Сонымен, қорыта айтқанда, тұлғааралық қақтығыс дегеніміз – «Адамның ішкі сезім дүниесінің ұзақ созылған арпалысынан, күресінен пайда болған, тұрмыстық ортаның қайшылықтарын аңғартатын, шешімі әлі табылмаған тұлғаның уайым, ренжуі» (А. Я. Анцунов, С. Б. Баклановский «Конфликтология») Ғылыми-әдістемелік, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде ғылыми халықаралық термин – конфликт қазақ тілінде қақтығыс, егесу, керісу, жанжал, дау-жанжал, тартыс деген мағыналарда жиі қолданылады. Бұл аталған ұғым, түсініктер оқушыларға білім беру, оқыту, үйрету барысында, оларды тұлға ретінде қалыптастыруда, олардың мәдени қарым-қатынасында, мінез-құлқында жиі көрініс табатыны белгілі. Оқушылардың даму процесінде, олардың жас және жеке педагог-психологиялық ерекшеліктеріне байланысты, олар арасындағы қақтығыс және оның басқа түрлерінің келіп шығуы, пайда болуы табиғи нәрсе екендігін де ұнытпаған жөн.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Психология тарихы. 2016. Ахметова А.Қ, Бектұрғанова С.М
А.Я. Ансупов , С.Б. Баклоновский Конфликтология в схемах и рисунках Питер 2007 стр127-128.
Ж. Б. Қоянбаев Р.М. Қоянбаев Педагогика. Алматы- 2000.
«Отбасы татулығы бағдарламасы» әдістемелік құрал. Астана 2007.
Психология негіздері, Көбекова Ж.С., 2019.
Достарыңызбен бөлісу: |