6.3 Жұмысты орындау тәртібі
6.3.1 Жұмысқа дайындық кезінде орындалады.
а) Зертханалық стенд пен схемаларды құрастыру ережелерімен танысыңыздар.
б) Рұқсат кірісті 2х4 дешифраторы үшін ақиқат кестесін құрастырыңыздар.
в) Ақиқат кестесін пайдалана отыра, рұқсат кірісті 2х4 дешифраторы схемасын ЖӘНЕ-ТЕРІСТЕУ базисінде үш кірісті элементтерді қолданып жобалаңыздар.
г) Жеті сегментті индикаторда дербес берілген төрт символды тіркес түрде көрсететуге мүмкіншілік беретін код түрлендіргіштің схемасын жобалаңыздар. Тапсырмалар варианттары 6.4-суретте келтірілінген.
д) Баяндама даярлаңыздар, оған б) …г) бөлімшелердегі жасалған аналитикалық өрнектерді, ақиқаттық кестені, схеманы енгізіңіздер.
6.3.2 Зертханалық сабақта орындалады.
а) Рұқсат кірісті 2х4 дешифраторды ЛЭ –де құрастырыңыздар және шығыс сигналдардың ақиқат кестеге сәйкестігін тексеріңіздер.
б) Құрастырылған дешифратордың мильтиплексор ретіндегі жұмысын қарастырыңыздар.
в) 6.3.1 г) бөлімшеде жасалған код түрлендіргіштің схемасын құрастырып, оның жұмысының дұрыстығын тексеріңіздер.
г) Баяндаманы мұғалімде қорғаңыздар.
6.4 Әдістемелік нұсқаулар
Дешифратор мен код түрлендіргіштер кірістері үшін айнымалыларды санауыш шығыстарынан алыңыздар. Адрестік айнымалылар инверторлары сапасында 2ЖӘНЕ-ТЕРІСТЕУ №5 және №6 ЛЭ қолданыңыздар.
Айнымалылар санын көбейту үшін ЛЭ кірістері мен шығыстарын немесе тармақталған өткізгіштерді пайдалануға болады. Рұқсат кірісіне берілетін сигналды пайдаланылмайтын 2ЖӘНЕ-ТЕРІСТЕУ ЛЭ шығысынан алған қолайлы (жарық диоды оның деңгейін көрсетеді).
6.4- сурет Тапсырмалар варианттары
Код түрлендіргішті синтездерде әрбір сегмент үшін ақиқат кестесі құрастырылады (айнымалылар комбинациясы берілетін кестенің бөлігі ортақ болуы мүмкін). Егер, сегмент жанса, функция 1-ге тең, жанбаса, 0-ге тең. Төрт символды көрсету үшін екі айнымалы жеткілікті, яғни, синтезделетін түрлендіргіш екі кірісті және жеті шығысты болады.
Ақиқат кесте бойынша әрбір сегмент үшін Карно картасы толтырылады және бірдей желімдеулер саны мүмкіндігінше көп болатындай функция минимизацияланады (ықшамдалады). Содан кейін функцияның аналитикалық өрнегі ЖӘНЕ-ТЕРІСТЕУ базисінде жазылып, сол бойынша ЛЭ-де схема құрастырылады. Құрамында екеуден артық ЛЭ бар схемаларды реализациялау үшін стендтегі К155КП2 мультиплексорын қолданған ыңғайлы.
Индикатор сегменттерінің таңбаланулары 6.3-суретте көрсетілген. Сегменттің шығысы сол әріппен таңбаланған ұя болып табылады. Оны кез келген элементтің шығысына жалғауға болады (буфер стендтің ішіне орналасқан). Керек болса, сегментке 1 беруге, оның шығысын жалғаусыз қалтыруға болады. Нөл (0) беру үшін ұясын немесе 0 қалыптастырылған ЛЭ шығысын пайдалануға болады.
Индикаторды A…G ұяларындағы сегменттерді басқару режиміне ауыстырып қосу үшін Х1 ажыратуындағы 5және 6 түйіспелер арасына жалғамалар қосу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |