акционерлік қоғамының көгілдір отынмен
қамтамасыз етудегі қызметтері.
Топтаманы
дайындаған
Ермекбай
ХАСЕНОВ.
Көгілдер отын
маздап жанады
Шұға
ҚОҢҚАБАЙ
Сәрсенбі күні облыстық проку-
ратурада кеңейтілген алқа отыры-
сы өтті. Онда жетім балалар мен
ата-ана қамқорлығынсыз қалған
балаларды қорғауға бағытталған
заңнаманың қолданылуына
жүргізілген тексеру нәтижелері
талқыланып, біраз былықтың
беті ашылды. Статистикалық
деректерге сүйенсек, облысы-
мызда 3 117 жетім және ата-ана
қамқорлығынсыз қалған бала
бар. Олардың 1 851 отбасында
қамқорлыққа алынған, 124 патро-
натты, 1 142 жетім балалар мен
ата-ана қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру
мекемелерінде тәрбиеленуде.
2014 жылы 1 525 қамқоршыға
жетім және ата-ана қамқорлығын-
сыз қалған балаларды асырауға
28,9 млн. теңге көлемінде жәрдем-
ақы төленді. Тексеру нәтижелері
көрсеткендей, қамқоршылардың
өз міндеттерін тиісті орындамай-
тыны анықталды. Мысалы, Қос-
танай қаласы қамқорлық жасау
органдарының ресми деректері
бойынша, мүгедек жетім А.Киль-
дишовты өз әпкесі қамқорлығына
алған. Алайда тексеріс барысында
қамқоршы 3 жылдан астам уақыт
бойы Астана қаласында тұрып
келгені анықталды, ал бала қазір
Лисаков қаласының түзету мек-
теп-интернатында. Қамқоршы
осы жылдар бойы бұл баланы
асырауға арналған жәрдемақы
алып келген. Мұндай факті аз
емес. Өкілетті органдардың рұқ-
сатынсыз, қамқоршылар мен
қамқорлыққа алынған балалардың
бөлек тұру фактілері де анықтал-
ды, ал оларға тиесілі жәрдемақы-
ны қамқоршылары алып келген.
Балалардың мүлік құқығының жиі
бұзылатындығы да белгілі болды.
Мысалы, Қостанай қалалық білім
бөлімі рұқсатының негізінде 2014
жылдың наурыз айында кәме-
летке толмаған А.Басмурзинның
анасы оның Рудный қаласындағы
жылжымайтын мүлкін сатып, өз
ұлын туыстарының біріне бере
салған. Сөйтіп өз ұлын саудалаған
аналар да бар болып шықты.
Қамқорлыққа алынған кәме-
летке толмаған балалардың мүлкі
сақталмайды.Тексеріс барысында
қамқорлық жасау органдары және
әділет органдарына жетім бала-
лардың мүлкін иемденуге тыйым
салу туралы қорғау хаттарын жібе-
ру бойын ша ешқандай шара қол-
данбаудың 36 фактісі анықталды.
Сонымен қатар, тексеріс бары-
сында жетім балаларды мемле-
кеттік тұрғын үй қорынан баспана
алу кезегіне тұрғыз баудың 49 фак-
тісі анықталды.
Қамқорлық жасау органдары
мен сот орындаушыларының
арасында өзара қарым-қатынас-
тың болмайтындығынан, жетім
балалардың уақытында алимент
ала алмау фактілері жиі кезде-
седі. Мәселен, Рудный қаласын-
дағы түзету мектеп-интернатына
қамқорлыққа берілген Д.Дюжаков
ата-анасынан 2012 жылдың қаза-
нынан бастап тиісті алиментті ал-
маған, ал И.Дюжаковадан қамқор-
лық жасау органының пайдасына
алимент өндіру туралы атқару
ісі мүлде қозғалыссыз жатқан.
Прокуратура органдарының ара-
ласуынан кейін, борышкердің
жұмыс орны бойынша, баланың
пайдасына 64 000 теңге өндірілді.
Жалпы, тексеру кезінде алимент
алуға құқы бар балалардың көбі
алмайтындығын көрсетті. Рудный
қаласындағы балалар үйінің 139
тәрбиеленушісінің 38-і ғана али-
мент алады.
Тексеру нәтижелері облыс
прокуратурасының алқа отыры-
сында қарастырылып, анықталған
құқық бұзушылықтарды жою және
қамқорлық жасау органдары жұ-
мысын жетілдіру туралы нақты
ұсыныстар жасалды.
ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ
Өз баласын
саудалаған...
Серіктестікке араша
түсті
Айбек
КӘДІРҰЛЫ
Өткен жылдың қараша айында «Алтын Тау-НЧ» ЖШС-і жиырма
жылдан бері жұмыс істемей тұрған Қараторғай су құбырының құбыр-
ларын бұзуға жарияланған тендерді ұтып алды. Тапсырыс беруші –
«Арқалық ЖЭК» коммуналдық кәсіпорны. Жоғарыда аталған фирма
өкілдері жыл аяғына дейін белгіленген жұмысты бітіріп, 52,5 млн.
теңгені игеруі тиіс болатын.
Фирма құрылыс нысанын бұзуға кіріскенде кейбір құбырлардың
диаметрі шартта көрсетілгеннен үлкенірек екені анықталды. Яғни,
оларды алып шығу, тасымалдау уақыт алады әрі қыруар шығын
шығары сөзсіз. Сондықтан, жылу компаниясы мердігермен келісе
отырып, төлем сомасын ұлғайтып, барлық жұмыстарды 2015 жылғы
1 наурызға дейін ұзартуға қосымша келісім жасасты.
Алайда, белгіленген мерзім аяқталуға жақындағанда МКК фирмаға
келісімді бұзуды ескертіп, кейін шарттың мерзімін сақтамағаны үшін
мердігерді жауапсыз деп тану үшін сотқа жүгінді. Бұл кезде бұзу жұмыс-
тарын толық аяқтаған фирма өздеріне тиесілі төлемді ала алмай жүрген.
«Сотта «Алтын Тау-НЧ» ЖШС-і өз міндеттерін адал орындағанын
дәлелдеп берді. Өз кезегінде, МКК-нің қисынсыз әрекеті серіктестік
беделіне нұқсан келтіріп, кейін олар мемлекеттік сатып алуға қатыса
алмас еді», – дейді облыстық кәсіпкерлер Палатасы құқықтық қолдау
бөлімінің бастығы Ренат Дәулетпаев.
Жалпы, жыл басынан бері бизнесті қорғау желісі бойынша облыс-
тық кәсіпкерлер Палатасына 179 өтініш келіп түсіп, олардың ішінен 51-і
оң шешімін тапты. Нәтижесінде, келтірілген 500 млн. теңге қазынаға
қайтарылды.
6
24 маусым 2015 жыл
Алдымен, бұл туралы ауқымды ақпарат
алу үшін аудандық құрылыс және сәулет
бөлімінің басшысы Меңдібек Исмағұловқа
бас сұқтық. Оның айтуынша, «Ақбұлақ»
бағдарламасы аясында ауданда атқара-
лып жатқан игілікті істер осыдан үш жыл
бұрын басталған. Содан бері жоба аясын-
дағы жоспарлы жұмыстар кезең-кезеңімен
ойдағыдай орындалуда.
– Ең маңызды мәселе – тұрғындар-
ды сапалы тіршілік көзімен қамтамасыз
ету. Осыны оңтайлы шешуде «Ақбұлақ»
бағдарламасы таптырмас тетік. Мұны
мемлекеттің өзі қолдап, аса мән беруде.
Республикалық және облыстық бюджеттен
бөлінген қаржының арқасында біздің өңір-
де де қыруар істің басы қайырылуда. Яғни,
сапалы ауыз су мәселесі бірыңғайланып
келеді. Айталық, ауданда «Ақбұлақ»
бағдарламасы қолға алынған жылдар
ішінде орталықтандырылған сумен қамту
көрсеткіші 82,8 пайызды құрады. Яғни,
әзірге жоспардың 63,0%-ы орындалды.
Жалпы, жоба аясында өңірде су жүр-
гізу мен магистральдық жұмыстар 142
шақырымды қамтымақ. Мәселен, алдыңғы
жылы 16 шақырым (құны 500 млн. теңге),
былтыр 56 шақырым (құны 888 млн.тең-
ге) орындалса, биыл 30 шақырым (құны
602 млн.теңге) жоспарлануда, ал қалға-
ны келесі жылдың еншісінде. 2016 жылы
аудан орталығын сумен қамтамасыз ету
аяқталып, тұрғындар толықтай сапалы
ауыз сумен қамтыламақ. Бүгінде бұл жұ-
мыстармен айналысып жатқан «Ерлан»
Компаниясы» ЖШС-гі өздеріне жүктелген
жұмыстарды кідіріссіз, сапалы атқарып ке-
леді, – дейді әңгіме барысында Меңдібек
Жармағанбетұлы.
Иә, айтса-айтқандай-ақ, «Ақбұлақ»
мемлекеттік бағдарламасының ауқымы
кең. Ол – 2011-2020 жылдарға арналған.
Сондықтан осы уақыт аралығында ха-
лықты 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз
ету үшін жерасты суларын тиімді пайда-
лануда мол мүмкіндік береді. Әсіресе,
оны өңірде өрістету барысында жергілікті
билік те басты назар бөліп келеді. Сөйтіп,
біздің сарыкөлдіктердің де басты қалауы
орындалып, сапалы ауыз сумен қамтама-
сыз етілуде. Игілікті істің барысымен та-
нысу мақсатында «Ерлан» Компаниясы»
ЖШС серіктестіктің атқарып жатқан жұ-
мыс алаңына ат басын бұрған едік. Олар
қарбалас жұмыс үстінде екен. Бізді қарсы
алған учаске бастығы Нұрымбет Қоқышев
өз ісін жетік біледі. Мұнда екі жылдан бері
жұмыс істейді. Ал, оның қарамағында сай-
дың тасындай, тепсе темір үзетін 40 жігіт
жұмыс істеп жатыр.
– «Ақбұлақ» бағдарламасы бүкіл еліміз
бойынша ауқымды істерге ұйтқы болып
отыр. Оның осыншама пайдасын мемле-
кет алдын ала біліп, екшеп-текшеп қой-
ған болатын. Біз осы бағдарлама аясында
жұмыс істеп жатырмыз. Өткен жылы екі
заманауи жерасты су нысанын, Ленин кө-
шесі соңында жаңа насос бекетін салдық.
Көшелер мен элеватор және темір жол
бекетіне ауыз су тарттық. Ал, биыл Кома-
ров көшесіндегі 1500 текше метрлік жаңа
таза су резервуарының жұмысын аяқта-
дық. Ал 1962 жылы салынған 500 және
1000 текше метрлік су қоймаларына күр-
делі жөндеу жүргізудеміз. Сондай-ақ, Мир,
Толстой, Чапаев, Куйбышев көшелерінде
су құбырын тарту жұмыстарын тәмамда-
дық. Енді Меңдеке батыр көшесі бойында
магистральдық жұмыстар басталды. Оны
бітірген соң республикалық маңызы бар
жол бойындағы көшелерге ауысамыз. Күз-
ге қарай Сарыкөлде 5500 текше метр су
қоры болады, – дейді өз сөзінде учаске
бастығы Нұрымбет Қоқышев.
Біздер куә болғандай, осы жылы өңірде
жаңадан салынған №1 су насосы бекетінің
жұмысы да аяқталыпты. Мұнда еуропалық
үлгідегі құрылғылар орнатылған. Осында
оператор болып істейтін маманды да сөзге
тартқан едік:
– Менің бұл салада қызмет істеп жатқа-
ныма 7 жылдай уақыт болып қалыпты. Ал-
дында №2 су насо-
сы бекетінде еңбек
еттім. Мұндағы жұ-
мысым өзіме ұнай-
ды. Бәрі тетікпен
басқарылады, сон-
дықтан аса қиын-
дық жоқ. Жалақым
да жақсы. Барлығы
– 4 адам істейміз.
Менің негізгі мін-
детім – құрылғы
тетіктерін басып,
резервуарларға су
қабылдап, оны ау-
данға жіберіп тұру,
– дейді өз ісінің ма-
маны Елена Герцог.
Жасыратыны жоқ, бұрын мұндай
болған жоқ. Өңірдің өзекті мәселесі осы
су еді. Тұрғындар тегіс ауыз су алу үшін
жаз болса темір арбаларын, ал қыста ша-
наларын суағарға қарай сүйрететін. Не
болмаса бір багын 13 теңгеден сатып алып
ішетін. Енді міне, жұртшылықтың дені мұн-
дай ауыртпалықтан арылды. Ауыз суды
қалауынша қолданып, қолдары ұзарып
отыр. Ең бастысы, таза судың халық ден-
саулығы мен әлеуетінің артуы үшін тигізер
септігі зор болмақ.
Набрежная көшесіндегі №69 үйдің
иесі – Мұрат Битанов осы өңірдің тумасы.
Былтыр үйіне су келгенде бастан кешірген
бақытты сәтті әлі күнге дейін ұмытпапты.
Алған әсерін бізге былайша жеткізді:
– Көшемізге су тартылғанда қуанышы-
мыз қойнымызға сыймады. Мен бұл сәт-
ті ұзақ жыл күттім. Себебі, біздің еліміз
өркендеп келеді. Өңірлерде өркениеттен
қалып жатқан жоқ. Елбасымыздың са-
рабдал саясатының арқасында аудандық,
ауылдық жерлер де жыл санап жайнай тү-
суде. Әсіресе, таза судың үйді-үйге тар-
тылуы мемлекетіміздің өз халқына деген
қамқорлығы, мерейлі бағдарламалардың
жемісі деп білемін. Өз басым дәл осындай
заманда өмір сүріп жатқанды зор бақыт
санаймын. Бұрын суды литрлеп сатып
алатынбыз. Сосын арғы көшеге суағар
орнатылған соң, ауыз суды содан алатын
болдық. Ал, бақша мен моншаға жаңбыр-
дың суын тұтынып жүрдім. Енді міне, был-
тырдан бері су тапшылығынан, суды тасып
ішуден толықтай құтылдық. Қазір рахат! Су
үйден сарқырап ағып тұр. Үйдегі бұран-
даны ашып, су алған сайын жүрегімді
қуаныш сезімі кернейді де тұрады. Бұл,
әрине, «Ақбұлақтай» мемлекеттік бағдар-
ламаның арқасы. Оны ойлап тапқан және
жүзеге асырып жатқан жандарға алғысым
шексіз, – дейді Мұрат Әбділдәұлы.
Ал биыл су құбыры салынып жатқан
Мир көшесіндегі №5 тұрғын үйге табан
тірегенде алдымыздан ақсақалды ата мен
ақ жаулықты әжей шығып, қарсы алды.
Үйдің иесі болмағандықтан, ол кісілерді
әңгімеге тарттық.
– Баламыздың үйіне кемпіріміз екеуіміз
қонаққа келіп жатырмыз. Осындағы оң өз-
герістерді көріп бір қуансақ, ал көшелерге
су тартылып жатқанына куә болып, тағы
көңіліміз бір көтеріліп қалды. Жер-жерді
аралап жүрміз ғой, қарағым. Мұндағы
жасалып жатқан жұмыстардың тазалығы
жақсы екен. Мемлекетіміз халықты ауыз
сумен қамтып, үлкен жеңілдік жасауда. Бү-
гінгілер бақытты. Біз жас кезімізде суды
иінағашпен көлден тасып ішетінбіз, ал қыс-
та шанамен мұз әкелетінбіз. Оның несін
айта берейін, қиындықтың көкесін көрдік
қой. Қазір, бәрі басқаша, заман түзеліп
келеді.
Балам Рамазан осы ауданда 25 жылға
жуық қызмет істеп келеді. Бірақ, содан бері
олар су тапшылығын көп көрген еді. Енді,
міне көшелеріне су құбыры жүргізіліп, тө-
белері көкке жетіп отыр. Бұл бір жағынан
біздерге де жақсы болды. Мұнда келгенде
ағып тұрған сумен бақшаны, ағаштарды
асықпай суаратын болдық. Соны бүгіннен
бастап қолға алып жатырмыз. Менің түпкі
ойым, осындай мемлекет қамқорлығы бар
да, еліміздің түкпір-түкпірінде көпшіліктің
көкейінде жүрген осы бір күрделі сауал
алдағы уақытта оң шешімін табады деп
ойлаймын, – дейді қонаққа келген Дәуле-
кей Ерғалиев ақсақал.
Ал оның Құдай қосқан қосағы Бика-
мал Ерғалиева әжей болса, немересін
жеміс-жидектерді суаруға үйретіп жүр
екен.
– Жалпы, өзім балаларымды, неме-
релерімді де бөліп жарған емеспін. Бүгін
немереме жидектерді қалай суару керек-
тігін үйреттім. Бір жағынан суды орынсыз
ысыраптамауды да құлағына құйып жаты-
рмын. Себебі, судың да сұрау бар. Үйге
су келді екен деп оңды-солды шашып,
ысыраптай беруге де болмайды, – дейді
бардың қадірін білген Бикамал әжей.
Мінеки, халықтың сенімін ақтап, көптің
көңіліне үміт отын жаққан «Ақбұлақ»
бағдарламасы аясында өңірде атқарылып
жатқан жұмыстар легі осындай. Бола-
шақта бұл жоба су тапшылығын тартқан
ел тұрғындарының толықтай мәселесін
шешеді деп сенеміз!
Достарыңызбен бөлісу: |