Бірлестік қызметінің негізгі бағыттары: саяси ғылымның ұлттық бірлестіктерін дамыту және білім беруге қолдаушылық көрсету; саяси ғылым саласындағы жетістіктер туралы ақпаратты таратуға көмек көрсету;саяси ғылымның халықаралық бірлестігінің дүниежүзілік конгресс жүмысын ұйымдастыру;СҒХБ (МАПН) мүшелері үшін саясаттануға арналған кітаптар, ғылыми журналдар мен ресми ақпараттарды басып шығару;саяси ғылымдағы бірлескен халықаралық зерттеулерді қамтамасыз ету.
Саясаттың негізгі элементтерінебилік және оның субъектілері, саяси ұйымдар, саяси сана, саяси қатынастар мен саяси мәдениет жатады.
Саяси өмір – бұл мемлекеттік билік, оның қызметтері, институттары және билікті жүзеге асыру тәсілдерімен тығыз байланысты әлеуметтік өмірдің ерекше түрі.
Мораль мен саясатарақатынасының үш негізгі нұсқаларын бөліп көрсете аламыз: 1) саясаттың мораль мен дінге толық бағыныштылығы; 2) саясат пен мораль арасындағы байыпты алшақтық; 3) демократиялық, құқықтық қоғамдағы саясат пен мораль өзара байланыстарының парасаттылығы.
Саясат пен құқық арасындағы арақатынастардың келесі нұсқаларын ерекшелеуге болады: 1) саясат пен құқық арасындағы бағыныштылық; 2) құқықты абсолюттендіру және оған іске аспайтын мүмкіндіктерді белгілеу; 3) саясат пен құқық арасындағы саналы өзара байланыстарды сақтау.
Саясат– бұл ресурстарды таратуды басқару. Бұл билікті алу, сақтап қалу және пайдаланумен байланысты қоғамдық өмір-салттың саласы.
Саясат – мүдделер күресі (қоғамның барлық өкілдері мүдделерін ескере отырып басқару өнері).
№3
Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді.
Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі.
Саяси билік принциптері - легитимдік принципі, қорғау принципі, ұтымдылық принципі, сыр бермеу принципі.
Саяси билік әдістері - саяси билікті жүзеге асыру құралдары мен түрлері. Құқық, бедел, сендіру, дәстүр, алдап-арбау, зорлау, күштеу арқылы жүзеге асырылады.