9.1 Жұмыстың мақсаты
Тіркеуіштердің ( регистр) жұмысын, оларды жасау принципін, олар негізінде схемалар тұрғызу принципін оқып үйрену.
9.2 Қысқаша теориялық мәліметтер
Регистрлерді орындайтын амалдарына (операция) қатысты жады (память) регистрлері (параллель) және ығыстырушы (жылжытушы) регистрлер деп екіге бөледі.
Тәуелсіз ақпараттық шығыстарлы, ортақ синхронизациялаушы кірісті және екілік комбинацияны белгілі бір уақытқа сақтауға арналған синхронды триггерлер жиынынан тұратын тіркестілікті функционалды қондырғы жады (память) регистрі деп аталады. Ақпараттық кірістер мен шығыстар саны (разрядтар) пайдаланылған триггерлер санына тең, өйткені бір триггер екілік комбинацияның бір разрядын сақтайды. Дербес триггерді бір разрядты жады регистр есебінде қарастыруға болады.
Жады регистрін жасауға синхронды RS, JK,D-триггерлерді қолдануға болады. Интегралдық (жинақ) түрде жады регистрлері негізінен статикалық және динамикалық D-триггерлер негізінде жасалады да олар статикалық және динамикалық жады регистрлері деп аталады.
Динамикалық D-триггерлерден жасалған үш разрядты динамикалық жады регистрі 9.1-суретте келтірілінген.
9.1-сурет
Берілген регистр төмендегідей жұмыс істейді. Синхронизациялаушы 0,1 ауысуы С кірісінде байқалғанда D2…D0 кірістеріндегі ақпараттар триггерлерге жазылады да онда келесі С кірісінде актив ауысу байқалғанша сақталады. Статикалық D-тригерлерден жасалған жады регистріне ақпараттар жазу жеке статикалық триггерге жазғандай жүргізіледі.
Кейбір жады регистрлерде шығыстардың жоғарғы омды күйі және шығыстарды нөлге түсіру мүмкіншіліктері қарастырылған.
Жады регистрлерін мәліметтерді қысқа мерзімге сақтауға, ақпараттық-өлшеуіш және есептегіш қондырғыларда параллель кіріс-шығыстарды ұйымдастыруға қолданады.
Синхронизациялаушы кірісінде актив ауысу байқалған кезде өзінде жазылған екілік комбинация бір разрядқа ығысатын тізбектей жалғанған синхронды триггерлер жиынынан тұратын тіркестілікті функционалды қондырғы жылжыту регистрі деп аталады. Регистрдің разрядтылығы пайдаланылған триггерлердің санына тең. Ығыстыру (жылжыту) регистрін статикалық триггерлерден жасау үшін екі фазалық синхронизация қажет, ол регистрдің схемасын күрделілендіреді. Сондықтан RS, JK, D- триггерлерді пайдаланады. Жинақ түрінде жасалған ығыстыру регистрлері көбінесе D- триггерлерден тұрады және оларға жазылған ақпараттарды аға разряд жағына (оңға), немесе екі жаққа да жылжыта алады. Соңғы жағдайда олар реверсивті деп аталады.
Кез келген ығыстыру регистрінде ақпараттарды тізбектей кіргізу кірісі болады. Ал, реверсивті регистрлерде мұндай кірістер екеу: біріншісі – оңға жылжыту үшін ақпараттық кіріс, екіншісі – солға жылжыту үшін ақпараттық кіріс. Ақпараттарды тізбектей шығару мүмкіншілігі кез келген жылжыту (ығыстыру) регистрінде бар. Осы үшін оларда арнайы тізбектей шығару шығысы болады, егер, ақпараттарды параллель шығару қарастырылған болса, тізбектей шығару шығысы үшін регистрдің соңғы (аға) разрядының шығарылымы пайдаланылады. D-триггерлерден жасалған, тізбектей кірісті, параллель шығарылымды, және ақпараттарды аға разрядтар (оңға ) бағытында ығыстыратын үш разрядты регистрдің схемасы 9.2-суретте келтірілінген.
Достарыңызбен бөлісу: |