Семинар 1
Темірбек Нұрбек
Ресейдегі Ақпан төңкерісі
Империалистік дәуірде жеке елдердің біркелкі дамымауының нәтижесінде бірінші дүниежүзілік соғыс болды. XX ғасырдың басында халықаралық жағдай күрт шиеленісіп, ірі мемлекеттер арасындағы бақталастық күрес күшейді. Англия дүниежүзілік шеберхана атанған дәрежесінен өнеркәсібі дамудағы бірінші орнынан айрылды.Елдің басын біріктіру арқасында және Француз–прусс соғысының нәтижесінде бес миллиард марк контрибуция алған Германия өз экономикасын жедел дамыту мүмкіндігіне жетіп, өнеркәсіп өнімдерін шығаруда Англияны үшінші орынға ығыстырып, дүние жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты. 1912 жылы мысалы, Германияда 17,6 миллион тонна шойын қорытылса, Англияда 9 миллион тонна ғана болды. Экономикалық қуатының шапшаң өсуін пайдаланған жас герман империалистері жаңа нарықтық аймақтарды алуға, отарланған жерлерді қайта бөлісуге, еуропалық континентте билік жүргізуге тырысты.Германияның күшеюі Еуропадағы басқа ірі мемлекеттерді абыржытты. Әсіресе отарлап алған жері жеткілікті әрі өнеркәсібі ерте дамыған, байырғы империалистік елдерді ― Франция мен Ресейді қатты алаңдатты. Оның үстіне герман–австриялық одақ шартына қол қойылды, оған Италияның қосылуы жас герман империалистерінің Еуропадағы салмағын күшейтті. Осы құрылған үштік одаққа жауап ретінде орыс-француз одағы пайда болды. Бұл еуропалық мемлекеттерді екі антогонистік топқа бөліп, екі жақты шешуші шайқасқа дайындыққа кірісті.
Алайда, британиялык басқарушы топтар осы екі тогопистік одаққа деген қарым катынасын бірден айқын ұстаған жоқ. Өйткені, ағылшын империалистерінің француз және ресейлік империалис-теріне қарағанда қарама кайшылықтары күрделі еді. Тіпті Англия алғашқы империалистерінің Еуропадағы ықпалының өзінің орыс және француз бақталастарын әлсіз деп ессптеді. Ресейді әлсірету мақсатымен британиялық басшылар 1902 жылы ағылшын-жапон одақ шартын жасады. Жапония мұны өзінің Ресейге қарсы соғысында шебер пайдаланды.
Дегенмен, германдық сауданың өсуі, оның жаңа нарықтарды иемденіп, одан ағылшын бұйымдарын ығыстыра бастауы Англия мен Германия арасындағы қатынасты қиындата түсті.
Германияның қуатты әскери-теңіз флот құру үшін бағдарлама жасауы Англияның сыртқы саясатына күрт өзгерістер енгізді. 1904 жылы бұл елде Франциямен жақындасу үшін ірі қадамдар жасалды. Бұл Англия мен Ресей арасындағы қарым-катынастардың жақсаруына алғы шарт жасадьі. Патша өкіметі Антантаға тәуелді еді. 1908 жылы оның шет елдерге борышы 8 миллиард сомға тең болды. Оның үстіне Ресей Англия меи Францияның көмегі арқасында бұғаздарды пайдалануға үміт етті. Ал Антанта Германиямен үлкен соғыс бола қалған жағдайда Ресейдің ірі -әскери күшін пайдаланбақ еді. Бірақ ағылшын-орыс қатынастарын жақсарту ісі қиындыққа түсті. Ең алдымен олар өздерінің Иран, Ауғанстан, Тибеттегі бақталасты істерін реттеді. Ақырында орыс-француз одағы мен ағылшын–француз Антантасы бірігіп, үштік келісімге айналды.
Бір-біріне қарама-қарсы Үштік Одақ пен Үштік келісімнің құрылуы басты империалистік мемлекеттер арасындағы күресті одан әрі үдетті. Алайда, одақ қүрамына кірген мемлекеттер арасындағы өзара қайшылықтар жойылған жоқ. Мәселен, Италия мен Австрия–Венгрия монополистерінің өзара қақтығыстарының өршуі нәтижесінде Италия өзі кірген Үштік Одақтан 1909 жылдан бастап іргесін аулақ сала бастады. Ал, Австрия–Венгрия ақырында Герман империялистерінің жандайшабына айналды.
