М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
050117 «Қазақ тілі мен əдебиеті» мамандықтары бойынша қашықтан оқыту жүйесінде
оқитын студенттерге арналған
«Қазақ əдебиетін оқыту əдістемесі»
пəннің оқу-əдістемелік кешені
Курс – ІҮ
Семестр – 8
Кредит саны – 1
Дəріс – 15 сағат
Семинар – 15 сағат
Оқытушының жетекшілігімен
студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 15 сағат
СӨЖ – 15 сағат
Емтихан – 9-семестрде
Барлығы – 60 сағат
Орал, 2011 жыл
“ Қазақ əдебиетін оқыту əдістемесі” пəнінен оқу-əдістемелік кешені 050117, 050205
мамандықтарына арналған (Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 10.07.06. №541 бұйрықпен
бекітілген) типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды.
Құрастырушы(лар):
Мүтиев
Зейнолла
Жақсылықұлы
–
филология
ғылымдарының кандидаты, доцет. (Қазақ филологиясы кафедрасы, 409-ауд., №1
ғимарат)
(аты-жөні, лауазымы, ғылыми дəрежесі)
Қазақ филологиясы кафедрасының отырысында қарастырылды.
15.10.2011 ж. № 3 хаттама.
Филологиялық факультетінің оқу-əдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді.
17.10.2011ж. № 3 хаттама.
1. Оқытушы туралы мəлімет
Мүтиев Зейнолла Жақсылықұлы – филология ғылымдарының кандидаты,
доцент;
Офис: қазақ филологиясы кафедрасы, қашықтан оқыту бөлімі
Толық мекен-жайы: №1, Достық даңғылы, 162, 4-қабат, 409-аудитория
№8 ғимарат, Студенческая, 1, 3-қабат, 313-кабинет
Жұмыс телефоны:
Үй телефоны:
Элнектронды пошта адресі
2. Пəн туралы мəлімет
Пəн атауы - «Тіл мəдениеті»
Семестр 15 оқу аптадан жəне 2 апта сессиядан тұрады.Бір аптада 1 кредит сағат саны
болуы тиісті, əр кредит сағат саны бір дəріс, бір практика сағаттан жəне екі сағат
СӨЖ, СОӨЖ тұрады.
Кредиттің аптаға бөлінуі:
Оқу жоспарынан көшірме:
Кіріспе
«Қазақ əдебиеті оқыту əдістемесі» пəні – жоғары оқу орындарында филология
мамандықтарына оқытылып жүрген пəн. Бұл пəн университеттер мен педагогика
институттарының филология факультеттерінде жалпы білім беретін орта мектептер
үшін мұғалім даярлайтын, олардың тəжірибесі мен іскерлік дағдыларын
қалыптастыратын негізгі пəндердің қатарына жатады.
Қазақ əдебиетін оқыту əдістемесі қоғамдық-саяси ойдың философия,
əдебиеттану, тіл білімі, эстетика, педагогика, психология тағы басқа ғылым
салаларының дамуымен сабақтас.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Қазақ əдебиетін оқыту əдістемесі пəнінің ғылыми-
теориялық негіздерін саралау. Қазақ əдебиетін оқыту əдістемесінің тарихы, мекетптегі
əдебиет курсының мазмұыны мен құрылысы, Əдебиетті оқыту əдістері, Əдебиет
пəнінің мұғалімі, оқушы, əдеби шығарманы қабылдатуда оқушылардың жас ерекшелігі,
Көркем шығарманы мектепте оқыту, көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері,
Əдебиет сабағының үлгілері мен түрлері, Əдебиетті оқытуды ұйымдастыру, оқушыф
білімін есепке алу жəне бағалау, əдебиет сабағының көрнекілігі, əдебиет бойынша
сыныптан тыс оқу жəне сыныптан тыс жұмыстар, мемлекеттік педагогикалық
сараманның мəн-маңызы сынды негізгі мəселелерді қамтиды. Ал практикалық
сабақтарда жылдық, күнтізбелік, тақырыптық сабақ жоспарларын құрып, сабақ өткізіп,
талдауға дағдыланды.
