Семинар 1 Темірбек Нұрбек Ресейдегі Ақпан төңкерісі


атша үкіметінің басшысы князь Голицын



бет3/3
Дата31.12.2021
өлшемі51,12 Kb.
#22086
түріСеминар
1   2   3
Байланысты:
Бірінші дүниежүзілік соғыс

атша үкіметінің басшысы князь Голицын өздерінің отставкаға кететіні туралы хабарлағаннан кейін, Ставкадағы патша Хабаловтың орнына генерал Н.Ивановты тағайындап, қосымша жіберілетін әскерлердің көмегімен Петроградта қатал тәртіп орнату туралы жарлық шығарады. Осының өзі астанадағы жəне бүкіл елдегі жағдайды патша жөнді білмегенін байқатады. Шынында да, бұл кезде «Ресейде патша да, дума да, Министрлер Кеңесі де болған жоқ. Тәртіпсіздік нағыз революцияның бет-бейнесін көрсетті», — деп кейін өзінің мемуарында П.Милюковтың жазуы, сол кездегі саяси жағдайды дұрыс көрсеткенін мойындау керек сияқты.

28 ақпан күні патша поезбен Ставкадан Петроградқа шығады. Бірақ императордың өміріне қауіп төніп тұр деген лақап сөздерден кейін, ол 1 наурыз күні Псков қаласына тоқтады. Осы жерде əскери адамдардың қысымымен жəне осында келген Дума өкілдері И.Гучков пен В.Шульгиннің Дума атынан айтқан талаптары бойынша 1917 ж. 2 наурызының кешінде император ІІ Николай өзінің «тақтан бастартуы» туралы құжатқа қол қойды. Келісім бойынша, оның мұрагері боп інісі ұлы князь Михаил ұсынылады. Биліктен бастартқан император Гучковтың өтініші бойынша жаңа үкімет басшысы етіп князь Г.Львовты, Орыс армиясының бас қолбасшылығына ұлы князь Николай Николаевичті, ал Петроград округының басшылығына генерал Л.Корниловты тағайындайды. Осыоқиғадан кейін патшаның өз күнделігінде: «Маңайымда сатқындық, қорқақтық жəне алдампаздық», деп жазуы сол кездегі жағдайын айқын көрсеткендей. Ал 3 наурыз күні мұрагер болып қалған ұлы князь Михаил өзінің Ресей тағынан бастартатыны туралы жариялайды. Əрине, бұл шешімге Михаилды осы кездегі мемлекетте қалыптасқан саяси жағдайдың итермелегеніне күмэн жоқ. Осылай 300 жылдан астам уақыт Ресейді басқарған Романовтар эулетінің билігі аяқталды. Сөйтіп, монархияны жою Ақпан революциясының басты саяси нэтижесі деп айтуға болады.



Патша биліктен бастартысымен 2 наурыз күні Уақытша Дума комитеті мен Петроград Кеңесінің Атқарушы Комитеті біріккен отырысында Уақытша Үкіметті құру туралы шешім қабылдады. Уақытша Үкімет басшысы болып Ресейдің Земство комитетінің төрағасы князь Г.Львов тағайындалып, онын құрамына сыртқы істер министрі болып-кадет П.Милюков, әскери-теңіз министрі октябрист А.Гучков, сауда жəне өнеркэсіп министрі прогрессист А.Коновалов тағайындалды. Жана үкіметке «солшыл партиялар» атынан А.Керенский кірді. Ол әділет министрі қызметін атқаратын болды. Осылай Ақпан революциясының негізінде Ресейдің билігіне буржуазиялық Уақытша Үкімет келіп, өзінің қызметін бастады

Сонымен қатар Ресейдің көптеген қалаларында, аймақтарында солшыл партиялардың ықпалымен жұмысшылар, шаруалар жəне солдаттар депутаттарының Кеңестері құрыла бастады жəне олармен Уақытша Үкімет есептесуге мәжбүр болды. Әсіресе Петроград Кеңесінің рөлі осы күндері ерекше айқындалды. Осыған орай Кеңес Одағы кезіндегі ресми тарихнамада ақпан мен шілде айларының арасындағы кезеңді қосүкімет кезеңі деп көрсетті. Шын мәнісінде, қандай ықпалы болсада, Кеңестерді заңды екінші үкімет деп есептеуге болмайды. Себебі, олардың қызметі Бүкілресейлік деңгейде әлі заңдастырылмаған еді. Қазіргі уақытта қосүкімет проблемасы бойынша тарихшылар арасында көптеген пікірталас кең түрде жүріп жатыр.



Петроградтан кейін шерулер жəне ереуілдер Мəскеу қаласында өтіп, ең соңында, олар жалпы көтеріліске ұштасып, 1 наурызда революция Ресейдің екінші астанасында да жеңіп шықты. Осы күндері Кронштадт жəне Гельсингфорс қалаларындағы көтерілістер сәтті аяқталды. Жалпы алғанда наурыз-сәуір айларында Уақытша Үкіметтің билігі Украина, Теріскей Кавказ, Қазақстан жəне Орта Азияға тарай бастады. Сонымен қатар бұл аймақтарда әртүрлі Кеңестер құрылды

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет