Семинар-11
Орындаған: Абирова К О
Оқушының ой-өрісінің, сана-сезімінің жан-жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сыныпта оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көз қарасын қалыптастырса, ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады. Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді.Біздің жарқын болашағымыз – өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты. Жас ұрпақ-өркениетті тәрбие шуағына шомылса ғана, білім нәрімен сусындаса ғана мемлекетіміздің көсегесі көгереді, егеменді ел баянды болады. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ екені ақиқат. Қазіргі таңда оқыту мен білім беру саласы оқушылардың жеке басын дамыту мен сапалы білім беру мақсатында оқытудың жаңа мазмұнын , тиімді әдістерін үнемі іздестіруді талап етіп отыр.
Осыған орай оқушының бойындағы барлық сапаны, дағдыны, қабілетті, білім мен біліктілікті тұтас сәйкестікте дамытуға бағытталған білім жүйесін қалыптастыру қолға алынуда. Жан-жақты білімді, өз ойын ашық айтатын, сөйлеу мәдениеті жоғары «жеке тұлғаны» бастауыш сыныптан бастап дайындауға ерекше көңіл бөлінуде.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың сөздік қорын байытып, тілін дамыту әдістемесі оқушының тұлғалық ерекшелігін дамытуда ерекше орын алады. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамытып, сөз мәдениетін қалыптастыру жұмысы жүйесіз, негізсіз, бағытсыз кездейсоқ іске асырылмайды. Бастауыш сынып кезеңі — баланың қалыптасатын кезеңі. Олай болса, тіл тазалығы, ой дәлдігінің атадан балаға мирас болып келетінінің бірі. Сөздік қор әдетте 5 жастан бастап барынша молаяды. Бала тілінде синоним, антоним, бейнелеуіш сөздер пайда болады да еш қиындықсыз зат есімдерге жұрнақтар қосып, сөздерді түрлендіре айта алады. Кішкентайынан сөздік қорын байыту үшін сұраққа толық жауап беріп, қате айтса, жіберген қателерін қайтып қайталамайтындай етіп түзетіп отыру. Ертегі, әңгіме, өтірік өлеңдер шығаруларын қолдау.Өтірік өлең, жаңылтпаш баланың тілін сындыруға, дыбыстарды дұрыс айтуға мәжбүрлейді, кейіннен 2,3 сыныпта баланың тілі , сөздік қоры жақсы дамиды.
Тіл- тәрбиенің басты тірегі. Қазіргі заман талабына сай ұл мен қыз өсіру, оларға білім беру- әр ұстаздың басты мақсаты. Ана тілі арқылы жас жеткіншектерді халқымыздың озық ойымен, әдебиетімен, мәдениетімен, тіршілігімен таныстырамыз. Осының бәрін біліп қана қоймай, бала оны жеткізе де білуі керек. Сондықтан әр сабағымда бала тілін дамытып, сөздік қорын байытуға әр түрлі тәсілдерді қолданамын.
Оқулықтарында берілген тапсырмаларынан басқа қосымша тапсырмалар қолданылады. Мысалы бейнесөз шешу, мәтінді аяқтау, «Мақалды тауып оқы», «Керекті сөзді тап», «Қандай әріпті жоғалттым» және тағы басқалары. Заттың атын білдіретін сөздерді өткенде «Кім тез табады?» ойыны сабақ соңында ойналады. Берілген шашыранды әріптерден атақты адамдардың есімдерін құрастыру.
Тіл байлығын дамытуда қиял, ұшқыр ой қалыптастыру қажет. Мұнда оқушыға ертегі,әңгімені жалғастырып айту және аяқтау тапсырылады. Оқушы қиялға ерік бере отырып оқиғаны жалғастыра отырып шығармашылық жұмыс істейді. Өз бетінше іздену-шығармашылық және өз ойын жеткізе алудың көзі. Берілген тапсырманы түрлендіру бойынша жұмыс түрлерін, мысалы мәтінді өңдеу, диалог құрастыру, өз ойынан өлең, ертегі, әңгіме құрастыру да оқушының ойы арқылы тілін дамыта түседі.
Мақал –мәтелдер мен тұрақты тіркестерді ұдайы үйретіп отыру-мұғалімнің күнделікті жұмысының бір түрі. Үйренгендерін ұмытып қалмау үшін оны сөздік дәптеріне жаздырып, әр тоқсанда соларды көбейту кестесі тәрізді жатқа жаздырып, бақылау жұмыстарын алуға болады.
Оқушының оқыған әңгіме ертегісіне сараптаудың жолдары:
түсінгенін әңгімелеу
сұрақтарға жауап беру
кейбір үзінділерді жатқа айтқызу
оқыған шығармасы бойнша таныс емес сөздерді сөздік дәптерге жазып отыру
кейіпкерлер іс-әрекетіне баға беру
әңгімелердің ұқсастығын салыстыру
ең соңында сол шығармаға ұқсас әңгіме жаздыру.
Бала – біздің болашағымыз. Болашақ ұрпаққа заман талабына сай білім беру талап етіледі. Бұл мақсат орындалу үшін бағдарламадан тыс қосымша тапсырмалар беру абзал. Алғашқы күннен бастап тілін дамыту үшін өлең, жаңылтпаш т.б.тапсырмаларды ата — ананың көмегімен жаттау қолға алынғаны дұрыс. Сюжетті суреттер бойынша сұрақтар жауап арқылы әңгімелеу, өз отбасы туралы әңгіме құрастыру, осы тақырып бойынша дайын мәтіндерді оқып беріп, суретін көрсету.Баланы өз ойын анық айтып, дұрыс сөйлеуге үйрету. Тереңдетіп оқыту арқылы сөздік қорын байыту үшін, әр оқушының сөйлеу деңгейін, ойлау қабілетін, шығармашылығын зерттеуді қажет етеді. Бұл тұста оқушылардың жазу сауатын да есепке алу керек.Тек диктант түрлері грамматикалық ережелерді әр оқушының қалай меңгергендігін және жазу сауатының қандай дәрежеде екендігін байқатады.Әр сабақтың тақырыбына байланысты диктант түрлері жүргізіледі. Диктанттардың ең күрделісі – шығармашылық диктант. Бұл оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арттырады.Оқушылардың ойын жазуға үйрететін тағы бір әдіс — «Өз ұйқасын тап», «Әңгімені ары қарай жалғастыр» деген тапсырмалардың әсері зор.
Бұл тапсырмалар баланың ойлауына, ойлау қабілетінің артуына, сөздік қорының байуына, шығармашылығына жол ашары анық.Тіл дамытудың басты құралы сөздік қорға жатады.Оқушының сөздік қорының неғұрлым көп болуы және оны тиімді қолдана білуі жүйелі еңбекті қажет етеді.Тіл дамыту жұмыстарында басшылыққа алатын басты мәселелердің бірі-оқушылардың сөздік қорды,ауызекі сөйлеу тілін тиімді ережеге сәйкес құра білуінде жатыр. «Тіл мәдениетінің жоғары деңгейі ол тіл арқылы өз ойын дұрыс,дәл және мәнерлі жеткізе алады».Тіл дамытудағы тиімді тәсілдердің бірі – шығармашылық тапсырмалар.Шығармашылықтың түрі әр алуан,мәні біреу – ол жаңа мазмұн жасау.Шығармашылық жұмыстарды орындау арқылы әрбір бала өзінің таланттылығын,қабілеттілігін,бейімділігін көрсете алады.
Достарыңызбен бөлісу: |