Курстың мақсаты: Курстың мақсаты – жалпы білімі беретін орта оқу орындарындағы
өзге пəндер арасындағы əдебиет пəнінің алатын орны мен əдебиетті оқыту əдістемесі
жөніндегі ілімнің мəн-мазмұнын əрі қазақ əдебиетінің оқыту əдістемесінің қалыптасу
кезеңдерін түсіндіру бағытын ұстанады. Сондай-ақ, əдебиетті мектепте оқыту
əдістемесінің алдына қояр мақсаты - əдебиетті өмірмен байланыстыра оқыту, əдеби
шығарманың тəрбиелік мəнін тиімді пайдалану, шəкірттерді өз беттерімен көркем
шығарманы оқуға қызығушылығын қалыптакстырып, өз тарапынан ойланып-толғануға
тəрбиелеу, таным əдісіне үйрету.
Курстың міндеттері:
- Курстың міндеті – оқыту барысында студенке «Қазақ əдебиетін оқыту
əдістемесі» курсының құрылымы мен мазмұнын, теориялық жəне практикалық
мəселелерін толық игеруді көздейді. Пəнді оқытудың негізгі ұстанымдарын əдеби білім
беруде оқу процесін ұйымдастыру түрлерін, əдеби шығарманы оқып-үйренудің
жолдары мен амалдарын, көркем шығармаларды жанрлық сипатына қарай оқыту
тəсілдерін іс жүзінде қолдана білуге баулиды.
- Орта мектепте қазақ əдебиетінің тарихын, оның теоиялық мəселелерін жəне
шетел əдебиетінің озық үлгілерін оқыту үшін студенттер төмендегідей практикалық
істер мен дағдыларды қалыптастырып, жаттығады: күнтізбелік жоспар жасай білуге
төселеді, сабақтық жоспар жасау тəжірибесін меңгереді, əдеби жазу жұмыстарын
(мазмұндама, шығарма) ұйымдастырып жүргізуді игереді.
Сабақ
Өтетін уақыты
Оқушылардың
өзіндік жұмысы
Өтетін уақыты
Байланыс сағаты – 1
Дəріс - 1
50 минут
СОӨЖ,
СӨЖ
«практикалық
сабақ».
50+50 минут
Байланыс сағаты – 2
Семинар -2
50 минут
СОӨЖ,
СӨЖ
«практикалық
сабақ».
50+50 минут
Курс
Семестр
Кредит
Дəріс
Семинар
СОӨЖ
СӨЖ
Барлығы
Бақылау
түрі
3
8
1
4
2
6
жоқ
- «Қазақ əдебиетін оқыту əдістемесі» тіл білімі, тарих, əдебиеттану, педагогика,
психология, география, экология пəндері мен байланыстыра оқытылады.
Курстың мазмұны: Қазақ əдебиетін оқыту əдістемесі пəнінің ғылыми-теориялық
негіздерін саралау. Қазақ əдебиетін оқыту əдістемесінің тарихы, мекетптегі əдебиет
курсының мазмұыны мен құрылысы, Əдебиетті оқыту əдістері, Əдебиет пəнінің
мұғалімі, оқушы, əдеби шығарманы қабылдатуда оқушылардың жас ерекшелігі, Көркем
шығарманы мектепте оқыту, көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері, Əдебиет
сабағының үлгілері мен түрлері, Əдебиетті оқытуды ұйымдастыру, оқушыф білімін
есепке алу жəне бағалау, əдебиет сабағының көрнекілігі, əдебиет бойынша сыныптан
тыс оқу жəне сыныптан тыс жұмыстар, мемлекеттік педагогикалық сараманның мəн-
маңызы сынды негізгі мəселелерді қамтиды. Ал практикалық сабақтарда жылдық,
күнтізбелік, тақырыптық сабақ жоспарларын құрып, сабақ өткізіп, талдауға
дағдыланды.
Оқыту əдістемесі: Оқыту негізгің оқу материалдарын түсіндіретін жəне тəжірибелік
дағдыларын қалыптастыратын практикалық сабақтар түрінде өтеді. Магистранттардың
білімін тексеру ауызша жəне жазбаша жаттығулар, тест жұмыстары жне жеке
семестрлік тапсырмалар мен үй жұмыстарын тексеру ретінде болады. Білім
кемшіліктерін жою үшін алдын-ала белгіленген кесте бойынша əр апта сайын кеңестер
жүргізіледі.
Пəнді меңгеру нəтижесінде: студенттер қазақ əдебиетін оқыту əдістемесі ғылымының
өзекті проблемалары мен зерттеу арналарынан толық мағлұмат алады. Əдебиетті оқыту
əдістемесі ғылымының теориялық жəне ғылыми əдістемелік бағыттарын меңгеріп,
оқытудың əдіс-тəсілдері туралы мəліметтер жинақталады.
Пререквизиттер:
Постреквизиттер:
Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі.
Қазақ əдебиетін оқыту əдістемесі.
Студент білу керек:
Курстың теориялық білімін
Қосымша мəліметтерді
Курс бойынша негізгі əдебиеттерді
Студент орындау керек:
Курс бойынша берілген практикалық жұмыстарды
Курс бойынша берілген өзіндік жұмыстарды
Курс бойынша берілген шығармашылық жұмыстарды
Курс бойынша берілген тест тапсырмаларын
3. «Тіл мəдениеті» курсы бойынша жұмыс бағдарламасы
Дəріс 1
Тақырыбы: Пəнге кіріспе
Дəріс мазмұны:
Пəннің мақсаты мен міндеттері.
Қазақ əдебиетін оқыту əдістемесі курсының құрылымы мен мазмұны.
Теориялық жəне практикалық мəселелері.
Пəнді оқытудың негізгі ұстанымдары.
СОӨЖ мазмұны:
Ы.Алтынсариннің ұлттық тағлым мен талғам, ізгілікті, озық идеяны
насихаттауы.
СӨЖ мазмұны: Абайдың халық санасын оятуға қосқан тарихи үлесі.
Əдебиеттер:
1. Қоңыратбаев Ə. Əдебиетті оқыту методикасы. (ІХ-Х класс мұғалімдері үшін көмекші
құрал). – Алматы: Мектеп, 1966.-131.
2.Көшімбаев А. Қазақ əдебиетін оқыту методикасы. (оқулық). – Алматы: Мектеп, 1969.
– 250 бет.
3.Айтжанова Құттыгүл. Қазақ əдебиетінің əдіснамасы. Оқу құралы.- Алматы: Ғылым
баспа орталығы, 2002.-326 бет.
4.Əрінова Б.А. Қазақ əдебиетін оқыту əдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы мен
дамуы. – Алматы: Жазушы, 2004. -316 бет.
Практикалық сабақ 1
Практикалық сабақ тақырыбы:
Қазақ əдебиетін оқыту əдістемесінің ғылым ретінде
қалыптасуы.
Практикалық сабақ мазмұны:
.Қазақтың ағартушы – демократтарының халық
санасын оятуға қосқан тарихи үлесі.Шоқан, Абай, Шəкəрім, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов,
С.Торайғыров, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев т.б. 1917-
1927 жылдары əдебиет пəнінің кеңестік идеологияны орнықтырушы қоғамтану құралы
ретінде оқытылуы; 1928-1938 ж. əдебиеттің тарихи-əдебиеттік курс ретінде оқытылу
себептері; 1931-1932 жылдардағы БКП (б) орталық комитетінің əдеби білім жетілдіру,
арнайы бағдарламалар, оқулықтар арқылы оқу тиімділігін арттыру жөніндегі
қаулыларының маңызы. 1939-1958, 1985-1990 жылдар. Білім беру жүйесіндегі
реформалар, бұлардың əдеби білім беру ісін жетілдіруге тигізген ықпалы. 1990-2000
жылдардағы еліміздегі жалпы жəне орта білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер
«Əдеби білім тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік
стандарты; (Алматы 1998).
2 апта
Дəріс 2
Тақырыбы: Қазақ əдебиетін оқыту əдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы.
Дəріс мазмұны:
Қазақстандағы оқыту жүйесінің қысқаша тарихы.
Қазақтың ағартушы демократтарының халық санасын оятуға қосқан үлесмі.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанда мектептік білім жүйесінің түрлері.
СОӨЖ мазмұны:
Ы.Алтынсариннің ұлттық тағлым мен талғам, ізгілікті, озық идеяны
насихаттауы.
СӨЖ мазмұны: Абайдың халық санасын оятуға қосқан тарихи үлесі
1. Əдебиеттер:
1.Қоңыратбаев Ə. Əдебиетті оқыту методикасы. (ІХ-Х класс мұғалімдері үшін
көмекші құрал). – Алматы: Мектеп, 1966.-131.
2.Көшімбаев А. Қазақ əдебиетін оқыту методикасы. (оқулық). – Алматы:
Мектеп, 1969. – 250 бет.
3.Айтжанова Құттыгүл. Қазақ əдебиетінің əдіснамасы. Оқу құралы.- Алматы: Ғылым
баспа орталығы, 2002.-326 бет.
4.Əрінова Б.А. Қазақ əдебиетін оқыту əдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы мен
дамуы. – Алматы: Жазушы, 2004. -316 бет.
5.Айзерман Л.С. Уроки, литература, жизнь. –А.: Просвещение, 1965. – 222 с.
Практикалық сабақ 2
Тақырыбы: Əдеби базалық білім аймағы.
Практикалық сабақ мазмұны: Оқу аймағына кіретін əдеби материалдардың мазмұны.
Көркем шығарманы оқып-үйренуде оның идеялық-көркемдік ерекшілігіне баса назар
аударылатындығы. Əдеби білім аймағына енгізілетін шығармашылықтар көлемі мен
түрі. Пəнаралық байланыс. Оның əдеби білім беру процесіндегі ролі. Жоғарғы
сыныптардағы (Х-ХІ) тарихи-əдебиеттік курстың базалық білім курсымен (Ү-ІХ) тығыз
сабақстастығы. Базалық білім курсынан тарихи-əдебиеттік курсқа өту процесінде əдеби
білім көлемінің бірте-бірте ұлғая, күрделене түсетіндігі.
3 апта
Дəріс 3
Тақырып: Əдебиет курсының мазмұны мен құрылысы
Дəрістің мазмұны: Əдебиеттің тарихы, теориясы, сыны, оқыту əдістемесі ғылымының
кəсіби білімді тереңдету мақсатын көздей отырып, теориялық, методологиялық
принциптерге негізделуі. Əдебиет пəні бағдарламасының мемлекеттік құжат ретіндегі
рөлі; Бағдарламаның білімділік негізі жоғары мектептің əдебиеттану, педагогика,
психология, филология, оқыту əдістемесі т.б. ғылымдардың өзара байланыс,
сабақтастығы;
ОЖСӨЖ мазмұны: Қазақ əдебиеті мен əлем əдебиетінің өзара байланыстыра оқыту
мəселелері;
СӨЖ мазмұны: Қазақ əдебиеті пəні бойынша сыныптың күнтізбелік жоспар жасау;
Əдебиеттер:
1. Қоңыратбаев Ə. Əдебиетті оқыту методикасы. (ІХ-Х класс мұғалімдері үшін
көмекші құрал). – Алматы: Мектеп, 1966.-131.
2. Көшімбаев А. Қазақ əдебиетін оқыту методикасы. (оқулық). – Алматы: Мектеп,
1969. – 250 бет.
3. Айтжанова Құттыгүл. Қазақ əдебиетінің əдіснамасы. Оқу құралы.- Алматы:
Ғылым баспа орталығы, 2002.-326 бет.
Практикалық сабақ 3
Тақырыбы: Əдебиетті оқытуда базалық білім курсы мен тарихи-əдеби курсты
жоспарлау əдістері.
Практикалық сабақ мазмұны: Əдебиет оқулықтары мен оқу құралдары. Олардың
педагогикалық психология, оқыту əдістемесі ғылымдарының соңғы жетістіктеріне сай
жетілдіріп, толықтырылып отыратыны. Оқулыққа енгізілген шығармалардың
оқушының жас ерекшелігіне, оқырмандық қызығушылығына сəйкестендірілуінің
маңызы. Оқулықтың мазмұны мен ғылыми аппараты.
Əдебиеттер:
1. Қоңыратбаев Ə. Əдебиетті оқыту методикасы. (ІХ-Х класс мұғалімдері үшін
көмекші құрал). – Алматы: Мектеп, 1966.-131.
2. Көшімбаев А. Қазақ əдебиетін оқыту методикасы. (оқулық). – Алматы:
Мектеп, 1969. – 250 бет.
3. Айтжанова Құттыгүл. Қазақ əдебиетінің əдіснамасы. Оқу құралы.- Алматы:
Ғылым баспа орталығы, 2002.-326 бет.
4. Əрінова Б.А. Қазақ əдебиетін оқыту əдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы
мен дамуы. – Алматы: Жазушы, 2004. -316 бет.
4 Апта
Дəріс 4
Тақырыбы: Əдебиет курсының мазмұны мен құрылысы
Дəріс мазмұны: Базалық білім беру жəне таихи-əдеби курстар негізіндегі əдеби
білім берудің дамыта оқыту (сатылай, сұрыптай оқыту) көрнекілік, саналылық пен
белсенділік, жүйелілік пен бірізділік т.б. принциптері. Əдебиет пəні
бағдарламаларын мемлекеттік білім стандарты талаптарына сай жетілдіру, білім
мазмұны
жаңарту
бағытындағы
соңғы
кездегі
əдіскер
ғалымдардың
ізденістері.Əдебиетке байланысты жүргізілетін лекция, тəжірибелік сабақтардың
білімділік, тəрбиелік міндеттерін жетілдіру.
ОЖСӨЖ мазмұны: Қазақ əдебиеті, сөз өнері ең құдіретті рухани-эстетикалық
байлық;
СӨЖ мазмұны: С.Сейфуллин «Көкшетау» поэмасы бойынша сабақ жоспары;
Əдебиеттер:
1. Қоңыратбаев Ə. Əдебиетті оқыту методикасы. (ІХ-Х класс мұғалімдері үшін
көмекші құрал). – Алматы: Мектеп, 1966.-131.
2. Көшімбаев А. Қазақ əдебиетін оқыту методикасы. (оқулық). – Алматы:
Мектеп, 1969. – 250 бет.
3. Айтжанова Құттыгүл. Қазақ əдебиетінің əдіснамасы. Оқу құралы.- Алматы:
Ғылым баспа орталығы, 2002.-326 бет.
4. Əрінова Б.А. Қазақ əдебиетін оқыту əдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы
мен дамуы. – Алматы: Жазушы, 2004. -316 бет.
Практикалық сабақ 4
Тақырыбы: Көркем шығарманы оқыту.
Практикалық сабақ мазмұны: Қазақ əдебиетін оқыту əдістемесінің негізгі бағыт-
бағдарын, мазмұнын айқындайтын ресми құжат, «Қазақ əдебиетін оқыту
тұжырымдамасы» (РБК, 1997, Аламты) «Тұжырымдамада» бүгінгі өмір талабына сай,
педагогикалық ғылымдағы жетістіктерге негізделген əдебиет пəнінің мақсат міндеті.
Көркем туындыны талдаудың педагогикалық принциптері. Талдаудың түрлері. Көркем
мəтінді толық тұтас алып талдау, образ бойынша талдау өзіндік ерекшелігі,
проблемалық талдау əдебиеттің қоғамдық-əлеуметтік мəнін ашу, көркем ойлауға
бағытталған бейнелік-образдың табиғатын түсіндіру. Салыстырмалы талдау
Əдебиеттер:
1. Қоңыратбаев Ə. Əдебиетті оқыту методикасы. (ІХ-Х класс мұғалімдері үшін
көмекші құрал). – Алматы: Мектеп, 1966.-131.
2. Көшімбаев А. Қазақ əдебиетін оқыту методикасы. (оқулық). – Алматы:
Мектеп, 1969. – 250 бет.
3. Айтжанова Құттыгүл. Қазақ əдебиетінің əдіснамасы. Оқу құралы.- Алматы:
Ғылым баспа орталығы, 2002.-326 бет.
4. Əрінова Б.А. Қазақ əдебиетін оқыту əдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы
мен дамуы. – Алматы: Жазушы, 2004. -316 бет.
5. Айзерман Л.С. Уроки, литература, жизнь. –А.: Просвещение, 1965. – 222 с.
6. Голубков В.В. Методика преподавания литературы. – М.: Просвещение,
1955. – 460 с.
7. Никольский В.А. Методика преподавания литературы в средной школе.
М.:Просвещение, 1981. – 190 с.
5 апта
Дəріс 5
Тақырыбы: Жоғарғы сыныптардағы тарихи-əдеби оқу курсы.
Дəріс мазмұны: Х-ХІ сыныптарда əдеби материалдардың тарихи-хронологиялық
тəртіппен заман, дəуір ағымына орай орналастырылытындығы. Оның орта мектептің
жоғарғы сыныптарына арналып жазылған, түзілген қазақ əдебиеті тарихының қысқаша
ғылыми курсы екендігі. Сондықтан онда қазақ көркем əдебиеті өкілдерінің бəрі бірдей
қамтылмайтындығы. Жоғары сыныптардағы əдеби-тарихи курстың ортаңғы базистік
тарихи хронлогиялық оқыту жүйесінің заңды, кеңейтілген əдеби таңдамалы жалғасы
саналатындығы. Əдеби-теориялық ұғымдардың да ғылымилығы артып, тереңдетіле
түсетіндігі. Жазу жұмыстарына қойылатын талаптардың да күрделене беретіндігі
ОЖСӨЖ мазмұны: Əдеби ертегілер мен халық ертегілерінің айырмашылықтары
СӨЖ. мазмұны: І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы бойынша «Баспасөз конференция»
сабағын өткізудің əдістемесі.
Əдебиеттер:
1. Қоңыратбаев Ə. Əдебиетті оқыту методикасы. (ІХ-Х класс мұғалімдері үшін
көмекші құрал). – Алматы: Мектеп, 1966.-131.
2. Көшімбаев А. Қазақ əдебиетін оқыту методикасы. (оқулық). – Алматы: Мектеп,
1969. – 250 бет.
3. Айтжанова Құттыгүл. Қазақ əдебиетінің əдіснамасы. Оқу құралы.- Алматы:
Ғылым баспа орталығы, 2002.-326 бет.
4. Əрінова Б.А. Қазақ əдебиетін оқыту əдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы
мен дамуы. – Алматы: Жазушы, 2004. -316 бет.
№ 5 практикалық сабақ.
Тақырыбы: Лириканы оқыту
Дəріс мазмұны: Лириканы оқыту əдістемесі шығарманың тақырыптық-идеялық
мазмұнына, эстетикалық- көркемдік қуатына сай белгіленетіні; Мəнерлеп оқытудың
лириканы оқып-үйренудегі қызметі. Лириканың табиғаты, сипаты, түрлері.
Əдебиеттер:
1. Қоңыратбаев Ə. Əдебиетті оқыту методикасы. (ІХ-Х класс мұғалімдері үшін
көмекші құрал). – Алматы: Мектеп, 1966.-131.
2. Көшімбаев А. Қазақ əдебиетін оқыту методикасы. (оқулық). – Алматы:
Мектеп, 1969. – 250 бет.
3. Айтжанова Құттыгүл. Қазақ əдебиетінің əдіснамасы. Оқу құралы.- Алматы:
Ғылым баспа орталығы, 2002.-326 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |