Сөйлемдегі теңдес екі компонент те атау тұлғада қалып, жаңа сөйлем жасалса:
Алматы, Қазақстан астанасы, сәулетті қалаға айналды.
Ағаш, өте құнда құрылыс материалы, бізде көптеп өсіріледі.
|
Қазақстан астанасы – Алматы сәулетті қалаға айналды.
Өте құнды құрылыс материалы – ағаш бізде көптеп өсіріледі.
|
2.
|
Сөйлемдегі теңдес екі компонентке де септік жалғаулары қосылып, жаңа сөйлем жасалса:
|
Алматыда, Қазақстан астанасында, көп қабатты үйлер салына бастады.
Ағаш, өте құнда құрылыс материалын, бізде көптеп өсіреді.
|
Қазақстан астанасында, Алматыда, көп қабатты үйлер салына бастады.
Өте құнда құрылыс материалын, ағашты, бізде көптеп өсіреді.
|
|
Бірінші компонентке септік жалғаулары жалғанып, екнші компонент атау тұлғада қоданылып, жаңа сөйлем жасалса:
|
Алматының (Қазақтан астанасы) көшелері түзу
Ағаштың (өте құнды құрылыс материалы) түр-түрі бізде көп.
|
Қазақстан астанасының (Алматы) көшелері түзу.
Өте құнды құрылыс материалының (ағаш) түр-түрі бізде көп.
|
4.
|
Бірінші компоненті атау тұлғада қалдырылып, екінші компонентке септік жалғаулары жалғанып, жаңа сөйлем жасалса:
|
Алматы. Қазақстан астанасына көп елден қонақтар келіп тұрады.
Ағаш. Өте құнды құрылыс материалына еліміз бай.
|
Қазақстан астанасы – Алматыға көп елден қонақтар келіп тұрады.
Өте құнды құрылыс материалы- ағашқа еліміз бай.
|
Оның маңына топталған көркем өнер талапкерлері: әнші, биші, гармоншы, домбырашы, мандалинші.
Масақбаймен қоса шақырылған адамдар – Рахмет, Сырбай, Самархан, Марқы.
Көмірдің көп шығатын жерлері – Украинадағы Донбасс, Шығыс Сибирьдегі Кузбасс, Қазақстандағы Қарағанды.
Көмірдің көп шығатын жерлері: Украинадағы Донбасс, Шығыс Сибирьдегі Кузбасс, Қазақстандағы Қарағанды – еліміздің байлығы болып табылады.
Біздің елімізде жер, су, кең байлығы, фабрика, завод – бәрі халықтың қолында. Кемелер, попровоздар, автомобильдер, темір жолдар – барлығы метелден жасалады. (Оқулықтан.) Қарашты Елеусіз, Лиза, Шынар – үшеуі аэропортқа шығарып салды. (Т.Ә.)
Орманда өсетін ағаштар: қарағай, қайың, тал – көгере бастады. (Оқулықтан.) Әрбір клетканың екі бөлімінен: цитоплазмадан, ядродан – тұратыны мәлім. («Б.ж.Е.») Бұл магазинде түрлі жемістердің: алманың, жүзімнің, шиенің, өріктің – шырындары сатылды. («Л.Ж.») Қазірше белоктар трек тірі организмде: жануарларда, өсімдіктерде, микро-организмде – болады. («Б.ж.Е.»)
7-таблица
Рет саны
|
Бірыңғай мүшелерден жасалған оңашаланған айқындауыштар
|
Бірыңғай мүшелерден жасалған оңашаланған айқындауыштардан ажыратылған сөйлемнің предикаттық тура желілері.
|
Біздің елімізде жер, су, кең байлығы, фабрика, завод – бәрі халықтың қолында.
|
1
|
Жер, су, кең байлығы, фабрика, завод
|
Біздің елімізде бәрі халықтың қолында.
|
Кемелер, попровоздар, автомобильдер, темір жолдар – барлығы метелден жасалады.
|
2
|
Кемелер, попровоздар, автомобильдер, темір жолдар.
|
Барлығы метелден жасалады.
|
Шынар, Лиза, Елеусіз – үшеуі Москва – Алматы поезымен келе жатыр.
|
3
|
Шынар, Лиза, Елеусіз.
|
Үшеуі Москва – Алматы поезымен келе жатыр.
|
Мен, сен, Оспан – үшеуіміз кітап магазиніне барамыз.
