Семинар №1. Тақырыбы: «Қазақстан тарихы»



бет13/15
Дата06.10.2023
өлшемі58,37 Kb.
#113147
түріСеминар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Қ тарих универ

3. Қазақстандағы әлеуметтік реформалар және әлеуметтік жаңғыру. Нарықтық экономикаға көшудің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік саладағы дағдарыстық жағдай. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары. Еңбек нарығы мен жұмыспен қамту жағдайы. Тұрғындардың өмір сүруі мен әл-ауқатының деңгейі мен сапасы. Тұрғын үй құрылысы. Тұрғындарды әлеуметтік қорғау саласындағы реформалар. 2000-2001 жж. әлеуметтік саясат жүргізудегі түбегейлі бетбұрыс. Зейнетақы жүйесін реформалау.
Жұмыссыздықпен күрес бағдарламасы, тұрғын үй құрылысының дамуы.
ҚР Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам бағдарламасы» Мемлекет бағдарламаны іске асырудан әлеуметтік жаңғыру үдерісінің инициаторы және қозғаушы күші.
Әлеуметтік жаңғыру: мақсаты, міндеттері, қағидаттары. Жаңғырту үдерісінің қағидаттары.
Денсаулық сақтау жүйесін реформалау, тегін медициналық қызметтің көлемін азайту. 2002 жылдың «Денсаулық жылы» деп аталуы. Денсаулық сақтау саласын реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жасау және қабылдау. Тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығын құру. Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің проблемалары.
Туризм мен спорттың дамуы. Туризм саласының бірқатар нормативтік-құқықтық актілерін, бағдарламаларын қабылдау. Қазақстан спортының жетістіктері.
ҚР білім жүйесін реформалаудың бастамасы, білімді мемлекеттік қолдау бағдарламасының жасалуы. Білім туралы заңның қабылдануы. Мемлекеттік емес білім мекемелерінің ашылуы. Бірқатар білім орталықтарының құрылуы. Қазіргі білім жүйесін жаңғыртудың маңызды мақсаттары мен міндеттері. Білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту. Орта білім жүйесіндегі өзгерістер. Бірыңғай ұлттық тестілеуді енгізу. Жоғарғы оқу орындарының санының өсуі. Қазақстанның 2010 жылы Болон Декларациясына қол қоюы. Үш деңгейдегі мамандық даярлаудың енгізілуі. Жоғарғы оқу орындарының инновациялық қызметке көшуі. Білім саласындағы Халықаралық байланыстар. «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы.
Ғылым және оның басым бағыттары. Ғылым дамуының жаңа тәсілдерін қалыптастыру. Қиыншылықтар және оны еңсеру жолдары.
Қазақстан Республикасының ғылым және мемлекеттік «Ғылыми-техникалық саясаты туралы» Заңның қабылдануы. Ұлттық Ғылым Академиясын қайта құрылымдау. Ғылым мен білімді одан әрі интеграциялау шаралары. Елдің алдыңғы қатардағы жоғарғы оқу орындарында ғылыми-зерттеу орталықтарының құрылуы мен ашылуы. «Зияткерлік ұлт – 2020» президенттік бағдарламасы және оның маңызы.
4. Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы. Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайының шақырылуы және оның тарихи маңызы. Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайлары (1992-2017жж.). Қазақстан халықтарының форумы (1992 ж.). ҚР қоғамдық қозғалыстарының құрылуымен көп партиялық жүйенің қалыптасуы. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер.
Тәуелсіздік жылдарындағы халық санақтары және оның қорытындылары (1999 ж., 2009ж., 2021ж.). Қазақстан халқының ұлтаралық келісімі – тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың кепілі. Демократиялық үдерістердің дамуы, Парламент сайлауларына пропорционалдық жүйенің енгізілуі және партиялық тізім бойынша сайлау нәтижелері. Азаматтық институттардың дамуы. Азаматтық форумдар және олардың маңызы. ҚР ақпаратсаясаты, БАҚ-ның дамуы. Қазақстан Республикасының Ұлттық Кеңесінің қызметі. Азаматтық қоғамды дамыту және демократияландыру жөнінде ұсыныстар дайындайтын Мәжілістің тұрақты ұйымы. Демократияландыру және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі Ұлттық комиссияның қызметі. Қазақстан Республикасының жастар саясаты және тарихпен тәрбиелеу шаралары. Құқық қорғау және сот орындарының қызметін жетілдіру. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі Комиссия және оның қызметі. ҚР Адам құқықтары бойынша өкілдік институтын (Омбудсмен) құру.
Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының тарихи маңызы. Елді демократияландыруға, саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған саясат. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы.
«Қаңтар оқиғасы». Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы.
Конституцияға түзетулер енгізу жөніндегі Референдум. Демократиялық қайта құрулардың кеңеюі. Қазақстанда Парламенттің рөлінің артуы және еліміздің саяси жүйесіндегі өзгерістер.Саяси партияларды тіркеу рәсімін жеңілдету. Ұлттық Құрылтайды құру.
5. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық қатынастары. Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі тұжырымдамалары. Егемен мемлекеттің халықаралық мойындалуы, дипломатиялық қатынастардың орнауы, шетелдік елшіліктер мен дипломатиялық қызметтердің ашылуы. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына 1991 ж. шілдесіндегі тұңғыш шетелдік сапары. Сыртқы істер министрлігінің құрылуы. 1992 ж. Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болуы. БҰҰ құрылымдарымен әріптестіктің орнатылуы. НАТО-мен әріптестік. Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы қызметі.
Қазақстанның сыртқы саясатының көпвекторлығы. Әлемнің алдыңғы қатардағы елдерімен стратегиялық әріптестігі. Қазақстанның ҚХР-мен қарым-қатынасы. 1992 ж. қаңтарында ҚР мен ҚХР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнатылуы. Қазақстанның АҚШ және Еуропа елдерімен қарым-қатынасы. ҚР Еуропалық Одақпен қарым-қатынасы және 1995 ж. ЕО-мен әріптестік туралы Келісімге қол қоюы. Қазақстан және Түрік қауымдастығы. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі және ұйымның Астанадағы саммиті. Қазақстанның ШӘҰ-ға төрағалық етуі.
ТМД мемлекеттерімен әріптестік – ҚР сыртқы саясатының стратегиялық міндеттерінің бірі. ТМД елдерінің экономикалық дамуының 2020 жылға дейінгі Стратегиясының қабылдануы. 1998 ж. Қазақстан мен Ресей арасындағы мәңгілік достық және әріптестік туралы Декларацияға қол қойылуы. Әр салада Қазақстан – Ресей қарым-қатынасының динамикалық дамуы. ТМД қызметін жетілдіру жолдарын іздестіру.
Н.Ә.Назарбаевтың Евразиялық интеграциялық бастамалары және оны іске асырудың жолдары. Өз мүддесі үшін Евразия халықтарының өзара тиімді тығыз байланыстарының қажеттілігін негіздеу. Экономикалық одақ құру туралы келісім. Кедендік одақ құру және оның қызметінің басталуы. Евразиялық экономикалық одақ құру туралы келісім – әріптестіктің жаңа деңгейге көтерілуі. Қазақстанның Евразиялық экономикалық одаққа кіруінің перспективалары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет