Семей қаласының Шәкәрім атындағы



Дата15.04.2023
өлшемі15,68 Kb.
#82954
Байланысты:
АЙГЕРИМП


“Семей қаласының Шәкәрім атындағы
университеті” КеА Қ
№26 жалпы білім беретін орта мектеп
КММ педагогикалық іс-тәжірибеден өткен
Филология факультеті 6В01701
“Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы
бойынша КЯЛ-101 тобының 2 курс
студенті Тоқташева Айгерімнің
педагогикалық іс- тәжірибеден өткен 5 “А”
Ерлан Шырай Арманқызына

МІНЕЗДЕМЕ


Ерлан Шырай Арманқызы 2012 жылдың қаңтардың 8-і дүниеге келді. Толық, көпбалалы отбасында тәрбиеленген. Әлеуметтік жағдайы жақсы. №26 мектепте білім алған жылдары өзін жақсы жағынан көрсете білді. Білімі жақсы. Сабақтардан себепсіз қалмайтын, қоғамдық бағыттағы пәндерге, әсіресе тарих, әдебиет пәндеріне қызығушылығы жоғары. Өзіне тапсырылған істерді жоғары жауапкершілікпен атқаратын. Мектепте өткізілген мәдени және тәрбиелік іс-шараларға белсене қатысты. Көбіне іс-шаралардың жүргізушісі міндетін атқаратын. Сыныпта спорт секторы қызметін атқарған. Грек-рим күресімен айналысады. Спорттың осы түрінен әртүрлі деңгейдегі жарыстардың жеңімпазы. Ата-анасымен, бауырларымен қарым-қатынасы өзара сыйластыққа негізделген, оларға ерекше құрметпен қарайды. Сыныптағы оқушылармен де, мұғалімдермен де жақсы қарым-қатынас орната білді. Мінезі ашық, ұстамды, сабырлы, толерантты, кішіпейіл. Қамқор, көмегі қажет болған адамдарға қол ұшын беруге даяр тұрады. Ақкөңіл, үнемі күліп, көңілді жүреді. Сыныптастарының арасында сыйлы, беделді. Мектептің ішкі ережесі талаптарын сақтайтын. Жеке тұлғалық көзқарасы қалыптасқан. Өз ойын, пікірін ашық, анық жеткізеді. Өзіндік ұстанымын дәлелдей алады. Алдына нақты мақсат қойып, оған жету үшін күресе біледі. Сыныпта туындаған қиындықтарды жеңуде дұрыс шешім қабылдайтын. Шығармашылық қиялы дамыған.Мен,оның болашақта жақсы маман болатынына сенім білдіремін.


Сынып жетекшісі: Касабаева Б.К
Іс-тәжірибеден өтуші: Тоқташева А. М

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет