Саяси партия қызметтері - саяси партиялардың негізгі міндеттерінің бірі - қоғамдық мүдделерді жинақтау мен оларды саяси шешімдерді қабылдау жүйесі шеңберіне ұйымдасқан және бағытталған түрде енгізу.
Саяси партиялардың олигархизациялануы - партиялар дамуына тән үрдісті негіздеу: әлеуметтік ұйымдарды басқаруда демократиялық түрдегі ұйымдардан қатаң бюрократиялық аппаратқа көшу.
Партия - бұл билік немесе билік жүргізу үшін күресетін саяси қоғамдық ұйым.
Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған.
Саяси партиялардың дамуы келесі кезеңдерден тұрады:аристократиялық үйірмелер;саяси клубтар;көпшілік партиялар.
Демократиялық тәртіп жағдайында партиялар азаматтар, әлеуметтік топтар мен қоғам мүдделерін шынайы саяси үрдіске айналдыра алады.
Саяси партияларды 4 түрге бөледі:авангардтық партиялар; сайлаушылар партиясы; парламенттік партия;қауымдастық партия.
Партияларды таптық негізде жіктеу: жүмысшылар, шаруалар, буржуазиялық.
Саяси жүйедегі рөліне байланысты: парламенттік, сайлаулық, жетекші және мақсаттық деп жіктелуі.
№10
Қоғамдық қозғалыстар — қандай да бір қоғамдық мақсатты көздеуші азаматтардың ортақ әрекеті.
Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді:Қоғамдық –саяси мүдделеріне сай құрылған ұйымдар.Экономикалық мүддесіне қарай құрылған ұйымдар.Таптық белгісіне сай ұйымдар.Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар.
Кәсіподақ– бір мамандықтың немесе өндірістің бір саласында еңбек ететін адамдарды біріктіретін қоғамдық ұйым.
Лоббизм -билік институттары ресми қызметінен тысқары жүзеге асырылатын, ықпалды іскерлер мен саясаткерлердің - лоббистердің - нақтылы бір топтардың мүдделерін қорғайтын заңжобасын жақтап, талап етілетін үкімет шешімін қабылдауға немесе өздеріне пайдалы мемлекеттік тапсырысты алу үшін талаптануы.
Лобисттер - кәсіподақтардың, соғысқа қарсы қозғалыстардың, кәсіпорын директорларының, экономиканың аграрлық секторы өкілдерінің және т.б. парламентте өз лоббилары болуы мүмкін; осы топтардың агенттері.