Алма, шие, жүзім - бәрі бақта өсіріледі.
Мен, сен, Досан – үшеуіміз бір класта оқимыз. Мағыш, Кәкітай, Мұқа - үшеуі салт атпен Семейге қарай аттанды (М.Ә.).
Далада ақ, сары, қызыл – не керек, әр түсті гүлдер өсті. Кешкі кезекке Мұратты, Сәрсенді, Досанды – бір сөзбен айтқанда, кілең жігіттерді жіберді. Малға тәңертең, түсте, кешке – қысқасы, үш рет жем беріледі. Биыл бидайтың, арпаның, сұлының, тарының – қысқасы, дәнді дақылдардың өнімі мол болды.
Бәрі: алма, шие, жүзімі - бақшада өсіріледі. Үшеуімі: мен, сен, Досан - бір класта оқимыз. Биыл дәнді дақылдардың: бидайтың, арпаның, сұлының - өнімі мол болды.
Үйге Әсия, шешем, мен – үшеуіміз ғана кірдік (С.М.). Ақылбай, Ербол, және Мағаш пен Кәкітай – төртеуі оңаша әңгімелесіп отыр екен. Әбен, Марат, Шуаш – үшеуі өзен бойын жағалап жүріп кетті. Әр бөлменің ұзынын, көлдеңін, ішкі қатынас есіктерін – бәрінде Абай өзі қағазға сызып, Әйгерімнің қолына табыс етіп кеткен (М.Ә.). Топтың алдыңғы қатарында Абай, Көкбай, Шұбар – үшеуі елден озынқырап, оңаша әңігімелесіп келеді (М.Ә.) Үйдегі маған тетелес екі апай бар, мен, әжем, шешем бар – бесеуіміз апаннан шығарылған балшықты екі зембілмен кезек тасып, терең шұңқырға құлата бердік (С.М.).
Жұрт тарай бастағанда Михаил, Айдынғали, Жақсылық үшеуі оңаша қалған еді (Ғ.С.л). Кеше сендер бұрынырақ кетіп, Жоламан, Ділдәбек, Бәйтен төртеуіміз кейінірек қалдық қой? (Ғ.Мұст.). Ғабитқанды кейде ілгері жіберіп, Жұмағұл, Дархан үшеуі күліп-күліп алады (М.Ә.). Бәрі де Айша мен Әбіл, Әлкей үшеуінің істеріне қатты сүйсініп қалды (С.С.). Мен, сен, Оспан үшеуіміз кітап магазиніне барамыз. Ішінде отырған Мәкіш, Салтанат, Ербол үшеуі Абайға қарсы қуана ұмтылысты (М.Ә.).
Ықтап қорғалаған малдар: жылқылар, қойлар, сиырлар, түйелер – алқаптың ортасында отырған төрт-бес ауылдың артындағы жалпақ қалың қарағанда жайылып жүр (С.С.).
Малдар: қой, ешкі, сиыр – үй маңында жайылып жүр.
Үй маңында жайылып жүрген малдар мыналар: қой, ешкі, сиыр. Бұлар – үй малдары: қой, ешкі, сиыр.
Үй маңында жайылып жүрген малдар: қой, ешкі, сиыр.
Тоғыз қыздың жетеуі тірі. Олар мыналар: Алтын, Күміс, Гауһар, Меруерт, Құндыз, Жібек (С.М.). Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек (Абай).
Достарыңызбен бөлісу: |