Үштік келісімдегі жағдай да осындай еді. Өзара қырқыс тоқталмаганымен, күш алып келе жатқан жас герман империализмі алдында біршама жұптарын сақтай білді. Мысалы, Мароккадағы імпериалистік билік үшін таластың арты 1911 жылы герман-француз соғысына айналу қаупі туған кезде Англия батыл түрде Францияны қолдады. Германия шегінуге мәжбүр болды, оның солтүстік Африкада отарларға ие болу ойы іске асқаң жоқ. Антанта Үштік Одаққа жік салу арқылы әлсіретуге тырысты. Оған 1911 жылғы Түрік–Италия соғысын пайдаланды, Антанта Италияны қолдады. Ал Германия Түркияға көмек көрсете алмады. Себебі Австрия–Венгрия, Италия және Германия одақтастар еді. Соғыстың нәтижесінде Италия Ливияны билеу құкына ие болды.Екі империалистік блоктардың арасындағы күрес 1912–1913 жылдары Балқан соғыстарында жалғасып ақырында бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуын тездетті. Бірінші Балқан соғысы (9.Х.1912—30.V.1913) Балқан одағы мен Түркия арасында болды. Балқан одағының құрамына Болгария, Сербия, Грекия және Черногория кірді. Оның құрылуына Ресей мен Антанта белсене қатысты. Осы Одақ арқылы олар Германияның Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы ықпалын әлсіретуге тырысты. Алайда, бұл бағытта Англия екіұшты саясат жүргізді. Ол бұл ауданда Германияны әлсіреткісі келгенімен, Ресейдің ықпалының өсуін қаламады да, Түркиядан біржола қол үзгісі келмеді және Ресейдің бұғаздарды пайдалану ниетіне онша қолдау жасамады. Ірі мемлекеттерден қолдау таппаған Түркия жеңілді. Лондон бітімі бойынша Түркия Стамбул мен Шығыс Франциядағы шағын жерден басқа барлық еуропалық аймағынан айырылды. Германия тағы да батылсыздық көрсетті. Соғыстан Балкан одағы нығайып шықты. Болгарияның шоқтығы биіктеді. Балкан түбегінде Антанта бағыты күшейді.
Әйтсе дс Балкан одағының мемлекеттері өз жеңістерінің нәтижелерін бөлісе алмады. Оны Герман-Австрия топтары пайдаланып, болгар-серб одағын кұлатудын бар амалын істеді. Олар Болгарияны қолдады. Ал Сербия мея Грекия оған қарсы жасырын келісімге келді. Екінші Балкан соғысына әкеп соқты (29.VI—10.VIII.1913). Онда Грекия, Сербия және Черногория Болгарияға қарсы соғысты. Оларға Румыния мен Түркия қосылды. Соғыс Болгарияның женілуімен аяқталды.
Бухарест бітімі бойынша Болгария Румынияға Оңтүстік Солтүстік Македония және Батыс Фракеяның бір бөлігін, Сербияға Солтүстік Македонияны тұтас дерлік берді. Балкан соғыстары жалықтарға қайғы-қасірет әкелді. Онда Черногория 11,9 мың, Грекия 68 мың, Сербия 71 мың, Болгария 156 мың, Түркия 156 мың адамынан айырылды.
Бұл соғыстың қорытындысында герман дипломатиясы жетістіктерге жетті. Балкан Одағы жойылды. Болгария Антанта ықпалынан кетті. Оның есесіне Румыния Австрия ықпалынан кетіп, Ресеймен жақындасты. Сөйтіп, Балкан түбегіндегі бірінші топ – Сербия, Черногория, Грекия және Румыния Антантадан қолдау тапты, екінші топ Болгария мен Түркия Германиямен бірікті.
Төніп келе жатқан соғысты АҚШ өзінің экономикалық және саяси бағытын нығайтуға пайдалануға тырысты. Олардың өкілі полковник Хауз екі блокты бір-бірінс айдап салудың бар амалын жасады. Алдымен ол АҚШ (бейтараптық сақтайды деп жариялады, ал соғыс бола қалған жағдайда Англия Ресей үшін соғысқа кіріспеуі мүмкін деген болжам жасады. Мұндай тұжырымдар Герман империалистерінің үмітін арттырып, оларды соғысқа итсрмеледі.
Осы жагдайда 23 маусымда Сараевода австрия тағының мұрагері принц Франц Фердинанд өлтірілді. Венада қатты абыржушылық байқалды. Австрия үкіметі бір айға жуық үн-түнсіз жатып алды. Тек қана Германияның желпінтуінен ғана шілде айында Сербияға қарсы үзілді-кесілді талап қойылды. Ол қойылған он шарттың тоғызын қабылдайтынын мәлімдеді. Тек тергеу ісін жүргізу үшін австриялықтарды өз жерлеріне жіберуге қарсы болды да, барлық даулы мәселелердің төрелігін Гааглық трибунал шешсін деп сауал салды. Алайда Австрия–Венгрия 28 шілдеде Сербияға соғыс жариялады. Оған жауап ретінде Ресей мобилизацияға кірісті. Германия 1914 жылдың 1-ші тамызында Ресейге, тамызда Францияға соғыс жариялады. 5-ші тамызда Англия ресми түрде соғысқа кірісті. Осы жағдайда АҚШ бейтараптық сақтады. Ал Түркия мен Болгария австро-германдық блок жағына шықты.
Бірінші дүниежүзілік согыстың басталуына Германия мен Англия арасындағы антогонизм шешуші роль атқарды. Осы басты қайшылықпен қатар Германия мен Францияның Эльзас және Лотарингия үшін, Германия мен Ресейдің Константинополь және бұғаздар үшін, Ресей мен Түркияның Армения және Константинополь үшін, Австрия мен Ресейдің Балкан үшін, Австрия мен Италияның Албания үшін талас-тартыстары себеп болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс сипаты жағынан әділетсіз, жаулаушылық, империалистік соғыс болды. Мемлекеттер жаулау-шылық саясат жүргізді. Соғыс ірі мемлекеттердің империалистік катынастарынан туды. Олар отарлар мен ұсақ елдерді қайта бөлісу үшін ұрыс дала ұрыс даласына шықты. Бұл соғыста екі қақтығыс алдыңғы шепте тұрды. Бірі Англия мен Германия, екіншісі Герман мен Ресей арасында болды. Осы үш ірі мемлекет бірінші дүниежүзілік соғысты бастаушылар болды. Ал қалғандары олардың одақтастары еді. Соғыс шеңберіне біртіндеп құрамында бір жарым миллиардтан астам халық бар 38 мемлекет кірді. Төрттік одаққа Германия, Германия отарларымен, Австрия-Венгрия, Түркия мен Болгария кірді. Ал Антантаға — Англия, Ресей, Франция, Бельгия, АҚШ, Португалия, (бәрінің де отарлары бар) Сербия, Жапония, Румыния, Грекия, Черногория және басқа елдер енді. Империалистік соғысқа байланысты армия қатарына 77 миллион адам шақырылды. Оның ішінде Германия – 13,2 миллион, Австрия-Венгрия – 9 миллион, Түркия – 1,8 миллион, Болгария – 1 миллион, Ресей – 19 миллион, Англия – 9,4 миллион, Франция – 8,1 миллион, Италия – 5,6 миллион, АҚШ – 3,9 миллион, Румыния – 1 миллион және тағы басқалар
Оның басты себептері ретінде мемлекеттегі саяси дағдарыс халықтың әлеуметтік жағдайының нашарлауы, Ресейдің Дүниежүзілік соғысқа қатысуы, елдегі ұлт-азаттық қозғалыс, самодержавие жəне оның үкіметінің дорменсіздігі пакты көрсетілді. Сонымен қатар автор, көптеген тарихи деректерге сүйеніп, Ақпан революциясының басталуын, дамуын жəне жеңіспен аяқталуын, Ресейдегі самодержавиенің құлауын жəне буржуазиялық уақытша үкіметінің билікке келіп, елде демократиялық процестерге жол ашқанын баяндайды. Ұсынылған мақалада 1917 ж. Ресейдегі Ақпан революциясының тарихи маңызы объективтік түрде айшықталды.
Ресей армиясының Бірінші дүниежүзілік соғыстағы сәтсіздіктері елдегі әлеуметтік- экономикалық дағдарыс, қоғамдық жəне ұлт-азаттық қозғалыс, тағы басқа жағдайлар 1916 жылдың көктемінен бастап радикалдық оппозицияның белсендігін күшейтті. Наурыз айында жартыжылдық үзілістен кейін IV Мемлекеттік думаның отырыстары басталды. Бірақ оппозиционерлер енді көбінесе қоғамдық ұйымдарға сүйене бастады. Олардың ішінде земствоның, қалалардың одақтары, əскери- өнеркәсіп комитеттері, кооперативтер, жұмысшылар мен шаруалар ұйымдары болды. Ең соңында, осылардың негізінде мамыр айында Одақтар Одағы құрылды. Бұл орган, шын мәнінде, өзіне үкіметтің өкілеттігін алды. Ал оның төрағасы болып кадет, белгілі масон М.Федоров сайланды. Кеңестер Одағына көптеген масон ложаларының мүшелері қатысты жəне олар әртүрлі партиялардың өкілдері болды. Соған қарамастан, Одақ мүшелері төңкеріс арқылы патшаны тақтан тайдырып, оның орнына баласы Алексейді қойғысы келді. Осы жоспармен белгілі қайраткерлер П.Милюков, А.Гучков, С.Шидловский, А.Шингарев, И.Годнев, Н.Некрасов, М.Терещенко жəне тағы басқалар таныс болды.
916 ж. 25 қазанда Мəскеуде өткен губерниялық земстволық управалар құрылтайы реакциялық үкіметті ауыстыру туралы қаулы қабылдады. Ал Думадағы депутаттар Штюрмер басқарған үкіметке қарсы шығып, «халық сенімін иеленген» жаңа үкімет құруды талап етті. Осындай ұсыныстарды солшыл партиялардың өкілі А.Керенский жəне кадеттер көсемі П.Милюков өздерінің сөздерінде толық қолдады. Ең сонында Штюрмер кетіп, оның орнына Министрлер кеңесінің төрағасы болып А.Трепов тағайындалды.
Бірақ министрлерді ауыстыру осымен аяқталған жоқ. Осының өзі басқарушы органдардағы дағдарысты айқын көрсетті. Мысалы, соғыс кезеңінде 4 премьер, 6 ішкі істер, 4 əскери жəне 4 әділет министрлері қызметін ауыстырды.
Күннен күнге самодержавие Ресей қоғамының қолдауынан айырыла бастады. Тіпті бұрын патша үкіметінің тірегі болып есептелген губерниялық дворяндар ұйымдары енді Думаны қолдайтын өздерінің қаулыларын əр аймақта қабылдай бастады. Осының өзі патшаға ашықтан ашық сенімсіздік білдіргеннің айғағы болды. Осыған орай өзін «əулие» деп жариялап, патша сарайында мемлекеттік іске жағаласқан авантюрист, сібірдің алаяқ мұжығы Г. Распутиннің «қылықтары» да жоғары топтың наразылығын туғызды. Ең соңында, князь Ф.Юсупов пен В.Пуришкевич ұйымдастырған қастандықтың негізінде Г.Распутин өлтірілді.
Сонымен қатар қоғам мен халықтың да сəтсíз жүріп жатқан соғысқа көзқарастары өзгере бастады. Мысалы, басталған соғысты «Отан соғысы» деп патриоттық сезімдерін көрсеткен философтар И.Ильин, В.Розанов Ресейдің барлық славян халықтарын қосып алуы керек десе, философ И.Бердяев Ресей соғыста жеңіске жетіп, өзінің рухани жаңа келбетін көрсетеді деп жазса, орыс армиясының ірі жеңілістерінен кейін осы адамдармен қатар, басқа қайраткерлер де самодержавиенің соғыс саясатына сын көзбен қарай бастады. Кейбір оппозициялық партиялардың өкілдері Германиямен сепараттық бітімге қол қою керектігін насихаттай бастаса, большевиктердіңкөсемі В.Ленин империалистік соғысты азамат соғысына айналдырып, кейін оны революцияға ұштастыруын қолдады. Көпшілік халықтың наразылық білдіруіне азық-түліктің жетіспеуі, қымбатшылық, жалпы әлеуметтік жағдайдың нашарлауы, сонымен қатар соғысқа 15 млн адам шақырылып, олардың 1,7 млн қаза табуы жəне 7,3 млн мүгедек болуы жəне т.б. ауыр жағдайлар əсер етеді [2; 56].
Сонымен қатар Ресейдегі саяси дағдарысты Қазақстан мен Орта Азиядағы 1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліс шиеленістіре түсті. Әсіресе Қазақстандағы көтерісшілерге қарсы патша үкіметі Батыс майданынан генерал Лаврентьевтің əскери корпусын жіберуінің өзі көтерілістің қандай ауқымды болғанын көрсетеді [3; 43].
Кеңес Одағы кезіндегі тарихи тұжырымдамаға сүйенсек, Ресейдің экономикасы соғыс басталысымен құлдырап, осы жағдай революциялық ахуал туғызды деп дәлелденетін. Шын мәнінде, соңғы деректерге жүгінсек, Ресей экономикасында құлдыраудың орнына өрлеу байқалады. Мысалы, 1913 жылы экономиканың деңгейін 100 % алсақ, 1914 ж. осы деңгей — 101,2 %; 1915 ж. — 113,7 %; ж. — 121 % құрады. Ал дағдарыстың белгілер 1916 жылдың аяғында ғана байқала басталды.
Экономиканың салаларын бір қалыпта дамытуға патша үкіметінде қаржы жетіспеді. Соғыс кезінде шетелдік инвестиция күрделі түрде азайды. Осы жəне тағы басқа себептерге байланысты Ресейдің сыртқы борышы үш есеге көбейді. Темір жол транспортының нашар жұмысы экономикадағы проблемаларды одан сайын көбейтті. Қару-жарақ, азық-түлік, басқа тауарлар уақытында жеткізілмейтін болды. Мысалы, 1916 жылдың қаңтар айында вагондардың жоқтығынан 1 млн пұт астық Доннан Мəскеу мен Петроградқа жеткізілмей қалды. Осыған байланысты ірі қалаларда нан жетіспей карточкалар енгізіліп, нан кісі басына не бары күніне 200-400 грамнан берілетін болды. Əрине, бұл жағдай еңбекшілердің наразылығын күшейте түсті.
1917 ж. қаңтар айында Петроградтың, Мәскеудің жəне басқа өнеркәсіп орталықтарының жұмысшылары солшыл партиялардың шақыруымен «қанды жексенбінің» 12 жылдығын көптеген ереуілдермен, шерулермен жəне митинглермен атап өтті. 9 қаңтарда басталған ереуіл сол кездегі ең ірі ереуіл болды. Оған Петроград пен Мəскеуден басқа, Харьков, Луганск, Баку, Новониколаевск, Нижний Новгород қалаларының еңбекшілері белсенді қатысты. Қазіргі деректер бойынша, Ресейде жылдың қаңтарында — 371, ал ақпанында 959 ереуіл болып, оларға 700 мыңнан астам адам қатысқан.
Революцияның жақындап келе жатқанын көпшілік сезсе де, ІІ Николай патша жəне оның кейбір министрлері оған сене қойған жоқ. Революцияның болуына күмәнмен қарағандардың ішінде тіпті осы кезде Швейцарияда тұрған В.Ульянов-Лениннің өзі де болған сияқты. 1917 ж. қаңтар айында ол өзінің сөйлеген сөзінде «біз ескі буын өкілдері болашақ революцияны көре алмаймыз» деп өкініш білдіргені осыған дəлел.
Бірақ революция әлдеқайда тез басталып кетті. 1917 ж. 22 ақпанында ІІ Николай поезбен Могилев қаласында орналасқан Ставкаға жүріп кетті. Жолда халықтың көпшілігі императорға жылы лебіздерін білдіріп жатты.
Ал Петроградта ақпанның 23 күні (жаңаша 8 наурыз) мыңдаған жұмысшы əйелдер Халықаралық əйелдер күнін атаймыз деп ереуілге шықты. Олар «Нан берілсін!», «Соғыс жойылсын!», «Ерлерімізді қайтарыңдар!» деген ұрандар тастады. Кейін оларға көптеген жұмысшылар қосылды. Ең соңында 49 кәсіпорыннан қатысқан ереуілшілердің саны 128 мыңға жетті. Осы ереуіл нәтижесінде кейбір көшелерде қалалық транспорт тоқталып, дүкендер қиратылды. Соған байланысты әскердің көмегімен күн аяғында ереуілшілер қуып таратылды. Ал қаладағы жағдай осы уақытта жүріп жатқан Думаның мәжілісінде қарала бастады.
ақпанда үкімет әскерлері ереуілшілерді қаланың орталығына кіргізбеу үшін көшелерді бақылауыға алды. Бірақ 200 мыңнан астам ереуілшілер, соның ішінде оларға қосылған студенттер Нева проспектіне шығып, осында тұрған солдаттар мен казактарды өздеріне қосылуға шақырды. Стихиялық түрде өткізіліп жатқан митинглерде патша үкіметімен оның министрлерін қатты сынға алды.
ақпанның кешінде патша өзінің Могилевтегі Ставкасынан Петроград əскери округының қолбасшысы генерал Хабаловка: «Астанадағы тәртіпсіздіктер ертеңнен қалмай тыйылатын болсын деп жарлық етемін!» — деп үзілді-кесілді бұйрық жіберді. Тіпті осы сын сағатта император бұл енді «тәртіпсіздік» емес, халық революциясы екенін түсінбеген сияқты. Бұйрықты алысымен Хабалов 26 күні қаланың орталық көшелеріне əскерлер кіргізді жəне митинглерге, шерулерге тыйым салды. Соған қарамастан, мыңдаған жұмысшылар, студенттер, гимназистер, əртектí қала тұрғындары Знамен алаңына жиылып, митинг өткізді. Оған қатысушылар «Соғыс жойылсын!», «Патша жойылсын!», «Нан мен бейбітшілік!» деген ұрандарды қолдады. Бұрынғы күндері əскерлер қару қолданбаса да, енді олар шерушілерге оқ атты. Соның негізінде алаңда 30 астам адам қаза тапты. Осы кезде солдаттар арасында қобалжу басталып, ең соңында Павлов полкінің солдаттары шерушілерді қолдап, жандармдарға қарсы оқ атты.
күні кешке кейбір социалистік партия өкілдері — меньшевиктер, эсерлер, районаралықтар жəне большевиктер өздерінің біріккен отырыстарын өткізіп, алдағы мақсаттарын белгіледі. Өздерінің шешімдерінде олар жаппай еруілді жалғастырып, керек кезінде қарулы көтеріліс арқылы революциялық үкімет құруға келісті. Сонымен қатар 1905 жылғы сияқты Кеңестерді құру мәселесі күн тәртібіне қойды.
Ақпан айының 27 күні революциялық оқиғалардың шешуші кезеңі болды. Себебі астанада орналасқан әскерлердің арасында қобалжу басталып, солшыл партиялардың үгіт жұмысы арқылы олар көшеге шықты. Ашық көтерілісті бірінші болып Волын, ал содан кейін Литван, Преображенск сияқты әйгілі полктардың солдаттары бастады. Олардың үлгісімен көшеге басқа əскери құрамалар шығып, ереуілге көтерілген қала халқымен қосылды. Бұл революцияның дамуындағы бет бұрыс оқиға еді.
Кешке қарай көтерілісшілерді Петроград гарнизонының жартысынан астамы 50 мыңдай солдаттары қолдап, революциялық оқиғаларға белсенді қатысты. Көтерілісшілер полицей учаскелерін басып алып, арсеналдардағы қару-жарақты қолға түсіріп, кейбір түрмелердегі адамдарды босатып жіберді. Сонымен қатар полицейлер мен офицерлерді шұғыл түрде жазалау, дүкендерді тонау, лавкаларды қирату, сот үйлеріндегі іс қағаздарды жою жəне тағы басқа əрекеттер кең етек алды.
Осы кезде жүріп жатқан шерулер мен митинглерде «Самодержавие жойылсын!», «Демократиялық революция жасасын!» деген ұрандар тасталып жатса, соған орай үйлердегі, көшелердегі патша рәміздері алына бастады. 27 күнінің орта кезінде мыңдаған солдаттар мен жұмысшылар Таврия сарайына келіп, осындағы Дума делегаттары, завод-фабрикалардың өкілдерімен кездесті. Соның нәтижесінде социалистердің ұсынысымен жұмысшылардың Уақытша Атқару Кеңесі құрылды. Оның құрамына белгілі социал-демократтар мен эсерлер: Н.Чхеидзе, А.Керенский,
Достарыңызбен бөлісу: |