ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«Су, жер және орман ресурстары» факультеті
«Жер ресурстары және кадастр» кафедрасы
СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС
Пәні: Жер кадастры
Тақырыбы: Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы бойынша
жер-кадастрлық құжаттарды дайындау
Орындаған: КД 21-12К тобының
студенті Өмірбек Жан
Тексерген: аға оқытушы Балқожа М.Ә.
Алматы 2023
МАЗМҰНЫ
1
КІРІСПЕ
3
2
НЕГІЗІГІ БӨЛІМ
4
2.1
Жер-кадастрлық істің теориялық негіздері
2.2
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы жер-кадастрлық істің құқықтық бөлімі
6-20
2.3
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы жер-кадастрлық істің техникалық бөлімі
21-23
2.4
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы жерге орналастыру жобасы
24-45
2.5
Елді мекен жерлерін кадастрлық бағалау
45-46
3
ҚОРЫТЫНДЫ
47
4
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
48
КІРІСПЕ
Семестрлік жұмыста Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы бойынша жер кадастрлық құжаттарды дайындау.
Семестрлік жұмыстың негізгі мақсаты – жер кадастрлық құжаттарды дайындау, кадастрлық істі қалыптастыру, елді мекен және ауылшаруашылық мақсатындағы жерлеріне кадастрлық бағаны анықтау.
Семестрлік жұмыстың міндеті – семестр бойы жасаған жұмыстарымызды , алған білімімізді көрсету және өндірістік тәжірибеге алғашқы дайындық жұмыстары.
Бұл жұмыста мен Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы бойынша барлық жер кадастрлық құжаттарды дайындау жұмыстарын жасадым.Құжаттарды жинақтау барысында Жер Кодексінен өзіме керекті баптар мен заңдарды пайдаландым.Жұмыстың негізгі мақсаты –жер кадастрлық құжаттарды дайындау,кадастрлық істі жинақтау,елді мекен және ауылшаруашылық жерлеріне кадастрлық баға беру.Жер-кадастр құжаттамасы есепке алудың барлық деңгейлерiнде: базалық, мезгiл-мезгiл жаңартылатын және жыл сайын жасалатын құжаттаманы қамтиды.Жер-кадастрлық iс - жер учаскесiнiң қалыптасуы туралы iс, оған жер учаскесi туралы құжаттар кiргiзiледi.Мемлекеттiк меншiктегi жерлерден берiлетiн жер учаскелерiне жер-кадастрлық iстердi кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған мемлекеттiк кәсiпорындар облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерiнiң шешiмдерi, Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген құзыретiне сәйкес, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы бекiткен жерге құқық беру туралы жерге орналастыру жобасы және жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдар негiзiнде жүргiзедi.Қалыптастырылған жер-кадастрлық iс жер учаскесiн жер-кадастрлық кiтабына жазу және бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмiне жер учаскесi туралы мәлiметтердi енгiзу үшiн негiз болады. Бiрнеше жер учаскелерi бiрге қосылған кезде жаңа кадастрлық iсi ашылады, оған осы учаскелерге бұрын жүргiзiлген кадастрлық iстер жинақталады. Бiрiктiру нәтижесiнде құрылған жер учаскесiне жаңа сәйкестендiру құжаты дайындалады.