Тараптарға Шарт келісімдерін бұзғаны үшін немесе қойылған талаптарды орындамағаны үшін ҚР қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапкершілік жүктеледі.
Дауларды қарау тәртібі
Шарттан туындайтын барлық келіспеушіліктер, даудың шешімін келіссөз жолымен таппаған жағдайда сот тәртібімен шешіледі.
Шарттың бұзылуы
Тараптармен Шартта көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда Шарт бұзылуы мүмкін.
Шарттың қолданылуы
Тіркеу органдарында тіркелген сәттен бастап Шарт өз күшіне енеді.
Шарт екі данада бірдей заңды күші бар ресми және мемлекеттік тілдерде жасалды. Бір данасы Сатып алушыға, ал екінші данасы Сатушыға беріледі.
2.3 Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы жер кадастрлық істің техникалық бөлімі
Жобаланған жер учаскесінің орналасқан жері мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келген жағдайда (шекаралардың қабаттасуларының жоқтығы, жер учаскесінің орналасқан жерінің, алаңының, сызық шектерінің, конфигурациясы мен координаталарының деректерінің ұсынылған деректер бойынша сәйкес келуі, ауыртпалықтар мен шектеулердің жоқтығы), Мемлекеттік корпорация жер учаскесінің жоспарында және оның бұрылыс айналма нүктелері координаталарының ведомосінде белгі қойып, оны әзірлеушіге материалдарын түскен күннен бастап күнтізбелік 15 күнде береді. Жобаланған жер учаскесінің орналасқан жері мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келмеген жағдайда (жер учаскелері шекараларының қабаттасуы, жер учаскесінің орналасқан жерінің сәйкес келмеуі, жер учаскесі алаңының, сызық шектерінің, конфигурациясы мен координаталарының ведомостімен ұсынылған деректер бойынша дұрыс еместігі, ауыртпалықтар мен шектеулердің болуы), Мемлекеттік корпорация жер учаскесінің жоспарын және оның бұрылыс айналма нүктелері координаталарының ведомосін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жер учаскесінің шекараларының қабаттасу схемасымен қосып, күнтізбелік 15 күн ішінде әзірлеушіге қайтарады. Жерге орналастыру жобасын мемлекеттік органдарда, жер-кадастрлық және жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде құқықтары мен заңды мүдделері қозғалуы мүмкін үшінші тұлғаларда мемлекеттік органдармен көршілес учаскелер меншік иелері (жер пайдаланушылар) хаттар (келісімдер) не жер учаскесінің жоба схемасында мөрмен куәландырылған қол қою түрінде келісім беріледі, бұл ретте тапсырыс беруші немесе оның сенім білдірген адамы өз бетінше барлық мүдделі тұлғалармен келісімді қамтамасыз етеді. Жерге орналастыру жобасын бекіту жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен жүзеге асырылады. Жерге орналастыру жұмыстары аяқталып, олар өкілетті органмен бекітілгеннен кейін жерге орналастыру жобасының бір данасы тапсырыс берушіге немесе әзірлеушіге және екінші данасы жер учаскесінің жобалық шекараларының бұрылыс нүктелері координаталарының ведомосімен қоса Мемлекеттік корпорацияға жер-кадастрлық істерді қалыптастырып, деректерді мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің базасына енгізу үшін беріледі.Бекітілген жерге орналастыру жобасынан жер-кадастрлық құжаттамаларға енгізілетін жер учаскелері туралы мәліметтердің дұрыстығын қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес жерге орналастыру жобасын әзірлеуші қамтамасыз етеді. Жерге орналастыру жобасы екі бөлімнен қалыптастырылады: мәтіндік және техникалық.
Бұйрық