Жақты сөйлемнің мағыналық түрлері мен ерекшелігі.
Грамматикалық бастауышы бар не бастауышы ерекше айтылмай, оның қай сөз екенін бастауышпен ұластыра,атау септігінің сұрақтарын қою арқылы білуге болтатын сөйлем жақты сөйлем болады.Олардың баяндауыштары бастауышпен қиысу үшін белгілі жақ жалғауларына не жалғаусыз жақтық мағыналарда дәдме-дәл үйлесімді болып айтылған (не айтылатын) бастауышы бар сөйлем ғана жақты болады. Мысалы: Біз елімізде коммунизм орнату программаларын бұлжытпай жузеге асырып келеміз деген сөйлемнің бастауышы- біз.Жақты сөйлемдердің бастауыштары сөйлем ішінде ерекше айтылмай да, оның қай сөз екені айқын болып тұра береді. Ондай жақты сөйлемдердің бастауыштарын түсіріп айту мынадай жағдайларда болыу мүмкін:
1.Ұзақ ойға қатысты болып, өз ара мағыналық (кейде әрі тұлғалық) байланыста айтылатын жеке сөйлемдердің бастауышы бірінде болса, екіншісінде қайталанып айтылмай, соған ортақтасып тұра береді. Сонда тізбектеліп қатар айтылатын бірнеше жай сөйлемнің не құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемндерің бірінің бастауышы мынадағы жай сөйлемдердің бірінің бастауышы екінші сөйлемге де бастауыш болып ортақтасады. Бидай тиеген эшелондар зыр қағып, темір жолды қайқаң қақтырып, суыт кетіп барады. Мұнда эшелондар деген бастауыш қурмалас сөйлемнің екінші жай сөйлемінде түсіп қалып тұр.
Асқар ұзақ уақыт ұйықтай алмады.Бірақ жатқан қалпында тырп етіп қозғалған жоқ. Бұл сөйлемнің бастауышы да (Асқар) алдыңғы сөйлемде айтылғандықтан, соңғы сөйлемде ерекше аталмаған.
2.Бастауыштың қай сөз екені баяндауыштық тұлғадан айқын болып тұрғанда (бастауышқа )
Ой екпіні түспесе), әсіресе I-II жақтық бастауыштар сөйлемде ерекше айтылмайды.
Отаным үшін отаным
Ақ семсерді қолға ала (А. Тоқтағанбетов)
Өлеңімді өрлеттім,
Өрге құлаш серметтім…
Зарын айтып сорлының,
Қайғылыны еріреттім. (Жамбыл)
Өз бойыңа болып саң,
Жан-жағыңа қараңдар.(Абай)
Мен, сен,біз, ол деген бастауыштарға ерекше мән беріліп,ой екпіні түсірілгенде, олар сөйлемде ерекше айтылатын болады. Ондай бастауыштарды түсіріп айтуға болмайды. Мысалы:
Менде қайта жасарған
Қарт ақынмын, даңғылмын (Н. Байғанин)
Күлкі болма, қой , жаным,
Сен бүйтесің, ол қайтті.(Абай)
Сен қайдан жүрсің?- деді Асқар сабырсызданып.(С.Мұқанов)
Мен бала емеспін, - деді Ботакөз даусын ширатып, - мен ауылдың надан қызы да емеспін. Мен, оң да болса, оң солымды, жақсы мен жаманды айыру дәрежесінде жеткен адаммын.( С.Мұқанов)
Сөйтіп, бастауыштың жақты сөйлемді дербес айтылу я айтылмауы баяндауыштың тиісті предикаттық жалғауда тұру я тұрмаумен ғана байланысты емес, бастауыштың сөйлемдегі қызметінің ерекше екендігімен де байланысты болады.
Есімдіктер сілтеме бастауыш болғанда, олардың сөйлем ішінде ерекше айтылу, айтылмауындық стильдік мүдде мен байланыстылығы көп тілге ортақ заң сияқты. Орыс тілі жайында ол туралы мына еңбектерге қараңыз:Жақсыз сөйлемнің сипаттамасы.Бастауышы ерекше айтылмаған сөйлемдердің енді бір қатарын, жоғарғыдай, толымсыз сөйлемдердерден айыру үшін, мектеп грамматикаларында «жақсыз» сөйлем деп атап жүрміз.Олардың үш жақтың біріне тән белгілі грамматикалық бастауышы болмайды.Мысалы: Баланы жаман үйретпеу керек. Сабаққа кешігуге болмайды.Мысалы: : Баланы жаман үйретпеу керек. Сабаққа кешігуге болмайды деген сөйлемдерде кім? Не? сұрақтарына жауап болатындай бастауыштар ерекше айтылмаған.Мұндайда сөйлеуші мен тыңдаушыга істі істеушінің кім екендігін дәлдеп көрсетудің қажеті болмайды да, тек іс- әрекетін хабарлау, істеуге я істелмеуге тиісті жайды білдіруге қажет болады.Ондай сөйлемдерді орысша «безличные предложения» дегенің аудармасы ретінде «жақсыз сөйлем» деп атағанымыз болмаса, қазақ тілінде дәл орыс тілдегідей жақсыз сөйлем де, ондай сөйлем жасайтын,стемнело, мне не спится сияқты өзгеше жақсыз етістіктерде жоқ. Дұрысында, біздің жақсыз сөйлем деп жургеніміз баяндауыштарының белгілі жағы болады. Сөйтеді де, олар кейде бастауышы жоқ сөйлемнің баяндауышы болып жұмсалады. Ол кезде көмірді қауғамын тартатын. Не істеу керек? Көне біреуге тағы болмайды.(Ғ.Мұстафин).
Достарыңызбен бөлісу: |