Семинар №1. Тақырыбы: «Қазақстан тарихы»



бет10/15
Дата06.10.2023
өлшемі58,37 Kb.
#113147
түріСеминар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Қ тарих универ

Семинар №10.
Тақырыбы: ХХ ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен салдары.
Мақсаты:
1. 1946-1953 жж. И.В. Сталиннің «жеке басына табынушылық» кезеңінде қоғамдық өмірдегі адам құқығын шектеуге бағытталған партиялық бақылаудың күшеюі, тарихи, әдеби зерттеулерден ұлтшылдық көріністерін іздестіру туралы білім қалыптастыру;
2. 1954-1964 жж. партиялық-мемлекеттік басқару жүйесіндегі Н.С. Хрущев реформалары және оның тиянақсыздығы туралы түсінік қалыптастыру;
3. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: кезеңдерін, нәтижелерін, зардаптарын қарастырып, тағылым алу;
4. 1965-1985 жж. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық «тоқырау» кезеңін талдау;
5. 1965-1985 жж. рухани және мәдени өмірдегі тоқыраулық құбылыстардың тереңдеуін, экологиялық проблемалар және Арал қасіретін бағалау.
Әдістемелік ұсыныстар:
1. Қазақстан соғыстан кейінгі И.В.Сталиннің «жеке басына табынушылық» кезеңінде: Қоғамдық өмірдегі адам құқығын шектеуге бағытталған партиялық бақылаудың күшеюі; Тарихи, әдеби зерттеулерден ұлтшылдық көріністерін іздестіру (1946-1953 жж.). Сталиндік қуғын-сүргіннің жаңа толқыны: «Ленинградтық іс», «Дәрігерлер ісі». Адам құқықтарын шектеуге бағытталған қоғамдық өмірдегі партиялық бақылаудың күшеюі. Тарихи еңбектерден ұлтшылдықты іздестіру. «История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней» кітабының қасіретті тағдыры. Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, Б.Сүлейменов және т.б. еңбектерінен «қателіктерді» анықтау. Тұңғыш қазақтың кәсіби тарихшысы Е.Б.Бекмахановтың Кенесары Қасымұлы көтерілісі тарихы туралы зерттеуіндегі ғылыми тұжырымдарын негізсіз айыптау. Хан Кене тарихи әдебиетте. Феодалдық эпостарға, «Зар заман» мектебі ақындарының шығармаларына тыйым салынуы. Қызметтің барлық саласындағы «кеңестік цензураның» күшеюінің салдары.
2. Партиялық-мемлекеттік басқару жүйесіндегі Н.С.Хрущев реформалары және оның тиянақсыздығы (1954-1964 жж.). Жеке басқа табынуды айыптау және оның жартыкештігі. Хрущев «жылымығы». Одақтық билік пен республика басшылары арасындағы қатынастардың шиеленісуі.
Бейбіт құрылысқа бейімделу ауыртпашылықтары. Әскери өнеркәсіптік базаны жеделдету бағытын қолға алу. Ауыл шаруашылығын әміршіл-әкімшіл басқарудың күшеюі. Кеңестік биліктің колхоздарды ірілендіру, ауыл еңбеккерлерінің жеке белсенділігін шектеу шаралары. Республика өңіріндегі ядролық сынақтар және олардың зардаптары.
3. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: кезеңдері, нәтижелері, зардаптары. Ауыл шарушылығын реформалауға талпыныс. Тың және тыңайған жерлерді игеруге шешім қабылдау – астық мәселесін шешудің экстенсивті жолы. Қазақстанның КСРО-ның астықты алқабына айналуы, инфрақұрылымның өсуі және т.б. – тың игеру эпопеясының жетістіктері. Игерудің науқандық сипаты, қате жер жырту себебінен 16 млн га тың жерлердің жел эрозиясына ұшырауы, мал шаруашылығын дамыту үшін қолданылатын жерлерден айырылу, экологиялық, демографиялық және тіл мәселесі – тың игерудің зардаптары.
4. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық «тоқырау» (1965-1985 жж.). Билікке Л.И.Брежневтің келуі. 1965-1966 жж. реформалардың аяқсыз қалуы. Өндіру құралына мемлекеттік монополия орнату жағдайында шаруашылыққа нарықтық әдістерді енгізуге талпыныс – реформаның жартыкештігі мен аяқатлмауының себебі.
Идеологиялық дағдарыс. Революциялық және таптық құндылықтардың құнсыздануы, олардың әрекетсіздігі.
Қазақстанның КСРО-ның ірі өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі. Сегізінші бесжылдық – Республиканың өнеркәсіптік әлеуетінің күшеюі. Өнеркәсіп дамуының қарама-қайшылықты сипаты және өнеркәсіп саласындағы дербестіктің шектелуі. Жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы. Өнеркәсіптегі дағдарыстық құбылыстар.
Әкімшіл басқарудың аграрлық саладағы қиыншылықтарды тереңдете түсуі. Еңбек нәтижесіне деген қызығушылықтың, ынталанудың төмендеуі. Ауылшарушалығын реформалаудың нәтижесіздігі: агроөнеркәсіптік комплекстердің, бірлестіктердің, мекемелердің құрылуы.
Еңбекақының теңгермешілік жүйесі және халықтың материалдық жағдайының төмендеуі. Партиялық-мемлекеттік, әскери, шаруашылықтық басқару жүйесіндегі басымдықтар мен жеңілдіктер. Ақшаның құнсыздануы және негізгі тұтыну тауарларының тапшылығы.
5. Рухани және мәдени өмірдегі тоқыраулық құбылыстардың тереңдеуі. Экологиялық проблемалар және Арал қасіреті (1965-1985 жж.). Мәдениет және ғылым. Мәдени-рухани өмірдегі қайшылықтардың тереңдей түсуі – әміршіл-әміршілдік биліктің күшеюінің салдары. Қазақтардың ұлттық санасының стихиялық қайта өрлеу белгілері: «Жастұлпар» және студенттік жастардың басқа да бейресми ұйымдары, алғашқы қазақ диссиденттері. М.Шаханов, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, О.Сүлейменов, І.Есенберлин және т.б. жазушылар мен ақындар шығармашылығының рухани жаңғырудағы маңызы.
Экологиялық дағдарыс. Арал қасіреті. Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптары. Өнеркәсіп қалдықтарының қоршаған ортаны ластауы. Ұлт саясатындағы бұрмалаушылық. Целиноград оқиғасы. Қазақ тілінінің қолданыс аясының тарылуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет